рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Жасайды.

Жасайды. - раздел Философия, БЕКІТЕМІН 4-Тапсырма. Сөйлемдердің Екінші Сыңарын Тауып, Ы...

4-тапсырма. Сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Басшының сөйлеу мәдениеті де жоғары болуы тиіс,--------------------------------. Басшы күнделікті жаңалықтардан да хабардар болуы керек,--------------------- . Топтың табысты еңбек етуі де басшыға байланысты, -------------------------------. Басшы болу үшін қабілет те керек, ---------------------------------------------------- . Қызметкерлермен жиі пікір алмасыңыз, ---------------------------------------------- . Табысты жұмыскерлерді марапаттауды да естен шығармаңыз, ----------------- . Көңіл көтеру шараларын да жүзеге асырыңыз, -------------------------------------- . Өзіңізге деген сеніміңіз әрі мықты болсын, ------------------------------------------ .

2-сабақ

1-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

Кемел көшбасшы, сарабдал саясат, алға сүйреу, әлемдік қауымдастық, әлеуеті зор, еңбегі ұшан – теңіз, береке тұнған құтты мекен, халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдау, жанашыр, өркендеу, өлшеусіз үлес, біртуар тұлға, қарқынды даму, әл – ауқаты, айрықша табыс, тарих төрі, өзіндік қолтаңба, ғасырлар тоғысы, алмағайып заман, қақтығыстар, текетірестер, жаһан.

2 – тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестері арқылы жай сөйлемдер құрастырыңыздар.

Басшысы келіспесе, ел жетім ( Мақал)

Кемел көшбасшы

Қай халықтың болмасын болашағы басшысына байланысты екені белгілі. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келеді. Елдің көшін алға сүйреп, әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыруда Елбасының сіңірген еңбегі ұшан – теңіз. Құрамына түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырды. Өзінің дана саясаткерлігімен Қазақстанды әлем жұртшылығына таныта білді. Мемлекетті халықаралық аренада жоғары дәрежеге көтерді. Нұрсұлтан Назарбаев – халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанашыры. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл – ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшы. Ол бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді орнықтыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінді.

Президент халықты мыңжылдықтар ауысып, ғасырлар тоғысқан алмағайып заманда бейбітшілік пен тыныштықта, ынтымақтастық пен татулықта ұстап тұруды еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап басты нысанасы етті. Соның арқасында осы тұста тәуелсіздік алып, түрлі қақтығыстарға килігіп қалған басқа елдердей емес, Қазақстан бірден бейбіт даму даңғылына түсті. Елбасы ел ішіндегі өзара түсіністік пен тұрақтылықты сақтаумен қатар, аймақтық текетірестерді болдырмауда үлкен қажыр – қайрат көрсетті. Жаһанға өнеге боларлық үлгілі саясат ұстанды. Халқына адалдық, елін, жерін сүю – адамдық борыш болуға тиісті қағидалар. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бойындағы осындай биік адамгершілік қасиеттерді жастар үлгі тұтуға тиіс. Елбасының әрбір ісінен үлгі алуымыз керек. Сонда ғана елдің келешегіне, мемлекеттің болашағына сеніммен қарайтын, Елбасының ағалық үмітін алға апаратын және сара саясатын жалғастыра алатын білімді де білікті , парасатты ұрпақ қалыптаса алады.(интернеттен)

3-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келе жатқан - ------------- . Қазақстанды әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыруда ------ . Ол қиын белестерден халқын аман алып өтіп, --------------------------------------- . Президент халықты ынтымақтастық пен татулықта ұстап тұруды -------------- . Білімді де білікті, парасатты ұрпақ қалыптастыру үшін --------------------------- .

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

Халықтың болашағы неге басшыға байланысты?

Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келе жатқан не?

Қазақстанды әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыру үшін Елбасы не істеді?

Елбасы еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап нені басты нысанасы етті?

Қазақстан неліктен бірден бейбіт даму даңғылына түсті?

Білімді де білікті, парасатты ұрпақ қалыптастыру үшін не істеуіміз керек?

3-сабақ

Ел үміті –қоғам қайраткері

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, таныс емес сөздерді сөздіктің көмегімен аударыңыздар, ондағы ойға өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Ұлы кемеңгер Абай: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де - ақымақтық» - деген екен. Қоғамымызда тіршіліктегі бар ғұмырын халыққа, мемлекеттік қызметке адал қызмет етуге сарп етіп, сол еңбегі бағаланып жатса да мастанбай, «менің әлі де халқыма берерім көп» деп еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес. Отансүйгіштік – мемлекеттік қызметшінің ең негізгі принциптерінің бірі болуға тиіс. Керек десеңіз, мемлекеттік тілді білу мәселесі де осы ретте туындайды. Елбасы саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің бойында мынадай мінез – құлықтар тәрбиелеу керек деген түйін жасаған: Бірінші – өзіне берілген билікті меңгере білу. Қазақша айтқанда: «Ұлық болсаң, кішік бол». Екінші – қара басыңның қамын емес, өзің қызмет етіп отырған қоғамның игілігі туралы ойлай білу керек. Үшінші – басшы нендей қаржыға өмір сүріп жатырсың деген сауалдан қаймықпай, яғни, менің виллам мен саяжайымның суреттерін жариялайды – ау деп қорғалақтамай өмір сүру керек. Төртінші – халық сенімін жоғалтпайтындай тұрғыда басқару. Бесінші – қызметке істі кәсіби біліктілікпен жүргізе алатындай тарту. Мемлекеттік қызмет бұл – мемлекеттің мүддесі.

Есте сақтаңыздар:

Сарп ету – арнау, мастанбау – бір нәрсеге масаттанбау, даңдайсымау, түйін жасау – қорытынды, байлам жасау, ұлық болсаң, кішік бол – неғұрлым ұлы болсаң, соғұрлым кішіпейіл бол, қара басының қамын ойлау – тек өз басының жағдайын ойлау, қаймықпау – қорықпау, қорғалақтамау – жасқанбау, именбеу, біліктілік – көп білетіндік, білімділік.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Ұлы Абайдың сөзін қалай түсінесіздер?

2. Халық үшін өз ғұмырын сарп еткен қандай тұлғаларды білесіздер?

3. Өз тілін білмеген адамды отансүйгіш деуге бола ма?

4. Басшының бойында өзіне берілген билікті дұрыс меңгеру үшін қандай қасиеттер болу керек?

5. «Ұлық болсаң, кішік бол» дегенді қалай түсінесіз? Кішік болу үшін қандай қасиеттер қажет?

6. Қоғамның игілігін ойлау үшін қандай қасиеттер болу керек?

7. Басшы қандай сауалдан және неден қорықпауы керек? Бұлардан қорықпау үшін қандай болу керек?

8. Халық сенімін жоғалтпау үшін не істеу керек?

9. Білікті басшы болу үшін не қажет?

3-тапсырма. Мәтіндегі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Қазақ - төзімді (толерантты) халық. Әсіресе, Ел басшысына деген құрметі бөлек. Сондай –ақ, ежелден билік иесінің әрекеті жақпаса, хан болса да қателігін бетіне айта алатын батыл халық. Бірақ қазақ мұндай шектен шыққан әрекетке бармайды. Ол үшін ханда хандық қасиет қалмауы керек. Қазақ халқының билік иесіне деген құрметі жоғары. Назарбаевтың елді ауыр және жауапкершілігі мол кезеңде басқаруына түсіністікпен қарады. Қазақ оны «Елбасы» деп атап кетті. Назарбаев имиджі 1995 жылға дейін жауапкершілігі мол, мойнына тарихи міндет жүктелген басшы, реформатор ретінде қалыптасты. Ал 1995 жылдан кейін елдегі билікті уысына жұмылдырған саяси амбициясы жоғары басшы ретінде толыға түсті. Елдің тарихы мен Елбасы қайраткерлігін бөлек қарастыру мүмкін емес. Осы тұстағы Елдің дамуы мен Елбасы рөлінің шын бағасын келешек ұрпақ берер.

4-тапсырма. Меңгерген сөздеріңізді пайдаланып, өз өміріңіздегі білікті басшы (мектеп директоры, сынып жетекшісі, сынып старостасы, топ старостасы, топ кураторы, факультет деканы т.б.) туралы әңгімелеңіз.

БӨЖ тапсырмасы

«Басшысы келіспесе, ел жетім» деген тақырыпта өз ойыңызды жазыңыз.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

БЕКІТЕМІН

Л Н Гумилев атында ы Еуразия лтты университеті ШЖ РМК... Практикалы аза тілі кафедрасы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Жасайды.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Силлабус
1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының 

Танысу.
- Сәлеметсіз бе? Сіз қайда оқисыз? Есіміңіз кім? - Сәлеметсіз бе? Есімін – Аяулым. Мен Еуразия ұлттық университетінде оқимын. Сіз ше?

IV АПТА
КӨРКЕМ СӨЗ – КӨРКЕМ ӨНЕР 1- сабақ Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы Ү

VI АПТА
ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ 1-сабақ Өз өлкеңді таны: Сан есім  

VII АПТА
қАЗАҚСТАННЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ 1-сабақ

VIII АПТА
МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ 1-2- сабақ Мен таңдаған мамандық Құрмалас сөйлем

IX АПТА
БАСШЫ КЕЛБЕТІ 1-сабақ Басшының басқару стилі. Ыңғайлас салалас Ыңғайл

Тапсырма.
Сабақты бекіту сұрақтары: 1. Жастар деп кімдерді атаймыз? 2. «Еліміздің жарқын болашағы – дарынды жас

XI АПТА
ҚАЗАҚСТАН - ӘЛЕМДІК КЕҢІСТІКТ 1 - сабақ Шартты бағыныңқы сабақтас құрма

XII АПТА
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ 1-сабақ Сабақтас құрмалас сөйлем

XIII АПТА
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 1- сабақ Себеп бағыныңқы сабақтас

XIV АПТА
БІЛІМ ДЕ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ 1–сабақ. ұлТТЫҚ КАДРЛАР – МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГ

XV АПТА
ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА 1- сабақ Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары. Мақсат ба&#

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги