Менеджмент – фирманы басқару теориясы

Менеджмент (ағылшынша “managment”- басқару) шешімдер қабылдап,оларды орындауға бағытталған жүйе.Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру көзделеді. Фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне – менеджерлерге көшеді.

Менеджер акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметтерін ұйымдастыратын жалдама жұмыcшылар.

Менеджмент ХХ ғасырдың басында қалыптасқан.

Негізін қалаушылар – американдық инженер Тэйлор, франциялық А. Файоль.

Осы заманда менеджмент-тің төрт қызметі аталады:

Жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, мотивациялау.

Бизнес-жоспар 3-5 жылға жасалады. Ол мына бөлімдерден тұрады:

• 1) нарыққа талдау жүргізу;

• 2) өнімдік стратегия;

• 3) өндірістік стратегия;

• 4) фирманы басқару жүйесінің

• және меншіктің дамуы;

• 5) қаржылық стратегия.

Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар - жоспарлаудың негізгі элементі.Есеп беру құжаты мен инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес- жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты- басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады.

2. Ұйымдастырушыға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара әсері мен үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады.

3. Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық ғана емес, психологиялық аспект орын алады.

4. Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметтеріне түзету енгізу жатады.

 

• Фирманың қаржы көрсеткіштерінің маңыздылары :

“қызметтегі капиталдың” мөлшері;

акцияларды өтеу коэффициенті;

облигациялардан түсетін проценттік табыстың өтеуі;

акция әперетән табыс пеноның нарықтық бағасыарасындағы сәйкестік;

дивиденттер төлеу коэфициенті;

меншікті капиталдың рентабльдігі.

 

Құрылым деген басқарудың әр түрлі дәрежелері мен фирмалардың бөлімшелері арасындағы тұрақты байланыстар. Осы замандағы ірі фирмаларда басқару жүйесі төрт сатыдан тұрады:

Директорлар кеңесі

Президент, вице-президент, басқа басқарушылар

Функционалдық штабтар мен қызметтер

Орындаушылар

Директорлар кеңесі – бас орган. Ол фирманың жалпы саясатын біледі. Оны құрайтын 10-20 адам акционерлер жиналысында сайланады.

Менеджмент құрылымы үш бөлімнен тұрады:

• өндірістік менеджмент;

• қаржы менеджменті;

• нарықтық (өткізу) менеджмент немесе маркетинг.

1. Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімдежәне шығындарды барынша төмен жұмсап, тауар өндірумен айналысатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады.

2. Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын, табыстардың барынша мол болуын және шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.

3. Нарықтық менеджмент - маркетинг - бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады.

 

Маркетинг (ағылшынша “market” – нарық ) нарықтарды таңдау үшін, жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға саясаты үшін жауапты болады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.2000.

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

4. Макконелл К.Р., Брю С.Л., Экономикс: Принципы, проблемы и политика. Пер. с англ. М., «Республика», 2001.