рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ОППОЗИЦИЯ

ОППОЗИЦИЯ - раздел Философия, ФИЛОСОФИЯ: Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен Тұрақтылық Сәлемдесу: Тақырып:...

Сәлемдесу:

Тақырып:16 желтоқсан 2011 жыл.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жоғары дәрежеде аталып өтеді деп санайды.

Позиция: жоқ

Дефеница:

Желтоқсан-қазақша он екі айдың аты

Жыл-он екі айлық мерзім уақыт

Қазақстан Республикасы-1991 жылы өз тәуелсіздігін алған Еуропа мен Азияның тоғысында Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-шы орында.Жер көлемі-2 724 900 шаршы шақырымды құрайды.

Жоғары-биік,басым артық.
Дәреже-мөлшер,меже шама.

ФИЛОСОФИЯ: «Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен Тұрақтылық».

Н.Назарбаев

Аргумент: «Тәуелсіздікті мерекелеу деңгейі қалай болып өтті?»

16 желтоқсан – ел Тәуелсіздігін жариялаған күн болып есептелгенімен, осы атаулы күннің қазақ үшін маңыздылығын біз әлі де түпкілікті түсіне алмай келеміз. Тәуелсіздік мерекесін, Желтоқсанның «ызғарын» Жаңа жылдың даңғазасы басып кетіп отырғаны қынжылтады

Басқа қалаларды қайдам, қарашаның басы көрінер-көрінбестен Жаңа жылға жарыса кірісу елордада әдетке айналғалы қашан. Астана әрдайым Тәуелсіздік күнін емес, Жаңа жылды тағатсыздана күтеді. Қаланы бір аралап шықсаңыз, Тәуелсіздік күні емес, бүгін-ертең Жаңа жыл келіп жетердей күй кешесіз. 16 желтоқсанда тек «Ақ жол» партиясы ғана алаңға шықты… Сонда өзге партиялар, мемлекеттік органдар қайда? Олар үшін 16 желтоқсан демалатын күн, сондықтан 15 желтоқсанда едел-жедел өткізіп тынады…Қараша айынан бастап қала көшелерінде, қоғамдық көліктерге ілулі тұрған «Жаңа жылыңызбен», «Қош келдің жаңа жыл», «Жаңа жылда жаңа табыс», т.с.с. сияқты құттықтаулардан көз сүрінеді. Тіпті Ақордаға қарай өтетін екі арканың үстіне жаңа жылдық құттықтаулар бір ай бұрын ілінді. Ал ешбір жерде Тәуелсіздік күніне арналған құттықтаулар ілінбеді. Елордамыздың өзі осылай болғасын, басқа жерден не қайыр? Елордамыз дейміз-ау, Елбасымыздың өзі де соған мүдделі сияқты көрінді.

ФАКТ1:Соңғы уақыттары, әсіресе, желтоқсан айында қала көшелерімен жүруге жүрегіміз шыдамайтын болды. Бұл қаралы күн қазір бізге жаңа жыл сияқты елестейді. Қайда барсаң да, қайсы көшемен жүрсең де «Жаңа жылдарыңызбен!» деп баттиып тұрған бильбордтар, аяз ата мен ақша қар, сантаклаус, шыршаларды көресің. Мейлі, қанша қашсаң да, айналып өтсең де «Жаңа жыл» деген сөзді оқымай өту мүмкін емес. Жаңа жыл есігімізді әне-міне қаққалы тұрған секілді. Қайта Тәуелсіздік күніне қарағанда христиан дінінің өкілдері тойлайтын «Ғашықтар мерекесі» де өз деңгейінде өтеді.

Жаңа жылмен желтоқсан да қатарласып жүрсе ғой дейсің еріксіз. «Жаңа жылдарыңызбен!» деген сөздің қасына «тәуелсіздік» деген бір ауыз сөзді де қатар қойып, көше бойларында желтоқсан оқиғасына байланысты тарихи дүниелер, сол кездегі оқиғалардан бір ауыз сөз беріліп, концерт залдарында, кітапхана, оқу ошақтары, театрларда желтоқсан оқиғасына байланысты қойылымдар берсе, шіркін!!! Бұл сөзімізге де құлақ асып, «бұлардікі де жөн екен-ау» деп оң қабақ танытып, қос қолымен қолдайтындар жоқ. Өйткені, олар егемендікке қол жеткізу үшін қасықтай қанын сарп еткен аға-әпкелердің басынан кешкен қилы тағдырларын көрген жоқ, сезінген де жоқ. Тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін түсінбейтін, білгісі де, естігісе де келмейтін, насихаттауға құлқы да жоқ басшы-қосшылардың көпшілігі жылы орындарға ауырдың асты, жеңілдің үстімен келгендер. Олар Тәуелсіз елімізде өмір сүрудің қасиетін қайдан білсін?Жуырда Астана қаласының Мәдениет басқармасына хабарласып, тәуелсіздік күніне бір-ақ апта қалғанда дайындық барысын сұрамақ болдық. Телефон тұтқасын көтерген бойжеткен «Мерекелерге дайындық туралы білейін дедіңіз бе?» деп, Тәуелсіздіктен де маңызы жоғары бір мейрамның бар екенін есіме салмақ болды. Шақырылмаған қонақты ұнатпаған сыңай танытқан Мәдениет басқармасының өнер бөлімінің бастығы Айдос Көпбосынұлы қазақшасынан гөрі орысшасын көбірек қосып әңгімелеуге кіріскен-ді. Дегенмен, мәселе қала мерекелеріне дайындық турасында емес, тек желтоқсан күні туралы екенін білген ол, жауап бергісі келмегенін бірден аңғартты. Сөйтіп жауаптың жалғасын орыс қызына итерді. «Мәселеңізді қарап берейін» дегеніне қуанып кетіп, одан да жағымды жаңалық күттім. Өкінішке орай, ол үмітім ақталмады. Себебі, қарсы алдында бір сағат тапжылмай отырып алған мәліметімнің ұзын-ырғасы мынау: желтоқсан күніне арналған кеш Астана қаласында тек 14-желтоқсаннан басталды. Астана қаласынан бір зәулім сарай бұйырмағандай Сәкен Сейфуллиннің қуықтай ғана мұражайында өтетін «Тәуелсіздікке тағзым» мәдени-танымдық кеш және Тәуелсіздік сарайында ұйымдастырылатын салтанаттық шара ғана. Оның арасына Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрында Тәуелсіздікке ешбір қатысы жоқ «Кенесары-Күнімжан» атты драма болады деп іс-шаралардың қатарын көбейтіп қойыпты. Бұл шаралардың өзін халық қайдан білсін? Тым болмаса, көшелерде ілулі тұратын хабарландырулардың арасында тағы жоқ. Қайтеміз, білдей бір Мәдениет басқармасының бар ұйымдастырғаны осы ғана. «Елордажарнама» мекемесіндегілер, өздерінің айтуынша, 24 сағат бойы қызмет етеді екен. Бірақ, қанша рет телефон соқсақ та тиісті адамдармен тілдесу мүмкін болмады. Себебі, күндіз-түні «Елордажарнамашылар» жиналыстардан қолдары босамайды-мыс. Мүмкін жаңа жылға дайындықтан қолдары босамай жатқан болар деп одан әріге мазаларын алуды жөн санамадық. Ал, осылардың барлығына бас-көз болып отыратын Астана қаласының әкімі Желтоқсан жақындағанда ұйқысы келіп қалғып кетті ме?

ФАКТ2:Биылғы тәуелсіздіктің 20 жылдығы өз деңгейінде мерекеленіп жатқан жоқ. Себебі былтыр тәуелсіздіктің 19 жылдығының тойлануымен 20 жылдықтың тойлануының арасында ешқандай айырмашылық жоқ

ФАКТ3:Тәуелсіздіктің 20 жылдығы өз деңгейінде мерекеленуінде нақты шаралар жасалып жатқан жоқ. Оның бірден бір дәлелі халық арасында қоғамдық пікірдің жоқтығы.Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығында мемлекет қандай белестерге қол жеткізді.не нәрселер жасады?

Аргумент2: Тәуелсіздік тойы ақшаны желге шашты.

ФАКТ1:Тәуелсіздіктің 20 жылдығында мерекелер,концерттер үшін қазақстан қоржынынан миилиондаған ақша желге ұшты.

ФАКТ2 :Тәуелсіздіктің 20 жылдығында біз тек қана концерттер мен шектеліп қалып жатырмыз.Неге біз осы іс-шараларға кеткен қаржыны балалар үйіне бөлмейміз? Неге біз осы кеткен қаржыны әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына бөлмейміз

ФАКТ3:Біз тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойламас бұрын мерекелемес бұрын осынау тәуелсіздікке қол жеткізуімізге себепкер болған ата бабаларымыздың құндылықтарымыз

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ФИЛОСОФИЯ: Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен Тұрақтылық

С лемдесу Та ырып Б п желто сан жыл аза стан Республикасы Т уелсіздігіні жылды ы жо ары...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ОППОЗИЦИЯ

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Аргумент: Текті халықтың ұлық мерекесі-тәуелсіздік
Қазақстан Республикасының негізін қалаушы тұлға Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса &

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги