рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Мазмұны

Мазмұны - раздел Философия, Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері Бағалы қағаздар Нарығы ұғымы Ж|...

  1. Бағалы қағаздар нарығы ұғымы және оны статистикалық зерттеу міндеттері
  2. Бағалы қағаздар нарығы көрсеткіштер жүйесі

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:бағалы қағаздар нарығы, бастапқы және қайталама қор биржалары, бағалы қағаздармен биржалық мәмілелер, кассалық мәмілелер, жедел мәмілелер, қатаң мәмілелер, фьючерлік мәміле, опцион, бағалы қағаздардың жылдық сатылу құны, бағалы қағаздардың айналысы коэффициенті, БҚН капитализациясы, қайталама нарықта бағалы қағаздар айналысы, т.б.

1.АҚ құрылуы, кәсіпорындардың акцияларды сатып алуының өсуі, мемлекеттің бағалы қағаздарды енгізуі Бағалы қағаздар нарығының дамуына әкеледі. Бағалы қағаздар нарығы мемлекеттік бағалы қағаздар мен корпоративтік бағалы қағадар нарығы болып бөлінеді.

Бағалы қағаздар нарығы - бұл қаржылық активтер немесе қор құныдылықтарының сату-сатып алу қатынастарының жүйесі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы арнайы орган – қор биржаларында қалыптасады. Қор биржасы қаржылық ресурстардың ағымын қамтамасыз ету үшін және оны мемлекеттің әр түрлі шаруашылық құрылымдарда пайдалануы үшін, мемлекеттік бағдарламаларды ұзақмерзімді инвестициялау үшін және мемлекеттік қарызды жабу үшін мүмкіндіктер мен жағдайлар жасайды. Бағалы қағаздар нарығының субъектілері ретінде эмитенттер, инвесторлар мен қаржылық делдалдар есептеледі.

Бағалы қағаздар нарығы бастапқы және қайталама деп екіге бөлінеді.

Бастапқы нарықта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады, яғни бұл эмитент үшін қаржылық ресурстарды алу мақсатында жаңа шығарылған бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру болып табылады. Бағалы қағаздардың эмитенттері ретінде бастапқы нарықта мемлекет, АҚ, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар саналады. Ал сатып алушылар ретінде бастапқы нарықта инвесторлар: жеке дербес тұлғалар, корпоративтік кәсіпорындар, институционалдық ұйымдар (зейнетақы қорлар, сақтандыру компаниялары, трасталық компаниялар, инвесициялық қорлар).

Эмитенттер мен инвесторлар бағалы қағаздар нарығына қаржылық делдалдар арқылы шығады: брокерлер, дилерлер, инвестициялық компаниялар, коммерциялық банктер.

ҚР-да жеке қаржылық нарық ретінде Қаржы министрлігімен және ҚР Ұлттық Банкімен эмиссияланған бағалы қағаздардан тұратын мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы дамиды.

ҚР-да бағалы қағаздардың бастапқы нарығы көбінесе Мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылымымен сипатталады. Ішкі мемлекеттік борыштың шегінде мемлекеттік бюджетті инфляциясыз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қаржы мининстрлігі Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер мен ұлттық жинақ ақша облигацияларын шығарады. 1994жылдың бірінші жартысында Қаржы министірлігінің бағалы қағаздарының шығарылымы басталды. Алғашқы мемлекеттік бағалы қағадар үш айлық қазынашылық міндеттемелер – МЕККАМ (мемлекеттік қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелер) болды. Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің МБҚ-дарын орналастыру жөнінде аукциондар аптасына 2-3 рет өткізіледі.

ҚР-да мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің нарығының өсуі келесі себептермен анықталады:

1. Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер жоғарғы сенімді, табысты қаржылық аспап болып табылады;

2. Қаржы министрлігімен және ҚР Ұлттық Банкімен қамтамасыз етілген нарықтың тұрақты жағдайы.

Қайталама нарығында бағалы қағаздардың айналысы, олардың иелерінің ауысуы жүзеге асырылады. Мұнда ақша массасын реттеу мақсатында ҚР Ұлттық Банкімен бағалы қағаздардың сату-сатып алу бойынша операциялары жүргізіледі. Эмиссияны тежеу және банктердің несиелерін шектеу мақсатында Ұлттық Банк Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды сатады, мұнда ол бағалы қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарындағы сәйкес соманы жояды. Және керісінше, ақша шығаруды және несиені алуды ынталандыру үшін Ұлттық Банк что бы стимулировать выпуск денег и предоставить кредиты, Нацбанк Бағалы қағаздар нарығыда бағалы қағаздарды сатып алады және олардың құнын банктердің резервтік шоттарына енгізеді. Ұлттық Банкпен бағалы қағаздарды сатып алу барысында коммерциялық банктердегі резервтердің минималды размері артады, нақты емес ақша эмиссиясы өседі. Ал Ұлттық Банкпен бағалы қағаздарды сату барысында коммерциялық банктерде резервтік қаржылар сомасы төмендейді, несиелік қаржылар қысқарады. Сонымен Ұлттық банк өз операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне ықпал ете отырып, ҚР банк жүйесіне өтімділік, несиеқабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Бағалы қағаздар нарығы статистикалық зерттеу міндеттері:

1. Бағалы қағаздар нарығы статистикалық зерттеуді ұйымдастыру және бағдарламалар дасау;

2. Экономика секторлары мен салалары бойынша, бағалы қағаздардың түрлері бойынша бағалы қағаздар жөнінде деректерді жинау, дайындау;

3. Бағалы қағаздардың нарығында айналатын бағалы қағаздардың табыстылығы, пайыздық ставкалары, бағалар деңгейі, тәуекел деңгейі, операциялар мөлшері мен кірістірілген қаржылық активтердің көлемі бойынша сандық сипаттама беру;

4. Тәжірибеге биржалық бағалар индекстерін енгізу, бағалы қағаздарды сатушылар және сатып алушылар бағаларын талдау;

5. Бағалы қағаздарды сату арқылы еркін ақшалай капиталды жұмылдыру және шоғырландыруды статситикалық талдау;

6. Бағалы қағаздарды сатып алу арқылы шаруашылық субъектілерді мемлекеттің несиелендіруі мен қаржыландыруын статситикалық зерттеу;

7. Бағалы қағаздарға салынған қаржы өтімділігін, сұраныс пен ұсыныс тұрақтылығын, биржалық баға қалыптасуын зерттеу;

8. Бағалы қағаздар нарығы жағдайын, ағымдық экономикалық конъюнктурасын сипаттайтын көрсеткіштердің жүйесін жетілдіру. Мұндай ақпарат ақшалай және бюджеттік саясат бойынша шараларды өңдеу үшін негіз болады.

2.Бағалы қағаздар нарығыкөрсеткіштер жүйесі келесі топтарға бөлінеді:

1. Бағалы қағаздар нарығы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер;

2. Бағалы қағаздар шығарылымы көрсеткіштері;

3. Бағалы қағаздарды орналастыру көрсеткіштері

4. Бағалы қағаздар айналысы көрсеткіштері

5. Бағалы қағаздар бойынша табыс, пайда мен табыстылық көрсеткіштері

Әрбір топқа сәйкесінше көрсеткіштер түрлері кіреді:

1. Бағалы қағаздар нарығы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер келесі түрлерге бөлінеді:

1.1. Бағалы қағаздармен жасалатын келісім шарттар бойынша инвесторлармен брокелерге берген тапсырыстар саны;

1.2. Брокерлермен қабылданған тапсырыстар саны, ол бағалы қағаздар ұсынысын сипаттайды. Бұл бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс көлемін бейнелейтін екі көрсеткіш те қор нарығының ауқымын сипаттайды: тапсырыстар сұранысы мен ұсынысы неғұрлым көп болса, соғұрлым қор нарығы ауқымды болады;

1.3. Бағалы қағаздарға инвесторлар тапсырысының көлемі. Олардың шамасы қор нарығының тереңдігін көрсетеді: инвесторлардың тапсырыстары неғұрлым ірі болса, сұраныс пен ұсыныс неғұрлым жоғарғы деңгейде шоғырланған болса, онда бағалы қағаздардың қайталама нарығы тереңірек болады;

1.4. Биржалық мәмілелер түрлері бойынша жасалынған мәмілелер құрылымы.

Бағалы қағаздармен биржалық мәмілелер - бұл бағалы қағаздарға қатысты құқықтар мен міндеттемелерді бекітумен, өзгертумен, тоқтатумен байланысты бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысушылардың іс-қимылы. Биржалық мәмілелер кассалық және жедел деп екіге бөлінеді.

Кассалық мәмілелер – бұл мәміле жасалғаннан кейін бірден немесе 2-3, 7 күн ішінде орындалуы тиіс бағалы қағаздар мәмілелері болып табылады.

Жедел мәмілелер – бұл белгілі бір мерзімге бағалы қағаздарды сатып алу мәмілелері. Оның түрлері болып қатаң (жай), фьючерлік, опцион және мерзімі созылған мәміле бөлінеді.

Қатаң мәмілелер қатаң бағалар бойынша келісімде көрсетілген мерзім ішінде орындалуы тиіс, яғни сатып алушы мен сатушы келісім шарт жасайды, мұнда нақты бағалы қағаздарсыз оларды сату курсын, көлемін белгілейді. Мұнда мәміле объектісі ретінде бағалы қағадар емес, курс айырмасы? Яғни пайыздық ставка стаылып және сатып алынады.

Фьючерлік мәміле – бұл биржамен бекітілген ережелер бойынша жасалған стандарттық мәміле. Әрбір мәміледе серік ретінде биржа есептеледі. Биржа контрагенттердің стандарттық көлемдерін, жабдықтаулардың стандарттық ставкаларын бекітеді, бағалы қағаздардың сенімді түрлерін анықтайды. Стандартты ережелер еркін сауданы қамтамасыз етеді, осыған байланысты нарық үлкен өтімділікке ие болады.

Опцион - бұл жедел биржалық мәміле, мұнда жасалған мәміле негізінде контрагенттердің бірі белгілі бір уақытқа нақты белгіленген баға бойынша тауарды сатып алу немесе сату құқына, басқа оның мүшесіне осы құқықты жүзесе асыру барысында міндеттемені қамтамасыз еткені үшін ақшалай сый ақы төлей отырып, иеленеді.

Мерзімі созылған (пролонгационная) мәміле – бұл биржадан тыс жедел мәміле, мұнда мәміленің бір жағында биржалық алыпсатар тұрады. Ол жақын болашақта курс өзгерісіне болжау жасап, одан ұтуды ойлайды, сондықтан биржалық алыпсатар мәміленің шарттарын созуды көздейді.

1. 5. Бағалы қағаздардың нарықтық бағасы нарықтық сауда барысында қалыптасады. Сауда күнінің әрбір уақытында кесімді бағалар анықталады.

а) сатып алу бағасы – сатып алу тапсырыстарының ішіндегі ең жоғарғы баға;

б) сату бағасы – сатуға түскен тапсырыстардың ішіндегі ең минималды баға;

в) соңғы мәміленың бағасы.

Кесілген бағалар мен мәмілелердің бағалары негізінде орташа бағалар есептеледі:

а) сатып алуға және сатуға кесімді бағалардың орташа бағасы;

б) сауда күні ішіндегі мәмілелердің орташа бағасы

1.6. Бағалы қағаздардың номиналды бағасы эмитентпен анықталады және бағалы қағаздардың типтеріне байланысты әр түрлі функциялар атқарады.

1.7. Бағалы қағадар нарығының қарсыласу деңгейі, немесе бағалар диапазоны (жағымды диапазон) – бұл ең минималды сатушы бағасы мен ең максималды сатып алушы бағасы арасындағы айырма. Егер сатып алушының максималды бағасы сатушының минималды бағасынан жоғары болса, онда жағымды диапазон қалыптасады. Егер керісінше сатушының минималды бағасы сатып алушының максималды бағасынан жоғары болса, онда бағалардың теріс жағымсыз диапазоны (жағымсыз диапазон) қалыптасады.

1.8. Бағалы қағаздардың нарқының капитализациялануы қор биржаларындағы барлық акциялардың нарықтық құны сомасы ретінде анықталады немесе нарықтық бағаның шығарылған акциялар санына көбейтіндісі ретінде анықталады. Бағалы қағадардың нарқының капитализациялану көлемі компанияның нарықтық құнын сипаттайды.

1.9. Бағалы қағаздардың жылдық сатылу құны.

1.10. Бағалы қағаздардың айналысы коэффициенті

Коб.ц.б. = Бағалы қағаздардың жылдық сатылу құны /БҚН капитализациясы

2. Бағалы қағаздарды шығару көрсеткіштеріне жатады:

1.1. Белгілі бір күнге және мерзімге шығарылған бағалы қағаздардың саны;

1.2. Белгілі бір күнге және мерзімге шығарылған бағалы қағаздардың нарықтық құны;

1.3. Бағалы қағаздардың түрлері бойынша, облыстар мен экономика салалары бойынша құрылымы;

1.4. Шығарылған бағалы қағаздардың нарықтық бағасы = шығарылған бағалы қағаздардың нарықтық құны/осы шығарылған бағалы қағаздардың саны;

3. Бағалы қағаздарды орналастыру көрсеткіштеріне жатады:

3.1. Бастапқы нарықта бағалы қағаздарды орналастыру саны, яғни резиденттерде, мемлекетте, резидент еместерде;

3.2. Бастапқы нарықта бағалы қағаздарды экономика салалары, секторлары мен ҚР облыстары бойынша орналастыру құрылымы;

3.3. Бастапқы нарықта орналастырылған бағалы қағаздардың нарықтық құны;

3.4. Бастапқы нарықта орналастырылған бағалы қағаздардың нарықтық құнының құрылымы;

3.5. Орналастырылған бағалы қағаздардың нарықтық құны = Орналастырылған бағалы қағаздардың белгілі бір түрлерінің нарықтық құны / осы бағалы қағаздардың орналасу саны.

4. Қайталама нарықта бағалы қағаздар айналысы көрсеткіштеріне жатады:

4.1. Есепті мерзімнің басына айналысқа түскен бағалы қағаздардың саны;

4.2. Сатылған бағалы қағаздардың сомасы;

4.3. Сатылған бағалы қағаздардың құрылымы;

4.4. Сатылып алынған бағалы қағаздардың құны;

4.5. Есепті мерзім ішінде жабылған бағалы қағаздардың құны;

4.6. Бағалы қағаздардың жабылу құрылымы;

4.7. Жай акцияның айналу коэффициенті = конвертелінетін бағалы қағаздардың номиналды құны / жай акцияның айналу құны.

Жай акцияның айналу коэффициенті конвертелінетін бағалы қағаздарды айырбастау кезінде қанша жай акция алу мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді. Конвертелінетін бағалы қағаздар – облигациялар, арнайы акциялар – олар баға бойынша алдын ала бекітілген қатынас арқылы жай акцияға айналуы мүмкін. Бұл бағалы қағаздардың жай акцияларға айналысы оны ұстаушының талабы бойынша жүзеге асырылады. Айналу құны – бұл конвертелінетін бағалы қағаздарға айырбас ретінде қанша жай акциялар сатып алуға болатындығын көрсететін баға. Бұл баға конвертелінетін бағалы қағаздардың шығысымен бірмезгілде жарияланады және жай акциялардың ағымдық нарықтық бағасынан жоғары болады.

Жай акциялардың айналу құны = жай акциялардың айналу коэффициенті * жай акциялардың нарықтық құны.

Бағалы қағаздар бойынша табыс, пайда мен табыстылық көрсеткіштеріне жатады:

5.1. Бағалы қағаздар бойынша табыстар – бұл алынған пайыздар мен дисконттар сомасы. Облигациялар, депозиттік сертификаттар мен вексельдер бойынша табыстар сомасы бекітілген пайыздық ставка мен номиналдық құнына байланысты анықталады. Акциялар бойынша табыстар сомасы – бұл дивиденттер сомасы, яғни акционердің қолындағы акциялардың санына пропорционалды бөлінетін акционерлік компанияның пайдасының бір бөлігі. Дивиденд ставкасы акциялар бойынша табыстылық деңгейін сипаттайды және акцияның нарықтық құнының алынған дивиденттер сомасына пайыздық қатынасы арқылы анықталады.;

5.2. Бағалы қағаздардық табыстылық деңгейі, % = бағалы қағаздар бойынша табыстар сомасының / осы қағаздардың бастапқы құнына *100;

5.3. Орташа табыстылық деңгейі, % = ∑уi рi qi ti / ∑piqiti, где

у – сауда күні бойындағы бағалы қағаздың орташа табыстылығы;

уi- i – бағалы қағаздың табыстылығы;

pi – i – бағалы қағазбен жасалынған мәміленің бағасы;

ti – i – бағалы қағазды жабу мерзімі;

qi – бағалы қағаздың саны;

5.4. Пайданың жалпы сомасындағы секциялар бойынша төленетін дивиденттердің үлесі.

Пайданың жалпы сомасындағы секциялар бойынша төленетін дивиденттердің үлесі, = акциялар бойынша төленетін дивиденттер сомасы / алынған пайданың жалпы сомасы * 100.

Қор индекстері.

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

Та ырып леуметтік экономикалы статистиканы ылыми негіздері Міндеттері... А шалай мультипликатор коэффициенті а шалай масса а шалай... А шалай база б л Р лтты Банкімен бекітілген а ша Оны...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Мазмұны

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері
Мақсаты:Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздерінің мәнін ашу. Міндеттері: 1.Қазірг

Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы
Мақсаты:Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасының мәнін ашу және қажеттілігін анықтау. Міндеттері:

Тақырып. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы
Мақсаты:Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасының мәні мен мазмұнын анықтау. Міндеттері:

Тақырып. Өндіріс нәтижесінің статистикасы
Мақсаты:Өндіріс нәтижесінің статистикасының мәні мен қажеттілігін анықтау. Міндеттері: 1.Тауар ме

Тақырып. Ұлттық есеп жүйесі
Мақсаты:Ұлттық есеп жүйесінің мәні мен мазмұнын ашу. Міндеттері: 1.ҰШЖ түсінігі. ҰШЖ

Тақырып. Ұлттық байлық статистикасы
Мақсаты:Ұлттық байлық статистикасының мәнін ашу   Мазмұны 1. Ұлттық байлық түсініг

Тақырып Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылар статистикасы
Мақсаты:Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштер жүйесі және оны статистикалық зерттеу міндеттері қа

Тақырып. Ақша айналымының статистикасы
Мақсаты:ақшалай айналыс ұғымына анықтама беру, ақшалай айналыс мәнін анықтау, ақшалай айналыс статистикасын зерттеу міндеттері

Мазмұны
1.Бағалар мен инфляция ұғымы мен мәні, бағалар статистикасы міндеттері 2.Бағалар көрсеткіштері статистикасы Тақырып бойынша

Баға көрсеткіштері жүйесі.
Бағалар — күрделі жүйе, нарықтық экономиканың құрамдас элементі. Бағаларды статистикалық зерттеу нарықтық экономикаға с

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги