Ток трансформаторының құрылысы

Ток трансформаторларының құрылысы келесідей топқа бөлінеді: тіректі, өтпелі, қалқанды, орантылған, біріктіруші немесе ажыратушы және салбұрын (втулочные). Орам санына байланысты ток трансформаторының бірінші және екінші ораманың бір және көпорамды түрлері болады. 6...10 кВ кернеудегі Тарату құрылғысын (РУ) монтаждағанда фарфорлы және құйылған изоляциялы ток трансформаторларын қолданады, ал 1 кВ-қа дейінгі кернеуде – құйылған, мақталы-қағазды және фарфорлы түрлерін қолданады.

Бір орамды ток трансформаторының (4,а-сурет) құрылысы қарапайым, көп орамдыға қарағанда өлшемдері кішірек, және қысқа тұйылуға төзімдірек әрі арзан. Олардың басты кемшілігі шамасы кіші токтарды өлшегенде жоғары нақтылыққа ие болмауында. Бұл трансформаторлар 400-6000 А бірінші орама токтарына негізделген ішкі қондыруларда қолданылады.

Бір өзекшелі көп орамды трансформаторлар (4,б-сурет) көбінесе 5-600 А бірінші орама токтарының номинал шамаларына негізделген ішкі қондыруларда және 1000-2000 А токқа негізделген сыртқы қондыруларда қолданылады.

Екі өзекшелі көп орамды трансформаторлардың әр өзекшесінде өзінің екінші орамасы бар, ал бірінші орамасы екеуіне ортақ (4, в-сурет), яғни ток трансформаторын екі еселеп қойғандай. Осындай трансформатордың әрбір екінші орамасы өзінің дәлдік классында жұмыс істейтін номиналды жүктемеге есептелген. Әдетте екі екінші ретті ораманың біреуін өлшеуіш аспаптары қосылса, ал екіншісіне сақтандыру релесін жалғайды. Және де орамалары бірдей немесе әр түрлі дәлдік класстарында тұруы мүмкін.

Кейбір жағдайларда ток трансформаторлары (110 кВ және жоғары) үш немесе төрт өзекшелі қылып дайындайды.

 

 

 

 

 

3-сурет. Ток трансформаторын жалғаудың сұлбасы:

а-толық жұлдызша; б- үшбұрыш; в-толық емес жұлдызша; г- токтың әр түрлігіне; д- үш токтың қосындысына; е-бір фазаға тізбектей жалғанған екі орама; ж-бір фазаға паралель жалғанған екі орама

 

 

 

4-сурет. Ток трансформаторының принципиалды сұлбасы: а- бір орамды; б- бір орамды көп өзекшелі; в- көп орамды екі өзекшелі; 1- бірінші ретті орама; 2- изоляция; 3- өзекше; 4- екінші ретті орама