Лекция. Өндірістің ұйымдастыру-құқықтық формалары.

1. Кәсіпкерлік және кәсіпорын (фирма)

Кәсіпкерлік кең тарағанда қоғамның өмірі нарық экономикасына сәйкес формаларда жүріп отырады. Кәсіпкерлік бұл коммерциялық табысқа жетуді көздейтін іс-әрекет, ал кәсіпкер – кәсіпорынды (фирманы) иемденетін адам. Кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультативтік іс-әрекеттерді және құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларды қамтиды.

Нарық экономикасында шаруашылық жүргізудің кәсіпкерлік іс-әрекеті тиімді және белсенді жүріп отыруы үшін белгілі шарттар қажет.

· еркін тауар өнәдірушілердіңң шаруашылық әрекеттерінің толық еркіндігінің болуы;

· меншіктің барлық түрлерінің тең құқықтығы жағдайында, экономикалық әреккеттің нәтижесіне толық жауапкершіліктің болуы;

· игіліктер мен қызметтер өндірісін ынталандыратын фактор ретінде өндурушілердің бесекесінің болуы;

· нарықта бағаның еркін белгіленуі;

· экономиканың ашықтығы, сыртқы экономикалық операциялар жүргізуге кәсіпкердің құқы болуы.

 

Кәсіпорын (фирма) меншіктің әртүрлі формасының негізінде құрылады: жеке, мем-к, арендалық, ұжымдық, шаруашылық ассоциациясы, акционерлік компания, фермерлік шаруашылық түрінде болады.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық формасы – оның нақты тауар мен қызметтерді жасауға бағытталған өндірістік-техникалық тұтастық деп және эк-лық ынталары пайда мен жеке табысты көздеген адамдар ұжымы деп қарау керек.

Барлық өндіріс факторларын пайдаланудың нәтижесі кәсіпорынның табысын құрайды. Үздіксіз тұрақты табыс табу үшін, кәсіпорын өндіріс өнімдерінің жалғыз түрін өндіруі жетімсіз болады. Бұндай өндіріс тұрақтылығынан тез айырылып, дағдарысқа төзімсіз болады. Экономистердің көбі қызметі көпөнімді өндіріспен байланысты болса, кәсіпкерлік әрекет көп табыс әкеледі деп тұжырымдайды.

 

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

 

1. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.2000.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

3. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы. Қаз.университеті. 1997.

Әубәкiров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық.. Алматы, 1999.