Лекция. Жұмыссыздық және оның түрлері

 

Экономикалық белсенді адамдар – елдің жұмысқа қабілетті және жұмыс істеуге ниеті бар адамдар. Жұмыссыз деп жұмыс істеуге ниеті бар, бірақ белгілі бір себептермен жұмыс таба алмай жүргендер кіреді. Барлық жұмысқа қабілетті адамдарды 3 категорияға бөліп қараймыз.

  1. жұмыс істеушілер
  2. жұмыс істемейтіндер, бірақ белсенді жұмыс іздеушілер (жұмыссыздар)
  3. жұмыс істемейтіндер, яғни жұмыс іздемейтіндер.

Адамдар кейбір төмендегі себептермен бір категориядан басқасына ауысып отырады.

- адамдардың бір бөлігі еңбек қызметін үзбей жұмыс орнын ауыстырады;

- басқасы өз жұмысын уақытша тастап, басқа жұмысқа тұрады;

- енді біреулері жұмыс істегісі келмей, жұмыссыздар категориясына көшеді;

- кейбір жұмыссыздар жұмысқа шығып, кейбіреулері іздеуді тоқтатып жұмыс істемейтіндер қатарына қосылады.

Жұмыс күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.

Жұмыссыздықтың себептері:

Ø экономидағы жүйелік қозғалыстар;

Ø экономиканың төмендеуі (депрессия);

Ø үкіметтің еңбекті төлеудегі саясаты;

Ø экономиканың кейбір салаларында өндірістің маусымдық өзгерістері;

Ø демографиядағы өзгерістер ;

Ø табиғи катаклизмдер.

 

Жұмыссыздықтың түрлері:

- еркін – қызметкер өзінің таңдауына не жағдайына байланысты жұмыс орнынан бас тартуы;

- мұқтаж – жалақының төмен болуына байланысты қызметкерджің жұмыстан бас тартуы;

- фрикциондық – қызметкерді жасына, мамандығына, т.б. байланысты орнынан ауыстыру;

- кейбір салалалрдың маусымдық болуына байланысты;

- жасырын – жалған жұмыспен қамтылғандық, яғни өндірістік дағдарыс кезінде қызметкерлерді жұмыстан шығармай , ақы төленбейтін демалысқа шығарады.

Бұдан басқа жұмыссыздық қысқа (бір айдан аз уақыт), орта (бір жылдан аз уақыт), ұзақ (бір жылдан көп) мерзімді және циклдық болып бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та орта есеппен қысқа мерзімді жұмыссыздықтың уақыты 5 аптадан аспайды, ал ұзақ мерзімді 6 айдан асады. Ұзақ мерзімдікке циклдық, құрылымдық ал қысқа мерзімдікке маусымдық, фрикциондық жатады. Жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін себептің бірі ЖҰӨ көрсеткішінің төмендеуі.

Жұмыссыздық әлеуметтік- негативтик процестерді күшейтеді, қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіреді. Американдық ғалым М.Харвей Бренер 1970ж. АҚШ-тың халқы туралы көрсеткіштерді талдау кезінде мына жағдайға назар аударған. 30жыл сайын жұмыссыздық 1% -ке өсіп отырсаонда ол «әлеуметтік патология» көрсеткіштерін былай өсіреді:

- өзін-өзі өлтіру 4,1% -ке;

- кісі өлтіруді 5,7%-ке;

- түрмеге жабылып сотталғандар санын 4% -ке;

- психикалық ауруға шалдыққан адамдар санын 4%-ке өсіреді.

Жаппай жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық мәселелердің ең ауырына жатады және ол қоғам өмірі мен адамдар арасындағы өркениеттік қатынастар формасына нақты қауіп тудырады.