Лекция. Нарықтық қатынастар.

  1. Нарық мәні, құрылымы
  2. Нарық түрлері

1. Нарықтың екі жақты мағынасы бар: 1) нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада “өткізу” деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. 2) нарық өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр-алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.

Айналыспен қатар нарық қатынастарына мыналар жатады.

 

2. Қазіргі заманда споттық және мерзімдік нарықтар кең тарап отыр.

Споттық нарық дегеніміз қолма-қол жеткізілген нақты тауармен сауда-саттық жүргізу нарығының бір түрі.

Мерзімдік нарық – бұл мерзімді контрактілер нарығы, яғни келісім-шарттар бойынша көрсетілген мерзімде материалдық байлықтарды, тауарларды, құнды қағаздар түріндегі активтерді, болашақта жеткізу туралы контрагенттердің бір-бірімен жасасқан келісімі.

Споттық нарықта хеджерлер мен саудагерлер қатысады. Хеджерлер контрактілерді сату және сатып алу келісімдерін жүргізеді. Олар тауарды осы сәтте сатып жібере алады, немесе мерзімді контрактіні сатып жіберіп тауарды сақтап отыра алады.

Саудагерлер болашақта болып қалуы мүмкін спот бағасын болжай отырып, тауар қорын жасайды. Мерзім контрактілердің орындалуы форвардтық, фьючерстік және опциондық контрактілер түрінде жүзеге асырылады.

Форвардтық контракт- бұл контрагенттер арасында биржадан тыс жасасқан контракт объектісін болашақта жеткізу туралы келісімшарт. Әртүрлі активтер – тауарлар, акциялар, облигация, валюта келісімнің предметі бола алады.

Фьючерстік контракт – бұл контрактінің предметін болашақта жеткізу туралы келісім. Фьючерстік контракт тек биржада жасалынады. Контрактінің предметі болып материалдық активтер – алтын, бидай, бензин және қаржы құралдары (валюта, құнды қағаздар) қызмет атқара алады.Биржаның есеп жүргізетін палатасы фьючерстік контрактілердің орындалуына кепілдік алады.

Опциондық контракт. Бұл белгілі базистік активтерді, белгілі бағамен белгілі уақытта сатып алу немесе сату құқық беру туралы екі жақты келісім шарт.

Активті сатып алған не сату құқық алған жақ сатушыға сыйлық төлейді. Орындалу мерзіміне байланысты опциондар: американдық және еуропалық болып екіге бөлінеді.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу құралы. Алматы. 1994.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

3. Мәдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 1995.

 

4. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.2000.