Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Бағалар мен тарифтер

Әр тауар мен қызметтің, олардың нарықта орналасу формасына байланысты өз бағасы болады. Осы баға ақшаға айналып табыстың белгілі бір түрін құрайды. Бағаның негізін тауарлардың бағалығы құрайды.

Еңбек өнімдері өндіріс сферасынан нарықтық фактор әрекет ететін айналыс сферасына келіп түседі. Олар бағаның төмен, не жоғары ауытқуын тудырады. Ал баға өз тарапынан тауардың сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Яғни, сатып алушылар мен сатушылардың іс-әрекетіне ықпал жасайды.

Бағаларға, бағаны құру механизмі деп аталатын оларды белгілеу әдістері өте зор әсер етеді. Экономикалық практикада бағаны белгілеу туралы екі негізгі ықпал қалыптасқан: нарықтық және шығындық.

Ø Нарықтық әдісте шешуші факторлар: нарықтың құрылымы, тауарға сұраныс және ұсыныс.

Ø Шығындық әдісте баға белгілеу негізінде өндірістік шығындар, алдымен тауарды жасауға жұмсалған еңбек шығындары жатқызылады.

Сауда саттық операциялардың масштабына сәйкес және сатылатын тауарлардық түрлеріне қарай , бағалар мына түрлерге бөлінеді.

 

Еркіндік дәрежесіне сай бағалар былай бөлінеді

 

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

 

 

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Әубәкiров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық.. Алматы, 1999.

3. Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник. М.: Юрист, 1997.