Экономикалық даму және экономикалық өсу

Несие (кредит) сөзбе-сөз аудармада сенім (credo - сенемін) деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп және сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім – бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады.

Микро және макроэкономикалық тепе-теңдікті орнатуда несие маңызды қызметтер атқарады. Несиенің көмегімен әртүрлі салалар және кәсіпорындар арасында капиталдың қайта бөлінуі жүріп отырады. Несие берудің негізгі принциптері – белгілі мерзімге берілуі және оның қайтарылуы несиенің нарық механизмінің тәртіп сақтаушы тиімді құралы болып қызмет атқаруына жол ашады. Ол әртүрлі формада жүреді: коммерциялық, банктік.

Несиенің, несиелік қатынастардың, несиелік механизмнің негізінде несиелік жүйе - банктер пайда болады. Банк ақша ресурстарын тартып, оларды орналастырумен айналысатын экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операциялар арқылы соларды орналастырады.

Банктік жүйе дегеніміз - банктардың, несие-қаржылық операциялар мен қатынастардың жиынтығы. Банк – шаруашылық қызмет субъетілерін, азаматтарды несилендірумен, халық шаруашылығын кассалық, есеп айырысумен, валюталық және басқа да банктік операциялар жасаумен айналысатын мекеме.

Банк әртүрлі операциялар арқылы халықтың уақытша бос ақшасын жинақтап (мобилизует) жұмыс істеп тұрған капиталға айналдырады.

Банктік жүйе құрылымы:

· ұлттық банк;

· аймақтағы ұлттық банктің құрылымдық бөлімдері;

· коммерциялық банктер;

Ұлттық банк келесі операцияларды жүзеге асырады.

· коммерциялық банктерге несие береді;

· мемлекет шығаратын құнды қағаздарды алып, сатады;

· шетел валютасын және төлем құжаттарын сатып алып, сатады;

· коммерциялық банктерге банктік операцияларды жүргізуге лицензия береді;

· несие үшін процентті тағайындайды;

· коммерциялық банктердің қызметін реттеп, бақылап отырады;

· ақша-несие саясатының негізгі бағытын жасайды;

Коммерциялық банктер келесі операцияларды жүзеге асырады:

· ақшалай салымдар мен несиелерді тартып, орналастыру;

· клиенттің, банк корреспонденттің тапсырысы бойынша есеп айырысуды және кассалық қызмет көрсетуді уйымдастыру;

· клиенттің, банк корреспонденттің есеп шотын жүргізу;

· капиталдық салымдарды қаржыландыру;

· төлем құжаттарын және бағалы қағаздарды шығару;

· техникаларды жалға беру үшін, өз есебінен сатып алу (лизинг);

· шетел валютасын ұйымдарға не азаматтарға қолма-қол не есеп шотта аудару түрінде сату және сатып алу;

· бағалы металдарды тартып, оларды есеп шотторда орналастыру;

· клиент тапсырысы бойынша сенімділік операциялар;

· консультациялық қызмет көрсету.

Банк қызметінің кез-келген шешімі экономикалық рискке алып келуі мүмкін.

Олардың категориялары:

· несиелік (төлемеу);

· ликвидтілік (ақша дефицитінің пайда болу мүмкіндігі),

· проценттік (процент ставкаларының өзгеру мүмкіндегі);

· нарықтық

· төлейалмаушылық (несиені қайтармау рискі)

Бұдан басқа өмірде банктер басқа да рисктермен кездеседі: инфляциялық, валюталық, саяси.