рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

XI АПТА

XI АПТА - раздел Философия, БЕКІТЕМІН ҚазаҚстан - Әлемдік КеҢістікт ...

ҚАЗАҚСТАН - ӘЛЕМДІК КЕҢІСТІКТ

1 - сабақ

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Шартты бағыныңқы сабақтас–бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтас.

Жасалу жолдары: а) Бағыныңқының баяндауышы етістіктің шартты рай түрі –са/сеарқылы. Қайтсе? Не етсе?Мысалы: Сабақты жақсы оқысаң, келешекте білікті маман боласың.

ә) Болымсыз етістікке –й жұрнақты көсемше жалғану арқылы. Қайтпей? Не етпей?Мысалы: Өз мамандығыңды жақсы меңгермей, білікті маман бола алмайсың.

б) Болымсыз етістікке - йынша/йіншежұрнағы жалғану арқылы. Қайтпейінше? Не етпейінше?Мысалы: Оқығанды көңілге тоқымайынша, білімді бола алмайсыз.

1-тапсырма.Берілген сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Қайыршылықтан құтылмайынша, ----------------------------------------------------- Мемлекет өз тәуелсіздігін алмаса, -------------------------------------------------------Қазақстан өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланбаса, ----------------------------------- Егер өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнсе, ------------------------ Аузындағы дәмдісін ұрпағының аузына тоспай, -------------------------------------- Кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайына бейімделмейінше,---------- Жалқаулық пен семіздікке бой алдырса, ------------------------------------------------

Екінші сыңары: Бойындағы барын салып қорғайтын болады. Қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Өз бетінше дербес өмір сүре алмайды. Орта Азия Барысына айналмайды. Оның өресі мен пайымына нәр бермек емес. Өз алдына дербес ел бола алмайды. Индустриялы мемлекетке айналу мүмкін емес.

 

2-тапсырма.Мәтін бойынша бірнеше шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрастырыңыздар.

Мемлекетіміздің экономикасы мен мәдени – әлеуметтік салалары ғана дамудың даңғыл жолына түсіп қойған жоқ, оның халықаралық бейнесі де бедерлене түсті. Қазақ елі дүние жүзілік қауымдастықтың беделді серіктестігіне айналды. Қазақстан - 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, Қазақстанның Дүниежүзілік валюта қорына, Дүниежүзілік еңбек ұйымына, Дүниежүзілік банкке т.б. ұйымдарға әріптес болуы сыртқы саясатта таңдаған жолымыздың дұрыс және толыққанды екендігін дәлелдеп отыр.

 

3-тапсырма.Мәтіндегі ойды тарқатып, пікірлесіңіздер.

Ел президенті Н.Назарбаевтың бастамашылығымен Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму Сратегиясын айқындай отырып, мынандай ұзақ мерзімді жеті басымдықты жүзеге асырады: ұлттық қауіпсіздік, саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы, экономикалық өрлеу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл – ауқаты, энергетика ресурстары, инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс, кәсіби мемлекет. Мемлекет басшысының: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады»-деп айтқан сөзі бізді нақты мақсаттарға жетелейді. Қазірде тәуелсіздік пен еркіндіктің алғашқы нәтижесі мен маңызын қоғамдық өмірдің қай саласынан да айқын сезіне аламыз.

 

4-тапсырма.Сұхбатты жазбаша толықтырыңыздар.

Сәкен: Елбасы алға қойған міндеттерді орындау үшін біз қандай ел болуымыз керек деп ойлайсың?

Дана:

Сәкен: 2030 жылға дейін жүзеге асырылатын жеті басымдықты атап бере аласың ба

Дана: Сәкен: Әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын ел дегенді қалай түсінесің? Дана:

Сәкен: Тәуелсіздік пен еркіндіктің нәтижесі туралы не айта аласың?

Дана:

 

5-тапсырма.Берілген мәліметтерді пайдаланып, мәтіндегі ойды кеңейтіп, әңгімелеңіз.

Тәуелсіздік алғаннан бері, елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер орын алды: 2 палаталы Парламент құрылды, сот жүйесінің негізі қаланды, жаңа елорда салынды, Қарулы күштер, Республикалық Ұлан, шекаралық әскерлер және әскери теңіз флоты пайда болды. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды пайдаланудан өз еркімен бас тартты, өзін ядролық қарусыз ел ретінде жариялады. Өткен жылы біз кедендік одаққа кірдік.

 

2- сабақ

Сөздік

Қайыршылық –нищета, крайняя бедность, келбет– внешность, наружность, шынайы – истинный, искренний, шағу– выделять, сопоставлять, барыс – барс, ирбис, тектілік– родовитость, знатность, бұлалық– ухоженность, алғырлық – хваткость, тәкаппарлық – чванливост, надменность, гордоливость, айлалылық – хитрость, ловкость, жасқануды білмеу – не бояться, соқтығыс – столкновение, сыптай – стройный, серпінді – ударный, мощный, семіздік – жирность,тучность, упитанность, полнота, қаймықпау – не трусить перед кем –л не бояться кого л, босаңсу – ослабевать, становиться не тугим, тоқшылық - сытость, достаток өре - кругозор, пайым – разумение, рассудок, сақаю – взрослеть, возмужать, көрегендік –зоркость, кемеңгерлік – гениальность, оңалу – улучшаться, талғампаздық –требовательность, разборчивость, привередливость.

1-тапсырма.Осы сөздермен сөз тіркестерін жасаңыздар.

Қазақстан – Азия барысы

Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы елге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Индонезия мен Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз - Қытай жоғарғы қарқын танытып отыр. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенеміз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан баласына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстардың нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.

Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Бізде жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін қар барысы дүниежүзілік қауымдастыққа онша таныс емес. Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл- өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылығымен дараланатын Барыс болмақ. Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауы тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Ол қауіп – қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.

Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс. Сөйтіп, кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады. Ол өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ол өзі аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отырады.

Ендеше, Қазақстандық Барыстың бойында дамудың алдыңғы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі де, төзімділігі де тән болуға тиіс. Дегенмен, 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен – өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік – жігеріміз арқылы тұрғызамыз. (Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы)

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

3-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Индустриялы мемлекетке айналған қандай Азия елдерін білесіздер?

2. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур қандай еді? Қазір қандай табыстарға жетті?

3. Малайзия неге қол жеткізді?

4. Қазақстанның Орталық Азия Барысына айналуға мүмкіндігі бар ма?

5. Барыс қандай аң?

6. Қазақстандық Барыстың бойына тағы не тән болуға тиіс?

7. Қазақстанды Азия Барысына айналдыру үшін қандай үлес қоса аласыз?

 

4-тапсырма.Мәтінді өз сөздеріңізбен мазмұндаңыздар.

 

3-сабақ

Қазақстан – әлемдік кеңістікте

 

1-тапсырма.Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлем құрастырыңыздар.

Тәуелсіздігі,бақыты, мемлекетіміздің, халқымыздың. Және, бағытта, еліміз, қалыптасып, баянды, келе жатыр, дұрыс. Сүрінбей, өткелінен, тарих, халқымыз, өтті, талай, пен, тағдырдың. Мақтан, қазақ, желбіреген, көк, елін, етеді, байрағы, халқы, тәуелсіз. Елбасының, биік, саясатын, әлем, бүгінде, табанды, парасатын, мойындайды, беделін, дара. Кемелді, уақытта, айналды, Қазақстан, тәуелсіз, қазіргі, мемлекетке. Барлық, дені сау, үшін, міндеттерді, біз, орындау, мықты, керек, білімді, және, блуымыз, ел.

 

2-тапсырма.Мәтін бойынша шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер арқылы сұхбат құрастырыңыздар.

Сауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз. Сонымен қатар әрбір адамның жеке басының қадір – қасиеті мен әл – ауқатын арттыра алмаймыз. Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымау үшін бізге өзіміздің нені қалайтынымызды білу керек. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, біздің еліміздің мұраты - ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл – ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын. (Елбасы Жолдауынан)

 

БӨЖ тапсырмалары

1. Мына мақал – мәтелдегі ойды ашып жазыңыздар.

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2. Қазақстан және әлемдік ұйымдар жайлы әңгімелеңіз.

 

Сабақ бойынша алған ақпараттарды пайдалана отырып, «Қазақстан - әлемдік кеңістікте»деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз.

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

БЕКІТЕМІН

Л Н Гумилев атында ы Еуразия лтты университеті ШЖ РМК... Практикалы аза тілі кафедрасы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: XI АПТА

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Силлабус
1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының 

Танысу.
- Сәлеметсіз бе? Сіз қайда оқисыз? Есіміңіз кім? - Сәлеметсіз бе? Есімін – Аяулым. Мен Еуразия ұлттық университетінде оқимын. Сіз ше?

IV АПТА
КӨРКЕМ СӨЗ – КӨРКЕМ ӨНЕР 1- сабақ Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы Ү

VI АПТА
ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ 1-сабақ Өз өлкеңді таны: Сан есім  

VII АПТА
қАЗАҚСТАННЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ 1-сабақ

VIII АПТА
МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ 1-2- сабақ Мен таңдаған мамандық Құрмалас сөйлем

IX АПТА
БАСШЫ КЕЛБЕТІ 1-сабақ Басшының басқару стилі. Ыңғайлас салалас Ыңғайл

Жасайды.
4-тапсырма. Сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Басшының с&

Тапсырма.
Сабақты бекіту сұрақтары: 1. Жастар деп кімдерді атаймыз? 2. «Еліміздің жарқын болашағы – дарынды жас

XII АПТА
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ 1-сабақ Сабақтас құрмалас сөйлем

XIII АПТА
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 1- сабақ Себеп бағыныңқы сабақтас

XIV АПТА
БІЛІМ ДЕ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ 1–сабақ. ұлТТЫҚ КАДРЛАР – МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГ

XV АПТА
ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА 1- сабақ Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары. Мақсат ба&#

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги