Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есеп жүйесі.

Ұлттық экономиканың қызмет ету нәтижесін өлшеу үшін теория мен шаруашылық практикада әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұған жататындар:

Жалпы қоғамдық өнім ЖҚӨ

Түпкі қоғамдық өнім – ТҮҚӨ

Таза қоғамдық өнім – ТҚӨ

Таза ұлттық өнім – ТҰӨ

Жалпы ішкі өнім – ЖІӨ

Ұлттық табыс – ҰТ

Жеке табыс – ЖТ

Арадағы өнім – АӨ.

Статистикалық әдіс бойынша, жалпы қоғамдық өнім ЖҚӨ материалдық сфераға жатқызылған (өнеркәсіп, ауыл, орман шаруашылығы, құрылыс, көлік, өндіріске қызмет көрсететін байланыс, қоғамдық тамақтандыру салалары және тб) салаларында жасалады, бір жылда өндірілетін барлық игіліктердің сомасы деп есептрелген. Осы көрсеткішті есептеу методологиясы бойынша оның құрамына арадағы өнім АӨ, жыл бойы өндіріс процесінде қолданылған өнім жатқызылған. Нәтижесінде өндірістік циклдың әр сатысында бірдей тауарларға жұмсалған шикізат, материалдар, инструменттер, отын, қуат шығындары қайталанып есепке алынады.

Қайталанған есепті жою мақсатымен түпкі қоғамдық өнім ТҮҚӨ - ЖӨ және АӨ-нің айырымы көрсеткіші қолданылады.

Материалдық-заттық құрамы жағынан, ТҮҚӨ тұтыну заттары мен инвестициялық өнімдерден тұрады,

Ұлттық есеп жүйесі ҰЕЖ 1-жақтан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлар сатып алуға жұмсалған шығындарын көрсететін, 2- жағынан олардың шаруашылық қызметтері нәтижесінде тапқан табыстарын көрсететін, баланстық экономикалық таблицалардың жиынтығы б.т.

 

ҰЕЖ негізінде мынадай макроэкономикалық көрсеткіштер есептеледі:

Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ. Бұл осы елде бір жыл ішінде өндірілген түпкі игіліктердің нарықтық құны. Өзінің экономикалық мағынасы жағынан, ол ТҮҚӨ-ге жақын болады, бірақ одан материалдық емес өндіріс қызметтерінің құнына артық болады. Біздің елде ЖҰӨ БҰҰ-ның методологиясы бойынша 1988 ж. Бастап есептеліп келеді.

Жалпы ішкі өнім ЖІӨ. Осы көрсеткішті ЖҰӨ-нің модификациясы деп қарауға болады. Оған осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады. ЖҰӨ мен ЖІӨ-нің айырмашылығы: 1-ден ЖІӨ есептегенде ЖҰӨ-нен осы елдің ресурстарын шетелде пайдаланудың нәтижесінде түскен табыстардың сомасын (жалақы, проценттер, дивиденттер) алып тастау керек. 2-ден, ЖІӨ-ді есептегенде ЖҰӨ-ге шетелдіктердің осы елден алынған табыстарын қосу керек.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ- бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғыннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Бұл ЖҰӨ-нен амортизациялық жарнаның сомасының көлемінде төмен болады.

Ұлттық табыс. ҰТ. ТҰӨ жасауға қатынасы бар барлық өндірістік ресурстарды жеткізетіндердің табыстарының көлемін сипаттайды. ТҰӨ-нің тек жалғыз ғана компоненті – бизнеске салынатын жанама салықтар – экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді. Сондықтан жанама салықтың көлемі ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

Жеке табыс халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасының көлемі және әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, ал халыққа жасалатын трансферттік төлемдер (зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар) қосылады.

Адамдардың өз еркімен жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін, қарамағындағы (билігіндегі) табыстар деген көрсеткіш қолданылады. Осыны есептеу үшін ЖТ-тан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алынады.

Елдің барлық даму тарихының қортынды нәтижесін есептеу үшін ұлттық байлық ҰБ деген көрсеткіш қолданылады. Ұлттық байлық – бұл елдің осы уақыт мерзіміне дейін жинақтаған материалдық игіліктерінің жиынтығы.
ҰБ-тың құрамды элементтері: материалдық және рухани өндірісте қызмет ететін қоғамның барлық құрал-жабдықтары; халықтың мүліктері; материалдық және мәдени байлықтар (жер қойнауы, ормандар, сулар тб); материалдық емес рухани байлықтар (адам капиталы, ғылыми-техникалық ой-өрістер жетістіктері, информациялық ресурстар, халықтың рухани мұрасы).

Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен жүріп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық прогресі ҰБ-ты өсірумен қатар, оның құрылымындағы материалдық емес байлықтың үлесін жоғарылатады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник. М.: Юрист, 1997.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

3. Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы. ҚазМБА. 1997.