рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Рылысы және техникалық сипаттамасы

Рылысы және техникалық сипаттамасы - раздел Философия, Электромагниттік релені сына Күштік Трансформаторлар Бір Кернеудегі Айнымалы Токты Басқа Керне...

Күштік трансформаторлар бір кернеудегі айнымалы токты басқа кернеудегі айнымалы токқа, төменгі немесе жоғары шамаға түрлендіру үшін арналады.

Трансформаторлар электр энергиясын тасымалдау және тарату жүйелерінде кеңінен қолданыс тапқан. Электр станциясынан тұтынушыларға тасымалдау барысында электр энергия бірнеше рет түрленеді: алдымен электр беріліс желілеріндегі шығынды азайту мақсатымен кернеуді жоғарылатады, кейін электротехникалық құрылғылардың қауіпсіз әрі өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз еткенше төмендету. Кернеуді трансформатор көмегімен түрлендіру электр станцияларында өндірілген генератор қуатын 7-8 есе өсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан трансформатордың техникалық сипаттамаларын ( ) өсіру энергетикамен жабдықтаудағы маңызды мәселелердің бірі және оның шешімі электр энергия тұтынушыларына тасымалдың сенімділігі мен сапалылығын арттыруға жол ашады.

Бүгінгі таңда Ресей Федерациясында электр станциялардағы генератордың қосынды қуаты 300 млн.кВт болғанда, орнатылған трансформаторлар арқылы жалпы қуаты 2 млрд.кВт құрап отыр.

Кернеу шамасын жоғарылататын трнсформаторлар – жоғарылатқыш, ал төмендетуші – төмендеткіш трансформатор деп аталады.

Трансформаторлар екі орамалы және үш орамалы болуы мүмкін. Үш орамды трансформатор ТК орама мен ЖК орамадан басқа ортаңғы кернеулі ОК орамаға ие.үш орамалы күштік трансформатор тұтынушыларды әр түрлі кернеудегі электр энергиямен жабдықтай алады.

Трансформатордағы кернеудің түрленуі индуктивті байланысқан екі ораманың айнымалы магнит ағыны әсерінен жүреді. Электр энергия көзіне қосылған орама бірінші ретті, ал жүктемеге қосылған орама – екінші ретті деп аталады. Егер трансформатор арқылы әр түрлі кернеумен екі немесе одан көп жүктемені қоректендіру керек болса, онда сәйкес екінші ретті орамалар саны тандалынады. Екі және үш орамалы трансформатордың сұлбадағы шартты белгілері 11-суретте көрсетілген.

Тарату құрылғылары мен өндірістік кәсіпорын қосалқы станцияларында 6 және 10 кВ кернеуді сәйкесінше 0,23 және 0,4 кВ кернеуге түрлендіруші үш фазалы екі орамалы төмендеткіш трансформаторлар қолданылады.

 

 

 

11-сурет. Екі (а) және үш (б) орамалы трансформатордың сұлбадағы шартты белгілері

Оқшаулағыш және желдендіргіш ортасына байланысты трансформаторлар майлы (ТМ) және құрғақ (ТС) болып бөлінеді. Майлы трансформаторда оқшаулағыш және желдендіргіш ортасы ретінде трансформатор майы қолданылса, құрғақ трансформаторларда – ауа және қатты диэлектрик; арнайы жағдайларда жанбайтын сұйық – совтол қолданылады.

Суыту тәсіліне байланысты трансформаторлар:

Майлы суытумен және майдың табиғи циркуляциясымен;

Майлы суытумен және майдың мәжбүрлі циркуляциясымен;

Майлы-сулы радиатормен және майдың табиғи циркуляциясымен;

Майлы-сулы радиатор және майдың екі ортадағы мәжбүрлі циркуляциясымен.

Майлы трансформатор(12-суреттегі) 2 және 5 магнит өткізгіш арқалықтарынан және осыларға мықтап бекітілген орама 3 тұрады. Қоршаған орта әсерінен қорғау мақсатында оларды герметикалық жауып тұратын қақпақты 11 болат бакқа 1орналастырылады. Қақпақ арасынан 13 және 14 өтпелі оқшаулағыштар арқылы ЖК орама тізбегі сыртқа шығарылады. Қақпақ үстінде құбыр арқылы бакпен байланысқан кеңейткіш 16 қондырылады. Құбырлардың жалғану жерінде газдық реле 18 орнатылады. Әлбетте бактан қақпақ арқылы мембранамен қалыпты жабылған, апаттық жағдайда май мен газды сыртқа шығаруға арналған мұржа 15 орналасады. Қақпақтың кернеуді ауыстырып-қосқышпен 9 байланысқан және қақпақтың үсті мен сальникті тығыздалған қақпақ арасымен өтетін білікке орнатылған тұтқасы бар. Ауыстырып-қосқыш контактісі ЖК орама 3 басқарылатын өткелдермен 4 электрлік байланыста болады. Бүрлі шегелі көтермелі қақпақтар төменгі балкасы бак түбіне орнатылған магнит өткізгішпен жалғанған. Көтермелі бүрлі шегелердің 10 сыртқы резбалы бөлігі алынып-салынатын жүкті сақиналарды 12 орнатуға арналған.

