рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

БЕКІТЕМІН

БЕКІТЕМІН - раздел Философия, Х=Қазақстан Республикасының Білім Және Ғ...

Х=Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Практикалық қазақ тілі кафедрасы

 

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Филология факультетінің деканы

Ш.Қ.Жарқынбекова

________________________

_________________2013 ж.

 

 

Барлық бакалавр мамандықтарының білім алушылары үшін

(мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)

K (R) Ya 1105 Қазақ тілі пәні бойынша

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )

 

ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК ҚҰРАЛЫ

 

 

Астана, 2013

Силлабус

Байланыс телефоны: 32-233 2. Пәннің коды, атауы және кредит саны. Пәннің… 3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны: І-ІІ жартыжылдық, кесте бойынша.

Танысу.

- Сәлеметсіз бе? Есімін – Аяулым. Мен Еуразия ұлттық университетінде оқимын. Сіз ше? - Мен де осы университетте оқимын. Есімін – Айдар. Сіз қай… - Мен филология факультетінде оқимын. Ал, сіз ше?

ОБСЖ

Қазақстан жӘне халықаралық ұйымдар

1. Мәтінді оқыңыз

Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде.

Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қа-зақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интегра-циялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқы-лы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.

Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламен-таралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтас-тығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарар-лардың тең авторы болып табылады.

БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінуде.

Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.

Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақ-станның тұрақты экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазақ-станның қатысуы әлемдік рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.

Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық эконо-миканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.

Қ.Тоқаев

2. а) Мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін тауып жазыңыз.

ә) Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрыңыз.

б) Сол жоспарыңыз бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

 

БӨЖ тапсырмалары

 

11. Қ.Тоқаевтың “Қазақстан Республикасының дипломатиясы” деген кітабын пайдалана отырып, “Қазақстан және Еуропа елдері” деген тақырыпта ауызша ақпарат дайындаңыз.

ОН БІРІНШІ АПТА

Лексикалық тақырып: Мен қазақ елінің патриотымын

Грамматикалық тақырып: Есімдік. Өздік есімдік

Сөздік

Табиғи құбылыс – естественное явление

өркениетті ел – цивилизованная страна

мақтаныш сезім – чувство гордости

нығайған – укрепленный

тұтастық – целостность

өкілдері – представители

берік – крепкий

шынайы – истинный

мүдделі – заинтересованный

жетістіктері – достижения

қадірін ұғынасың – понимаешь цену

иемдену – овладевать

Отанды сүю – өркениеттіліктің

бірінші белгісі

Н.Назарбаев

 

Мен қазақ елінің патриотымын

Өзінің туған елін, жерін сүю – табиғи құбылыс. Әрбір адамның бойында осындай қасиет болғанда, елде мықты болады. Әсіресе, өркениетті елдердің барлығында ол елдердің азаматтары өз мемлекеттерін мақтан етеді. Осындай мақтаныш сезімнің аясында үлкен сенім жатыр. Қазақ елінің тәуелсіздігі нығайған сайын азаматтардың мемлекетке деген сенімі арта түсуде. Патриоттық сенім бар жерде мемлекеттің тұтастығы артады. Қазіргі кезде әртүрлі діндердің, ұлттардың өкілдері мекен ететін Қазақстан ­- баршамыздың ортақ үйіміз. Осы ортақ үйіміздің шаңырағы биік , болашағы жарқын болуына бәріміз мүдделіміз. Егер еліміз осындай берік болса, онда біздің де жағдайымыз жақсы болмақ. Осыны түсінген адам, соған қызмет еткен азамат – өз елінің шынайы патриоты. Отаншылдық сезім – тек елімді сүйемін деуден ғана тұрмайды. Патриоттық сезім – ең алдымен еліңнің тарихын, дәстүрін, тілін жақсы білуден басталады. Еліңнің өткенін жақсы білсең, - бүгіннің қадірін ұғынасың. Сондықтан, әсіресе, жас ұрпақ елінің өткенін білгені жөн. Біздің патриоттық сезіміміз еліміздің жетістіктеріне сүйсінуден айрықша байқалады. Мәселен, Қазақстанның әлемдегі беделінің артуы, қазіргі кезде Астананың өркениетті дамуы, экономикадағы жетістіктер. Сондай-ақ, бүгінгі таңда елімізді әлемге танытудың үлкен бір жолы – өнер мен спорт саласында.

Әрбір адам ең алдымен өз елін мақтан ете білуге міндетті. Қазақ елінің тарихы терең болмаса осынша алып жерді иемденбес еді. Қазақстанның басты халқын құрайтын қазақ халқының ерлігі мен елдігі болмаса дербес мемлекеттікке де жетпес едік. Ал бүгінгі таңда ұлтына қарамастан әрбір азамат қазақ елін шын мақтаныш етіп, соған қызмет етсе, онда біздің Отанымыз алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылады. Сондықтан еліміздің нағыз патриоты бола білейік.

Грамматикалық нұсқа

Есімдік. Өздік есімдік

Возвратные местоимения запомнить не сложно, достаточно выучить одно слово "өз" – свой:)), все остальные местоимения образуются также, как если бы вы добавляли к существительным притяжательные окончания, только с учётом множественного числа.
Например, өз + iм = өзiм – я сам, өз + дер + ің = өздерің – вы сами и т.д.

Возвратные местоимения в именительном падеже:

Именительный падеж (Атау септiк)
өз – свой өзiм – я сам өзiң – ты сам өзiңiз – Вы сами өзi – он сам, она сама, оно само   өзiмiз – мы сами өздерiң – вы сами өздерiңiз – Вы сами өздерi – они сами

 

Примеры: Балалар өз аулаларында ойнап. жүр – Дети в своих дворах играют. Үйдi өзiм тұрғыздым. – Дом я сам построил. Балалар мектепке өздері барады. – Дети в школу сами ходят. Сiз өзіңіз айтыңыз. – Вы сами говорите. Жан өзі домбыра тартады, өзі өлең айтады. – Жан сам на домбре играет, сам песню поёт. Склонение по падежам возвратных местоимений приведу полностью, но учить таблицы не нужно, достаточно только просмотреть их и понять, как местоимения образуются. Возвратные местоимения склоняются также, как существительные с притяжательными окончаниями, например, өз + iм + е = өзiме – ко мне самому (дательно-направительный падеж, окончание "е" после притяжательного окончания 2-го лица), өз + i + н = өзiн – его самого (винительный падеж, окончание "н" после притяжательного окончания 3-го лица), өз + деріңіз + ден = өздеріңізден – от вас самих (исходный падеж, окончание "ден" после притяжательного окончания, заканчиающегося на звонкую "з").    
       

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Туған ел, табиғи құбылыс, қасиет, өркениетті ел, азаматтар, мемлекет, қазақ елі, дін, ұлт, ортақ үй, мүдделі, қызмет ету, шынайы патриот, тарих, дәстүр, тіл, беделінің артуы, бүгінгі таңда, тарихы терең, дербес мемлекет, біздің Отанымыз.

2-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Өз ұлтын сүю, ұлттық намыс, қазақстандық патриотизм, рухы биік, күш жігерін аямау, ......

3-тапсырма. Өз елінің патриоты деп қандай адамды айтар едіңіз?Ойды толықтырыңыз.

 
 


Патриот

       
   
 


4-тапсырма. Барша қазақстандықтардың міндетін жазыңыз.

Қазақ жерінде тұрып жатқан қазақтан өзге ұлт өкілдері де ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- міндетті.

5-тапсырма.Жұптастырыңыз.

Өз халқын құрметтеп сүймеген адам өз ұлтын сүюші адаммын

Өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады

Мен өзге ұлттарды құрметтеуші опасыз, оңбаған адам

6-тапсырма.Төменде берілген мақалдарды қазақ тіліне аударып, мағынасын түсіндіріңіз.

· Родная земля – золотая колыбель.

· Нет земли лучше Родины,

Нет людей лучше, чем на Родине.

· Все земли хороши, а своя – всех лучше.

· Любовь к Родине у семейного очага зарождается.

· Человек без Родины, что соловей без леса.

7-тапсырма.Аннаграмманы шешіңіз.

П          
А                      
Т                
Р                    
И                  
О                    
Т                

1. Отанды қорғау -

2. Ең асыл қасиет

3. Дарынды

4. Қайырымдылық

5. Ең ізгі қасиет

6. Өз елінің патриоты

7. Тәртіпті

8-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді тауып, сөйлем құрыңыз.

Сабақты пысықтау сұрақтары:

1. Патриот деген сөзді қалай түсінесің?

2. Патриоттық сезім неден басталады?

3. Отан туралы қандай нақыл сөздерді, мақал-мәтелдер білесің?

4. Қазақстанда қандай өзге ұлттар тұрады?

5. Қазақстанның бүгінгі жетістіктері туралы не білесің?

6. «Ел намысы – ер намысы» деген мақалды қалай түсінесің?

7. Өркениетті елдер туралы қандай мәлімет білесің?

8. Өз елінің патритоты деп кімдерді айтуға болады?

9. Ұлттық намыс деген тіркесті қалай түсінесің?

10. Өзіңді патриотпын деп есептейсің бе?

БӨЖ тапсырмалары

 

Отаншылдық – ұлы қасиет

Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет. Өз Отанын, өз халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны, патриоты бола алмайды.

Отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтамаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.

Өз әке шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді.

Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны –өз үйі. Елді, отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде.

Бауыржан Момышұлы

 

1-тапсырма. Төмендегі сөздерді орысша баламасымен сәкестендіріңіз.

Отансүйгіштік докажи

қорғаны уважать

намыс не уважающий

дәлелде защитник

сыйлау честь

ардақтамаған патриотизм

 

2-тапсырма. «Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

3-тапсырма.Төмендегі сөздердің синонимдерін табыңыз.

Сыйлау, намысқой, ардақтау, қасиет, қорғау

 

 

ОН ЕКІНШІ АПТА

Лексикалық тақырып:Елордасы – Астана

Грамматикалық тақырып: Етіс

Сөздік

Әкімшілік-саяси – административно-

политический

озық – передовой

уақыт талабы – требование времени

ортағасырлық –средневековый

қалпына келтірілді – восстановлен

торап – узел

өркендеген – развивающий

бой түзеу – выстраевается

соның куәсі – свидетель тому

мән берілуде – придается значение

лайықты орын – достойное место

ЕТІС

Етістер –выражают различные отношения между субъектом и объектом действия, изменяются по временам и лицам.

1 Өздік(Возвратный) -ын, -ін, -н жуын киін,таран

2 Ырықсыз(Страдательный)-ыл, -іл, -л жуылды, киілді, таралды

ын, -ін, -н салынды, әкелінді, таранды

3 Ортақ етіс(Совместный) -ыс, -іс, -с салысты, әкелісті, ойласты, сөйлесті,

4 Өзгелік(Побудительный) -дыр, -дір, -тыр, -тір жуғыздыр, енгіздір,саттырды, кептірді

-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т барғыздым, кіргіздім, айтқызды, кескіздік, босат, жүгірт

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Саяси-әкімшілік орталық, озық технология, қала маңында, атауы, Президент Жарлығы, өнеркәсіп, торап, мәдениет пен өнер, оқу орындары, көрікті жерлер, спорт, мұражай, орталықтар, әлемдік өркениет.

2-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліндегі баламасымен жұптастырыңыз.

мәртебе комплекс

ғажайып опора

кешен стрела

ауыспалы темп

сүйеніш соответствующий

жебе чудесный

құбылыс переносный

қарқын статус

лайықты явление

қадам красивый

әдемі гармоничный

жарасымды шаг

3-тапсырма.Мәтінді қазақ тіліне аударып, өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

Совсем недавно на политической карте мира появился город Астана – новая столица Казахстана. До этого столицами Казахстана были Орынбор, Кызылорда, Алматы.

Сегодня Астана – это огромная стройка. Над городом возвышаются высокие краны, тут и там поднимаются красивые многоэтажные здания, реставрируются старые дома, покрываюся асфальтом широкие площади, проспекты, и нарядные улицы.

Архитектура Астаны выполняется в евроазиатском стиле. Предполагается, что именно Астана будущем станет символом единения двух континентов.

4-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойыңыз.

Біз ұзақ әңгімеле...тік. Қошта...арда көзімізге жас ал...тық.Бұрын хат жаз...ып тұрғанбыз. Көр...пегелі көп болған.

5-тапсырма.Дүние жүзі бойынша қандай мемлекеттердің астаналарын білесіз? Бір минут ішінде шетелдік астаналардың атауларын жазыңыз.

6-тапсырма.Қазақстанның ең ірі 5 қаласын атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз. Досыңызға Қазақстанның әр түрлі қалаларына саяхаттауды ұсыныңыз.Өз бағыттарыңызды айтып беріңіз.

Сөйлеу үлгісі: алдымен ... , баруға болады; жолшыбай ... қалалар бар; ... керемет екен; ... араладым; ... таң қалдым; ... бірге қыдырайық; саяхатымыздың соңында .... араладым; ... бұрын көрмеппін; ... көргім келеді.

7-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Еуразия кіндігі, 1998 жылғы 10 маусым, соңғы 10 жылда, Есілдің сол жағалауы, Бурабайдан шамамен 200 шақырым, халықаралық форумдар, спорт жарыстары.

8-тапсырма. Жағдаят бойынша жауап жазыңыз.

Сіз курстастарыңыз арасында Астана қаласы,оның тарихы, экономикасы, жер байлығы сияқты тақырыптарға баяндама дайындасаңыз, қандай мәселелерге басты назар аударар едіңіз?

Екінші сабақ

Бүгінгі Астана – ұлттық идеяның темірқазығы,

ұлттың рухани, әлеуметтік түлеуінің қозғаушы күші

Н.Назарбаев

Елордасы – Астана

Астана қаласы – 1998 жылдан бастап мемлекетіміздің әкімшілік-саяси орталығы. Сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы уақыт талабына сай дамыған қала. Бас қаламыздың тарихы ертеден басталады. Қазіргі зерттеулерде қала маңында ортағасырлық Бозоқ қаласының орны табылды. Ал жаңа дәуірге келсек, 1832 жылы Есіл өзенінің жағалауына Ақмола сыртқы округінің негізі қаланды. Содан 1961 жылға дейін қала Ақмола, одан кейін – Целиноград деп аталды. Ал 1992 жылы Ақмола атауы қалпына келтірілді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы деген атауға ие болды.

Астана қаласы бүгінгі таңда республикалық автокөлік және темір жол салалары мен әуе жолдарын байланыстырып тұрған ірі тасымал торабына айналды. Елордамызда экономиканың бірнеше салалары: машина жасау; құрылыс материалдары өнеркәсібі; энергетика; полиграфия өнеркәсібі; жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, байланыс және телекоммуникация дамыған.

Бүгінгі өркендеген жаңа Астанамызда көптеген зәулім ғимараттар мен ескерткіштер, даңғылдар мен көшелер бой түзеуде. Астана қаласы үш ауданға бөлінеді. Олар: Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандары.

Астанада көптеген мәдени орындар мен театрлар: К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры,Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, «Жастар» сарайы, «Қазақстан» концерт залы, қалалық филармония бар. Елордамызда көптеген жоғары оқу орындары мен колледждер, мектептер мен балабақшалар, балалар қалашықтары бар. Солардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетін, Астана медицина академиясын, Қазақ ұлттық өнер университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Еуразия гуманитарлық институтын айрықша атауға болады. Еліміздің бас қаласында спорттың дамуына да үлкен мән берілуде. «Қазақстан», «Алатау», «Астана» сияқты спорт кешендері, велотрек, мұз айдыны мен «Астана-Арена», Қ.Мұңайтпасов атындағы стадиондар соның куәсі.

Қаламыздың көрікті жерлерінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, С.Сейфуллин мұражайы мен Қазіргі заман өнер мұражайлары орналасқан. Сонымен қатар қаламызда «Мега», «Керуен», «Хан шатыр», «Думан» ойын-сауық орындары, «Еуразия», «Рамстор», «Астаналық», «Әлем», «Түркістан» секілді үлкен сауда орталықтары ашылған. Ел мақтанышы Астана – ХХІ ғасыр қаласы ретінде әлемдік өркениеттен лайықты орынға ие болып келеді.

1-тапсырма.Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, олардың мағына берудегі ерекшеліктерін талдаңыз.

2-тапсырма.Берілген теңеулерді пайдаланып, Астана тақырыбында бірнеше сөйлем құрыңыз.

Жұлдыздай жарқыраған, даладай кең, армандай биік, айнадай ашық, күндей нұрлы.

3-тапсырма.Кестедегі бос орындарға Астанаға байланысты эпитет сөздерді қойыңыз.

                       
   
 
   
 
   
 
     
 
 
 
     
 


4-тапсырма. Өзіңіз туып өскен жеріңіз бен Астана қаласын салыстырыңыз.

1. Орналасқан жері ––––––––––––––––––––––––––––––––––––---

2. Ғимараттары –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

3. Танымал адамдары –––––––––––––––––––––––––––––––

4. Ерекшелігі –––––––––––––––––––––––––––––––––––––

5. Табиғаты –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

6. Білім ордалары ––––––––––––––––––––––––––––––––––––

7. Көрікті жерлері ––––––––––––––––––––––––––––––––––––

5-тапсырма.Жоғарыда берілгенмәтіннен етістерді тауып, сөйлем құрастырыңыз.

6-тапсырма. Төмендегі жұмбақтарды шешіп, сан есімдерді тауып, түріне қарай ажыратыңыз.

Жұмбақтар

       
 
   
 

 


 

 

 

Жұмбақтардың шешуі: түйенің өркеші, төрт аяғы, күйсегені, кірпік, адамның сәбилік, ер жеткен, кәрілік шағы, бүйрек, жүрек, тоқымашы,

Үшінші сабақ

Астананың үш ерекшелігі

Бүгінгі таңда Астана әлемдегі үздік астаналардың отызының қатарынан орын алады. Қазақстан астанасы әлемге аты танымал архитекторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Мұнда сәулетшілердің ең батыл идеялары іс жүзіне асуда.

Қала картасында күн сайын жаңа нысандар пайда болуда, олардың арасында қайталанбас, бірегей нысандар да бар. Жас астананың ерекшелігі

- Астана қонақтарын шаттандырар үш нысананы атауға болады. Олар: Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Думан ойын-сауық орталығы.

«Бәйтерек» жұмыртқасын әлем ағашының ұшына салған Самұрық құсы туралы туралы көне аңызды білдіреді. Ол 97 метр биіктегі «ағаштың ұшар басымен» аяқталатын салмағы үш жүз тонналық күн сәулесімен жарқыраған шар түрінде.

«Бәйтеректің» тамаша дәстүрі бар: келушілер еліміздің тұңғыш Президентінің алақанының бедерлі ізіне қолдарын қойып, қалауын айта алады. «Бәйтеректің» етегі мен оны қоршаған алаңға гүл шоқтарынан «кілем» төселген.

А.Төлекбаева

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Бәйтерек» нысанасы қай жерде орналасқан?

2. «Бәйтерек» нысанасын немен байланыстырады?

3. Бәйтеректің биіктігі неше метр?

4. Сіздің қалаңызда осындай белгілі нысандар бар ма?

 

2-тапсырма. Берілген сөйлемдердің «дұрыс», «бұрыс» екенін анықтаңыз.

1. Астана қаласында күн сайын жаңа ғимараттар салынуда.

2. «Бәйтерек» тұңғыш рет Алматы қаласында салынған.

3. «Бәйтерек» құрлысының авторы қазақстандық архитектор.

4. Бәйтеректің жоғарғы ұшында Самұрық құсы бар.

5. Бәйтеректің биіктігі сексен метр.

 

3-тапсырма. Төменде берілген сұрақтар негізінде Астананың ерекшеліктері ретінде аталатын екі нысан жөнінде шағын суреттеме дайындаңыз.

1. Бейбітшілік және келісім сарайының жобасын кім жасады?

2. Бұл сарай қашан ашылды?

3. Ғимараттың биіктігі неше метр?

4. Оның жалпы аумағы қанша?

5. Ғимаратта қандай бөлмелер бар?

6. «Думан» қандай орталық?

7. «Думан» ғимаратында нелер орналасқан?

8. Океанариум сыйымдылығына қанша литр су кетеді?

9. Океанариумге қанша тонна теңіз тұзы жұмсалды?

4-тапсырма. «Астананың үш ерекшелігі» атты мәтінде берілген етістіктерді етіс формасына айландырыңыз.

5-тапсырма. Төменде берілгін нысандарды төменде берілген сызбаға ретімен толтырыңыз.

Конгресс холл, океанариум, Тұңғыш Президент, «Думан», «Мега» , Ханшатыр, Бәйтерек, «Жаннұр», Салтанат сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақстан», Азиапарк, Керуен, Астана -Арена, Қазіргі өнер мұражайы, «Еуразия»,

 

 

                                   
   
     
 
 
     
       
 
   
 
 

 


6-тапсырма. Көп нүктенің орнына төменде берілген қажеттиі сөздерді қойып жазыңыз. Өлеңді жаттап алыңыз.

Жаса, жаңа Астанам,

Өркен . .. бастаған!

Болашақтың ... ,

Өз қолыңмен ... маған!

... бақыт нұрымен,

Қуантасың шынымен.

Әр ... сөйлеп тұр,

Бостандықтың тілімен!

Жасыл ... оранған

Әрбір көшең – көк орман.

Сенде ..., сенде өскен

Жас ұрпақта жоқ .

Заман жаңа, ел жаңа,

Күлімдейді ... ... .

Өз Астанам – өз Ордам,

Сүйенерім ... ғана!

Н.Айтұлы

Керекті сөздер: сен, желек, кең дала, аш, кірпішің, арман, жая, жайнап, есігін, түлеп.

БӨЖ тапсырмалары

 
 


1. Ақмола қаласының негізі қашан қаланды?

2. Қала атауы Астана деген атауды қашан иеленді?

3. Қалада қандай мәдени орындар бар?

4. Сіз қай жоғары оқу орнында, қандай мамандықта оқисыз?

5. Астана қаласы сізді қандай ерекшелігімен қызықтырады?

6. Сіз болашақта қаламыздың өсіп-дамуына қандай үлес қосар едіңіз?

7. Елордамызда қандай ескерткіштер бар?

8. Астана қаласында оқығанды неліктен таңдадыңыз?

9. Қаланың қандай өнеркәсіп орындарын білесіз?

10. Қаладағы спорт нысандарын атаңыз.

11. Астанада қандай халықаралық шаралар болды?

ОН ҮШІНШІ АПТА (3 сағат)

Лексикалық тақырып:Мемлекетіміздің тілі

Грамматикалық тақырып: Жалғаулықтар

Сөздік

мінез - характер

дәстүр – обычай, традиция

бекітілді - утвержден

халықтың жаны – душа народа

ана сүтімен беріледі – передается молоком матери

игереміз – усваеваем

қымбат қазына – драгоценное сокровище

өнер – искусство

ғылым – наука

рухани байлық – духовное богатство

жарқын келешек – светлое будущее

қарсаңында - накануне

біріктіру - сплотить

мемлекеттік мәртебе – государственный статус

халықтың сақталуы- сохранение народа

қуатты күші- мощное сила

бейнелі тіл – образный язык

парыз – долг, обязанность

бірлік – единство

ынтымақ – согласие, солидарность

 

ЖАЛҒАУЛЫҚТАР

Союзы связывают слово со словом, предложение с предложением, не имеют лексического значения. По значению союзы делятся на 6 видов:

1. Ыңғайлас жалғаулықтар (соединительные союзы): әрі, да, де, та, те, және, мен, бен, пен. Эти союзы служат для связи слов и членов предложения. Например: Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз.

2. Қарсылықты жалғаулықтар (противительный союзы): ал, алайда, әйтпегенде, әйтсе де, бірақ, дегенмен, онда да, әйткенмен, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйткенде. Мысалы: Білімің мол, бірақ тәжірибең жетіспейді.

3. Талғаулықты жалғаулықтар (разделительные союзы): я, не, немесе, болмаса, біресе, әлде. Мысалы: Не сыйлау, не ұят, не қаймығу, не қорқу жоқ жерде, тәртіп те болмайды.

4. Себептік жалғаулықтар (причинные союзы): өйткені себебі, неге десең. Мысалы: Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен сау қайтқан емес.

5. Салдарлық жалғаулықтар (следственные союзы): сондықтан, сол себепті әдебиеттен көп біледі.

6. Шарттылық жалғаулықтар (условные союзы): егер, егер де, онда. Мысалы: Егер жұмысың өнсін десең, ретін тап.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Тірек сөздерді есте сақтаңыздар.

Тіл, тарих, әдебиет, мәдениет, дәстүр, тәуелсіздік, болашақ, рухани байлық, рәміз, көркем тіл, әділ баға, мәртебе, міндет, бірлік, ынтымақ.

2-тапсырма.Берілген жалғаулықтармен сөйлем құрастырыңыз.

Себебі, әрі, немесе, сондықтан, мен, алайда, сол себепті

3-тапсырма.Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

1. В Республике Казахстан государственым языком является казахский язык.

2. Государственный язык – язык государственного управления, законодательства, судопроизводства и делопроизводства, действующий во всех сферах общественных отношений на всей территории государства.

3. Официальные приемы и другие мероприятия с представителями других государств в Республике Казахстан проводятся на государственном языке с переводом на другие языки.

4-тапсырма.Төмендегі сызба бойынша қысқаша мәтін құраңыз.

5-тапсырма.Мәтінді негізге ала отырып,сөйлемдегі ойды әрі қарай жалғастырыңыз.

1. Тіл әрбір адамның бойына ана сүтімен беріледі, сондықтан да, ... .

2. Халықтың сақталуы тіліне байланысты, себебі ... .

3. Мәдени, рухани байлық деген халықтың ақыл-ойының көрінісі, өйткені ...

4. Қазақ тілі – дүниежүзіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі, себебі ... .

5. Мемлекеттік тілімізде сөйлеу - әрбіріміздің басты парызымыз.

6-тапсырма.Екі қатардағы сөздерді бір-бірімен тіркестіріп, сөйлем құрастырыңыз.

1. халықтың тиіс

2. құрметтеуге сүтімен

3. әр елдің байлық

4. Қазақстанның көрінісі

5. азаматтық мақтанышы

6. рухани болашағы

7. ақыл-ойының міндеті

8. жақсылыққа танытатын

9. ана жаны

10.әлемге жеткізетін

7-тапсырма.Оқытушының көмегімен мына мақал-мәтелдерді аударыңыздар.

1.Стремись изучить семи народов язык и семь разных наук.

2. На силу не рассчитывай, на свои знания рассчитывай

3. Наука – море, знания – лодка на его просторе.

4. Жизнь – самая большая школа.

5. Сила – в знании, знания – в книгах.

8 -тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіз.

     
 
 
   

 

 


1. Біздің мемлекетіміздің аты.

2. Ең қымбатты, жақын адам.

3. Жылқы етінен жасалған тағам.

4. Өзіңнен үлкен адам.

5. Үй жануарының төлі.

6. Қарым-қатынас құралы.

7. Қыста киетін сыртқы киім.

8. Құйрығы айыр құс.

 

Екінші сабақ. Мемлекетіміздің тілі

Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Н.Назарбаев

Тіл – қандай халықтың болсын тарихымен бірге өмір сүреді. Себебі тіл халықпен бірге жаралған. Халықтың тілінде – оның әдебиеті мен мәдениеті, мінезі мен дәстүрі сақталған. Өйткені, тіл – халықтың жаны, ертеңі, болашағы. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен беріледі. Сондықтан да, тілді кім де болса құрметтеуге тиіс. Адамды жақсылыққа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танимыз, өзіміз танып қана қоймай, сол қымбат қазынамызды әлемге танытамыз. Сондықтан әр елдің мақтанышы – сол елдің ана тілі. Бірақ бүгінде кейбір отандастарымыз өздерінің ана тілін білмейді.

Қазіргі кезде «ана тілі», «жұмыс тілі», «мемлекеттік немесе ресми тіл» деген ұғымдар қалыптасқан. Ана тілі – әрбір халықтың тілі. Жұмыс тілі- белгілі бір ұйымдардың, бірлестіктердің немесе халықаралық конференциялардың, жиындардың тілі. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының алты жұмыс тілі бар: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдері. Мемлекеттік немесе ресми тіл – белгілі бір мемлекеттің арнайы бекітілген тілі. Әлемде екі жүзге жуық мемлекет бар. Ал мемлекеттік тілдердің саны жүз жиырмаға жуық екен. Қазақ тілі осындай мәртебелі тілдердің қатарындағы тіл.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі қарсаңында 1989 жылы бекітілді. Мемлекеттік тіл дегеніміз – қоғамның барлық саласында қолданылуға тиіс міндетті тіл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дегені тілдің жарқын келешегін көрсетеді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік ту, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік елтаңба секілді мемлекеттік маңызы ерекше рәміз. Сондықтан ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Яғни, тіл – әрбір елдің қуатты күші, сонымен бірге мәдениеті, байлығы. Ал мәдени, рухани байлық деген халықтың ақыл-ойының көрінісі. Қазақ тілі – дүниежүзіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі. Ол өзінің лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу нормаларымен танылған тіл. Көрнекті ғалым В. Радлов: «Қазақ тілі – түрік тілдерінің ішіндегі бай, бейнелі тіл» - деп жазған болатын. Бұл тілімізге берілген әділ баға.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеретін жан-жақты ұйымдық- насихаттық жұмыс аса қажет. Қоғамда мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрметтеу отаншылдық қасиеттің бөлінбес компоненті деген ұғымды қалыптастыру, мемлекеттік тілді білгісі келгендердің ықыласын бағалап, көтермелеп отыру да маңызды. Сондықтан тілімізді шұбарламай, оның көркемдігін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттік тілімізде сөйлеу – баршамыздың басты парызымыз. Мемлекеттік тіл арқылы Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы берік болмақ.

1- тапсырма.Сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

- ...............................................................................?

- Тіл - халықтың жаны, ертеңі, болашағы.

- ...............................................................................?

- Иә, Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танимыз, өзіміз танып қана қоймай, сол қымбат қазынамызды әлемге танытамыз.

- ...............................................................................?

- Жоқ,Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

- .................................................................................?

- Дұрыс айтасыз, Мемлекеттік тілдің мәртебесі – ту, әнұран, елтаңба сияқты нышандармен тең дәрежеде деуге болады.

- ................................................................................?

- Әрине,тіл - әрбір елдің қуатты күші, сонымен бірге мәдениеті, байлығы.

- .................................................................................?

- Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбіріміздің басты парызымыз.

- ..................................................................................?

- Мемлекеттік тіл арқылы Қазақстан халықтарының бірлігі мен

ынтымағы берік болмақ.

 

2- тапсырма. Сөздердің аудармаларын сәйкестендіріңіз.

1. Бүкілхалықтық күрес многовековая практика

2. қуатты толқын - исток

3. сан ғасырлық тәжірибе мощная волна

4. қайнар көзі сфера употребления

5. қолданыс аясы национальное сознание

6. негізін қалау всенародная борьба

7. ұлттық сана заложить основу

3-тапсырма.Диаграмманы толтырыңыз.

 
 


4-тапсырма.Берілген жалғаулықтарды түрлеріне қарай ажыратыңыз

Дегенмен, әрі, да, немесе, де, әйткенде, та, мен, алайда, әйткенмен, сонда да, я, не, болмаса, біресе, сөйтсе де, әлде, және, өйткені, бен,себебі, неге десең, әйтпегенде, бірақ, ал, әйтсе де, егер, егер де, онда сөйткенмен, те, онда да.

5-тапсырма. «Мемлекетіміздің тілі» мәтініндегі сөйлемдерді «себебі, өйткені, бірақ, сондықтан, яғни» жалғаулықтарын қою арқылы сөйлем құраңыз.

6-тапсырма.Төмендегі берілген қанатты сөздерді естеріңізде сақтаңыз.

 
 

 
 


7-тапсырма.Мәндес сөздерді сәйкестендіріңіз.

1. Болмыс халық

2. Абырой өркендеу

3. Өйткені бітім

4. Ұлт себебі

5. Мұрат сапар

6. Қазына мәртебе

7. Даму байлық

8. Жол ақиқат

 

Үшінші сабақ

1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Ұлттық тіл

Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі. Халқымыздың өткен тарихы, әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан- ұрпаққа тарайды. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Ұлттық тіліміздің негізі – көне түркі тілі болып табылады.

Қазақ тілінің жеке ұлттық тіл ретінде қалыптасуы ХҮ ғасырдан жеке мемлекет болып шығуынан басталады.Одан бергі уақытта ұлттық тіл ретінде бірнеше даму кезеңдерден өтті. Ұлттық тіліміздің дамуына билер, шешендер, ақын-жыраулар шығармалары әсер етті. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы – тілімізді жаңа атаулармен байыта түсті.

Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен ғылымды дамыту тілі болып отыр. Қазақ тілін өркендетудің мемлекеттік бағдарламасы жасалған. Біздің елімізде қазақ тілін оқып-үйрену, білу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы.

 

1-тапсырма.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің қазақша баламасын табыңыз.

Из поколения в поколение –

средство общения -

основа -

древний -

наше культурное наследие -

отдельный-

с тех времен -

стадии развития -

в полном смысле –

 

2-тапсырма.Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

1. Піл көтермегенді зәр де тамады.

2. Өнер алды ой түпсіз

3. Тілден бал да тамады көңіл қатты

4. Тіл буынсыз тіл көтереді

5. Тіл тәтті тіл мыңды жайратар

6. Өткір тіл -дарын тіл ғұмырлық

7. Қылыш бірді жайратар қызыл тіл

8. Сөз бір күндік ұзын тіл –жауың

3-тапсырма.Берілген сөйлемдерге «ал, ендеше, немесе, және, әрі, себебі» жалғаулықтарын қойып, сөйлем құрастырыңыз.

Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі. Халқымыздың өткен тарихы, әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан- ұрпаққа тарайды. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Ұлттық тіліміздің негізі – көне түркі тілі болып табылады.

Қазақ тілінің жеке ұлттық тіл ретінде қалыптасуы ХҮ ғасырдан жеке мемлекет болып шығуынан басталады.Одан бергі уақытта ұлттық тіл ретінде бірнеше даму кезеңдерден өтті. Ұлттық тіліміздің дамуына билер, шешендер, ақын-жыраулар шығармалары әсер етті. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы – тілімізді жаңа атаулармен байыта түсті.

 

4-тапсырма. Мақал мәтелдерді аяқтап жазыңыз.

Шешеннің тілі ...

Басқа пәле тілден ...

Өнер алды ... ...

Тіл қылыштан ...

Тілде тиек жоқ, ... ... ...

БӨЖ тапсырмалары

5 -тапсырма.«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз.


1. Қазақ тілінде қандай құндылықтар сақталған?

2. Мемлекеттік тілдің қызметін қалай түсінесіз?

3. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы айтқан сөзін қалай ұғынасыз?

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы не білесіз?

5. Мемлекеттік тіл мемлекеттік рәмізге жата ма?

6. Дүние жүзіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі, мемлекетіміздің басты тілі қай тіл?

7. Көрнекті ғалым В.Радловтың қазақ тілі туралы айтқан қандай сөзін білесіз?

8. Біздің елдегі өзінің лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу нормаларымен танылған қай тіл?

9. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін не қажет?

10. Қандай тіл арқылы Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы берік болады?

ОН ТӨРТІНШІ САБАҚ (3-сағат)

Лексикалық тақырып:Ұлттық дәстүр

Грамматикалық тақырып: Зат есім тудырушы жұрнақтар

Сөздік

шілдехана – вечеринка по поводу рождения ребенка

нәресте – новорожденный, младенец

думанды – праздничный

сәби – ребенок

қырқынан шығару – отмечать 40 дней со дня рождения

үйрену – научение

еліктеу – подражание

ғұрып – обряд

талғам – вкус

қоғамдық қатынастар – общественные

отношения

тәртіп – поведение

жалғастық – преемственность

қарыншаш – утробный волос

жейде – сорочка, рубашка

бесікке салу –укладывать в колыбель

аластау – изгонять

елеулі – существенный, весомый

кәде – подарок

тұсау кесу – разрезать путы

шашу – подарки приносимые на торжества

қаз тұру – стоять на ногах

тұсау – пут

ризалық – благословение

ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРУШЫ ЖҰРНАҚТАР

Зат есімдер делятся на производные (туынды), образуются при помощи суффиксов:

-шы, -ші образуют существительные, профессию человека: жазу (писать) - жазушы (писатель), сурет (рисунок) - суретші (художник), балық (рыба) - балықшы (рыбак).

-ша, -ше, мысалы: кітап (книга) - кітапша (книжка).

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік образуются существительными, обозначающие отвлеченные понятия: бала (ребенок) - балалық (детство), дос (друг) - достық (дружба), батыр (герой) - батырлық (мужество, геройство), бай (богатый) - байлық (богатство).

-хана, образует существительные, указывающие на названия учреждений: ас (пища) - асхана (столовая), дәріс (лекция) - дәрісхана (лекционный зал), ем (лечение) - емхана (поликлиника.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Ұлттық дәстүр, салт-дәстүр, ұрпақ, әлеуметтік орта,құндылықтар жиынтығы, тұтас ұлт, ықпал ету, сұрыпталған, халықтық болмыс, ұлттық мінез, салт-сана, перзенттік борыш.

2-тапсырма. Төменде берілген сөз, сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, әрқайсына сөйлем құрыңыз.

Үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық.

 

3-тапсырма.Төменде берілген жай сөйлемдерді күрделендіріңіз.

Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері бар. Осы дәстүрлер халқымызға оң ықпал етіп келеді. Ұлттық дәстүрімізді білу -борышымыз.

 

4-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.

- Қандай салт-дәстүрлерді білесің?

- Мен мынадай салт-дәстүрлерді білемін, мысалы: діни дәстүрлер, тұрмыстық дәстүрлер, табиғатқа байланысты дәстүрлер бар.

- Осылардың әрқайсысы туралы айтсақ қайтеді.

- ----------------------------------------------------------------

- ----------------------------------------------------------------

- ---------------------------------------------------------------

5-тапсырма.Сөйлемдерді аударыңыз.

Свои традиции бережет каждый народ. Они имеют социально-историческую, культурно-бытовую, идеологическую, воспитательную значимость, являются неотъемлемой частью народного сознания, выражают его сущность. Казахский народ богат традициями и обычаями.

6-тапсырма.–шы, -ші жұрнақтары арқылы жаңа сөз жасап, орыс тіліне аударыңыз.

Тігін, етік, тәрбие, аң, би, жұмыс, күзет, оқу, жүргізу, әдебиет.

7-тапсырма.«Миға шабуыл» әдісі.


 

                   
   
 
 
 
     
     
 
 


8-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Традиция

Традиция это совокупность элементов социального и культурного наследия. В качестве традиции выступают определенные общественные нормы поведения, идеи, обычаи, обряды, вкусы, взгляды и т. д. Те или иные традиции действуют в любом обществе и во всех областях общественной жизни. В древности традиции передавались неосознанно – через научение и подражание. Традиция выполняет ряд культурных функций: устанавливает преемственность культуры, служит духовной опорой нации. Через традицию передаются культурные информации и ценностей от поколения к поколению. Каждый народ имеет свою национальную самобытную традицию.

Екінші сабақ

 

 

Лексикалық тақырып: Ұлттық дәстүр

Дүниеде қазақ деген ұлт – біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да – жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазына

Нұрсұлтан Назарбаев

Ұлттық дәстүр

Әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Халықтың дәстүріне қарай оның мінезі, тарихы, дүниетанымы қалыптасады. Халықтық дәстүрдің жүздеген, мыңдаған жылдық тарихы бар. Сондықтан оны әбден сұрыпталған, жинақталған құндылықтардың жиынтығы деп санаймыз. Халықтың дәстүріне оның қоршаған ортасы, географиялық орналасуы, шаруашылығы әсер етеді.

Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай халық. Халықтық салт-дәстүрлер сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық, т.б. жатады. Осы дәстүрлер біздің дербес халықтығымыздың сақталуына, тұтас ұлт ретіндегі ерекшеліктеріміздің айқын болуына оң ықпал етіп келеді. Дәстүр халқымыздың ғасырлар бойы өмір сүру тәсілдерінен, күнделікті әрекеттеріне сұрыпталған мәдениетіміздің үлкен бір бөлігі. Бабалардан бізге жеткен дәстүрлерде біздің халықтық болмысымыз, ұлттық мінезіміз, салт-санамыз айқын көрінеді. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келе жатқан ұлттық дәстүрлер сан алуан. Дәстүрлер іштей бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы: отбасылық дәстүрлер, маусымдық дәстүрлер, діни салттар, мерекелік дәстүрлер, тұрмыстық салттар. Ұлттық дәстүрімізді білу және оны сақтау баршамыздың перзенттік борышымыз. Себебі, дәстүр халықты ғасырлар бойы сақтап келген рухани тірегі. Әрине, ол заманына қарай өзгеріп, жаңғырып тұрады.

1- тапсырма.Төменде берілген дәстүр атауларын сала бойыншатт толтырыңыздар.

Сабантой, беташар, айт, тұсаукесер, наурыз, қыз қуу, жарапазан, қадыр түні, сүндет той, тілашар, соғымбасы, бәйге, көкпар, құрбан шалу.

                               
   
     
         
 
 
   
       
 


2-тапсырма.Мәтіннен зат есім тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған сөздерді табыңыз.

3-тапсырма. Сіз қандай ұлттың дәстүрін білесіз? Айтып беріңіз.

4-тапсырма.Төменде берілген жұрнақтар арқылы зат есімдер жасаңыз.

Үлгі:–шылық – шаруа-шылық, егін-шілік, айырма-шылық;

 

-шілік, -ша, -ше, -шық, -шік, -ыл, -іл, -л, -хана, -стан, -кеш, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ым, -ім, -м.

БӨЖ тапсырмалары

 

5- тапсырма. «Ұлттық дәстүр» тақырыбында эссе жазыңыз.

 


1. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесің?

2. Дәстүр дегеніміз не?

3. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне не жатады?

4. Ұлттық дәстүрдің қандай салалары бар?

5. Қандай отбасылық дәстүрлерді білесің?

6. Діни салттарға қандай салттар жатады?

7. Қандай мерекелік дәстүрлерді білесің?

8. Тұрмыстық салттарға қандай дәстүрлер жатады?

9. Тұсаукесер, шілдехана қай дәстүрге жатады?

10. Наурыз мейрамы қай дәстүрге жатады?

 

 

ОН БЕСІНШІ АПТА (3 сағат)

Лексикалық тақырып: Ұлттық мәдениет

Грамматикалық тақырып: Қос сөз және біріккен сөздер

Сөздік

дамыған – развитый

өңір – край

бұған куә – свидетельство тому

қорған – курган

әсем безендірілді – красочно оформлен

ортағасырлық қалалар – средневековые города

ықпал – влияние

мекендеген – обитавшие

өнер туындысы – произведение искусства

кесене – мавзолей

көне замандардан басталады – начинается с древних эпох

қолданбалы өнер – прикладное искусство

әр түкпірінде – в разных уголках

айрықша – особенно

қазіргі заманға сай – современный

деңгей – уровень

ҚОС СӨЗ ЖӘНЕ БІРІККЕН СӨЗДЕР

Біріккен сөздер(слитные слова) это один из видов сложных слов, состоящих из сочетания двух корней, являющихся названием нового предмета или явления: алғысөз предисловие, баспасөз– пресса, төлқұжатпаспорт, жанармайтопливо, күнтізбе –календарь, сенімхатдоверенность, қолхат –расписка, тілашарразговорник.

Қос сөздер(парные слова) образуются путем двукратного повторения одинаковых, близких по значению слов или начального слога корневых слов и делятся на два вида:

1. Қайталама қос сөздер(парно-повторные): қайта-қайта (снова и снова ), әрең-әрең(еле-еле); өзімен-өзі(сам по себе), бетпе-бет(лицом к лицу);бару-бармау(пойти, не пойти).

2. Қосарлама қос сөздер(собственно-парные слова): әке-шеше (родители, букв: отец и мать,), көрші-қолаң(соседи), бала-шаға(домочадцы), келін-кепшік(снохи, невесты).

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Мәдениет, көне қалалар, археологиялық қазбалар, кесене, саз өнері, қолданбалы өнер, жаңа деңгей.

2-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрыңыз.

Мәдениет, ұлттық сана, өркениет, ғылым, білім, әдебиет, сәулет, дәстүр, мүсін, тарихи кешендер, сәулет мәдениеті.

3-тапсырма.Сөз тіркестерін жасаңыз.

 

       
 
   
 


Мәдениет Мәдени

 

 


 

4-тапсырма.Біріккен сөздер мен қос сөздерді екі бағанға бөліп жазыңыз.

Әке-шеше, күнбағыс, күнтізбе, бала-шаға, түйеқұс, темірқазық, әп-әдемі, қозықұйрық, қайта-қайта, сарыала, итмұрын, бүгін, биыл, оқта-текте

5-тапсырма.«Мәдениет», «Мәдени», «Мәдениетті» сөздерінің бір- бірінен айырмашылығын түсіндіріп,олармен сөйлем құрыңыз.

6-тапсырма.Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз.

1. Мәдениетті адам қандай болу керек деп ойлайсыз?

 

 

 

 

2. Мәдениетті адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

 

 

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

7-тапсырма.Мәтіннен есім сөздерді тауып, олардың сөйлемдегі қызметін айтыңыз

8-тапсырма.Сөзжұмбақты шешіңіз.

 
 

 

 


Ата-бабадан қалған зат

 

1. Ата-бабадан қалған зат

2. Сөз өнері

3. Сауда орны

4. Тәуелсіздік сөзінің синонимі

5. Францияда өткен жарыс

6. Әнші, әртіс

7. Дербес сөзінің синонимі

8. Мәдениет орны.

Екінші сабақ

Еуразияның ең бір бай да бірегей

мәдениеті – қазақ мәдениеті

Н.Назарбаев

Ұлттық мәдениет

Қазақ жерінде мәдениет ерте кезден бастап дамыған. Оған еліміздің әр өңірінен табылып жатқан ортағасырлық көне қалалардың орны, мәдени бұйымдар басқа да алуан-алуан заттар куә. Мысалы Есік қорғанынан, Жайық бойынан, Алтай өңірінен табылған алтын адамдар, әртүрлі бұйымдар мен әсем безендіріліп жасалған қару-жарақтарды атауға болады. Археологиялық қазбалардан алынған деректерге қарағанда біздің эрамызға дейінгі адамдар мекендеген көне қалаларда алаңдар, сәулет өнерінің туындысы болатын ғимараттар болған. Одан бергі кезеңдерде қазақ жері мәдениетінің дамуына «Ұлы Жібек жолы» үлкен ықпал етті. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы Отырар, Сауран, Сығанақ, Тараз, Шымкент, Яссы сияқты мәдениеті дамыған ортағасырлық қалалар мәдениет пен өнердің орталығы болған. Ахмет Иассауи, Арыстанбаб кесенелері, Айша бибі, Алашахан мазарлары мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсетеді. Жоғарыда аталған қалаларда әдебиет, музыка, сәулет өнерлері айрықша дамыды. Бұл қала – қорғандарда байырғы мәдениет қалыптасты. Ұлттық мәдениетпен бірге, тайпааралық, ұлтаралық дәстүрлер де көптен-көп дамыды. Сондықтан сол кездің өзінде мәдениетаралық байланыстардың бірте-бірте өрістегенін аңғарамыз.

Қазақ мәдениетінің дамуына сәулет өнерімен бірге музыка өнері, қолданбалы өнер әсер етті. Қазақ даласының әр түкпірінде осындай өнерлердің өзіндік дәстүрлері қалыптасты. Мәселен, Сыр өңірінің, Арқаның, Жетісудың, Еділ мен Жайық атырабының ән мен күй, шешендік сөз бен поэзия дәстүрлерінің өзіндік сипаты болды. Бұл қазақ мәдениетінің жан-жақты дамуына ықпал жасады.

Қазақтың ұлттық мәдениетінің стильдері – ою-өрнектерден айқын аңғарылады. Ою-өрнектердің алуандығы мен байлығы, әсіресе, киіз үй бұйымдарынан көрінеді. Алаша, текемет, сырмақ, желбау, тұскиіз, кілем, сандық беттеріндегі бейне-нақыштар далалық мәдениеттің эстетикасы.

Қазақстан мәдениеті жалпы адамзат дамуы сияқты ХХ ғасырда айрықша өркендеді. Қазақстанның театр, бейнелеу өнері, кино өнері, саз өнерінің қазіргі заманға сай түрлерінің дамуы – мәдениетімізді жаңа деңгей-дәрежеге, сандық-сапалық белеске көтерді.

1-тапсырма.Мәтінде берілген қос сөздер мен біріккен сөздерді бөлек-бөлек жазыңыз.

Қос сөздер Біріккен сөздер
   

Үшінші сабақ

Мәдени мұра

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көптеген шаралар жоспарлануда. Солардың бірі – «Мәдени мұра» бағдарламасы. Бұл бағдарлама қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттауға арналған. Бағдарлама ауқымында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы, мәдени ескерткіштерді қорғау, фольклор шығармаларын тарату, кинофильмдер дайындау. Қазақ халқының мәдениеті өте бай болғандықтан бұл бағдарлама ұзақ жылдарға арналған.

1-тапсырма.Төменде берілген шағын мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2-тапсырма.Бұл бағдарлама жөнінде ақпарат дайындаңыз.

3-тапсырма.Төменде берілген сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыз.

Мемлекеттік бағдарлама, ұлттық қазына, тарихи шығарма, дәстүр, қымбат, өзекті, құндылық, деректі фильм, энциклопедия, музыкалық туынды.

4-тапсырма.Ұлттық мәдениетке байланысты қандай қос сөздер мен біріккен сөздер

білесіз?

 

БӨЖ тапсырмалары

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстандағы көне қалалардың орындары қай жерлерден табылды?

2. Есік қорғанынан, Жайық бойынан, Алтай өңірінен қандай бұйымдар табылды?

3. Мәдениеті дамыған мәдениет пен өнердің орталығы болған ортағасырлық қалалар.

4. Мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсететін мазарлар.

5. Қазақ мәдениетінің дамуына қандай өнерлер әсер етті?

6. Еліміздің қай өңірлерінде ән мен күй, шешендік сөз бен поэзия дәстүрлері жақсы дамыды?

7. Қазақстан мәдениеті қай ғасырда жақсы дамыды?

8. Қазақстанның қандай өнер түрлері мәдениетімізді жаңа деңгейге көтерді?

9. Қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттауға арналған қандай бағдарламаны білесің?

10. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты не?

2.Қаладағы ұлттық мұражайлар (шолу).

ІІ семестр

I АПТА

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРІ

1-сабақ

Халықтық қолөнер. Шылау

Сөздік

құбылыс – явление

кезең – период

ежелгі – древний

алғашқы қауымдық құрылыс – первобытная община

ірі бөлігі – большая часть

кеңінен пай даланылды – широко использованна

музыка арқылы өрістеді – развивались посредством музыки

айрықша – особенно

негіз – основа

күй – кюй

халық әні- национальная песня

келбет – облик

көрерменін баурайды – увлекает своего зрителя

ізденістер үстінде – в исканиях

жаңғыруы – возрождения

жаңа қырынан – с новой стороны

кеңінен пайдаланылды – широко использованы

көрініс – вид

 

ШЫЛАУ

Септеулік шылау Жалғаулық шылау Демеулік шылау
Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданады. Үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады. Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер. Сөздерді байланыстырмайды., қосымша мағына береді. Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау, -мыс, түгіл, ғана, тек, -ды, ді, ты, ті
Мектепке(неге?)дейін бірге бардық. Мен әкеммен(кіммен?) бірге кешке(неге?) шейін жұмыс істедім. Көпір (не?) арқылы өттік. Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін. Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек. Мен солдатпын ғой! Ол мектепке барды ма? Дәмін татық-ау. Берілген тапсырманы орындапты-мыс.

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Халық, өнер, құбылыс, тарих, ежелгі, ән, классикалық, дәстүрлі, мәдениет, жанр, күй, ұлттық, музыка, кино өнері, көркем фильм, режиссер, ұлттық болмыс, көркемдік, тәуелсіздік, рухани.

2-тапсырма.Диаграмманы толықтырыңыз.

 
 

 

 


       
   
 
 

 


3-тапсырма.Берілген сөздер қай өнер түріне қатысты? Кестелерге жазыңыз.

Ескерткіш, қобыз, сурет, оркестр, портрет, әдебиет, қарындаш, шешен, сазгер, қылқалам, шебер, сазбалшық, күй, шеберхана, бояу, монумент, сазгер, тіл, көрме, әнші, шығарма, опера, өлең.

  Cөз өнері   Саз өнері   Мүсін өнері   Бейнелеу өнері
       
       
       
       
       
       

 

 

4-тапсырма.Жұмбақтарды шешіңіз.

Ұзын мойын, екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп.

Айдалада ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау.

5-тапсырма.Ұлттық музыка аспаптарын жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.

6-тапсырма.Төмендегі мәтіннен шылауларды тауып, астын сызыңыздар.

Қазақ киносы жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе» және «Тақиялы періште» фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым –Қожа» фильмі және Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық өнеріміздің, сондай-ақ жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.

7-тапсырма.Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

Сайын, дейін, кейін, туралы, үшін, әрі, яки, және, мен, бен, пен, бірге, қатар

2- сабақ

Әдебиет пен өнер ұлы болмаған

жерде – ұлт та ұлы бола алмайды
Ғабит Мүсірепов

Қазақ театр және кино өнері

Әрбір халықтың өнері сол халықтың өзімен бірге өмір сүретін құбылыс. Өнердің түрлеріне музыканы, театрды, сәулет өнерін, әдебиетті жатқызатын болсақ, халық тарихының әр кезеңінде олар дамып отырған. Халықтың өзімен бірге келе жатқан ежелгі өнерлерінің бірі – ән өнері.

Зерттеушілердің айтуынша ән алғашқы қауымдық құрылыстан бері белгілі. Бұдан кейінгі кезең – авторлық әндердің кең таралуы. Қазіргі кезде авторлық әндер бүгінгі мәдениеттің ірі бөлігіне айналған. Қазақ әндеріне келсек, Біржанның, Ақанның, Абайдың, Мәдидің, Иманжүсіптің әндері алғашқы ұлттық авторлық әндер. Бүгінде ән өнері тақырыптық жағынан да, жанрлық жағынан да айрықша дамыды. Халқымыздың өнер тарихында әнмен бірге күйдің де орны ерекше. Күй өнері ертедегі Қорқыт ата заманынан басталады. Күй – қазақ халқының айрықша өнері. Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің күйлері – классикалық өнердің үлгілері. Классикалық күйлер мен әндер ұлттық опера өнерінің тууына негіз болды. Сөйтіп, еуропалық опера қазақ жерінде ұлттық музыка арқылы өрістеді. Халық әндері мен күйлері кино өнерінде де кеңінен пайдаланылды.

Қазақ киносы жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе», «Тақиялы періште» сияқты фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым -Қожа» фильмі, Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық ұлттық өнеріміздің, жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.

Қазіргі кезде жалпы қазақ өнері сияқты қазақ киносы да ізденістер үстінде. Тәуелсіздік кезінде түсірілген белгілі фильмдер қатарында «Көшпенділер», «Фара», «Аккордеонистің балалық шағы» және тағы да басқа фильмдерді атауға болады. Сонымен бірге қазіргі қазақ киносының ерекшелігі ретінде шетелдік режиссерлермен, киностудиялармен бірігіп дайындалған фильмдерді де атап өткен жөн.

Ұлттық өнер – жалпы халықтың рухани дамуы мен жаңғыруының көрінісі. Сондықтан әр кезеңде ол жаңа қырынан көрініп, дамып отырады.

 

1-тапсырма.Мәтіннен шылауларды тауып, жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма.Берілген шылаулармен сөйлем құрастырыңыз.

Үшін:

Сайын:

Туралы:

Арқылы:

Шейін:

Қарай:

Гөрі:

Бұрын:

Соң:

Қатар:

Бірге:

Қоса:

 

3-тапсырма.Төмендегі кестені толтырыңыз.

       
       
       
       
       
       

 

4-тапсырма.Сөздерді тиісті орындарына қойып, мақал-мәтел құраңыз.

1. Аз, де, жетпіс, жігітке, өнер _________________________________.

2. Алды, қызыл, өнер, тіл _____________________________________.

3. Ашық, өнерліге, есік _______________________________________.

4. Кілемде, өлеңде, сөз өнері, қол өнері __________________________.

5. Көркі, өнер, жігіт _________________________________________.

 

5-тапсырма.Сөйлемді жалғастырып жазыңыз

_______________________

Өнерлі болу үшін _______________________

________________________

6-тапсырма.Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз.

мен сайын

өзім туралы

мыңға кейін

онға дейін

түстен жөнінде

сонымен жуық

кешке тарта

7-тапсырма.Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойып көшіріп жазыңыз.

Алматы ... Астана, Жандос ... Әділ, түнге ... , ауылдың ... , сыныптың ..., кеш ... , жаңбыр ... қар, менен ... , сенен ... , не ... , сабақтан ... .

 

Керекті шылаулар: мен, соң, пен, үшін, дейін, маңы, басқа, бұрын, іші, әлде, бойы

3- сабақ

Өнер жұлдыздары

1-тапсырма.Өзіңіз көрген қазақ кинофильмі туралы жазыңыз.

1. Фильмді түсірген жыл ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­----------------------------------------

2. Бас режиссері ­­­­­­­­­­­­­­­­­---------------------------------------------------

3. Басты рөлде ойнағандар ------------------------------------------

4. Басты кейіпкерлер -------------------------------------------------

5. Жағымды кейіпкерлер ------------------------------------------------

6. Жағымсыз кейіпкерлер -------------------------------------------------

7. Фильм туралы сіздің пікіріңіз ------------------------------------------

2-тапсырма.Бос орынға керекті сөздерді қойып сөйлемдерді аяқтаңыз.

Классикалық ________ үлкен залдарда симфониялық ______ орындалады. Классикалық музыка ______ мазмұнды болып келеді. Әрине, оны _____ білу керек. Жастардың көбі ______ музыканы ұнатады: поп, рок, диско, рэп, техно және т.б. _________ эстрада жұлдыздары көп. Олар: Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Нұрлан Өнербаев және т.б. Олардың ________бәріміз сүйсініп _________.

Керекті сөздер: тыңдаймыз, жеңіл, терең, Қазақстанда, оркестрмен, түсіне, музыка, әндерін.

3-тапсырма.Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Мен домбыраның сүйемелдеуімен ән айттым.

2. Қазақстандық әншілердің концерті болды.

3. Қазақтың ұлттық аспаптарын білесің бе?

4. Қобыздың үні естілгенде көңілің толқиды.

4-тапсырма.Төменде берілген сөйлемдерден шылауларды тауып, астын сызыңыздар.

1. Бұл көлік үйге таман келіп тоқтады. 2. Жиналыс сағат үшке таман басталады. 3. Мұрат ғылым туралы айтты. 4. Олар да келді. 5. Көктемнің алғашқы айында кейде жаңбыр жауып, кейде қар жауып тұрады. 6. Ауыл мен қаланың арасы алыс емес. 7. Ауылдың маңы жап-жасыл шөп.

5-тапсырма. « Өнер жұлдыздары» тақырыбына шығарма жазыңыз.

II АПТА

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТАМЫРЫ

1-сабақ

Айтыс өнері. Септеулік шылау

1. Шылаулардың түрлерін еске түсіріңіз.

ШЫЛАУ

Септеулік шылау Жалғаулық шылау Демеулік шылау
Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданады. Үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады. Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер. Сөздерді байланыстырмайды., қосымша мағына береді. Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау, -мыс, түгіл, ғана, тек, -ды, ді, ты, ті

2. Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

Сайын, дейін, кейін, туралы, үшін, әрі, яки, және, мен, бен, пен, бірге, қатар

 

3. Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз.

мен сайын

өзім туралы

мыңға кейін

онға дейін

түстен жөнінде

сонымен жуық

кешке тарта

4 Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері

Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Айтыстың бірнеше түрлері бар: жануарлар айтысы, жұмбақ айтыс, өлі мен тірінің айтысы және салт айтысы.

Салт айтысының екі түрі бар, олар қыз бен жігіт айтысы мен ақындар айтысы. Бұл айтыс әсіресе XIX ғ. кеңірек етек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. Олар түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған.
Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.
Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері бар. Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтыста ақындар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Мұның бәрі ақындардан сөзге білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажет етеді, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді.

"Біржан мен Сара" айтысының негізгі түйіні – әйелдің бас бостандығы. Біржан мен Сара айтысы ақындық көркем тілдің және бір түрі — ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады.

Көрінсін Біржан салға ай секілді,
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді,
Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым,
Біржанға баламаймын тай секілді...

Өткен ғасырда екі ақын бірлесіп, әйелдің бас бостандығын жырлады, ескі феодалдық салтқа қарсы шықты, өз дәуірі үшін прогресшіл идея танытты.
Құрылысы, түрі жағынан алғанда, бұл айтыс – салт айтыстың ең биігі.

 

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

 

Айтыс – айтыс (состязание акынов)

Тақырып– тема

Өлі мен тірі – живые и мертвые

Тосыннан -внезапно

Тапқырлық – здесь: находчивость

Ұсталық – мастерство

Ұтымды – уместно

 

5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сіз айтыс тыңдайсыз ба?

2.Сіздің отбасыңызда айтыс жайлы әңгңме бола ма?

3. Айтыстың шығуы жайлы не білесіз?

4. Айтыстың қандай түрлері бар?

5. Айтысқа қандай талаптар қойылады?

6. «Біржан-Сара» айтысының тақырыбы не?

2- сабақ

Күй атасы -Құрманғазы

1. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.

Еуразияның ең бір бай да

бірегей

мәдениеті – қазақ мәдениеті

Н.Назарбаев

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң-солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған кезі болатын. Замана қиындығы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері осындай ауыр кезеңде туған. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.

Құрманғазы - өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.

Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет – бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңілген, бұл Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

 

оң-солын танып– время зрелости

өмір-тіршілікке белсене араласа – период активных дейсткий

отаршыл саясат – политика колониализма

қарқын алған кезі – стремительное развитие

қатал тағдыр – роковая мудьба

 

2. Мәтіннен шылауларды тауып, жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Берілген шылаулармен сөйлем құрастырыңыз.

Үшін:

Сайын:

Туралы:

Арқылы:

Шейін:

Қарай:

Гөрі:

Бұрын:

Соң:

Қатар:

Бірге:

Қоса:

 

4. Сөздерді тиісті орындарына қойып, мақал-мәтел құраңыз.

6. Аз, де, жетпіс, жігітке, өнер _________________________________.

7. Алды, қызыл, өнер, тіл _____________________________________.

8. Ашық, өнерліге, есік _______________________________________.

9. Кілемде, өлеңде, сөз өнері, қол өнері __________________________.

10. Көркі, өнер, жігіт _________________________________________.

3- сабақ

Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Ұлттық байлық - белгілі бір уақыт мерзіміндегі қоғамның бүкіл осы мерзімге дейінгі дамуы кезеңіндегі адамдардың еңбегімен жасалған материалдық игіліктерінің жиынтығы. Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады. Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай — ақ табиғи ресурстар жатады және олар натуралды түрде есептелінеді.

Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі. Қазақстан - пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД-дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

Мынандай көзқарастар бар: ұлттық байлық ұғымы материалдық емес құндылықтарды да – ақпарат, ғылым-білім, тұрғындардың мәдениет деңгейін және т.б. – қамтуы қажет.

Алдағы уақытта ұлттық байлықты жетілдіру көбінесе оның сапалық жақсаруымен, табиғи байлықты тиімді игерумен, қоғамның қоршаған ортаны барынша сақтау қамқорлығымен, экологиялық қауіпсіздікті қолдау деңгейімен анықталады.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

 

Ұлттық байлық – национальное богатство

Қоғам – общество

материалдық игіліктер – материальные ценности

даму деңгейі – уровень развития

тұрғындар – жители

экологиялық қауіпсіздік – экологическая безопасность

 

2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

 

1) Үлттық байлық деген не?

2) Рухани игіліктер ұлттық байлыққа жата ма?

3) Ұлттық байлықтың құрамына не кіреді?

4) Мәтінді Қазақстанның ұлттық байлығы жайлы не айтылған?

5) Ұлттық байлықтың көлемін қалай айқындауға болады?

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

3.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Ұлттық байлық, қоғамның дамуы, материалдық игіліктер, мемлекеттің дамуының айнасы, ұлттық байлықтың құрамы.

4. Диаграмманы толықтырыңыз.

 
 

 

 


       
   
 
 

 


5. Ұлттық музыка аспаптарын жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.

6. Төмендегі мәтіннен шылауларды тауып, астын сызыңыздар.

Қазақ киносы жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе» және «Тақиялы періште» фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым –Қожа» фильмі және Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық өнеріміздің, сондай-ақ жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.

11. Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

Сайын, дейін, кейін, туралы, үшін, әрі, яки, және, мен, бен, пен, бірге, қатар

БӨЖ тапсырмасы. Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері жайлы шағын деректеме жазу.

 

ІІІ АПТА

ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ

1-сабақ

Хакім Абайдың философиясы. Есімше.

Есімше – зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүретін сһөз табы. Есімшенің жұрнақтары: -ған, -ген, -қан, -кен; -тын, -тін, -атын, -етін, -қалы, -келі, -ғалы, - гелі.

1 Сөйлемдерді есімшелермен толықтырыңыз.

1. Біздің туыстарымыз «Семей полигоны» деп атал... аймақтан көшіп келді.

2. Денсаулықтың жақсы бол... қандай жақсы!

3. Өсіп келе жат... ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек.

4. Жаңа өмірді жалғастыр... – дені сау жас ұрпақ.

5. Өмірге бақытты болып кел... соң, сол өмірді мәнді етіп сүру керек.

6. Салауатты өмір салтын ұстан... азамат әрдайым бақытты болады.

 

1.Абайдың қарасөздерін оқып, сөздіктің көмегімен мағынасын түсінуге тырысыңыз.

Оныншы қарасөзінен:

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?

Құдай тағала саған еңбек қылып, мал табарлық қуат берді. Ол қуатты кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың.... Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі – біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенім – сол. Бұл – құдайдан тілеген емес. Бұл – абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік.

 

Жиырма тоғызыншы қарасөзінен:

Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгілі, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны бар.

Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын.

«Қалауын тапса, қар жауады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

 

Жаңа сөздер:

Қартаю –стареть

Түңілмей іздеу –искать.

Қорқыту – пугать

Алдау – обманывать

Іске татырлық – пригодный

Жарамайтын– не пригодный

Жарлы – бедный

 

2. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыз.

Үлгі: ерінбей, түңілмей...

 

2. Абайға төмендегі мақалдар ұнамайды. Себебін түсіндіріңіз.

  • «Түстік өмірің болса, кештік мал жи»;
  • «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат»;
  • «Малдының беті – жарық, малсыздың беті - шарық»;
  • «Қарның ашса, қаралы үйге шап»;
  • «Мал – адамның бауыр еті».

Жаңа сөздер:

Түстік өмір – жить до полудня

Шарық– точило

Қаралы үй – дом, где поминки

Бауыр еті – плоть от плоти его.

 

1-Сұрақ: Адам не үшін өмір сүруі керек?

А) мал жинау үшін;

Б) тамағын тойдыру үшін;

С) ғылым-білім үшін;

Д) сәнді өмір сүру үшін.

 

2-Сұрақ: Сөйлемді толықтырыңыз.

Тек қана тамағының тоқтығын ойлаған адам ... бірдей.

А) аурумен;

Б) ақымақпен;

С) жас баламен;

Д) қарт кісімен.

3.Сұхбаттасыңыздар.

- Арман, Абайдың қанша қарасөзі бар, білесің бе?

- Оны бәріміз білеміз ғой, Абайдың .... .

- Арман, неліктен Абай «Өмірім қайшылықта өтті» дейді?

- Себебі ... .

- Арман, Абайдың қарасөз жазуының себебі не?

- Оның себебі ... .

- Абайдың қарасөздерінің рөлі қандай?

- Абайдың қарасөздері .... .

 

 

2- сабақ

Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция

1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз.

Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның өнеріне құныға ден қойып, батасын алады. Мұнан әрі сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты жүйріктермен айтысқа түскен. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі.

Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.

Жамбыл –интернационалист ақын.

3- сабақ

Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы

«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Жаңа сөздер:

өлең сөздің дүлдүлі –мастер художественного слова

өсіп-өнген топырағында –на родной земле.

батасын алады – благославили

суырыпсалмалық өнер–импровизаторское итскусство

саяси-әлеуметтік өмір –социально-политическая сфера

ден қояды – уделяет внимание

2. Бос орынға керекті сөздерді қойып сөйлемдерді толықтырыңыз.

Жамбыл – қазақ ----------- әйгілі ----------. Қазақстан -------------- ақынның жүз жылдығын атап өтті. Жамбыл Жабаев саяси-әлеуметтік ------------------ тарихи ----------------үлкен үмітпен ден қойды. Ақын бірнеше ордендермен --------------- .

 

Керекті сөздер: ақыны, халқы, халқының, өміріндегі, марапатталды, өзгерістерге.

3. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

5. Мен Жамбыл шығармаларын сүйіп оқимын.

6. Біздің облысымыз Жамбыл ақынның атымен аталады.

7. Жамбыл шығармаларының бірнеше томы жарық көрді.

8. «Сұраншы батыр» - Жамбылдың күрделі эпикалық шығармасы.

 

4-тапсырма. Мәтіннен есімшелерді теріп көшіріңіз.

1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз. Мазмұндап айтыңыз.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»).

1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911).

2.Шәкәрімнің ғибадаттарын ұғып алыңыз (ықшамдалып алынды).

І Өзімшілдік.

Бір байдың қызына шешек шығып, бетін тыртық қылғандықтан, бір соқырға беріпті. Досы байға келіп: «Сондай дәрігер келіпті, күйеуіңіздің көзін неге қаратпайсыз?»-десе, бай: «Күйеуімнің көзі ашылған соң, қызымның бетіндегі тыртығын көріп, шығарып жібереді ғой. Қызым байдан шыққаннан да күйеуім соқыр қалпында қалғаны артық»,-депті.

Жаңа сөздер:

тыртық – шрам қарату– здесь: лечить

соқыр қалпында қалғаны – оставаться слепым

 

 

ІІІ Шәкәрім айтқан:

Бір еңбекші қызметкер қандай тастақ жер болса да жалаң аяқ жүре берген соң, бай: «Сен неге дәйім жалаң аяқ жүресің?» - дейді. Сонда қызметкер былай дейді: «Жалданған бай мені тақтай алып кел деп жұмсаған соң, барсам, екі аяғы тобығынан жоқ бір бишара еңбектеп жоңқа жонып отыр екен. Соны көргенде, мынаның башпағы түгіл, башпақ киетін аяғы да жоқ, мен башпағым жоқ деп асып жүр екем ғой деп, содан бері жалаң аяқ жүруге әбден әдеттендім»,- депті.

Жаңа сөздер:

Тастақ – каменистый жалаң аяқ – босяком

дәйім – постоянно жұмсау – посылать

тобық - еңбектеу – ползать

жоңқа – дерево башпақ - обувь

әбден әдеттену – очень привыкать мүсәпір – инвалид.

Сұрақ: «Қанағат қарын тойдырар, қанағатсыздық жалғыз атыңды сойдырар» деген мақалдың осы мәтінге қатысы бар ма?

 

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Шәкәрім кім?
  2. Шәкәрәм кімнің тәрбиесін көрді?
  3. Шәкәрім өлеңдерінде кімдерді сынады?
  4. Шәкәрәм білімін қалай толықтырды?
  5. Байдың өзімшілдігі неде?
  6. Қызметкер неліктен тастақ жерде жалаңаяқ жүрді?

БӨЖ тапсырмасы: Классик жазушылардың шығармаларымен танысу, баяндау.

IV АПТА

1- сабақ Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы Үстеу,… Еске түсіріңіз: Үстеулер іс-әрекеттің қашан, қайда, қалай…

V АПТА

АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ - ЕГІЗ

1-сабақ

Қазақстанның экологиясы Көсемше

Сөздік

қоршаған орта – окружающая среда

жан-жануарлар мен өсімдіктер – животные и растения

алыстағы жұлдыздар – далекие звезды

ажырамас бөлігі – неотделимая часть

ұғым – понятие

туған жер –родная земля

ыстық махаббат – пламенная любовь

ормандар – леса

тоғайлар – рощи

ерекше – особенный

үздіксіз өзгерістер – непрерывные изменения

жанартаудың атқылауы – извержение вулкана

найзағайдың жарқылы – сверкание молнии

табиғат құбылыстары – явления природы

себеп-салдар –причина

КӨСЕМШЕ

Көсемше (деепричастия) в казахском языке встречаются настолько часто, что даже простые детские рассказы без них не обходятся.

Есть три вида деепричастий, которые образуются с помощью суффиксов:
- п / -ып / -iп: бар-ып, кел-іп, қара-п;

-а /- е / -й: бар-а-мын, кел-е-сің, қара-й-ды;

-ғалы / -гелi, -қалы / -келi: бар-ғалы, кел-гелі, айт-қалы

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Табиғат құбылыстар, үздіксіз өзгерістер, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы, табиғаттағы өзгерістер, аспан денелері, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы, көлдердің тартылуы, қоршаған орта.

2-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрыңыз.

Табиғат құбылыстары, физика заңдарына сүйену, аспан денелері, құбылыстардың себеп-салдарын ашу, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар, күн мен түннің ауысуы, күннің тұтылуы, жердің өсі, үздіксіз айналуы, жердің айналуы, жыл мезгілдерінің ауысуы.

3-тапсырма.Сөз тіркестерін жасаңыз.

 

 

       
 
   
 

 


Адам Табиғат

4-тапсырма.Диаграмманы толтырыңыз.


5-тапсырма.Берілген сөйлемдерден –ып, -іп, -п жұрнақтарын тауып, жағын анықтаңыз.

Мен 1990 жылы туыппын. Қазақстан Республикасы сол жылы өз тәуелсіздігін жариялапты. Оған халқымыз қуаныпты. Мен оқуымды жақсы оқып, еліме пайдамды тигізгім келеді. 1997 жылы Ақмола қаласы елорда болыпты. Ал 1998 жылы Астана қаласы болып аталыпты. Қазір Астана Қазақстан Республикасы азаматтары мақтаныш ететін үлгілі де, өркениетті қалаға айналды. Мұнда биік үйлер мен ғимараттар салынып, қаланың аумағы үлкейіп, халқының саны еселеп артты.

2-сабақ

Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау

 

Табиғат – алтын бесік

Халық мақалы

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, жер мен ай, күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да «табиғат» деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай, анасын күндей қастерлеу ата салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан ормандарды, тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Адам мен табиғаттың жарасымы мен үйлесімі сақталғанда ғана, олардың өзара өмір сүру тепе-теңдігі сақталмақ. ХХ ғасырда осындай тепе-теңдік бұзыла бастады. Адамзаттың индустриялық кезеңге өтуі, қалалардың көбеюі – табиғатқа зақым келтіре бастады. Соның нәтижесінде, бүгін көп айтылатын экологиялық мәселе туындап, оны шешу жолдары ғаламдық мәселеге айналды. Экологиялық мәселе, әсіресе, экономикасы жоғары дамыған елдерге аса тән. Сондықтан табиғат пен адамның үйлесімді өмір сүруіне қоғамның көңілін бөлу үшін экологиялық ұйымдар құрылуда. Өнеркәсібі дами бастаған біздің елімізде де осындай мәселе бар. Мысалы, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Жаңаөзен, Балқаш, Теміртау сияқты қалалардағы экологиялық ахуал адамның денсаулығына зиян келтіруде. Сол себепті қоғамдық ұйымдар, ақпарат құралдары осы мәселелерді жиі көтеруде.

Адамзаттың өркениет биігіне жетуі – индустрияландырумен ғана шешілмейтінін уақыт дәлелдеуде. Сондықтан бүгінгі адамзат баласы табиғатпен үйлесіп өмір сүрудің тиімді жолдарын шешуде.

 

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

– Қоршаған орта дегеніміз не?

– «Жер-Ана» деген ұғымды қалай түсінесіз?

– Табиғатта кездесетін өзгерістерді атаңыз?

– Табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы айтыңыз.

– Өз мінезіңізді табиғаттың қандай құбылысымен сипаттайсыз?

 

2-тапсырма.Мәтінді оқыңыз.Берілген жоспар бойынша әңгімелеңіз.

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

3. Қорытынды

 

3-тапсырма.Венн диаграммасын толтырыңыз.

       
   
 
 


 
 


4-тапсырма.Сөйлемдерді орын тәртібімен жинаңыз.

1. Табиғаттың, Адам, бөлігі, ажырамас.

_____________________________________________________________

2. Жатады, өзгерістер, болып, үздіксіз, табиғатта.

_____________________________________________________________

3. Деп, әлемде, сан, алатын, аталады, орын, алуан, құбылыстары, өзгерістер, табиғат.

______________________________________________________________

4. Бір-бірімен, табиғат, байланысты, тығыз, құбылыстары.

_________________________________________________________________

5. Жан-жануарлар, өсімдіктер, мен, табиғат, ауқымды, білдіреді, деген, барлығы, алыстағы, Жер, Күн, мен, жұлдыздар, Ай, мен, ұғымды, –, да, осылардың.

_________________________________________________________________________________________________________________________________

3- сабақ

Қызыл кітап

1-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақ қойыңыз.

Үлгі: Адам ненің ажырамас бөлігі?

1.

2.

3.

4.

5.

6.

2-тапсырма.Жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

1. қоршаған орта –

_________________________________________________________

2. ауқымды –

_________________________________________________________

3. туған жер –

_________________________________________________________

4. орман-тоғайлар –

__________________________________________________________

5. жанартаудың атқылауы –

___________________________________________________________

6. табиғат құбылыстары –

____________________________________________________________

7. күн мен түннің тұтылуы –

_____________________________________________________________

3-тапсырма.Көсемшенің -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі жұрнақтарын пайдалана отырып, сөйлем құрастырыңыз.

 

Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.

Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі, жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.

4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

C давних времен человек и природа тесно взаимосвязаны. В древности первобытные люди полностью за쐲исели от окружающей среды. Не понимая сути происходящих природных явлений, люди возводили их в ранг богов. Так, и огонь, и вода, и земля, и деревья, и воздух, и гром с молнией считались божествами. Чтобы умилостивить их, люди совершали ритуальные жертвоприношения.

Но шло время, человек эволюционировал, совершенствовался его мозг. Люди научились добывать огонь, строить жилища, создавать орудия труда. Человек не только завоевывал свое место среди других племен, но и вознамерился подчинить саму природу.

Вопрос взаимодействия с окружающей средой актуален и сегодня. Провозгласив себя царем среди всех живых существ, человек забыл, что сам является частью природы, венцом ее творения. И вместо благодарности продолжает вести себя очень агрессивно. Ни для кого не секрет, сколь пагубно сегодня сказывается на окружающем мире деятельность человека.

 

5-тапсырма.Көсемшенің-ғалы,-гелі,-қалы,-келі, -ып, -іп, -п, -а, -е,-й, -ғанша, -генше, -қанша, -кенше, -майынша, -мейінше жұрнақтарын етістікке жалғаныз.

Үлгі: шығу – шығып –шыққалы – шыққанша – шықпайынша.

Білдіру, қалыптасу, деу, білдіру, сақтау, беру, сіңіру, жату, өзгеру, көрсету, өсу, айналу, қозғалу, ату, тасу, тартылу, суалу, аталу, байланысу, ұғындыру, түсіндіру, қарастыру, тырысу, тұтылу, табу, туындау.

 
 


 

1. «Табиғат»ұғымына қандай құбылыстар енеді?

2. Халқымыз табиғатқа қандай атау берген?

3. Халық табиғатқа сүйіспеншілігін қалай білдірген?

4. Табиғатты қорғауда қандай ұлағатты сөздер айтқан?

5. Табиғаттың жарасымы қалай сақталады?

6. Қазіргі дәуірде табиғатқа не зиян келтіруде?

7. Экология қандай мәселе?

8. Экологиялық ұйымдардың мақсаты не?

9. Қазақстанның қандай қалаларында экологиялық мәселе бар?

10. Табиғатты қорғау қандай мәселе?

11. Адамзат қандай мәселелерді шешуі тиіс?

VI АПТА

1-сабақ Өз өлкеңді таны: Сан есім  

VII АПТА

1-сабақ Ойлан, тап.

VIII АПТА

1-2- сабақ Мен таңдаған мамандық Құрмалас сөйлем … Құрмалас сөйлем – екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды…

IX АПТА

1-сабақ Басшының басқару стилі. Ыңғайлас салалас Ыңғайлас салалас- құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған…

Жасайды.

Басшының сөйлеу мәдениеті де жоғары болуы тиіс,--------------------------------. Басшы күнделікті… 2-сабақ 1-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

X АПТА

ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР

1- сабақ

Жастар және қоғамдық ұйымдар. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Қарсылықты салалас – құрамындағы жай сөйлемдері бір – біріне қарама - қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас, біріншіден құрамындағы жай сөйлемдер бір – біріне қарама – қарсы айтылады, екіншіден, баяндауыштары қарсы мәндес сөздерден болып келеді. Мысалы: Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді, - жұмыстан қолы тимеді.(Н.Ғабд.) Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын.

Жалғаулықты қарсылықты салалас: бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да, сөйтсе де, әйткенмен деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.(М.Г)

1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, қарсылықты салалас құрмаластың жасалу жолына мән беріңіздер.

Тәуелсіздікті ата – бабаларымыз ғасырлар бойы аңсады, бірақ ол бізге оңай жолмен келген жоқ. Жастардың терең білім алуына барлық жағдай жасалуда, алайда сол мүмкіндікті пайдалана алмай жүрген жастарымыз қаншама! Көпшілік жастар өз қалаған мамандықтары бойынша еңбек етуде, дегенмен басқа салада еңбек етіп жүргендері де бар. Оның басшылық қабілетіне күмән келтірген едік,- ол біздің күмәнімізді сейілткендей болды. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында, әйтсе де олардың білім алуына толық мүмкіндік жасалып отыр ма? Жастардың аяғынан тік тұруына қиындықтар мен кедергілердің бар екені рас, сонда да мен жастарға сенемін!

2-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, түрлеріне қарай ажыратыңыздар. (жай, құрмалас)

Жастар – өзінің ерекше әлеуметтік және психологиялық сипаты бар, қоғамның үлкен бір бөлігі. Жастар – өзіне ғана жататын сипаттары, өздерінің тәртібі, құндылығы бар әлеуметтік қоғамның негізгі бөлігі.Жастар қатарына 16-30 жас аралығындағы адамдарды қосады, бірақ бұл көрсеткіш әр мемлекетте әр түрлі. Мысалы, жас жұмысшының қоғамдық және профессионалдық қалыптасуы 25 жасында аяқталады, ал жас ғалым болып 35 жасында қалыптасады, яғни бұл жаста адам «жас» деп саналмайды. Жастар – қоғамның ең мобильді бөлігі. Ол әлеуметтік құрылымға өзінің белсенді әсерін тигізе алады.

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтап, қарсылықты салалас сөйлем жасаңыздар.

Көптеген жастарымыз болашақ мамандықтары бойынша білім алуда,----------- Енді біреулері қоғамның сан алуан саласында еңбек етуде, ----------------------- Еліміздің атынан халықаралық ғылыми сайыстарға қатысып жүргендері қаншама, ------------------------------------ . Өнерпаз жастар өз өнерін халыққа паш етуде, ---------------------------------- . Олимпиадаларда еліміздің көк байрағын желбіретіп жүргендер де аз емес, -------------------.. Ал енді біреулері қоғамдық – әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға, жастар саясатын дамытуға ат салысуда, ----------------------------- .

4-тапсырма. Қоғамда өзіндік орны бар үлгілі жастар туралы әңгімелеңіз.

5-тапсырма. Құрмалас сөйлемдер арқылы мына сұрақтарға жауап жазыңыздар.

- Біздің елімізде жастарға жағдай жасалған ба?

-Спорт саласында жетістікке жеткен қандай жастарды білесіз?

-Өнерпаз жастардан кімдерді ерекше атар едіңіз?

-Білім, ғылым саласында елімізді шетелге танытып жүрген жастар бар ма?

6-тапсырма. Шағын мәтінді оқып, осы мәселе төңірегінде пікірлесіңіздер.

Жастардың мүмкіндігіне қарай қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстамағаны жақсы. Өйткені олар – елдің келешегі. Ата жолын жалғастыратын мұрагер. Бүгінгі аяқталмай жатқан істі мәреге жеткізетін де солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік, кәсібилік өте қажет. Мұндай болу жастардың табиғатына да жарасады. «Егер біз лаулап жанбасақ!..» деген өлең жолдарының мағынасы әлі өз күшінде. Онда жастарымыздың саяси өмірге араласып, қатысып тұруы міндетті емес пе?

2-сабақ

1-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

Үрдіс, көкейкесті, ержету, сіңіру, қол жеткізу, жас шыбық, ат салысу, тұғыр, табыну, кемелдену, қоғам құндылықтары, әлемдік қауымдастық, талаптарға сай келу, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті.

2-тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.

Мысалы: Ол жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп ержетті, алайда айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алмады

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.

Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып

беремін. (Әл Фараби)

Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда

Дарынды жастарды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып білу үрдісі өте ертеде басталды. Дарындылық «дарын» сөзінен шыққан. «Дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары» дегенді білдіреді. Дарындылықтың ең басты белгісі – оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет. Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір, дарынды жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Ал белгілі әнші Б.Тілеухан: «Біз ата – бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек - жастарда. Жастар – жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге ат салысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек», - дейді. Яғни, елінің болашағын ойлау үшін жастардың бойында отаншылдық сезім болу керектігін баса айтады.

Егемен елдің ертеңгі тағдыры барша Қазақстандықты тынымсыз ойландыруға тиіс. Сондықтан, алдыңғы буын ағалар ел ертеңі – жастардың ашық демократиялық қоғам құндылықтары негізінде тәрбиеленгенін қалайды. Өз Отанының патриоты болғанын, әлемдік қауымдастықтың талаптарына сай келетін жоғары білікті, білімді, басекеге қабілетті маман болғанын тілейді.(интернеттен)

3-тапсырма. Шағын мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін мазмұнын басшылыққа ала отырып, сұхбат құрастырыңыздар.

Елбасы білімді жастарға арнаған бір сөзінде: «Халқымыз дарынды ұлға, талантты қызға қай заманда да кенде болмаған. Олардың бәрі де халқымыздың тарихында өшпес із қалдырып, аспанымызда шоқжұлдыздай жарқырап тұр... Ендігі кезекте алған білімдеріңізді туған елдеріңіздің кәдесіне жаратып, мемлекет артқан үмітті ақтаңыздар. Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянбай еңбек ететіндеріңізге мен сенімдімін»,- деп еді.

Есте сақтаңыздар: өшпес із қалдырды – ұмытылмастай пайдалы іс жасады, үлгі – өнеге көрсетті, кенде болмаған- мұқтаж, зәру болмаған, кәдесіне жарату – бір пайдаға асу, қажетке жарау, үмітті ақтау – сенімнен шығу, тілекті орындау, аянбай еңбек ету – жанын салып, тартынбай еңбек ету.

3- сабақ

Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында

1-тапсырма. Елбасының жастар Конгресінде сөйлеген сөзін оқып, жай және құрмалас сөйлемдерді табыңыздар, пікірлесіңіздер.

«Біз өте шешуші, әрі жауапты кезеңде өмір сүріп отырмыз. Бүгінгі әлемде экономикалық проблемалар, ұлтаралық соғыстар мен жанжалдар, халықаралық терроризм деген қатерлер бар. Оған ғаламдық дертке айналған аштық, жалаңаштық, кедейлікті қосыңыздар. Бүкіләлемдік банк мәліметтеріне сүйенсек, жер бетінде 1 млрд. 200 млн – ға жуық адам кемтарлықта, жоқшылықта өмір сүреді екен. Міне, осындай теңсіздіктен, кедейліктен терроризм мен түрлі жанжалдар туады. Дегенмен, осындай қауіп – қатерге қарамастан, ХХI ғасыр – жаңару, өсу, адамзаттық құндылықтардың салтанат құру ғасыры. Бұл – сендердің дәуірлерің! Прогресс қанша алға басқанымен, қай кезде де адамзаттың негізгі құндылықтары – мәдениет, ілім – білім, спорт, еңбек болып қалмақшы. Сондықтан да біз ұлы тарихи миссияны орындаймыз. Жаңа мемлекет құрамыз. Ол ерікті, демократиялық, дамыған, бейбітшілік сүйгіш елге айналу үшін сендер де өз үлестеріңді қосасыңдар!» (Астана ақшамы. 2002ж. 27 шілде.)

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

-Біз өмір сүріп отырған кезең неге шешуші, әрі жауапты болып отыр?

-Бүгінгі әлемде қандай қатерлер бар?

-Қандай мәселелер ғаламдық дертке айналып отыр?

-Терроризм мен түрлі жанжалдар неліктен туады?

-Елбасы ХХI ғасырды қандай ғасыр деп атады?

-Адамзаттың негізгі құндылықтары не?

-Біз құратын жаңа мемлекет қандай болмақ?

-Жаңа мемлекет құруға өз үлесіңізді қалай қосасыз?

3-тапсырма. Берілген сөйлемдердің астыңғы қатардан екінші сыңарын тауып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Біз халықаралық терроризмді, ұлтаралық соғыстар мен жанжалдарды қаламаймыз, ---------------------------------------------------------------------------------. Аштық, жалаңаштық, кедейлік сияқты ғаламдық дерттер де жанжалдардың тууына себепші болады, ------------------------------------------------------------------ . ХХI ғасыр – адамзаттық құндылықтардың салтанат құру ғасыры,--------------- . Қай кезде де адамзаттың негізгі құндылықтары – мәдениет, ілім – білім, спорт, еңбек болып қала береді, ------------------------------------------------------- .Дамыған мемлекеттердің қатарына қосылудың оңай еместігін түсінеміз, ----------------------------------------- .

Екінші сыңары: әйтсе де оған жол бермеуіміз керек; сонда да сол мақсатқа жету үшін өз үлесімізді қосуға тырысамыз; дегенмен оған төніп тұрған қауіп – қатерлер де жоқ емес; алайда кейбір жастарымыз осының бәрін бірдей өз бойында қалыптастыра алмайды; бірақ әлемде соған итермелейтін мәселелер бар.

Тапсырма.

1. Жастар деп кімдерді атаймыз? 2. «Еліміздің жарқын болашағы – дарынды жастардың… 3. Елбасы бүгінгі жастарды неге «ерекше ұрпақ» дейді?

XI АПТА

1 - сабақ Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас… Шартты бағыныңқы сабақтас–бағыныңқы сөйлемі басыңқы…

XII АПТА

1-сабақ Сабақтас құрмалас сөйлем Сабақтас құрмалас –құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы…

XIII АПТА

1- сабақ Себеп бағыныңқы сабақтас Себепті бағыныңқы сабақтас –бағыныңқысы басыңқыда айтылған…

XIV АПТА

БІЛІМ ДЕ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ 1–сабақ. ұлТТЫҚ КАДРЛАР – МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ

XV АПТА

1- сабақ Қазақстандықтардың ғылыми…  

Хабарландыру ... туралы

A) жүк
B) жүк тасымалдау
C) жүкті тіркеу
D) жүк сату

4. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.Ел табиғатындағы тепе-теңдікті сақтауға деген көмегі өлшеусіз көбелектерді қорғауға 30 мың доллар бөліп отыр.

A) мардымсыз

B) жоқ

C) шексіз көп

D) азғана

5. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз:Өзінен қалған мол ақшаны бірнеше салада сыйлықтар беруге аманаттап кеткен.

A) өсиет қалдырмаған
B) тапсырды
C) өсиет қалдырды
D) ұсынды

6. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз:Он алты жасымнан өз бетіммен

жырлауға бел байладым.

А) айтты

В) білмедім

С) көрген

D) кірістім

7. Сөйлемді толықтырыңыз.

Ата –бабамыздың басты мұраты...

А) соғыс

B) байлық, мансап

C) ар мен намыс

D) жауласу, жаулау

8. Сөйлемді толықтырыңыз.

Ар-ұятың, намысың болмаса, денсаулығың да болмайды, себебі ….

А) жақсы ұйықтайсыз

B) жаның сау болса да, тәнің сау болмайды

C) жаның сау болса, тәнің сау болмайды

D) жаны саудың –тәні сау

9. Нұсқау: сөйлемді толықтырыңыз.

Конференция бүгін сағат 10.00-де басталады, ....

A) ертең келіңіз
B) кешікпей келіңіз
C) түстен кейін келіңіз
D) кешке келіңіз

10. Сөйлемді толықтырыңыз.

Бүгін далада жаңбыр жауып тұр.....

A) Сөмкеңізді алыңыз

B) Кешке киноға барамын

C) Оқулығымды беріңізші

D) Қолшатырыңызды ұмытпаңыз

11. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Көлемді білдіретін сөздер тобын табыңыз:

A) жазық, томпақ, қисық, шаршы

B) орасан, кең, тар, биік, терең

C) тегіс, кедір-бұдыр

D) ыстық, жылы, салқын, суық

12. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Адам қабілетін білдіретін сөздер тобын табыңыз.

A) бақытты, қуанышты, бақсыз

B) ұқыпты, жалқау, еріншек

C) дарынды, ақылды, тапқыр

D) тиянақты, тындырымды, ұқыпсыз

13. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Адам ақылымен ..........................

A) нұрлы
B) бай
C) бай, кедей
D) жақсы

14. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Сіздің досыңыз сізді қонаққа шақырды, бірақ сіздің жұмысыңыз көп болып тұр.

Сіз оған не деп жауап берер едіңіз?

A) кешір, менің көңіл күйім болмай тұр, сондықтан мен бара алмаймын

B) үлкен рахмет, мен міндетті түрде барамын

C) кешір, менің жұмыстарым көп мұғаліммен кездесемін

D) мен досыммен ертең Астанаға кетемін

15. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Жалғыз ағаш орман ......................

A) болмас
B) болады
C) болыпты
D) болған

16. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Егер сабаққа көбірек дайындалсаң, ................ тапсырасың.

A) жаман
B) өте жаман
C) жақсы
D) жақсы, жаман

17. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың .............

А) қиын

B) оңай
C) қиын, оңай
D) қиын, оңай, жеңіл

18. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Айжан бота көзді қыз. Оның шашы да ұзын. Ол туралы басқалар не айтады?

A) Айжан – ақылды қыз

B) Айжан – өте әдемі, сұлу

C) Айжанның мінезі жақсы

D) Айжан жақсы оқушы

19.Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Сіздің досыңыз кейде сабаққа келмейді. Сіз оған қандай кеңес берер едіңіз?

A) газет оқы

B) жаңалық тыңда

C) хабар тыңда көп білесің

D) сабақты көп жіберсең, емтихин тапсыра алмайсың

20. Нұсқау: сөз тіркестерінің аудармасын көрсетіңіз.

а. Қызығушылық білдіру 1. установленный срок

ә. саяси пікір 2. выражать заинтересованность

б. белгіленген мерзім 3. политическое мнение

в. апталық басылым 4. политически значимый

г. саяси маңызды 5. еженедельная печать

д. санаткерлік даму 6. развивать образование

ж. жан жақты даму 7. развивать всесторонне

з. білімді дамыту 8. интеллектуальное развитие

 

 

II НҰСҚА

1. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

«Экономист» Алматы қалалық бизнес мектебі 1-11 сыныпқа дейін оқытады. Мекен жайы: Алматы қ. Жароков көшесі, 75 үй. тел: 48-92-03

Мектеп ... шақырады

A) туған күнге

B) оқуға

C) демалуға

D) жұмыс істеуге

2. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Көкшетау қаласы. «Зеренді қонақ үйі» 1-14 тамызда кинофистиваль болады. Көл, күн және жақсы кино.

Сізді Көкшетауға барып ... шақырады

A) қонаққа

B) күнге күюге

C) қонақ үйге жұмыс істеуге

D) демалуға, кино көруге

3. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

5 – 8-ге дейінгі тапсырма. Хабарландыруды оқыңыз, тапсырмаларды орындаңыз.

Ақын Есенғали Раушановтың «Жас Алашта» жарияланған эсселері жеке кітап болып жарақ көрді. Кітап аты – «Құстар – біздің досымыз».

Хабарландыру ..... туралы

A) кітап
B) құстар
C) «Жас Алаш»
D) достар

4. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз

Ел үкіметі көлігі құжынаған ірі шосселердің бірін уақытша жабу туралы шешім қабылдады.

A) аздаған

B) азайған

C) қаптаған

D) жоқ

5. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз .

Кедейшілік пен байлықтан сақта, ырзығымды үзбесең болды

A) молшылық

B) ырыс, береке

C) байлық

D) кедейшілік

6.Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз:

Өз тарихыңа сай болу – ең қиын дүние.

А) жаны ашу

B) адал болу

C) лайықты болу

D) қаржы беру

7. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз:Қазақ-қырғыз даласының

көптеген даңқты ақындарымен кездестім.

А) белгісіз

В) ақылды

С) қызық

D) атақты

Е) сұлу

8. Сөйлемді толықтырыңыз.

Ата-бабамыздың өмірі де, өлшемі де....

А) жалғандық

B) байлық

C) ар-намыс

D) жау болу

9. Сөйлемді толықтырыңыз.

Баяғыда адам ардан тайса, атылатын еді. Себебі....

А) жоқ

B) Өлімнен ұят күшті

C) түсініксіз

D) әлі түсініксіз

10. Сөйлемді толықтырыңыз.

Бүгін лекциям көп, сондықтан ...

A) киноға барамын
B) қыдырамын
C) уақытым жоқ
D) тауға барамын

11. Сөйлемді толықтырыңыз.

Мына тапсырмалар жарамсыз ....

A) аламыз

B) пайдаланамыз
C) оқу керек
D) қайтару керек
12. Нұсқау: сөйлемді толықтырыңыз.

Сөзі жоғалған жұрттың ... ... ...

A) өзі қалады

B) өзі жоғалмайды

C) сөзі қалады

D) өзі де жоғалады

13. Сөйлемді толықтырыңыз.

Білгені, көргені көп білімді ............

A) бол
B) болмайды
C) болмас
D) болады

14. Сөйлемді толықтырыңыз.

Жұмыстан босатуға өтініш жазған едім, ..........

A) далада күн суық
B) жаңбыр жауып тұр
C) бастық қол қойды ма екен?
D) бастық Алматыда

15. Сөйлемді толықтырыңыз.

Бүгін қатты шаршап тұрмын ... ... ...

A) жұмыс істегім келеді

B) демалғым келеді

C) жұмысқа барамын

D) машинаны жөндеймін

16. Сөйлемді толықтырыңыз.

Өкінішке орай, мен қазақша нашар сөйлеймін ...

A) бес жыл бойы оқып жүрмін

B) он жылдан бері Қазақстанда тұрамын

C) университетте оқып жатырмын

D) Қазақстанға жақында ғана келдім

17. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Ақырын жүріп, анық бас еңбегің кетпес...... (Абай)

A) даладан
B) айдалаға
C) дала
D) далаға

18. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Сіз қазақ тілін бала бақшадан бастап оқып жүрсіз, ал сіздің досыңыз қазақ тілін енді оқи бастады. Сіз досыңызға қарағанда нені жақсырақ білесіз?

A) сіз оған қарағанда тамақты жақсы әзірлейсіз

B) сіз оған қарағанда қазақша жақсырақ сөйлейсіз

C) сіз оған қарағанда, гитарада жақсы ойнайсыз

D) сіз оған қарағанда қаланы жақсы білесіз

19. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Құрметті студенттер! Сіздерді «DIDAR - 2007» - « Менің Қазақстаным!» ұраны аясында өткізілетін студент жастардың кинофестиваліне қатысуға шақырамыз. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА.

Хабарландыру кинофестивальге ....... шақырады

A) оқуға

B) киноға түсуге

C) демалуға;

D) қатысуға

20. Сөз тіркестерінің аудармасын көрсетіңіз.

а. қызығушылық білдіру 1. установленный срок

ә. саяси пікір 2. выражать заинтересованность

б. белгіленген мерзім 3. политическое мнение

в. апталық басылым 4. политически значимый

г. саяси маңызды 5. еженедельная печать

д. санаткерлік даму 6. развивать образование

ж. жан жақты даму 7. развивать всесторонне

з. білімді дамыту 8. интеллектуальное развитие

 

№2 аралық бақылау сұрақтары

Бақылау түрі: коллоквиум

1.Сіз оқитын факультетте қандай мамандықтар бар?

2..Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?

3..Сіздің мамандығыңыз бойынша қай салада жұмыс істеуге болады?

4..Басшыны кім деп білесіз? Басшы сөзіне өзіңізше анықтама беріңіз.

5.. Басшы адамның бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?

6.. Басшы неліктен кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс деп ойлайсыз?

7..Кез-келген адам лидер бола ала ма?

8..Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар жақсы басшы болу үшін не істеуі керек?

9..Халықтың болашағы неге басшыға байланысты?

10..Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келе жатқан не?

11.Қазақстанды әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыру үшін Елбасы не істеді?

12.Елбасы еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап нені басты нысанасы етті?

13. Қазақстан неліктен бірден бейбіт даму даңғылына түсті?

14.Білімді де білікті, парасатты ұрпақ қалыптастыру үшін не істеуіміз керек?

15.Біз өмір сүріп отырған кезең неге шешуші, әрі жауапты болып отыр?

16.Бүгінгі әлемде қандай қатерлер бар?

17.Қандай мәселелер ғаламдық дертке айналып отыр?

18.Терроризм мен түрлі жанжалдар неліктен туады?

19.Елбасы ХХI ғасырды қандай ғасыр деп атады?

20.Адамзаттың негізгі құндылықтары не?

21.Біз құратын жаңа мемлекет қандай болмақ?

22.Жаңа мемлекет құруға өз үлесіңізді қалай қосасыз?

23.Индустриялы мемлекетке айналған қандай Азия елдерін білесіздер?

24.Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур қандай еді? Қазір қандай табыстарға жетті?

25. Малайзия неге қол жеткізді?

26. Қазақстанның Орталық Азия Барысына айналуға мүмкіндігі бар ма?

27. Барыс қандай аң?

28. Қазақстандық Барыстың бойына тағы не тән болуға тиіс?

29. Қазақстанды Азия Барысына айналдыру үшін қандай үлес қоса аласыз?

 

 

Емтихан сұрақтары

1. «Сәлем – сөздің атасы» деген мақалды қалай түсінесіз?

2.«Жеті ата - бір кісіден тараған аталас қауым» деген тақырыпта әңгімелеңіз.

3. «Қасиетті қара шаңырақ» деген сөз нені білдіреді?

4. Отбасындағы әкенің рөлі жайлы әңгімелеңіз.

5. Қазақстандағы демографиялық мәселелер.

6. Отбасын әлеуметтік қорғау дегеніміз не?

7. Неке тазалығы деген ұғымды түсіндіріңіз.

8. Үйленуге байланысты салт-дәстүрлер жайлы айтыңыз.

9. Едліміздегі тұрғын үй мәселесінің шешілу жолдары.

10. Ұят, намыс, әдептілік жайлы баяндаңыз.

11. «Субмәдениет» деген ұғымды қалай түсінесіз?

12. Ж.Баласағұнидің «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара» деген пікірін анықтаңыз.

13. «Уақыт алтыннан да қымбат» деп неге айтамсыз?

14. Абайдың уақыт жайлы өлеңін және ғұламалардың сөздерін жатқа айтыңыз.

15. Студенттер бос уақытта немен айналысқаны жөн?

16. «Денсаулық – табиғаттың ең қымбатты сыйы» деген тақырыпта әңгімелеңіз.

17. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді қалай түсінесіз?

18. Қымыздың емдік қасиеттерін атаңыз.

19. Академик Н.Амосовтың денсаулық жайлы айтқан тоғыз қағидасы жайлы айтыңыз.

20. Денсаулық сақтау және ерте қартаюдан қорғану үшін не керек?

 

Автор, құрастырушы:

Авторлық ұжымның мүшелерi, құрастырушылар:

____________Мұсабекова Алдан Алтайқызы

____________Тілешева Қарагөз Есіркепқызы

____________Мағзұмбекова Әмина Қауланқызы

(28.08.2013)

 

Факультеттің ОӘК ұсынылған 01.09.2013 ж., хаттама №_ 1_

Факультеттің ОӘК төрағасы ф.ғ.к., доцент ____________Құлманов Қ.С.

(01.09.2013)

 

– Конец работы –

Используемые теги: бекітемін0.045

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: БЕКІТЕМІН

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

БЕКІТЕМІН
Аза гуманитарлы за университеті... ЭКОНОМИКА БИЗНЕС Ж НЕ ЛЕУМЕТТІК ЫЛЫМДАР ЖО АРЫ... ГУМАНИТАРЛЫ Ж НЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ П НДЕРІ КАФЕДРАСЫ...

0.025
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам