Трансформатордың габариттер бойынша таратылуы

 

Трансформаторлар қуаты мен орамаларының оқшаулағыш классына байланысты габариттердің жеті тобына жіктеледі (1-кесте).

Трансформаторды сипаттайтын негізгі техникалық берілгендеріне номинал қуат (кВА) және ЖК мен ТК орамасының кернеуі (кВ), орамалардың жалғану тобы, орамалардың номинал токтары (А) және қысқа тұйықталу кернеуі Uқ.т. (%) жатады.

Үш фазалы күштік трансформаторлар келесі қуаттарға арналып шығарылады: 10,16,25,40,63 кВА, және он есе үлкен қуаттарға, яғни, 100,160,250,400,630 кВА және т.б.

Трансформаторлар сұлбасы мен орамаларының жалғану топтары 22-суретте көрсетілген.

Жалғану топтарын екінші ретті желілік кернеу векторының бірінші ретті желілік кернеуге қатысты ығысу бұрышы арқылы анықтайды. Ыңғайлы болу үшін вектордың ығысу бұрышын сағат тілімен белгілейді. Кез-келген жалғану сұлбасында ығысу бұрышы ең кемі 300, сондықтан шеңбер (3600) 12 тең бөлікке бөлінеді. Және ығысу бұрышы тек сағат тілімен жылжытылады, яғни, 1 жалғану тобына екінші және бірінші ретті кернеу векорының ығысу бұрышы 300, 6 топ – 1800 және т.с.с. 0 топқа 12 топ сәйкес келеді, яғни, векторлардың ығысу бұрышы нөлге тең.