Трансформатор жұмыс істеп тұрғанда орама өткізгіштері мен магнит өткізгіштің болатында энергия шығыны болатындықтан, ол қызиды. Жылуды интенсивті түрде жою үшін бактың ішкі көлемі арнайы минералды майлармен толтырылады. Сол себептен майдың бір бөлігі қақпақты қарама-қарсы жаққа шалқайтқанда май кеңейткішке шоғырланып, қақпақ астында ауа көпіршіктерінің пайда болуын болдырмайды.

 

 

 

12-сурет. қуаты 1000 кВА үшфазалы майлы суыту тәсіліндегі күштік трансформатор:

1-бак; 2,5-сәйкес төменгі және жоғарғы магнит өткізгіш ярмолық балкалары; 3- ЖК орамасы; 4- басқарылатын ауыстырып-қосқыш шықпасы; 6-магнит өткізгіштік; 7- ағаш планка; 8- ЖК орама шықпасы; 9-ауыстырып-қосқыш; 10-көтермелі бүрлі шеге; 11-бак қақпағы; 12-көтермелі сақина; 13,14- сәйкес ЖК және ТК кірмелері; 15-мұржа; 16-кеңейткіш(консерватор); 17- майдың деңгейін көрсеткіш; 18-газдық реле; 19-циркуляциялық құбыр; 20- май ағызатын кран; 21-каток

 

 

Трансформатор құрылғылары қуат өскен сайын күрделене түседі. Мысал үшін қуаты 25 кВА дейінгі трансформатор багы жұмыр әрі тегіс жасалса, қуаты 63...1600 кВА болғанда, олар бір, екі немесе үш қатар суыту құбырларымен, ал одан да жоғары қуатта оларда радиатор және т.б. жабдықталады.

Майлы трансформатордың жеке бөліктерін қарастырайық.

Трансформатордың негізгі құрылымы ретінде магнитөткізгіштен 4 (13-сурет), оларға бекітілген ТК орамасынан 3 және ЖК орамасынан 2, шықпалар мен оларға қосылатын құрылғылардан тұратын белсенді бөлігі қызмет етеді. Арнайы трансформаторлық болаттың бір-бірінен оқшауланған жеке жұқа парақтарынан жиналған магнитөткізгіш жоғарғы және төменгі ярмолармен қосылған вертикаль стерженьдерден тұрады. Мұндай конструкция құйынды токтар мен асқын магниттелу (гистерезис) құбылысынан туындайтын жылулық шығындардың азаюына себеп болады.

Трансформатор орамаларын тік бұрышты, кейбір жағдайда дөңгелек қималы алюминий және мыс сымдардан дайындайды. Арнайы жағдайларда күшейтілген немесе жылуға төзімді оқшауланған сымдарды қолданады. Үлкен диаметрдегі сымдарды әдетте параллель қосылған бірнеше кіші диаметрдегі сымдармен ауыстырады. Бұл оның иілгіштігін күшейтіп құйынды токтардан болатын шығындарды азайтады.

Орама өзекшесінің стерженьдерінде әдетте алдымен стерженьге ТК орама катушкасын, ал оның үстіне ЖК орама катушкасын концентрлі түрде орналастырады. Орамалардың бұлайша орналасуы трансформатордың белсенді бөлігіндегі элементтердің потенциалының төмендеуіне жол бермейді және оқшаулау конструкциясын ықшамдап, оның қалыңдығын азайтады.

 

 

13-сурет. майлы трансформатордың белсенді бөлігі:

1-ярмо; 2-ЖК орамасы; 3- ТК орамасы; 4-магнитөткізгіш

 

Белсенді бөліктің механикалық беріктігін және орамалардың қысқа тұйықталудың өтпелі токтарынан қорғайтын динамикалық беріктілігін өсіру үшін магнитөткізгіш стерженьдері мен ТК катушка арасындағы, және ЖК және ТК катушка арасындағы аралықтарға ағаш сыналар қағып қояды.

Цилиндрлі және үздіксіз орамалы трансформаторлар (14 және 15 суреттер) кең қолданыс тапқан.

Ораманың соңынан және тармақтарынан шығарылған жалғаушы сымдар шықпалар деп аталады, және олар кернеуді реттеу үшін қолданылады. Оларды оқшауланбаған мыс сымдардан немесе кабельді қағаз және гетинакс түтікшелі оқшаулағышпен оралған сымдардан дайындайды.

Трансформатор орамаларына қосылатын құрылғылар кернеудің белгіленген шектерінде сатылы өзгеруі үшін қолданылады, және бірінші ретті орама кернеуі өзгерген жағдайда, екінші ретті орама қысқыштарындағы номинал кернеуді ұстап тұру үшін қажет.

Осы мақсатпен трансформатордың ЖК орамасын ауыстырып-қосқыштарға жалғанған реттелетін тармақталумен жабдықтайды.

 

 

14-сурет. Екі қабатты цилиндрлі орама: 15-сурет. Үздіксіз орама:

1-өткізгіш;2-оқшаулағыш төсегіш 1-реттелінетін тармақтану;

(электрокартон); 3-теңестіруші сақина; 2-катушка; 3-дистационды

4-ішкі қабат; 5-рейка; а,х-ТК орама электрокартонды төсегіш;

шықпасы 4-тіректі оқшаулағыш сақина;

5-қағаз-бакелитті цилиндр

 

 

Гетинакс – қалыңдығы 0,1...0,12 мм лак сіңдірілген қағаз парақтармен толтырылған көп қабатты материал.

Гетинакс өңдіру процессінде қағазды бакелитті лактармен сіңдіру және оларды белгіленген өлшемдегі парақтарға кесу жүзеге асады, және оларды кептіргеннен соң белгіленген қалыңдық пен салмақтағы пакетке жинап, 1600С-да қыздырылған гидравликалық пресстің болат плиталарымен пресстеп, суытады. Мұндай пресстеу кезінде балқытылған шайыр қағаз парақтарды желімдеп ерімейтін қалыпқа келеді.

Гетинакс жоғары механикалық беріктілікке ие және 1050С температураға дейін қолданылады.

 

Кернеуді реттеудің қажеттілігі қабылдағыштардың экономикалық тиімсіз жұмысына, уақытына жетпей істен шығуына алып келетін энергетикалық жүйелерді электрмен жабдықтаудағы қалыпты режимнен ауытқулардың өзгеріп тұруы себеп болды.

Трансформаторларда тармақтауды қосудың екі тәсілі бар: жүктемелі (РПН-жүктеме кезінде реттеу) және трансформаторларды жүйеден ажыратқан соң, яғни жүктемесіз (ПБВ-қоздырусыз қосу). ПБВ мен РПМ арқылы трансформатордың екінші ретті орамаларындағы кенеуді номинал мәнге неғұрлым жақын ұстап тұруға болады.

Ауыстырып-қосу ораманың түрлендірілетін тармақтанулары арқылы орам санын өзгертумен, яғни ЖК орама кернеуінің ТК орама кернеуінен неше есе үлкен екендігін немесе ЖК ораманың орам саны ТК ораманың орам санынан неше есе үлкен болатындығын көрсететін трансформация коэффицентін өзгерту арқылы жүзеге асырылады.

Трансформация коэффиценті

 

Мұндағы бірінші және екінші ретті орам сандары; Е1, Е2 - бірінші және екінші ретті ораманың ЭҚК-тері; U1, U2 – тұйықталмаған екінші ретті тізбегіндегі бірінші және екінші ретті орама шықпаларындағы кернеулер.

 

 

16-сурет. Екі қабатты цилиндрлі орама:

1-контактілі болт; 2-контактілі сегмент; 3-контактілі білік; 4-біліктің оқшауланған бөлігі (бакелитті құбыршақ); 5- цилиндр фланеці; 6-қағаз-бакелитті цилиндр; 7-тығыздауыш резеңке сақина; 8-трансформатор багының қақпағы; 9-фланец; 10-стопорлы болт; 11-жетек қалпағы (ұстағыш)

Трансформация коэффицентін екінші ретті орама тізбектен ажыратылып тұрғанда, яғни бос жүріс режимінде орама шықпаларына қосылған вольтметр көмегімен анықтайды.

Екінші ретті кернеуді реттеудің шегі әр түрлі трансформаторлар үшін әр түрлі : 10% үшін 12 сатылыға 1,67%-дан немесе 16 сатылыға 1,25%-дан РПН көмегімен келсе; 5% үшін 4 сатылыға 2,5%-дан ПБВ көмегімен келеді.

Ауыстырып-қосқыштар әр түлі құрылымға ие, бірақ олардың жұмыс істеу әрекеті бірдей: қозғалмайтын контактілердің және осы контактілерді қосып тұратын қозғалмалы контактілер жүйелерінің орамалардың түрлендірілетін трамақтануымен жалғануы; сонымен қатар ауыстырып-қосу бактың қақпағында немесе қабырғасында орналасқан жетектің көмегімен орындалады, ал ауыстырып-қосқыш трансформатордың активті бөлігінде орналасады. Қуаты 1000 кВА-ге дейінгі трансформаторларда ТПСУ-9-120/11 және ТПСУ-9-12-120/10 маркалы ауыстырып-қосқыштар қойылады. РПН құрылғысы тармақталу ауыстырып-қосқышынан, контакторлы топтан, ток шектеуіш элементтен, жетек пен қосымша аппаратуралардан (автоматика, сигнализация және т.б.) тұрады. Ауыстырып-қосу ток тізбегін үзбей жүзеге асырылады. Тармалу ауыстырып-қосқышы оның тізбегінде ток болмаса, жаңа деңгейге қойылады.

Контакторлар тізбек пен токты коммутациялауға арналады және электрлік доғаларды өшіруші құрылғылармен жабдықталған. Ток шектеуіш элементтер (дроссель, резистор) ораманың түрлендірілетін сатысында үзіліссіз ауыстырып-қосу кезінде қысқа тұйықталу моментіндегі токтарды шектеу үшін арналған. Дроссельді қолдану кезіндегі РПН циклі бірнеше секундта өтеді. РПН-ның шапшаң іске асатын құрылғыларының резистормен бірігіп жұмыс істеуі секундтың бөлігінде өтеді және ол кіші өлшемдер мен тарнсформатордың қарапайым компоновкасына ие, бірақ олар жоғары класс дәлдігіндегі жоғары сапалы материалдардан жасалады.

Трансформатордың активті бөлігіболат қойма ретіндегі трансформатор майымен толтырылған бак ішінде орналасады.

Трансформатор майы сұйық диэлектриктер тобына жатады. Ол негізінен электрқондырғылардың қыздырылған ішкі бөлігіндегі жылуды шығаруға, майлы ажыратқыштардың электрлік доғасын өшіруге, қатты оқшаулағыштардың электрлік беріктігі мен электрлік аппараттардың герметизациясын жоғарылату үшін арналған.

Май келесідей талаптарға сай болуы қажет: электрлік беріктік (минимал тесу кернеуі) 200С-де және 50Гц ток жиілігінде 15кВ-тан төмен болмауы керек; қышқылдық саны – 1г май үшін 0,05 мг-нан аспауы керек; будың шашырау температурасы - +1350С – дан төмен болмауы керек; суыту температурасы - -350С-дан аспауы керек; күлділігі – 0,005 %-тан аспауы керек.

Трансформатор майы құрамында суда еритін қышқылдар, сілтілер мен механикалық қоспалар қажет.

 

Май суыту ортасы болғандықтан, орама мен магнитөткізгіштен бөлінетін жылуды бактың қабырғасы мен қақпағы арқылы сыртқа шығарады, сонымен қоса ол ток өткізуші бөлік пен жермен қосылған бактың арасындағы оқшаулау дәрежесін өсіреді.

Трасформатордың суыту аумағын күшейту үшін бакты қырлы қылып дайындайды, оларға құбырлар дәнекерленеді немесе алмалы радиатормен жабдықтайды. Тек қуаты 25 кВА дейінгі трансформатор багының қырлары тегіс жасалады. Радиаторлар бак қабырғаларына арнайы радиаторлы краны бар құбырлар арқылы жалғанады. Жоғарғы бүйір арқылы бак қабырғасына май өткізбейтін ұлтарақты қақпақ бекітілетін бұрышты немесе жолақты болат раманы дәнекерлейді.

Бактың төменгі бөлігіне кез-келген трансформаторларда майдың бір бөлігін алуға және оны ағызып жіберуге арналған шүмек, ал қуаты 100 кВА-тан жоғары трансформаторларда – шүмек арқылы майды ағызып болған соң қалдық майды түсіру үшін бітеуіш болады. Бактың қақпағында орналасқан екінші шүмек арқылы бакқа май құйылады. Екі шүмек те біруақытта екеуіне май тазалағыш аппараттарды қосуға мүмкіндік береді. Салмағы 800 кг жоғары трансформатор багының түбіне бұрмалы арбаша дәнекерленеді. Трансформаторды көтеру үшін бакта төрт сақина (рыма) орнатылған. Активті бөлігі магнитөткізгіштің консолінің жоғары жағындағы ұстауыштар арқылы жүзеге асырылады.

Бактың қақпағында кірмелер, кеңейткіш және қорғаныс құрылғылары (түтін шығаратын сақтандырғыш құбыр, қысым релесі, газдық реле, тесіп өтуден сақтандыру) орналасады. Бак қабырғаларына ұстағыш ілгекшелер дәнекерленеді, манометрлі сигнализатор (қуаты 1000 кВА жоғары ) бекітіледі және сүзгілер қойылады.

Кірмелерді трансформатор орамаларын электр торабына қосуға мүмкіндік беретін фарфорлы өтпелі оқшаулағыш деп қабылдауға болады.

Фарфор электрокерамикалық материалдарға жатады. Одан ЖК және ТК оқшаулағыштар жасалады.

Өтпелі электрфарфорлы масса лайлы заттардан (42...50%), кварцтан (20...25%), калийлі нөлдік шпаттан (22...30%) және үгінді фарфорлық өнімдерден (5...8%) тұрады. Оқшаулағыш жасағанда үгінді компонеттерге 20...22% су қосады, содан соң тестелінген фарфорлы майды ауа бөліктерінен ажырату мақсатында вакуумда өңдейді. Вакуум-прессте алынған монолитті цилиндр мундштуктан шыққанда әр түрлі типті оқшаулағыш жасауға мүмкіндік беретін бұйымдарға арналып кесіледі.

Фарфорлы бұйымдарды шыны қалыптастыратын компоненттерге толы сұйық жақұттармен жабады, себебі ол оқшаулағыштың механикалық беріктілігі мен атмосфералық кірленужәне дымқылдануға қарсы төзімділігін қамтамасыз етеді.

Трансформаторлардың көпшілігі әрдайым бакты маймен толтырылуы мен майдың ауамен әрекеттесу қабатының азайуын, яғни майды дымқылдық пен қышқылданудан сақтауға мүмкіндік беретін кеңейткіштермен (17-сурет) жабдықталынған.

Кеңейткіштің майдың деңгейі өзгерген кезінде ауаны сорып алу және ығыстыра алатын саңылауы бар. Ол цилиндрлі пішінде және трансформатор қақпағы 6 орналасқан кронштейнге бекітіледі.

Кеңейткіш трансформатор багымен трансформатор қақпағының ішкі бетінен төмен түспейтін және кеңейткіштің ішінде май қалдықтарының бакқа 1түспеуін болдырмайтын бөлігінде орналасқан құбыр арқылы үйлеседі.кеңейткіштің ішкі беті оны коррозиядан сақтайтын және майды металл қабатымен жанасудан сақтап тұратын жұқа қабатпен жабылған. Кеңейткіштің төменгі жағында майды ағызуға арналған саңылау бар.

Кеңейткіш көлемі келесідей есеппен, яғни май деңгейі жазда +350С температурада және толық жүктеме кезіндегі шекте, және қыста минимал температурада және сөндірілген трансформаторға арналып есептелуі қажет. Әдетте кеңейткіш көлемі трансформатор багындағы майдың 11...12% үлесін құрайды. Майдың деңгейін бақылау үшін кеңейткіштің бүйір қабырғасында шыны құбыр түріндегі металл жиекқұрсаулы май деңгейін көрсеткіш 2 орнатылады.

Герметикалық майлы трансформаторлар мен сұйық жанбайтын диэлектрикті трансформаторларда майдың беткі қабатын қорғау құрғақ азотпен, ал совтол-10 толтырылған автотрансформаторларда – құрғақ ауамен жүзеге асады. Кеңейткіштегі май қоршаған ауамен жанасатын қуаты 160 кВА жоғары герметикалық емес майлы трансформаторларда термосифонды немесе адсорбционды сүзгі болады. Ал қуаты 1 МВА жоғары майлы суыту тәсіліндегі және азотты жастықшалы автотрансформаторларда – термосифонды сүзгі (сұйық жанбайтын диэлектрикті трансформатордан басқа) болады.

 

 

 

17-сурет. Кеңейткіш:

1-бак; 2-май деңгейін көрсеткіш; 3-май деңгейін көрсететін шыны; 4-бұрыштық; 5-бекіткіш болт; 6-трансформатор қақпағы; 7-газдық реле; 8-жазық шүмек; 9-құбыр өтпел; 10-тірек табақша.

 

Қуаты 1 МВА жоғары кеңейткішті майлы трансформаторлар бактың ішкі қысымы 50кПа-дан кенеттен асып кеткен жағдайда ескертетін қорғау құрылғыларымен жабдықталады. Қорғау құрылғыларына келесі түрде жұмыс істейтін шыны диафрагмалы түтін шығарғыш құбыр мен қысым релесі жатады.

Шығарғыш құбырдың төменгі шеті бак қақпағымен жалғанады, ал жоғарғы бөлігіндегі шетіне (2,5...4 мм) диаметрі 150,200 немесе 250 мм жіңішке шыны мембрана жалғанады. ол белгілі қысымда сынған кезде бактың деформациясын болдырмай, газ бен майды сыртқа шығарып жібереді. Трансформатор қақпағының ішкі жағында орналасқан қысым релесінің негізгі элементтері болып соққы механизмі мен шыны диафрагма табылады. Белгілі қысымға жеткенде бакта соққы механизмі жүзеге асып, диафрагма сынады және газдың еркін шығуына жол ашады.

 

Майлы және сұйық диэлектрик пен кеңейткіші жоқ азот жастықшалы трансформаторларында атмосфералық қысым релесі ішкі қысымның 75 кПа-дан асқан мезетінде іске қосылады.

Қуаты 1 МВА және одан жоғарғы кеңейткішті трансформаторларда сонымен қатар газ бөліну мен майдың бактан кеңейткішке кенеттен ағу жылдамдығының өсуімен ұласатын бак ішіндегі бүліну кезінде (оқшаулағыштың электрлік тесілуі, орамдық тұйықталу, магнит өткізгіштің жергілікті қызуы) іске қосылатын газдық реле болады.

 

 

 

18-сурет. ПГ-22 типті газдық реле:

1-корпус; 2-төменгі сынапты контакт; 3-қақпақ үшін тіректі стержень; 4-жалғастырушы өткізгіш; 5-жоғарғы сынапты контакт; 6-реле қақпағы; 7-фарфорлы оқшаулағыш; 8-қысқыш; 9-шүмек; 10-жұмыс істеуші элементтер рамкасы; 11-жоғарғы қалқыманың айналу осі; 12-жоғарғы қалқыма; 13-салмақ; 14-скоба; 15-төменгі қалқыма; 16-төменгі қалқыманың айналу осі; 17-ағызу саңылауының бітемесі.

 

 

Газдың бөлінуі бүлінген жерде пайда болатын жоғары температура әсерінен май мен өзге де оқшаулағыш материалдардың бұзылу нәтижесінде жүреді. Әдетте кеңейткіш пен бакты жалғаушы, көлденеңге 2...40 көлбеп тұратын, сынапты контактілер 5 және 2 қондырылған, бір-біріне жанастырыла бекітілген қалқымалар 12 және 15 қондырылған металл корпусқа (резервуар) 1, ұқсайтын құбырға қондырылатын құрылғы - газдық реле (18-сурет) болып табылады.

Қалқымалар әйгелекке тіреліп тұрған 11 және 16 өстерінде бұрылуы мүмкін. Реле корпусы қалыпты жағдайда трансформатор майымен толтырылып тұрады, ал сынап контактілер тұйықталмаған. Ақау кезінде трансформатордағы бөлінген газ кеңейткішке көтеріліп, реленің жоғарғы бөлігіне шоғырланып, ондағы майды ығыстырады. Нәтижесінде май деңгейінің төмендеуінен жоғарғы қалқыма өсті айнала төмен түседі, ондағы сынап төгіліп, сынап контактілер тұйықталып ескерту сигнализациясын іске қосады. Төменгі қалқыманың төмендеуінен сынап контактілер тұйықталып, трансформатордың жұмысын тоқтатады.

Қысқа тұйықталу кезінде трансформаторда газдың пайда болу үрдісі интенсивті ағады, газ әсерінен май кеңейткішке қарай шашырайды, екі қалқыма да секіріп кетіп, трансформатор бірден сөніп қалады.

Тесіп өту сақтандырғыштары ЖК ораманың ТК орамасын тесіп өтуден сақтайды. Оларды бак қақпағына орнатып, ТК нөлдік кірмесімен жалғайды, ал кернеу 690 В болғанда – желілік кірмеге жалғайды.

ЖК мен ТК орама арасындағы оқшаулағыштың тесілу мезетінде саңылауы бар жұқа слюдалы парақшадан жиналған контактілер аралығы тесіледі, және екінші ретті орама жермен тұйықталып қалады.

Трансформаторларды жермен қосу үшін бактың қол жетімді төменгі бөлігінде ТК орама жағында орналасқан және өшірілмейтін «Земля» деген жазумен немесе жермен қосу белгісімен белгіленген арнайы резбалы (кем дегенде М12) жерлестіру контактілерін қолданады. Жерлестіруші контактінің беті жұмыр және қорғанған болуы керек; жермен қосу қимасы кем дегенде 40х4 мм болатын болат шинаға жалғау арқылы орындалады.

Трансформатор орамаларының температурасы 1600С-дан аспауы қажет. Трансформатор орамаларының температурасын өлшеу мүмкін болмағандықтан, әдетте трансформатор жүктемесі мен қоршаған орта температурасына тәуелді келетін бактағы май температурасын өлшейді.

Қалыпты жағдайда майдың беткі қабатындағы температура 950С-дан аспау керек, бірақ практикалық түрде ол жазды күннің өзінде 700С –дан аспайды, дегенмен бір жүктеменің өзінде жазда қысқа қарағанда температура жоғары.

Майдың температурасын өлшеу үшін трансформаторларға шкаласы 0-ден 1500С сынап термометрлер немесе шкаласы 0-ден 1000С термометрлік сигнализаторлар (ТС) қойылады. Соңғысы шкала шегіндегі кез-келген температураға қоюға мүмкіндік беретін екі қозғалмалы контактілермен жабдықталған. Сигналдық тізбекке қосылған бірінші контакт белгілі температурада май сигнал береді, ал оның көтерілуі барысында релеге жалғанған екінші контакт трансформаторды сөндіріп тастайды. Қуаты 6300 кВАтрансформаторларда кедергі термометрлері қойылады.

Термосифонды сүзгі (19-сурет) майдың оқшаулағыштық қасиетін ұстап тұруға арналған, сәйкесінше оның пайдалану мерзімін созуға мүмкіндік береді. Ол белсенді материал – сорбентпен (майды қартайтатын өнімдерді жойатын) толтырылған цилиндрлік аппарат. Сүзгіні трансформатор багына екі келте құбыр және аралық жалпақ шүмек арқылы жалғайды. Сүзгі жұмысы термосифонды принципке негізделген: аса қызған майдың беткі қабаты суыту құрылғысынан өтіп, төменге түседі. Термосифонды сүзгі радиатормен параллель қосылған, сәйкесінше, май ол арқылы жоғарыдан төменге өтіп, үнемі тазаланып отырады. Мұндай сүзгілер қуаты 160 кВА және одан жоғары трансформаторларда қойылады.

Майдың температуралық тербелісі кезінде кеңейткішке түсетін дымқыл және ластанған ауаны кептіріп, тазалау үшін барлық трансформаторлар ауа тазалағыш сүзгімен

 

 

19-сурет. Термосифонды сүзгі:

1-радиатор шүмегі; 2-жүктелетін люк; 3-ауаны шығаруға арналған саңылаулы бітеме; 4-силикагель;5-сетка; 6-саңылаулы түбі; 7-май сынамасын алуға арналған бітеме; 8-майды ағызуға арналған бітеме; 9-сүзгі корпусы; 10-трансформатор багының қабырғасы

20-сурет. Ауа тазалағыш сүзгі:

1-кеңейткіштің демалу құбыршасы; 2-жалғаушы муфта; 3-қадағаланатын терезе; 4-трансформатор багы; 5-май бекітпесі;6-бекітпедегі май деңгейін көрсеткіш; 7-кронштейн

 

 

кеңейткіштің демалу құбыршасында 1 орналасқан ауа кептіргіш (20-сурет) жабдықталады. Ауа кептіргіш силикагельмен толтырылған цилиндр тәріздес. Цилиндрдің төменгі бөлігінде жұтылған ауаны тазалауға арналған май бекітпесі 5 орнатылса, ал жоғарғы бөлігінде дымқылданған кезде өзінің түсін көгілдір түстен қызғылт түске ауыстыратын индикаторлы силикагельді патрон орнатылады.

Құрғақ трансформаторлардың құрылымдық ерекшеліктері.Майлы трансформатор өртқауіпті, сондықтан оларды қолдануға мүмкін болмағанда құрғақ трансформаторларды немесе жанбайтын толтырғыштары (совтол, пиранол, кварцты құм) бар трансформаторларды қолданамыз. Құрғақ трансформаторларды өндірістік кәсіпорын цехтарында арнаулы трансформаторлы камералары бар құрылғыларды қолданбай-ақ қондыруға болады.

Күштік үшфазалы құрғақ трансформаторлар (21-сурет) қорғалған күйінде 160...1600 кВА қуатта жоғары кернеуге 6(10) кВ және төменгі 0,23; 0,4 және 0,69 кВ кернеуге есептелген орамаларымен шығарылады. МЕСТ 14074-76 қуаты 160 кВА төмен (25,40,66,100 кВА) құрғақ трансформаторларды шығаруды да қарастырады.

 

 

 

21-сурет. Күштік үш фазалы құрғақ трансформатор:

1-белсенді бөлігі; 2-ЖК кірмесі; 3,9 – сәйкес ТК және ЖК кірме қораптары; 4-люк қақпағы; 5-кожух; 6,8-сәйкес трансформаторды көтеруге арналған сақина мен пластина; 7-шина; 10-арба; 11-каток

 

Құрғақ трансформатор қақпақпен біріккен қорғағыш кожух пен белсенді бөліктен тұрады. Орамалары глифталь лакпен сіңдіріліп, эмальмен жабылған шыны-мақтамен оқшауланған мыс сымнан жасалады. Мұндай трансформатор кожухы тік бұрышты болат парақшалардан жиналады. Олардың қабырғасында орама мен магнитөткізгішті суытуға арналған вентиляциялық жалюзи болады.

ЖК орамасы трансформация коэффицентін номиналдыны +5 % -сатылы түрде 2,5 %-тен өзгертуге мүмкіндік беретін қосымша тармақтануға ие. Ауыстырып-қосу тек ЖК мен ТК орамаларын тораптан ажыратқаннан соң іске асырылады. Ауыстырып-қосқыш құрылғылар ярмолы балканың жоғарғы бұрыштарына бекітілген қысқышты гетинакс панель түрінде келеді. Оларға қосымша тармақтану жүргізіледі; ауыстырып-қосу арнайы мойнақ арқылы орындалады.

Құрғақ трансформаторлар сол немесе оң жағында орналасқан ЖК кірмесі арқылы жасалады.

Қуаты 160,250 және 400 кВА құрғақ трансформаторлар бір ғана тіректі рамамен – сүйретпе шанамен; ал қуаты 630,1000 және 1600 кВА трансформаторлар – көлденең және бойлық жылжытуға ауыстырып қоюға келетін аунақ арбамен жабдықталады.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Электромагниттік релені сына

I Электр станциялары б лімі бойынша лабороториялы ж мыстарды та ырыптары... Электр энергияны абылдау ж не тарату рыл ылары...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Рылысы және техникалық сипаттамасы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Жалпы түсініктемесі
Станцияларда өңдірілген электр энергиясы тұтыну аймағына өзара байланысқан беріліс, тарату және түрлендіруші электр қондырғылар жүй

КВ кернеудегі комплектілі трансформаторлы қосалқы станциялар
  Комплектілі трансформаторлы қосалқы станциялар (КТП) жиналған немесе құруға толық даярланған күйде жеткізілетін трансформаторла

Көлемді қосалқы станциялар
  Монтажды индустриаландырудың деңгейін жоғарылатуды, объектілерді салудың мерзімін қысқартуды, құрылыстардың сапасын жақса

Көлемді электротехникалық ғимараттар
Индустриялды панельді электротехникалық ғимараттар (ИПЭҒ) олардың ішіне щиттарды (тарату, релелік, басқару станциялары), комплектілі трансформаторлы қосалқ

Комплектілі трансформаторлы қосалқы станцияны монтаждау
  КТП-ны монтаждау құрама блоктарды немесе барлық қосалқы станцияны қондырылатын орнына жеткізу мен фундаментке орнатудан тұрады. КТ

Бақылау сұрақтары.
1. Электр энергияны тарату қалай жүзеге асырылады? 2. Тарату құрылғылары деген не? 3. Қоректендіру орталығы, тарату пункті, тарату желісі

Трансформаторлардың белгіленуі
  Трансформатордың белгіленуінде әріптермен олардың конструкциялары және негізгі электрлік параметрлері көрсетіледі. Әріптер: біріншісі –

Трансформатордың габариттер бойынша таратылуы
  Трансформаторлар қуаты мен орамаларының оқшаулағыш классына байланысты габариттердің жеті тобына жіктеледі (1-кесте). Трансформаторды сипаттай

Кесте Күштік майлы трансформаторлар сипаттамасы
        22-сурет. үш фазалы екі орамалы трансформатор орамаларының жалғану тобы мен сұлбасы: Y-жұлдызш

Бақылау сұрақтары
1. Күштік трансформаторлар не үшін арналған? 2. Трансформатордың қандай кернеу орамаларын білесіз? 3. Трансформатордағы кернеудің тү

Ток трансформаторының құрылысы
Ток трансформаторларының құрылысы келесідей топқа бөлінеді: тіректі, өтпелі, қалқанды, орантылған, біріктіруші немесе ажыратушы және салб

Ток трансформаторының белгіленуі
Ток трансформаторын белгілеудегі әріптер: Т-ток трансформаторы, П-өтпелі, О-бір орамды, М-көп орамды, Л-құйылған изоляциялы, Ф-фарфорлы изоляция. Сонымен қ

Ток трансформаторын монтаждау
Ток трансформаторын монтаждау тексерістер мен оларды қондыру кезіндегі тексеріс және қондырудың өзінен тұрады. Ток трансформаторын монтаждау шеберханала

Кернеу трансформаторлары
Кернеу трансформаторлары электр өлшеуіш аспаптардың, реле, сигнализация тізбектердің, басқару мен автоматтандыру катушкасын кернеумен қоректендіруге қолданылады.

Кернеу трансформаторын монтаждау
Кернеу трансформаторын монтаждау алдында келесі ережелерді орындау қажет: Трансформаторды екі бұрыштыққа орнатарда түсірілетін кранға қол жетімді

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги