Трансформаторлардың белгіленуі

 

Трансформатордың белгіленуінде әріптермен олардың конструкциялары және негізгі электрлік параметрлері көрсетіледі.

Әріптер: біріншісі – фаза санын (О- бір фазалы, Т-үш фазалы), екіншісі немесе екеу - суыту тәсілін (М-майлы, С- құрғақ; Д-үрлемелі, Ц-циркуляциялық; ДЦ- циркуляциялы мәжбүрлеумен үрлемелі), үшіншісі – орама саны (Т-үш орамды).

Н әрпі жүктеме кезінде басқарылатын құрылғыны білдірсе, ал екінші Н әрпі трансформатордың жанбайтын сұйық диэлектрикпен толтырылғандығын білдіреді.

Сонымен қатар, қуаты 110 кВ-тан жоғары трансформаторлар үшін қосымша белгілерді қолданады: Г-найзағайға төзімді жасалғандығын, В-ЖК кірмесінде ток трансформаторының орнатылғанын білдіреді және т.б. басқа трансформаторларға қарағанда бірғана орамасы болатын автотрансформаторлар үшін алдымен А әрпі белгіленеді.

Трансформатордың әріптік белгіленулерінен кейін тұратын бірінші цифр номинал қуатты (кВА) көрсетсе, екінші цифр – ЖК орамасының номинал кернеуін (кВ); соңғы кездері трансформатордың берілген конструкциясының шыққан жылын білдіретін қосымша екі цифрды қойып жүр. Мысалы, ТМ-1000/10-63 маркалы трансформатор: майлы суыту тәсілімен жасалған үшфазалы, екі орамалы, қуаты 1000 кВА, ЖК орамасының кернеуі 10 кВ, конструкциясы 1963 ж. шыққан.