Ақша, оның қызметтері.

Тауардың белгілі-бір пропорцияда басқа тауарлармен айырбастала алатын қасиеті айырбас құнын құрайды. Қоғамдық өндіріс дамыған сайын, айырбас операцияларын жүргізуне көмектесетін жалғыз тауардың бөлініп шығуының қажеттігі пайда болды. Ақшаның тұңғыш формалары дүниеге келді. Тауар қатынастарының дамуы ақшаның ролін асыл металдарға, алтынға, күміске жүктеді. Бара-бара ақшаны майдалып айырбастаушылар алтын, күміс кесектеріне оның салмағын көрсететін таңба басатын болған. Осылай куәландырған алтын, күміс кесіндісі монета деп аталған. Көптеген халықтарда монета заңды айырбас және төлем құралы болып келді.

Классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылар А.Смит және Д.Рикардо ақшаның басты қызметі деп, айналыс құралы, қалғандары осы қызметтен туындайды дейді.

К.Маркс ақшаның бес қызметіне назар аудартады: құн өлшемі, айналым құралы, төлем құралы, жинақ жасау құралы, дүниежүзілік ақша.

Бүгінгі экономистер ақшаның атқаратын негізгі үш қызметін көрсетеді: құн өлшемі, айналым құралы, жинақ құралы.