Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

 

Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары мен фирманың көлемі жатады. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:

-индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;

- серіктестік немесе партнерлік;

- корпорация (акционерлік қоғам).

Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкершілігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі- капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсысы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалды бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.

Серіктестік (партнерлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске трату мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:

- шаруашылық дами түскенде қаршы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;

- фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;

- Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. формасында ұйымдастырылады.

Корпорация деп бір заңды тұлға боп бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын айтады. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі – акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Артықшылықтары:

- акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;

- Акционерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивидент алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатыса алу құқыға жатады. Акционер басқаруға қатыспауына да болады;

- басқару қызметтерін жүргізуге сырттанжоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;

- корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.

Кемшіліктері:

-Корпорация табысының бір бөлігіне екі жақты салық салынуы: біріншісі – корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі – акция ұстаушы табысының бөлігі деп;

Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise - жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture – бел байлау, тәуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.

Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады (ірі фирмалардың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар контракт жасасады. Бұлардың баға жағынан, тауарды жеткізуде, жабдықтарме қамтылуда жеңілдіктері болады.)

Венчурлік фирма – бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Сонымен қатар олар ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. (?Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа түрлерін жасаумен айналысуға тырысады). Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүние жүзілік соғыстан кейін алғаш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазақстанда да құрылы бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас кең тарамай отыр . Орта, ірі бизнес түрлері.

Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді. Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен оның ең жоғарғы сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.

Көлденең интеграция- бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі- диверсификация ( ағылшынша – саналуан, көптүрлілік). Бұл бір-бірімен технологиялық байланысы болмайтын, саналуан фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық концерн «Дюпон-де Немур» химиялық тал жіп, дәрі дәрмек, рефрижераторлар, ұшақтар өндірісін біріктіріп отыр.

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады.