Тұтынушылардың жиынтығы.

 

Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар бәсекеліктің әртүрлі болған жағдайындағы солардың тауар нарығындағы және өндіріс факторы нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэконмика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның саласы болып табылады.

Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:

· ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

· ұлттық экономика мастабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;

· инфляцияның табиғатын талдау;

· экономикалық өсудің механизімі мен факторларын зерттеу;

· Экономикадағы циклдық ауытқулардың себептерін зерттеу;

· Ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

· Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.

Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады.

Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын – ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, тб зерттеуді көздейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиынтықтар деп қаралады.

Екіншіден, макроэкономикалық талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері мен іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.

Үшіншіден макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына мемлекет кіреді. Бұдан басқа ұлттық эконгомиканың ашық үлгілеріне басқа елдердің үкіметтері де енеді.

Әртүрлі мектептер өкілдерінің көзқарастары бір-біріне ұқсамаса да, олардың басым көпшілігі макроэкономикалық саясаттың басты мақсаты – нарық экономикасының қызмет етуінің тиімділігін және әлеуметтік бағытталуын жоғарылату деп мойындайды. Осы міндетті жүзеге асыру қажеттігі мемлекеттік макроэкономикалық саясатты мынадай негізгі мақсаттарды орындауға бағыттауды тілейді:

· тұрақты және тиімді экономикалық өсу;

· жұмыспен толық қамтамасыз ету;

· бағаның жалпы дәрежесінің тұрақтылығы;

· әлеуметтік әділет және жұмысқа қабілеті жоқтарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету;

· мемлекеттің сауда және төлем балансының тұрақты болуы.

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол пайдаға йе болғаны сипаттайды.