рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы

Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы - раздел Философия, Ық Және Мемлекет x...

Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін… Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының… Мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың,…

Ық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.



Ықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.

Құқықтық мемлекет – басқаша түсіндірсек ол жеке тұлға мен қоғамның… а) құқыктың басымдылығы; б) адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы;

Азаматтық қоғам.

Азаматтық қоғам дегеніміз имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық,… Азаматтық қоғам құқықтық… "Азаматтық коғам" ұғымын өткен замандардың ұлы ойшылдары…

Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.

Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын анықтайды. Басқаша… Кез келген мемлекетте қарама-қарсы қайшы болып келетін екі… Мемлекеттің таптық мәні- Мемлекет бұқара (көпшіліктің) билігі ретінде…

Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).

Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып…

Мемлекетті басқарудың нысаны

Басқаша айтқанда басқару нысаны - мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның… Ежелгі грек философы Аристотель өз заманында басқарудың… Басқару нысандарының осы көрсетілген айырым белгілері қазіргі кезге шейін сақталды.…

Мемлекеттің саяси режимі

Саяси режимдердің түрлері: а) демократиялық; б) антидемократиялық.

Мемлекеттің белгілері.

Мемлекеттің баска бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға… Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз… Мемлекеттің дамуы барысында халықтың аумақтық орналасу принципі бірқатар…

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.

Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың құдіретімен… Патриархалдық теория мемлекет пен құқықтың… Келісім-шарттық теория мемлекет пен құқықтын шығуын, пайда болуын адамдар…

Ық бұзушылықтың ұғымы және құрамы

Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды… Адамдардың қандай да әрекеттері (әрекеттіліктері… Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға қауіпті…

Ықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері

Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөліктерден: құқық… Құқық субъектісі — заңды және жеке… Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру…

Субъективті құқық және заңдық міндет.

Субъективтік құқық – бұл субъектінің өз мүдделерін қана-ғаттандыруға… Субъективтік құқық – адамның не… Заңды міндет – бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет – бұл субъективтік…

Ық бұзушылықтың түрлері.

Адамдардың қандай да әрекеттері (әрекеттіліктері немесе әрекетсіздіктері) қоғамға қауіп… Құқық бұзушылықтар әлеуметтік… Қылмыстар қоғамға қауіптілігі (зияндылығы) жағынан барынша жоғары…

Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.

Заң алдындағы жауаптылық белгілері: а) құқықтық ұйғарымдар түрінде… ә) құқық нормасының санкциясын жүзеге асыру түрінде көрінеді; …

Заңдық жауапкершіліктің түрлері

Заң алдындағы жауаптылық белгілері a)Заң алдындағы жауаптылық қай салаға… - әкімшілік – әкімшілік сипаттағы теріс қылық жасалған жағдайда туындайды…

Азақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.

Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi мемлекеттiң лауазымды адамдары ретiнде

1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi мемлекеттiң лауазымды адамдары болып табылады, олардың мәртебесi Конституциямен және осы Конституциялық заңмен, сондай-ақ Конституция мен осы Конституциялық заңда реттелмеген бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшесiнiң қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.

Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгi

1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде тәуелсiз болады және тек Конституция мен осы Конституциялық заңға ғана бағынады. Басқа ешқандай да актiнiң олар үшiн сөзсiз мiндеттi күшi болмайды.Олардың қызметiне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

2. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң конституциялық iс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi қызметi есеп беруге жатпайды. Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру мәселелерi бойынша олардан есеп талап етуге ешкiмнiң хақы жоқ.

3. Қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн Конституциялық Кеңестiң қарауына арқау болып отырған мәселелер бойынша ешкiмнiң де пiкiр немесе кеңес сұрауға, ал Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң, Конституциялық Кеңестiң отырысынан басқа кезде, пiкiр айтуға немесе кеңес беруге хақы жоқ.

4. Конституциялық Кеңестiң мүшелерi өкiлеттiк мерзiмi iшiнде ауыстырылмайды. Олардың өкiлеттiгiн, осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тоқтатуға немесе тоқтата тұруға болмайды.

5. Егер Конституциялық Кеңестiң қарауындағы мәселеге тiкелей жеке немесе жанама мүдделiгiне байланысты өзiнiң әдiлдiгiне күмән тууы мүмкiн болса, Конституциялық Кеңестiң Төрағасы немесе мүшесi бұл мәселенi қараудан бас тартуға мiндеттi, мұны Конституциялық Кеңес қанағаттандыруға тиiс.

6. Конституциялық Кеңес мүшесiнiң сотта немесе өзге құқық қолдану органдарында, заңды өкiлдiктен басқа, қорғауды немесе өкiлдiктi жүзеге асыруға, құқықтарды жүзеге асыру мен мiндеттерден босату iсiнде қандай адамдарға болса да қамқоршылық жасауға хақы жоқ.

Конституциялық Кеңес мүшелерiне ешкiмнiң тиiспеуi

1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасалған реттердi қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты қылмыстық iстi анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк органның басшысы ғана қозғай алады. Iстi тергеу барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры жүзеге асырады, ол Парламентке Конституциялық Кеңестiң Төрағасын немесе мүшесiн қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм беру туралы ұсыныс енгiзедi. Конституциялық Кеңестiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты қылмыстық iстi Республика Жоғарғы Соты қарайды.

3. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылмайды.

4. Конституциялық Кеңестiң мүшесiн, егер осы Конституциялық заңға сәйкес оның өкiлеттiгi тоқтатыла тұрмаған болса, Конституциялық Кеңестiң отырысына қатысудан шеттетуге ешкiмнiң хақы жоқ.

Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерi құқықтарының теңдiгi

Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституциялық Кеңес жүргiзiп жатқан мәселелердi қарауда және олар бойынша шешiмдер қабылдауда

Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету

1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiнiң жалақыны Республика Президентi Республика Конституциясының 44-бабының 9)-тармақшасында анықталған тәртiппен белгiлейдi.

2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн тұрғын үймен, көлiкпен және өзге де қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу Республика Президентi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша:

1) дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi;

2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды;

2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;

3) Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;

4) Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;

5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар бередi.

 

 

Азақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.

ҚР президентін сайлауҚазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.

Р Президентiнiң өкiлеттiгi

1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi… 2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және… 3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру…

Азақстан Республикасының Парламенті.

ҚР Парламенті - республика халқының еркін білдіретін, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендікті байқататын ӛкілді орган. Ӛкілді сипат қай елдің болмасын Парламентіне тән қасиет. Халықпен тікелей және жанама құрылатын бұл орган бүкіл халықтың атынан ӛкілдік етеді, барлық халықтың біртұтастығын білдіреді және азаматтардың билікті жүзеге асыруының негізгі нысаны болып табылады. Ол халықтың, яғни мемлекеттегі барлық азаматтардың мақмат-мүдделері мен еркін бідіруші ретінде қарастырылады. Сондықтан да Парламенттің негізгі бағыты: тұрғылықты халықтың ерік-жігерін, мүдделерін тану, зерттеу және оларды заңдарда бейнелеу, ӛз депутаттары арқылы халықтың мемлекетпен тікелей, тұрақты байланысын қамтамасыз ету. Парламенттің халық ӛкілдігі деп аталуының мәні міне осында. Парламент - бүкіл ҚР аумағында міндетті күші бар заң актілерін қабылдайтын заң шығарушы орган. Парламенттің басты мақсаты – заңдарда халық мүддесін бейнелеу, ерік-жігерін заңи рәсімдеу. Ал, басты міндеті (саяси) - ӛзінің заң шығарушылық қызметі арқылы елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайды түпкілікті тұрақтандыру үшін қызмет ету болып табылады.

Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заң актiлерiмен белгiленедi. 1. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан:

Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.

2. Сенат конституциялық заңда белгiленген тәртiппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан өкiлдiк ететiн депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбiр үш жылда қайта сайланады.

3. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерiнiң бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi ескерiлiп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президентi тағайындайды.

4. Мәжiлiс конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сайланатын жүз жетi депутаттан тұрады.

Мәжiлiстiң тоқсан сегiз депутаты саяси партиялардан партиялық тiзiмдер бойынша бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнен жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжiлiстiң тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

5. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.

6. Сенат пен Мәжiлiс депутаттарын сайлау тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.

Парламенттің екі палаталық құрылымының қажеттігі:

- біріншіден, екі палаталық құрылым заң жобасын палаталарда екі қайтара талқылаудан ӛткізуді мүмкін ете отырып қабылданатын заңдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

- екіншіден, Парламенттің екі палаталы құрылымы жалпы мемлекеттік мүдделер шегінде түрлі аймақтардың ӛзіндік мүдделерін ескеруді қамтамасыз етеді.

Парламент депутаттарының мәртебесі.

6. Парламент депутаты: 1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты… 2) оған қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;

Сот билігінің ұғымы.

Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.

- Конституциялық құқықтық норма – жалпыға міндетті ереже, яғни ол тұлғалар мен… - Конституциялық құқықтық норма – нысанды… - Конституциялық құқықтық норма – нақты анықталған…

Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.

жеке құқықтар мен бостандықтар - әркімнің құқығы болып табылады және тікелей… байланысты және белгілі бір жасқа (18) толғанда туындайды,… әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар – адамның…

Азақстан республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.

Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І Заңымен алынып тасталды.
10) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды. 1.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.

2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.

3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Республика Үкiметi:

1. мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;

2. мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;

3. әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады;

4. Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;

5. Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттiк валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;

6. құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;

7. мемлекеттiк баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi;

8. мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;

9. еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтiк қорғау, мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын белгiлейдi;

10. мемлекеттiк аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, жүзеге асырады: аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;

11. ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгiзудiң, мәдениеттi, бiлiмдi, денсаулық сақтау iсiн, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттiк саясатын белгiлейдi, және жүзеге асырады;

12. табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиiмдi пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;

13. құқықтық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртiбiн, Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;

14. келiссөздер жүргiзу мен үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

15. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;

16. өзiне Конституция, заңдар және Президент актiлерi жүктеген өзге де функцияларды орындайды

 

26.Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері. Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.[1] Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарайзаң шығарушы;атқарушы;сот билігіболып бөлінеді.Заң шығарушы билік – демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзегеасырушы мемлекеттік органдар жүйесі. Заң шығарушы билік конституциядан кейінгі жоғары заң күші бар нормативтік актілерді – заңдарды шығару құқығын түбегейлі иеленеді. Сондай-ақ, бірқатар елдерде заң шығарушы билікке бюджет пен қаржы заңдарын қабылдау құқығы және атқарушы биліктің – үкіметтің қызметіне бақылау жасау құқығы берілген. Демократиялық-құқықтық мемлекеттерде заң шығарушы билікті тек арнаулы заң шығарушы органдар (парламент, федерация субъектілерінің заң шығарушы органдары) ғана емес, сонымен бірге референдум жолымен тікелей халықтың өзі, ал кейбір реттерде – өкілдік берілген немесе төтенше заң шығарушылық тәртіппен атқарушы билік органдары да жүзеге асыруы мүмкін. Парламенттік басқару пішімін қабылдаған елдерде (мыс., Түркияда) парламент заң шығарушы билік органы болып саналады, атқарушы билік заң шығарушы биліктің алдында жауапкершілік арқалайды. Ал кейбір мемлекеттердің конституцияларында заң шығарушы билік монарх пен парламентке немесе парламент палаталарына және парламенттің құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекет басшысына бірдей тиесілі. Абсолют монархиялық басқару пішімісақталған елдерде заң шығарушы билікті тек қана монарх жүзеге асырады.Қазақстан Республикасында заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган – қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады.[1]

Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді. Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Қс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі. Алқа әр елде әр түрлі құрамда: кәсіби судьялардан (мысалы, азаматтық іс қаралғанда 3 не 5 судьядан), бір судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен немесе бірнеше судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен құрылады. Қс қарап, шешім шығарарда сот заң мен құқықтық санаға жүгінеді. Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айыра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады. Сот билігінің қарама-қайшы екі жағы бар, бір жағынан бұл қуатты билік, екінші жағынан салыстырмалы түрде осал билік, өйткені ол заң шығарушы билік сияқты сайлаушылардың қолдауына сүйене алмайды, атқару билігі қолындағыдай қара күш механизмдері жоқ. Сот билігінің күші заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте, қоғамның жоғары саяси және құқықтық мәдениетінде. Заң шығарушы билік саясатпен тығыз байланысты (парламентте көбіне саяси фракциялар басты рөл ойнайды), атқару билігі де саяси қысымға мойынсұнады, ал сот билігін жүзеге асыру барысында саяси және басқадай ешбір қысым болмау керек. Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Сот билігінің тәуелсіздігі жайында Қазан төңкерісіне дейін қазақ зиялыларының ішінде тұңғыш болып Барлыбек Сыртанов мәселе көтерген. Ол 1911 жылғы “Қазақ елінің уставы” атты еңбегінде: “Сот билігі өз еркімен іске асады. Судьялар дау шешкенде хүкметке, яғни адам баласына бағынбай, закон їәм сот ережелері негізімен хүкім шығарулары шарт. Судьяларға әсер жасағандарға сот хүкімі кесіледі” деп жазған. Дүниежүзідік тәжірбиеде сот билігі арнайы қағидалар арқылы жүзеге асырылады: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы; сот ісін жүргізудегі жариялылық; сот процесінің жарыссөзбен жүргізілуі, тараптардың дәлелдерді еркін пайдалануы; кінәсіздік презумциясы, яғни айыптау үкімі заңды күшіне енбейінше сезікті адам кінәлі болып танылмайды; айыпталушының қорғаушы алу құқығын қамтамасыз ету. Қазақстанда сот биліг Конституция талаптарына сәйкес іске асырылады.

27. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.

Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.

Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесіболып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

Агенттік — Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.

Ведомство — өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.

Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны — министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар — әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар — жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.

 

28.Атқарушы биліктің орталық органдары. Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б.министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.Агенттік — Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.Ведомство — өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны — министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар — әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.Жергілікті атқарушы органдар — жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.

29. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері. Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілгенАзаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивтідеп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.Азаматтық құқықтың қағидаларына:тараптардың теңдігі;шарт еркіндігі және таңдау құқығы;еркіндік;тәуелсіздік;меншікке қолсұқпаушылық;біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;бұзылған құқытарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

30. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі. Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық және өсиетнама.Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.:«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктеиді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау келілдіктері заңмен белгіленеді.Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.Басқа да заң актілері.Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентініңконституциялық заң күші бар және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.Заңға негізделген нормативтік құықтық актілер.Заңға негізделген нормативтік құықтық актілерге әр түрлі министрліктердің, атқарушы органдардың, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқықтық актілері жатады.Әдеттегі құқықтар.Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасыаумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.Халықаралық шарттар (конвенциялар).Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.

Азаматтыќ ќұќыќтыќ ќатынастар әдетте: а) мүліктік жєне мүліктік емес; ә) абсолютті жєне салыстырмалы; б) заттыќ жєне… Бұлайша бөлудің негізіне әртүрлі белгілер… шартынан туындайтын ќұќыќ ќатынасы) жєне т.б. болуы мүмкін.

Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны.

Субъективтiк құқық пен мiндет құқықтық реттеудiң нәтижесiнде ғана пайда… О.С. Иоффенiң берген анықтамасы бойынша, субъективтiк… Азаматтық құқықтық мiндет дегенiмiз- азаматтардың әрекеттерiн…

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.

Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы,… Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару…  

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері – пайдалануға не қорғауға субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер бағытталған нақты игіліктер. Құқықтық қатынастардың объектілері құқылы тараптардың мүддесімен байланысты болады және оның билігіндегі, мемлекет қорғауындағы игіліктер болып табылады. Оларға: заттар, ақша, бағалы қағаздар, материалдық емес игіліктер, жұмыс, қызмет т.б. жатады.

Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен объектілері. Меншік құқығы дегеніміз заң актілерімен танылған және қорғалатын субьектіге тиесілі мүлікті қалауы бойынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы. Меншік иесіне тиесілі мүлік дегеніміз оның меншігіндегі барлық обьектілер. Мүлік мүліктік құқықтар ретінде кең мағынада емес, тар мағынада−зат, қолма қол ақша, құжаттық бағалы қағаз түрінде түсіндіріледі. Меншік құқығынан тыс құқықтар билік ету құқығынан туындайды.Меншік обьектілері жалпы және арнаулы режмге бағынуы мүмкін. Арнаулы режим дегеніміз мүліктің қандай да бір түрін иемденуге, пайдалануға жіне оған билук етуге қатысты бекітіліген арнайы нормативтік ереженің болуы. Арнаулы режим бірқатар обьектілер үшін белгіленген. Мысалы, жылжымайтын мүлік. Меншікті ең маңызды обьектілері жер мен тұрғын үй б.т.

1. Азамат-қ құқықтық қатынастардың субъектілері-субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие құқықтық қатынас қатысушылары.Олар:

-Жеке тұлғалар;

- Заңды тұлғалар;

-Мемлекет;

-Әкімшілік аумақтық бөліністер;

Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.

1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары

Азаматтық құқықытық қатынастардың мазмұны, субъектілері және объектілері.

Ыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік.

1. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр…   Азаматтардың әрекет қабілеттілігіазаматтың өз әрікеттері мен азаматтық…

Кімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

38.Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі.ҚР Әкімшілік…

Кімшілік жазалардың мақсаты, түрлері, мәжбүрлеу шаралары.

Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары ӛте кӛп және олар әртүрлі. Олар қолдану… Қоғамдық қатынастардың және осы… 1. әкімшілік-алдын алу шаралары;

Кімшілік құқықтың қайнар көздері.

Кімшілік құқықтық қатынастар.

Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.

а) мемлекеттік қызмет кәсіби негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекеттік қызметтің ерекшелігін… б ) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік… В) мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың ерекше санатына…

Алименттік қатынастар.

1. Алимент төлеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс. Алимент төлеу… 1. Алимент төлеу тәртібі туралы келісімді жасасуға,… ілуі немесе бұзылуы мүмкін. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу алимент…

Азақстан Республикасының прокуратурасы.

Р прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.

Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларды Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзімге… 1)Прокурорлық қадағалау актілері: наразылық,… 2)Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер:…

Р Ұлттық қауіпсіздік органдары.

Ұлттық қауіпсіздік органдары: -жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің… -Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес барлау ақпараттарын іздестіріп…

Сот төрелігі және оның қағидалары.

Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады: — Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады. — Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және…

Аржы полициясы және оның атқару қызметі.

Қаржы полициясының органдары өздерiнiң алға қойған мiндеттерiне сәйкес, өз өкiлеттiктерi… 1) жасалған немесе жасалуға әзiрленiп жатқан… 2) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген…

Азақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.

қаржылық құқық – мемлекетпен ақшалық жүйесінің қалыптасу барысында және олардың бір қалыпты жұмыс істеулерін қамтамасыз етуде пайда болатын, сонымен қатар мемлекеттік ақшалық қорлардың пайдаланудағы ұйымдастыру, бөлу қалыптасу процессінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қаржы құқығының объектісі болып тек мемлекеттік қаржылар көрінетін атаған жөн. Жеке қаржының құрамына кіретін осы қатынастарға сүйене отырып қаржы құқығының пәні болуы мүмкін емес.

Демек, мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болатын қатынастар қаржы құқығының пәні бола алады.

Қаржы құқығымен реттелмейтін қаржы қызметінің процессінде пайда болған қаржы қатынастары туралы айтқанда, бір қатар бұндай қатынастарды тек қателікпен қаржылық және мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу барысында пайда болушылық ретінде жіктейтінін ұмытпаған дұрыс. Бұл аталған қызметтің шегін негізсіз ұлғайтқанның салдарынан болады. Бұндай қатынастарды санына мемлекеттік ақшалық қорларды пайдалануға байланысты тауар-ақшалы бола тура, не қаржылық, не мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болушылық болмайтын қатынастар жатады. Сондықтан, бұл қатынастар бұл қызметке ешқандай қатысы жоқ, ол тек кәдімгі шаруашылық (көбінесе кәсіпкерлік) қызметтің өнімі болып табылады. Мемлекеттің қаржы қызметінің процессінде пайда болушылықты реттеулік және реттелмеулік қаржы құқығымен шектеуге кейде заңгерлік құқықтық реттеу тәсілі түрінде критерий енгізеді. Бұндай қатынастардың санына шарттармен орталанған қатынастар жатады. Яғни «Шартты – демек қаржылық-құқықтық емесе» деген принцип қолданылады. Барлық мемлекеттік қаржылық қатынастар бұл қатынастарды құқықты реттеу тәсіліне байланыссыз түрде қаржылық құқықтың пәні болатынын атап айтқан дұрыс. Сонымен, қаржы құқығының саласы толық мемлекеттің қаржылық қызметінің саласымен сай келеді және керісінше.

Қаржылық құқықтың қайнар көздері қаржылық-құқықтық қатынастарды реттейтін өкілдік және атқару органдарының нормативтік құқықтың актілері болып табылады.

Қаржылық құқықтың ең басты қайнар көзі болып ҚР Конституциясы саналады. Бірақ қаржылық өатынастарды құқықтық реттеуде І-кезекте ҚР Үкіметінің қаулылары, және заңастылы актілері маңызды ролі атқарады жалғастырып келеді. Қаржы Министрлігінің, мемлекеттік табыс Министрлігінің, ал кейбір мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банк актілерімен яғни ведомствовалық құқықтық актілер арқылы құқықтың реттеу тәжірибесі қолданылады.

Қазіргі уақытта экономика да, қоғам тұттасымен де бірқалыпта жұмыс атқара алмайтын еліміздің ақшалық жүйесінің мемлекет қаржылық заңдар жинағымен анықтайды.

Қаржылық құқықта құқықтың реттеушіліктің 2-тәсіл қолданылады: бұйрықты және келісімді.

Өзінің құқықтың түрі бойынша қаржылық қатынастар келісімсіз (бұйрықты тәсіл қолдану салдарынан) және келісімді (келісімді тәсіл қолдану салдарынан) қатынастар.


 


Мемлекеттің қаржылық қызметі.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктері… Сол немесе өзге функциялардың мазмұны, рөліне… Мемлекет өз қаржы қызметін:

Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.

Еңбек құқының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың шеңбері… Еңбек құқығының пәні келесідей…  қарым қатынастар ішкі еңбек қатынасы жағдайында жұмыскерді белгіленген…

Еңбек құқының әдістері

Еңбек қатынастарының орталықтанған және оқшауланған реттеулерінің өзара бірлесуі.… Келісімдік, ұсынылған және императивтік реттеу… Кәсіподақтық мекемелердің еңбек қатыныстыран реттеуге қатысу.…

Еңбек құқығының жүйесі.

ҚР еңбек құқының жүйесі-ол бір тұтас (сала) негіз құрайтын, неғұрлым жеке өзіндік білім беруге бөлінетін жүйе (институттар), сондай-ақ басқа да одан да құрылымдық бөлшекті норманы құрайтын (институт ішіндегі жіктердің) нақты жалпылығы.Еңбек құқының барлық жүйесі құралым бойынша екі үлкен – Негізгі және Ерекше бөлімге бөлінеді.

Еңбек құқының құқықтың ұқсас

Салаларынан ерекшелігі

Азаматтық құқық пәніне еңбекке қатысты қоғамдық қатынастар кіреді, олар… Еңбек құқына әкімшілік… Әлеуметтік қамтамасыз ету құқынан еңбек құқы келесі белгілері…

Жеке еңбек шарты.

    67.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.

Ылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері.

78.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.   78-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Жер құқық қатынастарының түсінігі.

- жерді, ҚР халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау; - Жерді қорғау және ұтымды пайдалану; -Жерді нысанды пайдалану;

Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.

87.Жерге меншік құқығының түсінігі, түрлері. 1 Жерге меншік құқығының түсінігі… 88.Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және…

– Конец работы –

Используемые теги: мемлекет, 1171, ымдарыны, аны, тамасы, ара, атынасы0.098

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

Экология пәнінің анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экология дамуының тарихы.
Экология п ніні аны тамасы ма саттары міндеттері ж не дістері Экология дамуыны тарихы... Экология б лімдері аутэкология демэкология эйдэкология... Литература Экология п ніні аны тамасы ма саттары міндеттері...

Во­прос 1. Ана­то­мия как нау­ка
Связь ана­то­мии с дру­ги­ми нау­ка­ми 3. Дис­ци­п­ли­ны, вхо­дя­щие в со­став ана­то­мии 4. Струк­ту­ра сис­те­ма­ти­че­ской ана­то­мии...

Н.РУДКОВСКИЙ АНА И АНАНАС
АНА И АНАНАС... Диетическая комедия в четырех картинах...

Лекция Экономикалық теория пәні мен оның негізгі бағыттары Экономикалық ғылымдардың қайнар көздері
Экономикалы ылымдарды айнар к здері... Экономикалы за дар мен... Лекция Экономикалы дамуды жалпы негіздері Ндіріс...

Во­прос 1. Ана­то­мия как нау­ка
свер ху и сза ди от де ля ет ся верх ней ви соч ной ли ни ей linea temporalis superior те мен ной и лоб ной кос тей... ее внут рен няя ме ди аль ная стен ка об ра зу ет ся ниж ним от де лом... пе ред няя стен ка об ра зу ет ся ску ло вой ко стью и от рез ком лоб ной кос ти кза ди от linea temporalis...

Тақырып. Кіріспе. Бағыттап бұрғылау жүмыстарының даму тарихы.Олардың негізгі терминдері мен анықтамалары
Та ырып Кіріспе Ба ыттап б р ылау ж мыстарыны даму тарихы Оларды негізгі терминдері мен... Пайдалы азбалар кен орындарын барлауда шы ынды немдеу... Геологиялы барлау ж мыстары к леміні суі ыларды ба ыттап...

Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері
Та ырып леуметтік экономикалы статистиканы ылыми негіздері Міндеттері... А шалай мультипликатор коэффициенті а шалай масса а шалай... А шалай база б л Р лтты Банкімен бекітілген а ша Оны...

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
Аза Гуманитарлы За Университеті... Экономика бизнес ж не леуметтік ылымдар жо ары... Гуманитарлы ж не жаратылыстану п ндер кафедрасы...

Дебатқа – жеңіске жетсем екен деген оймен емес, мол ақпарат пен тәжірибе жинақтаймын деп келген адам ғана, нағыз жан-жақты тұлға болып қалыптасады
СТУДЕНТ ЖАСТАР ОДА Ы... Жастар а пікір сайыс ойыныны... Діс т сілдерін йрететін...

Санаторно-курортне лікування, організований відпочинок та туризм в АР Крим у 2007/2008 році
Видання складається з шести розділів, в яких наведено інформацію про мережу санаторно-курортних оздоровчих закладів, їх ліжковий фонд та кількість… Крім того, у збірнику надається інформація про діяльність готельного… Значна кількість показників наведена по регіонах республіки та у порівнянні з даними по Україні. У збірнику…

0.025
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам
  • Риторика Квинтилиана В конце предисловия автор намечает план, которому и следует: первая книга посвящена первоначальному воспитанию мальчиков в семье и у грамматика до… Это хорошо систематизированное сочинение по ораторскому искусству: в нем… Сначала Квинтилиан рисует образ идеального оратора, продолжая разрабатывать эту тему вслед за Цицероном: „Итак, да…
  • ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераның ластаушылардың негізгі… Осы қалдықтарда&#117 1;ы әр түрлі… Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері…
  • Ана­то­мия как нау­ка НОРМАЛЬНАЯ АНАТОМИЯ...
  • ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ Аза гуманитарлы за университеті... ЭКОНОМИКА БИЗНЕС Ж НЕ ЛЕУМЕТТІК ЫЛЫМДАР ЖО АРЫ... ГУМАНИТАРЛЫ Ж НЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ П НДЕРІ КАФЕДРАСЫ...
  • СЗАО Агрофирма "Крым" Бахчисарайского района АР Крым Агрофирма «КРЫМ» является закрытым акционерным обществом. Адрес предприятия: 96447, Автономная Республика Крым, Бахчисарайский район, село Вилино,… Удаленность предприятия от ключевых объектов: • Расстояние до… Средняя годовая температура воздуха 10,7°С тепла.