Монополистік, жетілмеген бәсеке

Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал ХІХ ғасырдың басында монополиялардың пайда болуымен байланысты ол шиеленісе түсті. Осы мерзімде акционерлік қоғамдар пайда болып, капитал дың шоғырлануы басталып, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған.

Монополия деген термин тауардың жалғыз сатушысы дегенді білдіреді. Монополизмнің негізгі көрсеткіштеріне монополиялық баға мен монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағындағы сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, онда оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер фирма өзі ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрса онда жасанды болады.

ХХ ғасырға дейін монополиялар шектелген сфераларда болған. КЕйін монополиялану процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады – картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою т.б. жатады. Осылардың негізінде монополистк бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуополия, билатеральдік монополия.

Монопосония – белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі.

Олигопсония – белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі.

Олигополия – бұнда бірнеше ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бірі-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады.

Дуополия- белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мүлде болмайды.

Билатералдық монополия (екі жақты монополия) – тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз тұтынушысы болатын нарықтық құрылым. Мысалы, электр қуаты, су және газ монополиялары.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

 

1. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.2000.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. 2-е изд., М., /Дело/, 1995.Әубәкiров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық.. Алматы, 1999.

3. Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.:ИНФРА, 1999.