Комплектілі трансформаторлы қосалқы станцияны монтаждау

 

КТП-ны монтаждау құрама блоктарды немесе барлық қосалқы станцияны қондырылатын орнына жеткізу мен фундаментке орнатудан тұрады.

КТП (КТПН) қондырылатын ғимараттар мен алаңдарда негізгі және қосымша құрылыс жұмыстары толықтай аяқталуы керек.

Кабельді каналдар мен өтпелер сызбаға сай жүргізілуі тиіс. Оларды қондыруға арналған құрылыс жұмыстары, плиталармен жабуды қосқанда, аяқталуы тиіс, ал кабель жүргізілетін трубалар жобаға сай болуы шарт.

Монтаж орнына КТП блоктарын жеткізу берілген объектінің құрылыс шарттарымен нақты болуы керек. Олар нақты берілген деңгейде және жоба сызбаларына сай келуі қажет (деңгейден ауытқу 1 метрге 1 мм-ден аспауы қажет және 5 мм-ден барлық ұзындығына). Екі швеллердің де беттік аудандары бір көлденең бетте жатуы қажет және таза еденнен 10мм көтеріліп тұруы керек. Швеллердің кем дегенде екі жерін 40х4 мм жолақ болатты жерлестіру контурына жалғау қажет.

КТП монтажы өзіне келесідей операцияларды қосады: қондырғы блоктарын тиісті жеріне жеткізу, дайын табанға орнатылуы, блоктардың өзара электрлік қосылулары немесе құрама шина қондырылуы, кабельдерді қосу, тексеру және аппараттардың жұмысын дұрыстау.

КТП блоктары мен трансформатор тасымалын жук көтергіштігі 20 т крандармен ғана орындалады. Строптардың майысқан жерін строптағанда құрылғылардың сырланған бетін бұзылудан сақтайтын, әсіресе, егер блоктар жәшіктерде орналаспаса берік тіреуіштер қою қажет. Ғимарат ішінде блоктарды арнайы жылжымалы құрылғыларда лебедка арқылы қондырады. Қондыруды толық аяқтар алдында блоктарды бағытталған швеллерлерге ыңғайластырып орналастырады.

Қосалқы станцияны құрғанда трансформатордың ТК орамасының шықпасын тарату құрылғысына жалғап, автоматтарды орнатып, жерге тұйықтайды. Шиналарды әдетте қысқыш плиталар арқылы жалғайды. Сол себептен шинаның контактілі беткі қабатын коррозияға төзімділік қабілетін зақымдауға себепші болат щеткалар мен тегістеуіш шкуркалармен жабуға болмайды, cондықтан оларды тазалау үшін бензинға малынған таза шүберекті қолданады. Блоктарды алдын-ала арнайы шинаның шықпалары мен тіректі швеллерлердің көтергіш скобаларын жауып тұратын тығындарын алып тастап, бір реттілікпен орнатады. Контакттар мен пышақтардың көлденең және тік өстері мен ТК қозғалмалы автоматты ажыратқыштардың сәйкестігін тексеріп, динамометр көмегімен жұмсалатын жұмыс күшімен қатайтады, әр контактіде 100 Н. Сонымен қатар, қозғалмалы және қозғалмайтын контактілердің өстерінің симметриялығын тексеру керек, олар 1,5...2 мм құлап тұруы шарт. Автоматты ажыратқыштарды шығарып, қайта орнына кіргізу үшін зауыттық арнайы құрылғыларды пайдаланады.

Көлемді комплектілі қосалқы станцияларды келесі тәртіппен орнатады. Ор қазып, кірпіштен немесе темірбетонды блоктардан фундамент құяды. Фундаментке зауытта құрастырылып шығарылған құрылғылары бар блоктарды орнатады. Күштік трансформаторларды содан кейін орнатады.

Күштік трансформаторларды орнатқан соң ЖК және ТК кабельдерді жермен тұйықтау жұмысына кіріседі.

Монтаж өткізгіштер мен аспаптардың жарамдылығымен, болттық қосылулардың беріктігімен, электрлік оқшаулағыштар жарамдылығымен, ЖК кабелінің трансформаторға жалғануымен және кабельдердің желіге, сонымен қоса тораптың жермен тұйықталған металл конструкцияларына жалғануының дұрыстығымен тәмамдалады.