рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Жалпы түсініктемесі

Жалпы түсініктемесі - раздел Философия, Электромагниттік релені сына Станцияларда өңдірілген Электр Энергиясы Тұтыну Аймағ...

Станцияларда өңдірілген электр энергиясы тұтыну аймағына өзара байланысқан беріліс, тарату және түрлендіруші электр қондырғылар жүйесі арқылы жеткізіледі.

Электр энергиясын беру бірнеше жүз вольттан мыңдаған вольт кернеуде әуе электр беріліс желілері арқылы жүзеге асырылады. Жүйелік әуе тораптары арқылы электр энергиясы 35,110,150,220 кВ және одан жоғары номинал кернеу шкаласындағы кернеулермен жеткізіледі.

Электр энергияны қабылдау және тарату қондырғылары Тарату құрылғылары (РУ) деп аталады. Олар коммутациялық аппараттардан, құрама және жалғанатын шиналардан, көмекші құрылғылардан (компрессорлы, аккумуляторлы және т.б.), сонымен қатар сақтандырғыш құрылғылардан, автоматикадан және өлшеуіш аспаптардан тұрады.

Тарату құрылғысына (РУ) қоректендіру орталығы (ЦП), тарату пунктері (РП), тарату желілері (РЛ) жатады.

Қоректендіру орталығы деп электр станцияның генератор кернеулерін тарату құрылғылары РУ немесе энергетикалық жүйенің реттеуші жүйесі бар, берілген нақты ауданның тарату желісі қосылған,төмендеткіш қосалқы станцияның екінші ретті кернеуін тарату құрылғысы РУ аталады.

Тарату пунктері деп электр энергияны бір ғана кернеуде (түрлендірусіз) қабылдап, тарата алатын өндірістік кешендер немесе қалалық электр желілерінің қосалқы станциялары аталады.

Таратушы деп қоректендіру орталықтары (ЦП) мен тарату пунктерінен (РП), сонымен қатар ауқымды электр қондырғыларынан қоректенетін бірнеше трансформаторлы қосалқы станция желілерін атайды.

Тарату құрылғылары ашық (ОРУ- ашық әуеде орналасқан барлық немесе негізгі құрылғылар) және жабық (ОРУ – ғимарат ішінде орналасқан құрылғылар) болып бөлінеді. Әсіресе, көп таралған толық немесе бөліктерінің жабық шкафтардан немесе толықтай дайын күйде дайындалған және ішкі-сыртқы қондыруға арналып шығарылған аппараттар мен қорғағыш және автоматика құрылғылары орнатылған блоктардан тұратын комплектілі тарату құрылғыларын (КРУ) айта кеткен жөн.

Қосалқы станция деп, электр энергияны түрлендіріп, таратуға арналған және трансформаторлар мен басқа да энергия түрлендіргіштерден, тарату құрылғыларынан, басқару және көмекші құрылыстардан тұратын электр қондырғыны айтамыз.

 

Айнымалы ток кернеуін трансформатор көмегімен түрлендіретін қосалқы станциялар трансформаторлы (ТП) деп аталады. Егер ТП-дағы айнымалы ток кернеуі төмен кернеуге түрленсе, оны төмендеткіш, ал жоғары кернеуге түрленсе, оны жоғарылатқыш деп атайды.

Трансформаторлы қосалқы станцияларда кернеуді өзгертуге арналған трансформаторлар орнатылады. Кернеу трансформациясымен бір уақытта оның желі сандары да өзгереді. Мысалға, ТП-ға бір не екі жоғары кернеулі желі келіп тұрса, одан бірнеше төменгі кернеулі желі шығады.

Трансформаторлы қосалқы станцияның екі типке бөлінеді: ашық, негізгі құрылғысы ашық ауданда орналастырылған, және жабық, құрылғысы ғимарат ішінде орналастырылған.

Егер қосалқы станцияда кернеу трансформациясы жүргізілмей, тек желі саны өзгерсе, ол таратушы деп аталады.

Түрлендіруші қосалқы станциялар айнымалы токты түзету үшін немесе тұрақты токты айнымалыға түрлендіру үшін арналады.

Барлық қосалқы станцияларда электр торабын сөндіріп-қосу және бақылау-өлшеу аспаптары орнатылады.

Электр желілері кернеуі бойынша ТК желі -1кВ-қа дейінгі және ЖК желі -1кВ жоғары кернеудегі болып бөлінеді.

Өндірістік кешендердің басым бөлігі электр энергияны қосалқы станциялардан алады. Қосалқы станцияларда екі не одан көп, энергетикалық жүйенің энергиясын ЖК (35,110 немесе 220кВ) желілерімен секцияланған жұмыс істеп тұрған (немесе резервтегі) 6...10кВ кернеудегі шиналарына жеткізуші трансформаторлар орнатылады.

Энергетикалық жүйеден (немесе зауыттық электр станцияларынан) қоректенетін қосалқы станциялар өңдірістің басты төмендеткіш қосалқы станциясы (ГПП) болып табылады, ал бір немесе бірнеше цехтердің электр қабылдағыштарын қоректендіруге арналып кернеуі төмендетілген қосалқы станциялар – цехтік трансформаторлы қосалқы станция (ТП) болып табылады.

Трансформаторлы және түрлендіру қосалқы станциялары тарату құрылғылары тәрізді комплектілі (КТП, КПП) жиналған немесе толық құрастырып-жинауға арналған түрде жеткізіледі.

Тарату құрылғылары мен электр тізбегіндегі ток пен кернеуді өлшеуді айнымалы токтың электр қондырғыларындағы ток пен кернеудің бірінші ретті тізбегін төмендетуге, сонымен қатар өлшеу аспаптарының, екінші ретті орамаға қосылған қорғағыш релесі мен автоматика құрылғыларының катушкаларын қоректендіруге арналған, ток пен кернеу трансформаторының көмегімен жүргізеді.

Өлшеу трансформаторларын қолдану келесі жағдайларға жол ашады:

кернеуі 100В және ток күші 5А-ге арналған стандартты орамалары бар әдеттегі өлшеу аспаптарының кез-келген кернеуі мен тогын есептеуге;

қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, 380В кернеуден асып кеткен жағдайда өлшеуіш аспаптар мен релені ажыратуға.

Өлшеуіш трансформаторының бірінші орамасы өлшеніп отырған шама әсерінде, ал екінші орамасы өлшеу аспаптары мен қорғағыш аспаптарына тұйықталады.

ЖК тізбекке қосылған жұмыс істеп тұрған өлшеу аспаптарына жақындау адам өміріне қауіпті, сондықтан да өлшеуіш аспаптары мен автоматты сақтандырғыш аппаратурасы (реле) ЖК тізбекпен тек өзекшенің магнит ағыны арқылы байланысқан өлшеуіш трансформаторлардың екінші орамасына қосылады. Сонымен қоса, өлшеуіш трансформаторлары айнымалы токты өлшеуіш аспаптардың, қосымша резисторлар мен шунт ретінде, өлшеу шегін кеңейту үшін қолданылады. әр түрлі трансформация коэффицентіндегі өлшеуіш трансформаторларды қолдану стандартты шектіктегі (100В және 5А) өлшемді кез-келген кернеу мен токты есептеуге арналған аспаптарды қолдануға мүмкіндік береді.

Өлшеуіш аспаптарын екі түрге ток және кернеу трансформаторлары деп бөлуге болады.

Кернеу трансформаторлары 380В және одан жоғары қондырғыларда өлшеуіш аспаптары мен реле (вольтметрлер, жиілік өлшеуіштер, санағыштар, ваттметрлер, кернеу, қуат релелері және т.б.) кернеуінің орамаларын қоректендіреді.

Өңдірістік кешендерді электрмен жабдықтау көздеріне энергетикалық жүйелер жатады, бірақ кейбір өңдірістер энергияны өздерінің зауыттық электр станцияларынан алады. Энергияны өңдіру мен тарату осындай зауыттық станцияларда негізінен 6...10кВ кернеудегі генератор режимінде жүзеге асады.

Тарату құрылғылары мен қосалқы станциялардың электр тізбегі бірінші және екінші ретті болуы мүмкін.

Бірінші ретті тізбекке белгілі тізбектілікте қосылатын шина құрылғылары мен аппараттың ток өткізгіш бөліктері жатады.

Екінші ретті тізбекке электрлік өлшеулерді, релелік қорғағышты, сигнализацияны, қашықтықтан басқару мен автоматизациялауды жүзеге асыруға болатын қосалқы станцияның тарату құрылғыларының бірінші ретті тізбегі жатады, яғни бірінші ретті тізбекті бақылауға, қорғауға, ыңғайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсетуде екінші ретті тізбек қызмет атқарады.

Бірінші тізбектің принципиалды схемасы электр қондырғының негізгі элементтерін көрсетеді, яғни олар: шина қондырғылар, айырғыштар, сөндіргіштер, сақтандырғыштар, трансформаторлар, реакторлар және т.б. Сонымен қатар, қондырғы мен жеке участкелерінің жұмысын жақсы түсіну үшін, бірінші ретті схемада әдетте негізгі аспаптар мен екінші ретті тізбек аппараттарын, өлшеуіш аспаптарын, релелік қорғаныс пен автоматика аспаптарын электрлік қосылусыз көрсетеді.

Қазіргі тарату құрылғыларының (РУ) жалғану схемалары әр түрлі. 1-суретте қысқартылған (қорғаныс пен өлшеу аспаптарының суретінсіз) принципиалды схемаларына таратушы және шығарылатын желінің шықпалары Тарату құрылғысының негізгі шинасына жалғанған.

 

 

 

1-сурет. Тарату құрылғысының негізгі шинасына жалғанған желінің принципиалды схемасы: а-айырғыш пен сақтандырғыш арқылы; б-жүктеме сөндіргішімен; в-қуат сөндіргішімен; г-сөндіргіштермен, разрядникпен және айырғыштардың жерлестіргіш пышақтарымен; д-реактормен

 

1,а-суретінде көрсетілген желі тарату құрылғысының негізгі шиналарына асқын токтан сақтайтын, балқымалы сақтандырғыштар және керек жағдайда ажыратуға мүмкіндік беретін шиналық ажыратқыштар арқылы жалғанады.

Жүктеме кезінде желіні айырғыштар көмегімен ажыратып-қосуға болмайды,яғни тұтынушылардың жүктемеден ажыратылғанын мұқият қадағалау керек. Сонымен қатар, желінің жүктемеден тыс бөлігінің сөндірілуі ондағы зарядтық токтың үзілуімен байланысты болатынын есте сақтау қажет, ол неғұрлым көп болса, желі соғұрлым ұзын бола түспек.

Айырғыштың орнына орнатылған жүктеме ажыратқышы(1,б-сурет) желіні жүктеменің номинал шегінде ажыратып-қосуға мүмкіндік береді.

1,в-суретте желіні кез-келген жағдайда ажыратуға мүмкіндік беретін ажыратқыштар бейнеленген: қалыпты жүктемеде, асқын жүктемеде және қысқа тұйықталуларда. Бұл жағдайда жалғанатын жерлерге өлшеуіш ток трансформаторлары орнатылса, ал желілік және шиналық айырғыштар ажыратқыштар мен ток трансформаторларының кернеуін қарау, тексеру және басқа да жұмыстарда ағытуға қолданылады. Айырғыштармен жұмыс тек қана ток тізбегін ажырататын сөндірілген ажыратқышпен ғана мүмкін болғандықтан, ажырату реті келесідей: бірінші ажыратқышты сөндіреді, кейін желілік айырғышты, ең соңында шиналық айырғышты сөндірумен аяқталады. Желіні қосу кері реттілікте жүреді. Тарату құрылғысына осындай реттілікпен қосу жоғары жүктемелі және жоғары қысқа тұйықталу тогы бар желілерге қолданылады.

1,г-суретіндегі жалғану түрі 1,в-суреттегідей, мұнда тек разрядтауышы мен жерлестіру пышағы бар желілік айырғышының болады. Әдетте мұндай сұлба әуе желілерінің жалғануында қолданылады. Жерлестіру пышақтары бұл жағдайда жермен қосу және желіні ажыратқан соң қысқарту үшін қолданылады, себебі ажыратылған желі бойында атмосфералық электр тогымен немесе жақын орналасқан желінің әсерінен индукцияланған электр зарядтары пайда болуы мүмкін. Разрядтауыштар барлық қондырғыларға қауіп тудыратын, қосылып тұрған желіде асқын кернеуге алып келетін атмосфералық электр тогының электр зарядын жерге бағыттау үшін арналады. Ашық тарату құрылғыларында разрядтауыштар негізгі шиналарға қосылады.

Шамалы қуаттағы бірінші ретті 6кВ кернеулі және екінші ретті 0,4/0,23кВ кернеулі күштік трансформатордың қосылу сұлбасы 2-суретте көрсетілген. Бұл трансформаторды тораптан ажырату үшін шиналық айырғыштар қолданылады (ажырату тек трансформатордың бос жүріс режимінде орындалады); жоғары және төменгі кернеуден қорғау құйылған сақтандырғыштар арқылы орындалады.

3-суретте жоғары қуатты күштік трансформатордың қосылу сұлбасы көрсетілген. Бұл сұлбаға оперативті ажыратуға арналған ажыратқыштар мен аспаптары өлшеуіш ток трансформаторынан қоректенетін релелік қорғаныстан кіреді.

Комплектілі тарату құрылғылары мен трансформаторлы қосалқы станцияларды қолдану монтаждық жұмыстардың мерзімін қысқарту мен оның бағасын төмендетуге және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Электромагниттік релені сына

I Электр станциялары б лімі бойынша лабороториялы ж мыстарды та ырыптары... Электр энергияны абылдау ж не тарату рыл ылары...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Жалпы түсініктемесі

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

КВ кернеудегі комплектілі трансформаторлы қосалқы станциялар
  Комплектілі трансформаторлы қосалқы станциялар (КТП) жиналған немесе құруға толық даярланған күйде жеткізілетін трансформаторла

Көлемді қосалқы станциялар
  Монтажды индустриаландырудың деңгейін жоғарылатуды, объектілерді салудың мерзімін қысқартуды, құрылыстардың сапасын жақса

Көлемді электротехникалық ғимараттар
Индустриялды панельді электротехникалық ғимараттар (ИПЭҒ) олардың ішіне щиттарды (тарату, релелік, басқару станциялары), комплектілі трансформаторлы қосалқ

Комплектілі трансформаторлы қосалқы станцияны монтаждау
  КТП-ны монтаждау құрама блоктарды немесе барлық қосалқы станцияны қондырылатын орнына жеткізу мен фундаментке орнатудан тұрады. КТ

Бақылау сұрақтары.
1. Электр энергияны тарату қалай жүзеге асырылады? 2. Тарату құрылғылары деген не? 3. Қоректендіру орталығы, тарату пункті, тарату желісі

Рылысы және техникалық сипаттамасы
Күштік трансформаторлар бір кернеудегі айнымалы токты басқа кернеудегі айнымалы токқа, төменгі немесе жоғары шамаға түрлендіру үшін арналады.

Трансформаторлардың белгіленуі
  Трансформатордың белгіленуінде әріптермен олардың конструкциялары және негізгі электрлік параметрлері көрсетіледі. Әріптер: біріншісі –

Трансформатордың габариттер бойынша таратылуы
  Трансформаторлар қуаты мен орамаларының оқшаулағыш классына байланысты габариттердің жеті тобына жіктеледі (1-кесте). Трансформаторды сипаттай

Кесте Күштік майлы трансформаторлар сипаттамасы
        22-сурет. үш фазалы екі орамалы трансформатор орамаларының жалғану тобы мен сұлбасы: Y-жұлдызш

Бақылау сұрақтары
1. Күштік трансформаторлар не үшін арналған? 2. Трансформатордың қандай кернеу орамаларын білесіз? 3. Трансформатордағы кернеудің тү

Ток трансформаторының құрылысы
Ток трансформаторларының құрылысы келесідей топқа бөлінеді: тіректі, өтпелі, қалқанды, орантылған, біріктіруші немесе ажыратушы және салб

Ток трансформаторының белгіленуі
Ток трансформаторын белгілеудегі әріптер: Т-ток трансформаторы, П-өтпелі, О-бір орамды, М-көп орамды, Л-құйылған изоляциялы, Ф-фарфорлы изоляция. Сонымен қ

Ток трансформаторын монтаждау
Ток трансформаторын монтаждау тексерістер мен оларды қондыру кезіндегі тексеріс және қондырудың өзінен тұрады. Ток трансформаторын монтаждау шеберханала

Кернеу трансформаторлары
Кернеу трансформаторлары электр өлшеуіш аспаптардың, реле, сигнализация тізбектердің, басқару мен автоматтандыру катушкасын кернеумен қоректендіруге қолданылады.

Кернеу трансформаторын монтаждау
Кернеу трансформаторын монтаждау алдында келесі ережелерді орындау қажет: Трансформаторды екі бұрыштыққа орнатарда түсірілетін кранға қол жетімді

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги