рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Ылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері.

Ылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері. - раздел Философия, Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы Қылмыстық Жаза Соттың үкімі Б/а Тағайындалатын ...

Қылмыстық жаза соттың үкімі б/а тағайындалатын мем/к мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық жазаның мақсаты – құқ/қ әділдікті орнына келтіру, қылм/ң алдын алу, қылмыскерді тәрбиелеу.Қылмыстық жаза түрлері негізгі ж/е қосымша б.б. Негізгі жаза түрлері: айыппұл салу; белгілі бір лауазым атқару н/е қызметпен айналасу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызметтен шектеу; қамауға алу; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығын шектеу;бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қосымша жаза түрлері: айыппұл; арнаулы әскери атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан ж/е мем/к наградалардан айыру;мүлкін тәркілеу.Айыппұл - Қылмыстық кодексте көзделген шақта, заңмен бейгіленген ж/е жаза тағайындау сәтінде қолдалынып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде н/е сотталған адамның жалақысының н/е басқада табыс көзінің мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу.Қоғамдық жұмыстарға тарту сотталушының негізгі жұмыснан н/е оқуынан бос уақытында тегін қоғамдық жұмыстарды орындауынан тұрады, жұмыстардың түрлерін жергілікті артқарушы н/е өзін-өзі басқару органдары белгілейді. Қоғамдық жұмыстар 60-240 сағатқа дейін белг/і ж/е күніне 4 сағаттан аспайтын уақытқа өтеледі. Түзеу жұмыстары сотталушының негізгі жұмыс орны б/а өтеледі ж/е табыстың 5-25 процентке дейінгі шекте мем/к кірісіне ұстап қалынады. Түзеу жұмыстары 2 айдан 2 жылға д/н тағ/ы. Әскери қызмет б/а шеттеу - келісім шарт б/а әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілердің,шақыру б/а әскери қызметін өтеп жүрген офицерлердін үлес қаражатынан 20 процентен аспайтын мөлшерде мем/т кірісіне ақша ұсталып қалынады ж/е осы мерзім ішінде сотталғандардың әскери шені ж/е лауазымы көтерілмейді. Бас бостандығынан шеттеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы мекемеде 1-5 жылға дейінгі мерзімге оны қадағалау жағдайында ұстаудан тұрады.Бас бостандығынан айыру сотталушының колония - қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колонияларына отырғызу жолымен оқшаулаудан т/ы. Бас бостандығынан айыру 6 айдан өмір бойы мерзімге дейін белг/і. Өмір бойына бас бост/н айыру өмірге қастандық жасалынатын аса ауыр қылмыстар үшін беріледі.Арнаулы әскери атағынан , сыныптық шенінен, дипломатияалық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан ж/е мем/к наградаларынан айыру ауыр н/е аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қосымша жаза рет/е белгіленеді. Мүліктітәркілеу д/з сотталған адамның меншігі б.т. мүліктің бәрін н/е бір бөлігін мем/ң меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу



78.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

 

78-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

1. Осы бөлiмнiң күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады.

2. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

Ескерту. 78-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47 Заңымен.

79-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза

түрлерi

1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi:

а) айыппұл;

б) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

г-1) бас бостандығын шектеу;

д) (алынып тасталды)

е) бас бостандығынан айыру болып табылады.

2. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екi аптадан алты айға дейiнгi кезеңдегi мөлшерiнде тағайындалады.

3. Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

4. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрiн орындауының ұзақтығы күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.

5. Түзеу жұмыстары сот үкiм шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

5-1. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

6. (алынып тасталды)

7. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi үшiн немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың бiреуi ауырлататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi үшiн - он екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiн ауыр емес қылмысты және он төрт жастан он алты жасқа дейiн орташа ауыр қылмысты бiрiншi рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

8. Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:

а) бас бостандығынан айыруға бiрiншi рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар - жалпы режимдегi тәрбиелеу колонияларында;

б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар - күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларында өтейдi.

9. Қоғамдық қауiптiлiк сипатына және дәрежесiне, кiнәлi адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешiмнiң себебiн көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегi тәрбиелеу колониясында өтеуiн тағайындауы мүмкiн.

10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен қарым-қатынас кезiнде оның жеке басының белгiлi бiр ерекшелiктерiн ескеру туралы нұсқау беруi мүмкiн.

Ескерту. 79-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47, 2002.12.21. N 363, 2004.12.09. N 10 Заңдарымен.

80-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау

1. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезiнде осы Кодекстiң 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмiрi мен тәрбиесiнiң жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескерiледi.

2. Кәмелетке толмаған жас жеңiлдететiн мән-жай ретiнде басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескерiледi.

81-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан

және жазадан босату

1. Кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бiрiншi рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған осы Кодекстiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

2. Кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшiн бiрiншi рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге осы Кодекстiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткiзуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкiн.

Ескерту. 81-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.

82-бап. Тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары

1. Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк әсерi бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн:

а) ескерту;

б) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;

в) келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу;

г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүрiс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу;

д) кәмелетке толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесiне орналастыру.

2. Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде тәрбиелiк әсерi бар бiрнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы мүмкiн.

83-бап. Тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларының

мазмұны

1. Ескерту кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды түсiндiруден және осы Кодексте көзделген қылмыстарды қайталап жасаудың зардаптарын түсiндiруден тұрады.

2. Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк әсер ету және оның мiнез-құлқын бақылау жөнiнде мiндеттер жүктеуден тұрады.

3. Келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайын және оның тиiстi еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледi.

4. Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүрiс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу, белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақыттың белгiлi бiр нысанын, оның iшiнде механикалық көлiк құрамын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттiк органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеудi көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға бiлiм беру мекемесiне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау, не мамандандырылған мемлекеттiк органның көмегiмен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкiн. Осы тiзбе толық болып табылмайды.

5. Алты айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесiне орналастыруды сот кәмелетке толмай қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға тағайындауы мүмкiн. Аталған мекемелерде болу адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ түзетудi қамтамасыз етушi мамандандырылған мемлекеттiк органның қорытындысы негiзiнде сот кәмелетке толмаған адам өзiнiң түзелуi үшiн бұдан әрi бұл шараны қолдануды қажет етпейдi деген тұжырымға келсе, мерзiмнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

6. Кәмелеттiк жасқа толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесiнде болуды осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген мерзiм бiткеннен кейiн ұзартуға тек кәмелетке толмаған адамның жалпы бiлiм беретiн немесе кәсiптiк даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол берiледi, бiрақ ол кәмелетке толғанға дейiнгiсiнен аспауы керек.

7. Кәмелетке толмаған адамның арнаулы тәрбие және емдеу-тәрбиелеу мекемесiнде болуының тәртiбi мен ережелерi заңдармен белгiленедi.

84-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты

түрде мерзiмiнен бұрын босату

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға немесе түзету жұмыстарына сотталған адамдарға:

а) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен бiрiн;

б) ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кемiнде үштен бiрiн; <*>

в) адам өмiрiне қол сұғумен ұштаспаған аса ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;

г) адам өмiрiне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кемiнде үштен екiсiн нақты өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн.

Ескерту. 84-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.

85-бап. Ескiру мерзiмi

Осы Кодекстiң 69 және 75-баптарында көзделген ескiру мерзiмi кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуiнен босату кезiнде тең жартысына қысқартылады.

86-бап. Соттылықты жою мерзiмдерi

Он сегiз жасқа толғанға дейiн қылмыс жасаған адамдар үшiн осы Кодекстiң 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзiмдерi қысқартылады және тиiсiнше:

а) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiн өтегеннен кейiн төрт айға;

б) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн бiр жылға;

в) ауыр және аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн үш жылға тең болады.

87-бап. Осы бөлiмнiң ережелерiн он сегiз бен жиырма

жас аралығындағы адамдарға қолдану

Он сегiз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетiнiң сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда, оларға кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесiне орналастыруды қоспағанда, осы бөлiмнiң ережелерiн қолдана алады.



79.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.

ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

2. Шетелдік мемлекеттер — Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).

3. Заңды тұлғалар.

4. Жеке тұлғалар.

Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.

ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;

- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;

- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.

Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.

Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.

Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады.

Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.

Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:

1. кешенді;

2. ресурстық;

3. әлеуметтік — экологиялық.

Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы» , «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады.

Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.

Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.

1) Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жатады.

2) Экология құқықтарының қайнар көзіне «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған.

3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.



80.Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.

қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай – ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;

Қоршаған ортаны орғау негізгі принциптері.

Олар:

Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасық ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

Биологиялық алуан түрлікті және экологиялық, ғылыми, мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтаудың қамтамасыз ету.

Халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы.

Жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, орман мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі. Табиғи экологиялық жүйелер климат және жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.

Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қорғалуға тиіс.

ойып жiберуден, бүлiнуден, зақымданудан, азып-тозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланбаудан және өзге де зиянды ықпал етуден:
жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсiмдiктер, жануарлар дүниесi;
табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озонды қабаты қорғалуға тиiс.
Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерi, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиiс.

 



81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері

Табиғи ресурстарға меншік құқығы

Негізгі заттық құқық ретінде меншік құқығы танылады, ол өз мәні жағынан әрқашанда мүліктік құқық болып табылады.

ҚР Конституциясында барлық табиғи ресурстардың ішінен тек жер ғана мемлектік және жеке меншікте бола алады делінген. Қалған барлық табиғи ресурстар меншік құқығы ретінде тек мемлекетке ғана тиесілі болады.

Табиғи ресурстарға меншік құқығында заттық құқық ретінде бір қатар ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктер субъектілерге, объектілерге. Табиғи ресурстарға меншік құқығың қорғауға және оның мазмұнына қатысты, ал бұл ерекшеліктер кейде табиғи ресурстардың түрлеріне мен меншік түрлеріне қарай жіктнлнді

ҚР мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық түрде болады. АК-на сәйкес бастапқы редакциясында табиғи ресурстар республикалық меншікте болады делінген. Бұл баптың табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік туралы жаңа редакциясында республикалық деген сөз жоқ. Сонымен қатар, АК-на сәйкес жаңа редакциясының мемлекеттік меншік болып табылатын, бірақ мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген табиғи ресурстар ҚР-ның мемлекеттік қазынасы құрайды делінген, яғни олар республикалық меншік болып табылады. Сонымен, табиғи ресурстар заң құжаттарында көзделген жағдайларда ғана коммуналдық меншікте болуы мүмкін. Сондай-ақ табиғи орта туралы заң құжаттарында, мейлі салааралық болсын, мейлі салалық болсын, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығын іске асыруы жөніндегі құзыры туралы нормалар бар.

Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқықығының объектісі тек табиғи ресурстар, олар табиғи ортаның құрамдас бөліктері, одан бөлініп алынбайды.

Мемлекеттік меншік құқығы, егер республика бекіткен халықаралық шарттарда өзгедей көзделмеген болса, ҚР шекараларының шегінде орналасқан табиғи ресурстарға ғана тарйды. Мысалы, өзендердегі ағынды су ҚР-ның аумағына ағып келіп одан тысқары ағып кетеді. Босып жүрген жабайы аңдар мен жыл құстары бір республикадан екіншісіне ұдайы қоныс аударып тұрады. Жылжитын табиғи ресурстардың ҚР аумағына келуі оларға мемлекеттік меншік құқығының туындауына негіз болатын заңдық факт, ал олардың Республика шекарасынан тысқары кетуі де бұл ресурстарға мемлекеттік меншік құқығының тоқтатуына негіз болатын заңдық факт.

Жерге мемлекеттік меншік құқығының ерекшелігін атап өту керек. Жерге мемлекеттік меншік құқығынан басқа ҚР-да жер учаскесіне жеке меншік құқығыда танылған. Сондықтан да, Жер кодексіне сәйкес, жеке меншіктегі жер учаскілерінен басқа барлық жер мемлекет меншігі болып табылады.

Меншік Құқығының объектісі болып табылатын табиғи ресурсарды табиғи ресурстардың табиғи ортадан бөлінген бөліктерімен шатастыруға болмайды. Табиғи ресуртардың заң жүзінде басқа сипатқа ие болған бұл бөліктеріне табиғи ресурстардың өздеріне қарағанда мүлде басқа құқықтық режим белгіленуі мүмкін. Мысалалы, минералдық шикізат, яғни жер қойнауының жер бетіне көтерілген бөлігі, немесе техногендік минералдық құрылымдар ( тау, байыту, металлургия және басқа өндіріс қалдықтары), егер контрактыда басқадай көзделмеген болса, меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқығында жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі болуы мүмкін.

Ал, табиғи ресуртарға жеке меншік құқығын алатын болсақ, жеке меншік иесіне барлық табиғи ресурстардан тек жер ғана тиесілі болуы мүмкін.

Жерге жеке меншік объектісі, әрқашанда, жер учаскесі немесе жер учаскелері болып келеді. Жер учаскісіне, Жер кодексіне сәйкес, жер қатынастарының субъектілеріне белгіленген тәртіпте бекітіліп берілген, жердің шекарасы тұйықталған бөлігі деп түсінік берген. Жер учаскісіне заттық құқықытар, заң құжаттарында өзгедей белгіленбегендіктен, осы учаскенің шегіндегі жоғарғы топырақ қабатына, тұйық суаттарға, ағаш қондырғыларына таралады.

Жерге жеке меншік құқығының обьектілеріне Жер кодексі арнаулы бап арнаған (23-бап). Ол жерге жеке меншік құқығының объектілерін тек азаматтарға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға ғана тиесілі болатындарға бөледі, сондай-ақ жеке меншік обьектісі бола алмайтын учаскелер тізбесін береді. Шаруа (фермер қожалығын жүргізуге бау бақша, саяжай тұғызуға берілетін жер учаскілері тек азаматтардың ғана жеке меншігінде болады.

Азаматтармен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде тұрғызылып қойылып немесе тұрғызылып жатқан өндірістік және өндірістік емес және оның ішінде тұрған үй ғимаратының, құрылыстардың және олардың кешендерінің айналасына ағаш отырғызу үшін бөлінген учаскілер, осы ғимараттарға (құрылыстарға) өз арналымына сәйкес қызмет көрсетуге бөлінген жерлер болады.

ҚР-дың мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде тауарлық ауыл шаруашыығы өндірісін жүргізу үшін берілген (берілетін) жер учаскелері болуы мүмкін.

Шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың (мемлекеттік емес) жеке меншігінде тұрғызылы қойылған немесе тұрғызылып жатқан өндірістік немесе өндірістік емес, оның ішінде тұрған үй ғимараттары, құрылыстар және олардың кешендері үшін бөлінген жер учаскелері, осы ғимараттарға ( құрылыстарға) өз арналымына сәйкес қызмет көрсетуге бөлінген жерлер болады.

Жер кодексінде ауыл шаруашылығына арналған жерге меншік құқығын алудың оны жүзеге асырудың ерекше тәртібі де белгіленген. Жердің жоғарыда көрсетілген түрлерінен басқалары жеке меншікке берілуге тиіс емес.

Табиғат пайдалану құқығының субъектілері, мазмұны мен объектілері

Табиғат пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат пайдаланушылар жеке және занды түлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, үлттық және шетелдік табиғат пайдаланушылар болып бөлінеді. Ұлтгық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға — шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.

Табиғат пайдаланушылар:

Тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін си- патта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белғілі бір мерзіммен шектелғен);

Бастапқы табиғат пайдаланушылар (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықган айыру тәртібімен алынған) және қайталама табиғат пайдаланушылар (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақгап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт неғізінде алынған) болуы мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығының мазмұны табиғат пайдаланушының құқықгары мен міндеттері болады.

Табиғат пайдаланушыл ардың:

— заңмен белгіленген шектерде қоғамдық қажеттерін қанағат- тандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалануға;

— өзінің шаруашылық және өзге де қызмет әдісін дербес таңдап алуға;

— жүзеге асырылуы экологиялық зиянды ықпалмен байланысты шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;

— шартты мерзімінен бұрын бұзуымен байланысты, сондай-ақ мемлекет қажетіне алып қоюмен байланысты ысырап пен залалды өтеуге құқығы бар.

Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады.

Занда көрсетілген негіздер бойынша болмаса, ешкімді де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды.

 

Табиғат пайдаланушылардың құқықтарынан басқа жалпы міндеттері де болады. Мысалы, ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес табиғат пайдаланушылар:

Табиғи ресурстарды нысаналы қызметіне және олардың берілу шарттарына сәйкес пайдалануға;

Шаруашылық және өзге қызметке белгіленген экологиялық нормативтерді және экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалықшарттарды сақгауға;

Берілген табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ор- таға нұқсан келтірмеуге және басқа да табиғат пайдаланушылар құқықгарының бүзылуына жол бермеуге;

Қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды молайтуды ұтымды пайдалануға бағытталған шараларлы жүзеге асыруға;

— Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны ұшін төлемдерді дер кезінде төлеуге;

— қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап етуі бойынша қажетті ақпарат беруге;

— шаруашылық қызметтің экол огиялық тұрғыдан қауіпі түрлерін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның өндірістік мониторингі мен бақылауын жүргізуге міндетті.

Табиғат пайдалану құқығының объектілері ретінде табиғи ре- сурстар - жер, су, орман, жер қойнауы және т.б. қатысады.

Табиғат объектілеріне қарай табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге бөлінеді:

— жер пайдалану құқығы;

— су пайдалану құқығы;

— орман пайдалану құқығы;

— жер қойнауын пайдалану құқығы;

— жануарлар дүниесін пайдалану құқығы;

— атмосфералық ауаны пайдалану немесе атмосфералық ауаны ластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы.

Өзінің нысаналы мақсатына қарай табиғат пайдаланудың жо- ғарыда көрсетілген түрлерінің өзі топтастырылуы мүмкін.

Мысалы, жер пайдалануда былайша бөлінеді:

1) ауыл шруашылығы мақсатындағы жер;

2) елді мекендер (қалалардың, поселкелердің және селолықелді мекендердің) жері;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл ша- руашылығынан өзге мақсатқа арналған жер;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақгардың жері, сауықгыру, рекреациялықжәне тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5) орман қорының жері; су қорының жері;

6) босалқы жер.

ҚР Су Кодексіне сәйкес су объектілері мыналар үшін пайдала- нылуы мүмкін:

1) ауыз сумен және шаруашылық-түрмыстық сумен жабдықгау;

2) сауықгыру және рекреациялық мақсаттарүшін;

3) ауыл шаруашылығының мүқгаждары үшін;

4) өнеркәсіп пен жылу энергетикасы мүқгаждары үшін;

5) көлік, ағаш ағызу, өртке қарсы мүқхаждар үшін;

6) балықжәне аңшылық шаруашылықгарын жүргізу үшін;

Орман Кодексінің 88-бабы мемлекетгік орман қорында орман

пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін екенін көрсетеді:

1) сүрек дайындау;

2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықгар, бұтақгар, түбірлер, тамырлар, жапырақгар, бүршікгер) дайындау;

4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруа- шылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқүлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақгар, қамыс дайындау);

5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылы- ғының қажеті үшін пайдалану;

6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақса- ты үшін пайдалану;

7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықгыру, рек- реациялық, туристік және спорт мақсаттары үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.

ҚР-ның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 10-бабына сәйкес жер пайдалану құқығы мына операцияларды жүргізу үшін беріледі:

1) жер қойнауың мемлекеттік геологияльщ зерттеу;

2) барлау;

3) өндіру;

4) барлау мен өндіруді қоса атқару;

5) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысгы емес жерасты қүрылыстарын салужәне (немесе) пайдалану.

ҚР-ның "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 24-бабында жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріңе жол беріледі:

1) аң аулау;

2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз суқоректілерін қоса

алғанда, балық аулау;

3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануар- ларды шаруашылықмақсатгарда пайдалану;

4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және

эстетикалық мақсатгарда пайдалану;

5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету

өнімдерін пайдалану.

Атмосфералық ауаны пайдалану туралы айта отырып, әңгіме атмосфералық ауаны пайдалануды реттеу туралы болып отырған жоқ, бүл арада бәрінен бүрын атмосфералық ауаны әр түрлі лас- танудан қорғау туралы айтылып отыр. Атмосфералықауаны пай- даланудың түрі зиянды және ластаушы заттардың атмосфераға шығарындылары болып табылады, осымен байланысты бүл құқық қатынастарын реттейтін заң — "Атмосфералық ауаны қорғау ту- ралы" заңдеп аталады



82.Табиғат пайдалану құқығы.

Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік күқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықган экологиялық. қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады.

Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық - эстетикалық қажеттерін) қана-. ғаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны қорғау туралы" За- ңына сәйкес табиғат пайдалану — адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану.

Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.

Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықгары мен міндеттерінің жиынтығы.

Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кэжеттерін кднағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықгама беруге болады.

Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызмет атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі — бүл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмепің жекелеген түрлерін жүзеге асыру.

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласыңда мына төменде аталған шаруашылық қызметінің эко- логиялық жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады:

Улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру;

Су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материаддарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорыңдар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;

1-3 -топтағы қауіптілігі бар өндірістің қауіпті қалдықгарын жағу, химиялық өндеуден өткізу, сақгау мен көму, Кдзақстан Республика- сының қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалы мен оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша міңдеттемелерін орыңдаумен байланысты трансшекаралық тасымал;

Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық түзілістерді сақтау;

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағы шегіндегі кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объекгілерді орналастыру, салу мен қайта құру;

Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін химиялықжәне биологиялық заттарды өндіру.

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге табиғат қорғау жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға тиіс.

Лицензиядан басқа табиғи ресурстар табиғат пайдалануға об- лыстың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қалалардың — Алматы, астана — Астана қалаларының әкімдіктерінің) табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келісім шарттар) негізіңде берілуі мүмкін.

Қазіргі уақытта табиғат пайдалану құқығы көптеген табиғи ресурстарға лимиттеледі және квотталады. Бұл мынадан туындап отыр: көптеген табиғи ресурстар сарқылатын ресурстарға жатады немесе жалпы жаңартылмайтын ресурстар болып табылады. ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес қоршаған ортаның ластануына лимиттер және табиғи ресурстарды альш қоюға лимитгер, сондай-ақ табиғи ресурстардың ластануына және оларды алып қоюға квота бар.

Қоршаған ортаны ластау лимиттері — бұл ластайтын заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықрының жалпы көлемінің түсу шекгері, сондай-ақ қолайлы қоршаған орта сақталатын деңгейлердегі қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

Табиғи ресурстарды алып қою лимиттері — бұл табиғи ресурстарды ықтимал мөлшерде пайдалану шектері, бұл жағдайда био- логиялық ресурстарды табиғи молайту бүзылмайды және пайда- лы қазыңцыларды ұтымды пайдалануға кепілдік беріледі;

Ластануға берілетін квота — бұл белгілі бір мерзімге нақгы таби- ғат пайдаланушыға берілетін ластануға арналған лимиттің бір бөлігі;

Табиғи ресурстарды алып қою квотасы — бұл белгілі бір мерзімге нақты табиғат пайдаланушыға берілетін алып қою лимитінің бір бөлігі;

Қоршаған ортаның ластануына берілетін лимиттер мен квота- ларды жергілікті өкілді органдар (мәслихатгар) және облыстардың әкімдіктері (Астана және Алматы қ. әкімдіктері) Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметі облыстар (республикалықмаңызы бар қалалар, астана) үшін белгілейтін, ал табиғи ресурстарды альш қоюға - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгілейтін лимиттер мен квоталар шектеріңде анықгалады.

Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидаттары ұғыньшады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады:

Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру. Бүл табиғат пайдалану кезінде бірінші кезекте адамның экологиялық мүдделері және әрбір адамның өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы ескерілуге тиіс дегенді білдіреді;

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту. Табиғатты ұтымды пайдалану сонымен бір мезгілде адамның экологиялық, экономикалық, әлеуметгік және өзге де мүдделерін ескеру дегеңді білдіреді, онда табиғат пайдалану ақылға қонымды,ойластырылған, үнемді және өтемді болуға тиіс. Тек осындай көзқа- рас қана бүгінгі үрпақгың қажеттерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге болашақ ұрпақгар үшін табиғи ресурстарды сақтай алады.

Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу жөне қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу. Табиғатты жалпы пайдаланған кезде әрбір адамның қолайлы қоршаған ортаға табиғи құқығы жүзеге асады және өтеусіз болады. Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізумен байланысты қолайлы экологиялық жүйеге қолдау жасағаны үшін және табиғи ресурстарды қалпына келтіруге жауап береді.

Табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты. Осы мақсат үшін жер учаскесі беріледі, жер қойнауының учаскесі, су ресурстары, орман ресурстары учаскені пайдалануға беру туралы шешімде, жер қойнауын пайдалануға жасасылған келісім шарттарда, суды пайдалануға берілген рұқсатқа, орман билетіңде міндетті түрде белгіленеді. Табиғат объектілерін нысаналы мақсатында пайдаланбаған жағдайда бұл заңды бұзу ретінде қарастырылады және жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.

Қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақгарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

Ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар био- логиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның объектілерін сақгауды қамтамасыз ету;

Мемлекеттік ретгеу және мемлекеттік бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бүзғаны үшін жауапкершіліктің ымыра- сыздығы;

Қоршаған ортаға нұқсан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал ықпалды бағалау.



83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.

Табиғатты пайдалануды болжау және басқару қоршаған ортаны қорғау
Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамдық әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады. Басқарудың мақсаты - экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау.
Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны басқаратын органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинеті, Ораталық атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар жатады. Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқаратын қызметіне жататындар:
• мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;
• табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша ұлттық (мемлекеттік) экологиялық бағдарламалар әзірлейді, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
• қоршаған ортаның сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;
• міндетті экологиялық сақтандыруды жүргізу тәртібі мен ережесін белгілейді;
• табиғат пайдаланушыларға рұқсат алу қажет болатын табиғат пайдалану түрлерінің тізбесін және осы рұқсатты беру тәртібін белгілейді;
• қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мотарингінің құрылымын, мазмұнын және оны жүргізу тәртібін белгілейді;
• қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салада мемлекеттік бақылау жасау міндеттерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті органдардың тізбесін айқындайды;
• халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады т.б.
Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстарды министірлігінің, сондай-ақ оны жергілікті органдардың (облыстық, қалалық және аудандар) атқаратын қызметтеріне

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы

Аза стан Республикасы Конституциялы Ке есіні м ртебесі... Конституциялы Ке естi Т ра асы мен... Конституциялы Ке естi Т ра асы мен м шелерi мемлекеттi лауазымды...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Ылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететі, оған қажетті жағдайлар ме

Ықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
Құқықтық мемлекет дегеніміз жеке адам және қоғам мүддесін корғайтын, заң үстемдігі мен құқық принципт

Азаматтық қоғам.
Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі азаматтық қоғамның орнығуы болып табылады. Азаматтық қ

Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.
Мемлекеттің мәні – мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі. Мемлекеттің мәні оның

Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады. Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны

Мемлекетті басқарудың нысаны
Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда мемлекеттік ең жоғарғы биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе оның ең жоғ

Мемлекеттің саяси режимі
Саяси режим дегеніміз мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістеренің жиынтығы. Саяси режимдердің түрлері: а) демокр

Мемлекеттің белгілері.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық баскару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу ап

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм

Ық бұзушылықтың ұғымы және құрамы
  Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды орындамау барысындағы ә

Ықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері
Құқықтық қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқық

Субъективті құқық және заңдық міндет.
Егер қо-ғамдық қатынастар құқықтық қатынастардың материалдық мазмұны болып табылса, субъективтік құқы

Ық бұзушылықтың түрлері.
Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды орындамау барысындағы әрекеттер (|

Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
Заң алдындағы жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрле

Заңдық жауапкершіліктің түрлері
Заң алдындағы жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрле

Р Президентiнiң өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Президентi: 1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының нег

Парламент депутаттарының мәртебесі.
1. Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады. Парламенттiң бiрiншi сессия

Сот билігінің ұғымы.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және за

Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.
Конституциялық құқықтық норма – бұл конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекіт

Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түрлері. Конституциялық құқықтар жеке құқық

Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
Азаматтық-құқықтық қатынас – бұл азаматтық-құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас. Я

Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны.
Азаматтық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi құра

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүлiктiк игiлiктер

Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары
Меншік, шаруашылқ жүргізу немесе жедел басқарк құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша

Ыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік.
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 2. Мүлiктiк игi

Кімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны.
Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық ж

Кімшілік жазалардың мақсаты, түрлері, мәжбүрлеу шаралары.
мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құ&

Кімшілік құқықтың қайнар көздері.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелер

Кімшілік құқықтық қатынастар.
Әкімшілік құқықтық қатынас әкімшілік құқықтық нормамен реттелінген басқарушылық қо&#

Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға баєытталған лауазымд

Алименттік қатынастар.
Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеуді шарттарымен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушы адам арасында, ал алиментті т

Р прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституциямызда және Президенттің 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының про

Р Ұлттық қауіпсіздік органдары.
Ұлттық қауіпсіздік органдары — Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып т

Сот төрелігі және оның қағидалары.
Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі — қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес

Аржы полициясы және оның атқару қызметі.
Қаржы полициясы - Заңмен белгіленген өкілеітіктері шегінде жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы

Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін т

Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
Еңбек құқығының нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында қалыптасып, қоғ

Еңбек құқының әдістері
Еңбек құқының қазіргі кездегі әдістері төрт негізгі белгілермен сипатталады: Еңбек қатынастарының орталықтанға

Салаларынан ерекшелігі
Еңбек құқына ұқсас құқық салалары болып азаматтық құқық, әкімшілік құқы қо

Жеке еңбек шарты.
Жеке еңбек шартында: 1) тараптардың реквизиттерi: жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс бе

Жер құқық қатынастарының түсінігі.
Жер құқық қатынастары(ЖҚҚ). Жер құқығы дегеніміз-жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, қ

Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
Жер құқығы-жер құқық қатынастарын реттейтін құқықтақ нормалар жиынтығы.жер қатынастарының объек

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги