Аргумент: Текті халықтың ұлық мерекесі-тәуелсіздік

Қазақстан Республикасының негізін қалаушы тұлға Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық» деген сөзі Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің негізгі арқауы болып табылады.

Өйткені, Тәуелсіздік – Ол кісінің мүддесі мен үмітінің нәтижесіндегі қазақ халқының ғасырлар бойындағы арманының орындалуы.

Қазақстан қысқа мерзім ішінде мемлекет негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтың үздік көсемдігінің арқасында қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған мемлекетке айналды.

ФАКТ1:

Елбасының Қазақстан халқына «Болашақты бірге қалаймыз» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және тәуелсіздіктің 20 жылдығын меркелеу мақсатында «Жастар» қоғамдық ұйымы «Жас саясаткер» атты семинар-тренингті 2011 жылдың 14 қыркүйегінде өткізілді.