Кесте Күштік майлы трансформаторлар сипаттамасы

 

 

 

 

22-сурет. үш фазалы екі орамалы трансформатор орамаларының жалғану тобы мен сұлбасы:

Y-жұлдызша; - үшбұрыш; Y-нейтралы бар жұлдызша; бөлшек алымында – ЖК орама жалғануы; бөлшек бөлімінде – ТК орамасы; 11-ЖК мен ТК орамаларының желілік кернеу векторының ығысу бұрышы 3300 (300х11)

Трансформатордың бос жүрісі немесе бос жүріс жұмысы деп екінші ретті орамасы ажыратылған, ал бірінші ретті орамасына – кернеу берілген режимді айтады. Бос жүріс тогы трансформатордың номинал жүктеме тогының 3,5...10 % құрайды.

Трансформатордың номинал қуаты деп ашық ауада орнатылған трансформатордың номинал температурада барлық қызмет көрсету мерзімінде беріп тұра алатын (ауаның максималды температурасы 350С және орташа жылдық 50С есептелген ) шартты есептелген қуатын айтады.

Қысқа тұйықталу кернеуі Uқ.т. ораманың индуктивті кедергісін сипаттап, номинал кернеудің проценттік үлесін құрайды. Ол ТК орам қысқа тұйықталғанда осы ораманың номинал тогына тең ток өту үшін, ЖК орамаға қандай кернеу беру керек екендігін көрсетеді. Мысалға, егер Uқ.т. 5,5% болса, ал ЖК орамасының номинал кернеуі10 кВ , сондықтан қысқа тұйықталған ТК орамасында номинал токты алу үшін, ЖК орамаға 550 В (10кВ кернеудің 5,5%) кернеу беру керек.

Отандық трансформаторлардың Uқ.т. 5,5...7,5% құрайды. Қысқа тұйықталу кернеуі трансформаторлар арасында олардың параллель жұмысы кезінде жүктеменің таратылуын сипаттайды. Егер параллельді қосылған трансформатор Uқ.т. тең болса, олардың арасындағы жүктеме қуатқа пропорционал бөлінеді, ал трансформаторлардың бірдей қуаттарында, жүктеме Uқ.т. –ға пропорционал бөлінеді. Кернеу трансформатор кожухына бекітілген паспортты тақтайшада көрсетіледі.

Трансформатордың параллель жұмысының шарты келесідей:

- Бірінші және екінші ретті номинал кернеулердің теңдігі;

- Орамалардың жалғану топтарының сәйкестігі;

- Қысқа тұйықталу кернеуінің теңдігі.

Параллель қосылған тарнсформатордың максимал және минимал қуаттарының қатынасы 3:1 құрауы абзал.

Екі параллель жұмыс істеп тұрған трансформатор арасындағы жүктеме келесі теңдікке сай таралады:

 

Мұндағы , - екі параллель жұмыс істеп тұрған трансформатордың толық қуаттары; , - осы трансформаторлардың номинал қуаттары; , - осы трансформаторлардың қ.т. кернеуі.

 

Жұмыстың орындалу реті:

 

1. Күштік трансформатордың құрылымы және техникалық сипаттамаларымен танысу.

2. Трансформатордың белгіленуі мен олардың габариттер бойынша таратылуын білу.

3. Трансформатор құрылымының элементтерін сызу (Зәмзәгүл апайдың нұсқауымен).