Ток трансформаторын монтаждау

Ток трансформаторын монтаждау тексерістер мен оларды қондыру кезіндегі тексеріс және қондырудың өзінен тұрады.

Ток трансформаторын монтаждау шеберханаларында болжам бойынша тексеріп алады. Сол жерде қажет болса орамаларды кептіреді. Егер ораманың оқшаулағыш кедергісі 1МОм-нан төмен болса, жылу ауа жолдарын немесе ауаның температурасы 900С жоғары болатын кептіру камераларын қолданылады. кептіру кезінде оқшаулағыш кедергісін жарты сағат сайын өлшеп отырады. Егер оқшаулағыш кедергісі 10 МОм-нан жоғары болса, 1...10 кВ кернеудегі трансформаторды құрғатуды доғаруға болады.

Трансформаторды тексерістен өткізу.Монтаждалатын ток трансформаторын аппараттың комлектілігін және бекіту бөлшектерін, фарфор бөліктерінің сапасын, кожухты, ораманың тұтастығын және екінші ретті шықпалардың қалыбын, шықпалардың белгіленуі мен паспорт тақтайшасын, шықпалардың полярлығының дұрыс белгіленуін, білікше мен ондағы бұрандаларын, гайкалар мен шайбалардың толықтығын, жарамдылығын толық тексерістен өткізеді. Монтажды үлгіге сай саңылау орның белгілеп, трансформаторды орнататын жердің бекіту конструкцияларынан (плита, бұрыштықтар) бастаймыз, кейін қажетті саңылауларды тесіп алып, конструкцияларды орнатамыз.

Қондыру алдында трансформаторды тексеру.Монтаждауға қабылданған тарнсформаторды зақымданған бөліктерінің жоқтығына, шықпалардың белгіленуі мен паспортты тақтайшасының бар екендігіне толық көз жеткізу қажет. Сонымен қатар, орталық шеберханаларда жөндеуші бригаданың құзырымен электрлік сынақтар жүргіземіз.

Трансформатордың екінші ретті орамасына үзілген жерлері жоқ екендігіне (егер үзілген болса, мегометрдің меңзегіші шексіздікті көрсетеді) 11,а –суретте көрсетілген сұлба бойынша тексеріс жүргіземіз. Екінші ораманы Уитстонның кіші габаритті көпірі арқылы да тексеруге болады. Бұл жағдайда үзілу жайлы ақпарды өлшеу кезіндегі шексіз үлкен кедергі береді.

Бірінші және екінші ретті ораманың оқшаулағышын 11,б,в –суреттегі сұлбаға сай тексереміз. Тексеріс 1000...2500В кернеуге есептелген мегометр арқылы жүреді. Оқшаулағыш кедергісі бір қалыпта болмайды, бірақ 50МОм-нан, екінші орамада 10МОМ-нан кем болмауы қажет.

Ток трансформаторының оқшаулағышының жағдайы жайлы қорытынды шешім оны тек жоғары кернеудегі өндірістік жиілікте 1 мин бойы (екінші орама 2кВ кернеумен, ал бірінші орама МЕСТ анықтаған кернеумен) сынаудан соң шығарылады.

Шықпалардың маркалануының дұрыстығы мен олардың зауыттық белгілерін 12-суретте көрсетілген сұлбаға сай тексереді. Онда шкаласының ортасында нөлі бар гальванометр және қалта шамының батарейкасы немесе 6...12 В портативті аккумулятор батареясы қолданылады.

Егер орама полярлығы дұрыс болса, аспаптың меңзері батареядағы тізбектің тұйықталу моментінде оңға қарай ауытқуы керек. Меңзердің сол жаққа ауытқуы, екінші ораманың полярлығының зауыттық маркировкасында көрсетілген полярлыққа қарама-қарсы екендігін көрсетеді.

 

 

 

 

11-сурет. Ток трансформаторын тексеру сұлбасы:

а-екінші орама тізбегінде үзілген жердің жоқтығы; б-бірінші (үзік сызық) және екінші орама оқшаулағыштарының кедергісі; в-бірінші мен екінші орама арасындағы оқшаулағыш кедергісі; 1-бірінші орама қысқышы; 2-бірінші орама; 3-трансформатор корпусы; 4-екінші орама қысқышы; 5-мегоометр

 

 

 

 

12-сурет. Орама полярлығын тексеру сұлбасы:

1-бірінші орама; 2-екінші орама; 3-батарейка; 4-рубильник; 5,6-орама қысқыштары; 7-гальванометр

 

Трансформаторды орнату.Ток трансформаторының жөндеу жұмыстарын конструкциялар мен өтпелі плиталарда, және де комплектілі тарату құрылғыларының (КРУ) камераларында болат аралық қабырғаларында жүргізеді. Оларды фланецтен жоғары жобалық орындарға қолмен көтеріп тұрып, болтпен қатты тартпай бекітеді.

Трансформатордың негізгі вертикаль өстері бір жазықтықта жатуы керек немесе шина арқылы байланысатын қондыру элементтеріне жақын өстерге симметриялы орналасуы қажет. Дұрыс орналасу үшін плита немесе конструкция саңылауларына жақын жерге көшіреді. Дәл орналастырғаннан соң болттарды баяу әрі бірқалыпты тартамыз.

Ток трансформаторын монтаждағанда келесідей талаптарды ескеру қажет:

Қабырға мен трансформатор корпусының аралықтарында және артынша еркін мондаждауға және корпусты коррозиядан сақтау үшін қабырғада 2...3 мм орынды бос тастап кету керек (кейін шатыр картоны салынады);

Ауа кірмейтіндіктен, трансформаторларды бір-біріне тығыз орналастыруға болмайды (олардың корпус аралығы 100 мм-ден кем болмауы керек);

Көлденең аражабындар мен тірек конструкцияларында ток трансформаторын жеңіл қызмет көрсету үшін, оның паспорт тақтайшалары жоғары жаққа немесе (ұяшық қабырғасына вертикаль орналастырғанда) басқару дәлізіне қарап тұратындай орнатады;

Ток трансформаторында 1500 А-ден жоғары номинал ток шамасында міндетті түрде болат бөлшектерге жақын жерлерде балқып кетуден сақтау іс-шараларын жүргізу қажет;

Қоректенетін жоғары кернеулі шиналарды (мысалға, құрама шинадан келетін болса) Л1(орама басы) белгісі бар трансформатор қысқышына қосу керек, ал шықпа шиналарды Л2(орама соңы) қысқышына қосу қажет. Бұл жағдайда И1 және И2 белгілері бар екінші орама қысқыштары да ораманың басы мен соңына сәйкес келеді;

Трансформатор қысқыштарына жалғанған шиналар мен өткізгіштердің ток өткізгіш білікшелері мен оқшаулағыштарға әрекетін болдырмау.

Аспаптарға жалғанбаған екінші орама қысқаша тұйықталып, трансформатор қысқыштарына жерлесуі қажет. Орналастырылған ток трансформаторын да жерге орналастыру қажет. Екінші ораманы жіңішке мыс сыммен ток трансформаторының корпусында жерге оранластыру болты арқылы жерлестіреді.