Көлемді электротехникалық ғимараттар

Индустриялды панельді электротехникалық ғимараттар (ИПЭҒ) олардың ішіне щиттарды (тарату, релелік, басқару станциялары), комплектілі трансформаторлы қосалқы станцияларды,тарату құрылғыларының шкафтары мен камераларын, түрлендіру агрегаттарын және өзге де электр жабдықтарын орнату үшін арналады.

Панельді электр ғимараттар төрт бөлімнен құралады: ИПЭҒ-1 ені 3000 мм, ИПЭҒ-2 – 4000мм, ИПЭҒ-3 – 5000мм және ИПЭҒ-4 – 6000 мм. Осындай ғимаратттардың ұзындығы 4800 мм және одан да көп, ал биіктігі 3540 мм.

ИПЭҒ құрама-жиналмалы конструкцияға ие (10-сурет). Ол болат каркастан 1 және үш қабатты қоршап тұратын қабырғалар 3 мен өрт тоқтататын пенополиуретанды мырышталған болат парақтардан жасалған шатырлы панельден 4 тұрады. ИПЭҒ каркасы жоғарғы жағында өзара ригельдермен жалғанған П-тәріздес рама түрінде грунтталған швеллерден жасалады. Каркас бағаналарының ара қашықтығы 3600 мм-ден аспайды.

Қоршау қабырғалар панелі 60мм қалыңдықта қатаң, шыны әйнегі, есігі және электрлік және сантехникалық коммуникацияға арналған өтпелері болатындай жасалады. Ені 1000 мм және биіктігі 1200 мм терезелер еденнен 1200 мм биіктікте орналасады. Кабельдерді, шина өткізгіштерді өткізуге және ені 1000 мм, биіктігі 400 мм желдендіру қораптарын қосуға арналған өтпелер қабырға панельдерінде төменгі жабындардан 200 мм қашықта орналасады. Кабельдер мен шина өткізгіштерді өткізуге арналған өтпелер шатыр панелінің периметрімен де өткізіледі. Олар панельдің кез-келген бөлігінде орналаса береді,және бірнеше өтпе бір панельде орналаса алады. Барлық өтпелер болат парақтармен коммуникация жұмыстарын жүргізуге қолайлы түрде бекітіледі.

 

 

 

 

10-сурет. Индустриялды панельді электротехникалық ғимарат: 1-каркас; 2-терезе; 3,4-қабырға және шатыр панельдері

 

Панельдер ауыстырып-салуға және қондыруға ыңғайлы күйде жасалады. Есікті панельді ғимараттың қабырға бұрыштары мен каркас бағаналарынан басқа, кез-келген периметрінде орната беруге болады. Өтпелі панельдерді бір қатаң панельге жиі келмейтін бір қатарға орнатуға болады.

Ілмелі электр қондырғыларын орнатуға ені 2000 мм үш көлденең рейкалы арнайы рамалы конструкция қолданылады және ол еденнен 800, 1400 және 1800 мм биіктікте болады. Рамалы конструкция өзгеше бояумен сырланады.

Ғимараттарда жарықтандыру мен желдендіру құрылғыларын орнатуға арналған ілмелі потолок болады, және ғимарат биіктігі 3000 мм-ден кем болмауы керек.

ИПЭҒ-ларды таза бетон еденде орнатылатын жерінде жинайды. ИПЭҒ-ны жинау моментінде кабельдерді төменге өткізу қажет болғанда, ғимарат еденінде оларды шығаруға мүмкіндік беретін каналдар алдын-ала дайындалады.