Ндіріс теориясы

  1. Экономикалық жүйедегі өндірістің орны. Өндіріс және оның формалары.
  2. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Өндірістік функция
  3. Өндірістің ұйымдастыру-құқықтық формалары. Кәсіпкерлік және кәсіпорын (фирма)

 

Өндіріс – бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатпен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Өндіріс процесінде экономикалық өсудің бастапқы негізі қалыптасады. Өндіріс қоғамда қажеттіктерді қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Қажеттіктер бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік әрекеттерін қолдап орындау үшін керектер болып табылады.

Өндіргіш күштер – бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сонд. өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, ад-ның өндіргіш күштері б.т. Өндіргіш күштердің екі құрылымы болады: өндіріс құралдары, жұмсышы күші.

Өндіріс және тұтыну арасында экономикалық қатынастар туындайды. Ол қоғамның мақсаттарынан, қамтамасыз етілу дәрежесінен тәуелді болатын реттеушілер және стимулдар б.т.

Өндіріс формалары:

· индустриалдыққа дейінгі өндіріс, бұнда ауыл шар-ғы мен қол еңбегі үстемдік етеді.

· Индустриалдық өндіріс, ірі механикаланған машина өндірісі үстемдік етеді.

· Постиндустриалдық өндіріс, бұнда қызметтер, ғылым, білім сфералары үстемдік етеді.