рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Тақырып Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылар статистикасы

Тақырып Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылар статистикасы - раздел Философия, Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері Мақсаты:Кәсіпорынның қаржылық ...

Мақсаты:Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштер жүйесі және оны статистикалық зерттеу міндеттері қарастыру, кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштер жүйесі ерекшеліктерін, қаржылық жағдайының тұрақтылығы көрсеткіштер жүйесін қарастыру.

 

Мазмұны

1.Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштер жүйесі және оны статистикалық зерттеу міндеттері

2.Акционерлік кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштер жүйесі ерекшеліктері

3.Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайының тұрақтылығы көрсеткіштер жүйесі

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: қаржылық нәтиже, пайда, рентабельділік, қаржылық тұрақтылық, өтімділік, айналым құралдарының бекіту коэффициенті, айналым құралдарының айналымдылығы, бір акцияға есептелінген пайда, акционерлік капиталдың қайтарымы, т.б.

 

1. Шаруашылық субъектілердің қызметінің қаржылық нәтижелері көрсеткіштер жүйесіне: пайданың, табыстың құралуы мен бөлінуі көрсеткіштері, табыстылық (рентабельділік) көрсеткіштері, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері жатады.

Халық шаруашылығының қаржыларын бағалау үшін оның жекелеген салаларының кәсіпорындарының, ұйымдарының қаржылық нәтижелері жөнінде, ақшалай жинақтар жөнінде статистикалық ақпарат қажет.

Статистика міндетіне статистикалық көрсеткіштердің жүйесін жетілдіру, халықаралық стандарттарға көшумен байланысты жаңа статистикалық көрсеткіштерді есептеу әдстемесін негіздеу жатады. Статистика салалардың және кәсіпорындардың қаржылық қызметінің тиімділігін, жекелеген салаларда пайданың бөліну заңдылығын, айналым құралдарының құрамы мен пайдалануы заңдылығын бейнелеуі тиіс.

Шаруашылық қызметте соңғы қаржылық нәтиже мен абсолютті тиімділік ретінде пайда көрсеткіші қолданылады. Мұнда сонымен қатар жалпы пайда, өнімді өткізуден түскен табыс, салық салынатын табыс ұғымдары да пайдаланылады.

Кез келген кәсіпорынның қызметінің экономикалық тиімділігі оның табыс алуымен анықталады. Табыстылық абсолютті және қатысты көрсеткіштермен сипатталады. Абсолютті көрсеткіш – бұл табыстар мен кірістер сомасы.

Табыстар – бұл есепті мерзімде активтердің артуы немесе міндететмелердің төмендеуі болып табылады. Шығынсыз табыс алу мүмкін емес, ал табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру мүмкін емес.

Абсоютті көрсеткіштерге жатады: өнімді өткізуден түскен табыс, жалпы табыс (пайда), негізгі қызметтен түскен табыс, негізгі емес қызметтен түскен табыс, салық салынғанға дейінгі табыс, салық салынғаннан кейінгі табыс, төтенше жағдайлардан болатын табыс, таза табыс жатады. Табыс ролі нарықтық экономикада келесі функциялармен анықталады: мемлекеттік бюджет табыс көзі және кәсіпорынның өндірістік пен әлеуметтік даму көзі.

Негізгі емес қызметтен түскен табыс құрамына кіреді:

- Акциялар бойынша дивидендтер, облигациялар мен басқа құнды қағаздар бойынша табыстар, басқа шаруашылық субъектілердің қызметіне үлестік қатысудан табыстар;

- Мүлікті жалға беруден табыстар;

- Шаруашылық келісім шартты бұзғаны үшін алынған штрафтар, пенялар, санкциялар;

Төтенше жағдайлардан табыстар – бұл төтенше жағдайлардан табыс салығы шегерілгендегі сальділенген нәтиже. Төтенше жағдайлар – бұл субъектінің қарапайым қызметінен бөлек операциялар мен жағдайлар.

Таза пайда есепті мерзімде заңды тұлғамен алынған сальділенген нәтиже. Ол салықтан кейінгі табыс пен төтенше жағдайлардан болған табыс сомасы ретінде анықталады.

Сонымен қатар талдауда қатысты көсеткіштер қолданылады. Олар пайданың қатысты шамасын анықтайды, олар ретабельділік немесе табыстылық деп аталады. Оны есептеудің екі тәсілі бар: өнім рентабельділігі және кәсіпорын ретабельділігі немесе авансіленген шығындар рентабельділігі

Өнім рентабельділіг (Rпрод)

Кәсіпорынның рентабельділігі деңгейі нмесе жалпы рентабельділік (Rобщ), келесі формуламен анықталады:

 

Сонымен қатар өндірістік-қаржылық қызметте келесі көрсеткіштер қолданылады:

- өнімді өткізу көлеміндегі таза пайда үлесі;

- барлық активтер қайтарымдылығы. Ол таза пайданың барлық активтерге қатнасы арқылы анықталады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызды сипаттамасы ретінде айналым құралдарының айналымдылығы жөнінде деректер есептеледі. Құралу көздері бойынша олар меншікті және қарздық деп бөлінеді. Қарыздық көздерге банктер несиелері, займдар, болашақ мерзім табыстары және басқа пассивтер жатады. Айналым құралдарының айналымдылығы айналым саны ретінде (п) және бір айнлаым ұзақтығы ретінде (t) анықталады:

мұндағы Д –мерзім ұзақтығы (күндер)

Сонымен қатар айналым құралдарының бекіту коэффициенті қолданылады: Ол

Кбекіту = ОС/РП

 

2.Өндірісті ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшелігі мұнда активтердің бір бөлігі акция ұстаушыларға тиесілі. Сондықтан АҚ-ның қаржылық нәтижелерін талдау барысында акционерлердің көзқарастарын бейнелейтін көрсеткіштер қолданылады. Оларға бір акцияға есептелінген пайда, акцияның есепті бағасы, акцияның нақты бағасы, акционерлік капиталдан қайтарымдылық, капитал құрамы, табыстар құрамы мен т.б. жатады.

Бір акцияға есептелінген пайда (П), таза пайданың шығарылған акциялар санына қатынасы ретінде анықталады. Оның мәні акционерлік капиталдың қайтарымымен (Котд.акц.кап) және акцияның есепті бағасымен (Ца) анықталады.

Котд.акц.кап. = таза пайда / акционерлік капитал = ЧП / Какц

Акционерлік капиталдың қайтарымы таза пайданың акционерлік капиталдың құнына қатнасымен анықталады. Акцияның есепті бағасы бір акцияға шаққандағы инвесторлардың активтерінің размерін бейнелейді.

Ца = акционерлік капитал / акциялар саны = Какц/Nакц.

Өз кезегінде акционерлік капиталдың қайтарымын барлық активтердің қайтарымы түрінде (К отд.всех активов) және барлық актвитердің акционерлік капиталға (Ка) қатынасы ретінде беруге болады.

Бірінші көрсеткіш барлық актвитердің пайдалану тиімділігін сипаттайды немесе кәсіпорын табыстылығын сипаттайды, ал екінші көрсеткіш қаржылық тұтқа деп аталады. Ол акционерлердің қаржыларының құнының бірлігіне кәсіпорын активтерінің қаншасы келетіндігін сипаттайды.

Бұл көрсеткіш пен 1 арасындағы айырма қосымша кірісітірілген қарыздық қаржылардың қатысты шамасын сипаттайды. Кәсіпорын қарыздық қаржыларды пайдалана отырып, акционерлердің қаржыларын кірістірмей-ақ қосымша шығарылатын акциялар бойынша дивиденттерге шығындар жұмсамай-ақ қосымша пайда ала алады.

3.Нарықтық экономика жағдайындакәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығымаңызды роль атқарады. Себебі олардың қызметі меншікті қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау үшінстатистикалық көрсеткіштер қолданыалды. Бұл көрсеткіштер жүйесі 4 топқа бөлінеді: өтімділік, активтердің айналымдылығы, қаржыларды кірісітіру көрсеткіштері, табыстылық.

1 топқа жабу коэффициенті кіреді. Өтімділік көрсеткіштерін есептеу өтімді активтерді міндеттемелерге қатнасы арқылы анықтайды. Оларды белгілі бір мерзімге және күнге анықтауға болады. Жабу коэффициенті барлық өтімді актвитердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы арқылы анықталады. Ал өтімділік коэффициенті жылдам өтімді активтердің қысқамерзімді міндеттемелерге қатынасы арқылы анықталады.

Өтімді активтер деп төлем ретінде пайдалануға болатын немесе жылдам өткізуге болатын қаржылар жатады. Олар ақшалай қаражат, тауарлықматериалдық запастардан, дебиторлық қарыздан т.б. тұрады. Оларды келесі класстарға бөлеміз:

1 класс – барлық ақшалай қаражат, яғни кассадағы ақша, банк есеп шоттарындағы қаржылар, векселдер, мелекеттік облигациялар, басқа кәсіпорындардың акциялар;

2 класс – есептесудегі барлық қаражаттар, төлем мерзімі әлі келмеген түсірілген тауарлар мен істелінген жұмыстар құны, 3 ай мерзімге дейінгі дебиторлар; басқа дебитрорлық қарыздар;

3 класс – ТМҚ барлығы.

Қай көрсеткішті пайдаланған тиімді екендігін (өтімділік коэф немесе жабу коэф.) келесі түрде анықтаймыз: егер өтімді құралдар құрамында ТМҚ 50 % дан жоғары болса, онда жабу коэффициентін пайдаланған жөн.

2 топ көрсеткіштерін актвитердің айналымдылық коэффициенттері құрайды.

Олардың ішінде запастар айналымдылығы өзгеше анықталады:

3 топқа кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері кіреді. Оларға: барлық активтерді кірістіру коэффициенттері (несиеқабілеттілік көрсеткіштері), меншікті қаражатты кірістіру коэффициенттері және белгіленген төлемдерді жабу деңгейі көрсеткіші жатады. Барлық активтерді кірістіру коэффициенті барлық қарыздардың сомасының барлық актвитерге қатынасы арқылы анықталады.

Ал меншікті қаражатты кірістіру коэффициенті барлық қарыздардың сомасының меншікті капиталға қатынасы арқылы анықталады.

2 коэффициенттің 1 коэффициентке қатынасы меншікті қаражаттың 1 тенгесіне шаққандағы барлық актвитердің размерін сипаттайды. Бұл қатынастан 1-ді шегеру арқылы қарыздық пен меншікті қаражаттың қатынасын аламыз.

Бұл топтың келесі көрсеткіші белгіленген төлемдерді жабу деңгейі. Ол жалпы (пайданың) табыстың белгіленген төлемдерге қатынасы арқылы анықталады. Белгіленген төлемдерге: ссудалар бойынша негізгі қарыздың жабылмаған размері, несиені пайдаланғаны үшін пайыздар сомасы, арендалық төлем.

Ол белгіленген төлемдердің бір тенгесіне шаққандағы жалпы табыстың шамасын сипаттайды. Маңызды сипаттама ретінде кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруға қабілеттілігі есептеледі, яғни кәсіпорынның өзінің дамуын қаржыландыру үшін өз қарамағында қалған ресурстар сомасы.

Өзін-өзі қаржыландыру үшін ресурстар «кэш-флоу» = таза пайда(төленген дивидендтерді шегергендегі) + амортизация + пайдаланылмаған резервтер. Оның негізінде «қарыздар жасау қабілеті» деп шартты аталатын коэффициент анықталады

Ол 3-тен аспауы тиіс.

4 топқа өнім және кәсіпорын рентабельділігі жатады.

Мекемелердің қарыжылық көрсеткіштері туралы статистикалық мәлімет көздері.Бұл үшін мемлкеттік статистикалық есеп беру, ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруі және қаржылық ұйымдармен қарастырылатын есеп беру ұйымдары мен мекемелері қызмет етеді.

Мемлекеттік есеп беру статистикалық есеп берумен көрсетіледі. Мекеменің қаржылық қызметінің негізгі көрсеткішінің есебі, қарыжылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есептер.

Қаржылық нәтижелер туралы есептер мекемелермен және ұйымдармен ұсынылады. Онда демалыс бағасымен өткізілген өнім түсімінің мәліметтерін, жанама салықтар, өткізілген өнімді шығаруға шығындар жалпы мәліметтер болады.

Мекемелердің қаржылық көрсеткіштерінің негізгі көзі болып жылдық бухгалтерлік есептер табылады. Онда активтер және пассивтер жайлы табыс және зала активтер және пассивтер туралы және қозғалысы жайлы мәліметтер болады.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

Та ырып леуметтік экономикалы статистиканы ылыми негіздері Міндеттері... А шалай мультипликатор коэффициенті а шалай масса а шалай... А шалай база б л Р лтты Банкімен бекітілген а ша Оны...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Тақырып Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылар статистикасы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері
Мақсаты:Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздерінің мәнін ашу. Міндеттері: 1.Қазірг

Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы
Мақсаты:Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасының мәнін ашу және қажеттілігін анықтау. Міндеттері:

Тақырып. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы
Мақсаты:Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасының мәні мен мазмұнын анықтау. Міндеттері:

Тақырып. Өндіріс нәтижесінің статистикасы
Мақсаты:Өндіріс нәтижесінің статистикасының мәні мен қажеттілігін анықтау. Міндеттері: 1.Тауар ме

Тақырып. Ұлттық есеп жүйесі
Мақсаты:Ұлттық есеп жүйесінің мәні мен мазмұнын ашу. Міндеттері: 1.ҰШЖ түсінігі. ҰШЖ

Тақырып. Ұлттық байлық статистикасы
Мақсаты:Ұлттық байлық статистикасының мәнін ашу   Мазмұны 1. Ұлттық байлық түсініг

Тақырып. Ақша айналымының статистикасы
Мақсаты:ақшалай айналыс ұғымына анықтама беру, ақшалай айналыс мәнін анықтау, ақшалай айналыс статистикасын зерттеу міндеттері

Мазмұны
1.Бағалар мен инфляция ұғымы мен мәні, бағалар статистикасы міндеттері 2.Бағалар көрсеткіштері статистикасы Тақырып бойынша

Баға көрсеткіштері жүйесі.
Бағалар — күрделі жүйе, нарықтық экономиканың құрамдас элементі. Бағаларды статистикалық зерттеу нарықтық экономикаға с

Мазмұны
Бағалы қағаздар нарығы ұғымы және оны статистикалық зерттеу міндеттері Бағалы қағаздар нарығы көрсеткішт

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги