Меншік және иемдену заңдары.

Меншік субъектінің затты пайдалануға ерекше құқығын білдіреді. Меншік материалдық және рухани игіліктерді және осыларды өндіру шарттарын пайдалану туралы адамдар арасындағы қатынастар немесе игіліктерді иеленудің белгілі тарихи қоғамдық әдісі б.т. Меншік адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді пайдалану туралы қатынастар. Тарихта меншіктің екі формасы мәлім: жалпы және жеке меншік. Бұлардың бір бірінен айырмашылығы қоғамдастыру дәрежесі мен иеленудің сипатында. Олардың ортақ мәні жалпы меншік жеке меншікке ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Екеуінің бірнеше түрлері болады. Жеке меншік жеке адамдық, бірлестік (бөлінетін, бөлінбейтін), жалпылық, ассоциациялық, монополиялық болып бөлінуі мүмкін. Ал жалпы меншіктің мазмұны жалпылықтың (ортақтылық) көлемімен анықталады. Ол отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамдық дәрежесінде болуы мүмкін. Жекешелендіру деген меншіктің алмасуы, ауысуы, айналуы емес, ол жалпы халықтық меншікті жеке меншік етіп қайта құру болады, ал национализациялау керісінше процесс, яғни жеке меншіктің қоғамдыққа айналуы.

Меншік және иемдену заңдары.

Иемдену затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену көпдәрежелі күрделі әлеуметтік экономикалық процесс. Алғашқы заманда адамдар табиғат сыйларын йемденген. Бара бара екі типті шаруашылық қалыптасқан иемденуші және өндіруші шаруашылықтар. Сонымен иемдену қатынастары өндіріс, бөлу және айырбаспен толықтырылған болады.

Санкт Петербургтың мемлекеттің экономика және қаржы университетінің ғалым экономистерінің көзқарастыры бойынша меншіктің және иемденудің екі екіден заңдары бар. Өзінің еңбегіннің өніміне меншік заңы, меншіктің бірінші заңы болып табылады. Иемдену заңы: еңбек иемденудің тұңғыш әдісі. Бұл меншікті және оның бағасын жасайды. Жасалған өнімге меншік иеленушінің тікелей еңбегінен туындайтын меншік еңбектік деп аталады. Еңбектік жеке меншіктің капиталистік жеке меншікке айналуы, меншіктің бірінші заңының екіншісіне бөтен еңбектің өніміне меншік заңына көшуінің негізінде өтеді. Енді бұған екінші заңға иемденудің басқа тауар айналымы ең бастапқы иемденудің әдісі. Ірі қоғамдық өндіріс осы заңдарға негізделеді.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Курс экономической теории. Под.общ. ред., проф. Чепурина и проф. Киселевой Е.А.-Киров, 1994.

3. Қазақстан республикасының Азаматтық кодексі.