Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары

1. нақты активтер иелерінің (қозғалмайтын мүліктің, антиквариаттың, өнертуындалырының, асыл заттардың) инфляциядан қорғанысы молырақ болады. Пайыздық ставкасы өзгермеген тұрақты болса күтпеген инфляцияның нәтижесінде кредитор ұтылысқа ұшырайды. Бұл жағдайлар ЖҰӨ нақты көлемін азайтады.

2. бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер арта түседі.

3. қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі.

4. бағаның өсуі – ұлттық тауардың бәсекелестікке қабілетін төмендетеді. Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және т.б.

Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы процесс- дефляция, баға мен шығыяндардың жалпы төмендеуі. Бағаның өсуінің бәсеңдеуі дезинфляция деп аталады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Экономическая теория: учебное пособие / В.М. Соколинский, В.Е. Корольков; под ред. А.Г.Грязновой и М. Соколинского. - 2-ое издание. - М.: КНОРУС, 2006. - 464 с.

3. Әубәкiров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық.. Алматы, 1999.