рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Тақырып. Ақша айналымының статистикасы

Тақырып. Ақша айналымының статистикасы - раздел Философия, Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері Мақсаты:Ақшалай Айналыс ұғымына Аны&...

Мақсаты:ақшалай айналыс ұғымына анықтама беру, ақшалай айналыс мәнін анықтау, ақшалай айналыс статистикасын зерттеу міндеттерімен және көрсеткіштерін есептеу әдістемесімен танысу.

Мазмұны

1.Ақшалай айналыс ұғымы және оның статистикасы міндеттері

2.Ақшалай айналысты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:ақшалай айналыс нақыты және нақты емес ақшалай нысандар, ақшалай агрегат, ақша база, ақша массасы, құрылымы, ақшалай мультипликатор, айналыстағы ақша массасы, айналыс жылдамдығы, ЖҰӨ-нің баға дефляторы индексі, бағалар деңгейі, т.б.

1. Ақшалай қатынастар тұрғын халық, кәсіпорындар, ұйымдар арасында қалыптасады. Олардың ауқымы ақшалай айналыс мөлшерімен сипатталады. Ал ол өз кезегінде айналыс процесінде ақшалай массаның қозғалысы жүзеге асырылатын операциялар жиынтығы болып табылады. Ақшалай айналыс нақыты және нақты емес ақшалай нысандармен жүзеге асырылады. Соңғысы ақшалай айналыстың негізгі бөлігін құрайды.

Нақты емес ақшалай айналым банктер шоттарында жазылу арқылы және өзара талаптарды есепке алу арқылы (путем зачета взаимных требований) жүргізілетін ақшалай есептесулердің жиынтығы болып табылады. Бұл жағдайда ақша төлем құралы ретінде функция атқарады.

Нақты ақшалай айналым мемлекет, кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғын халықтың өзара қарым-қатынастарында қолданылатын нақты ақшалай нысандағы ақшалай есептесулардің жиынтығы болып табылады.

Ақшалай айналыстың маңызды сипаттамасы ретінде айналыстағы ақшаның жалпы массасы ұғымы есептеледі.

Ақшалай айналыс статистикасының маңыды міндеті ретінде айналыстағы ақша массасын өлшеу, олардың санын бақылау есептеледі. Себебі бұл елдегі экономикалық тұрақтылықты анықтайды.

Ақшалай масса келесі параметрлерден тұрады:

Ақшалай агрегат Мо – ол айналыстағы нақты ақшаны қамтиды (кәсіпорындар кассаларындағы және тұрғын халық қолындағы ақша).

Ақшалай агрегат М 1 – құрамына параметр Мо және талап еткенге дейінгі шоттардағы қаражат қалдығы (Ұлттық Банктің мерзімсіз салымдары) мен кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғын халық шоттарындағы қаражаттар қалдығынан тұратын талап еткенге дейінгі депозиттер кіреді.

Ақшалай агрегат М 2 – құрамына параметр М1 және жедел депозиттер (жедел, 3 жылға дейінгі, тұрғын халықтың салымдары бойынша есеп шоттарындағы қаражат қалдықтары; коммерциялық банктердің есеп шоттарындағы кәсіпорындар мен тұрғын халықтың депозиттері) кіреді. Сонымен қатар оның құрамына мемлекеттік ұтымды займдардың облигациялары бойынша қарыздары, Ұлттық Банктің корр шоттарындағы банк қаражаттары кіреді.

Ақшалай агрегат М 3 – құрамына параметр М2 және тұрғын халық пен кәсіпорындардың басқа банктік депозиттері, сертификаттары, мақсаттық займдары, сақтандыру полистері, банк резервтері жатады. Басқа банктік депозиттерге тұрғын халықтың 3 жылдан жоғары басқа салымдары (сертификатсыз), арнайы есеп шоттардағы қаражаттар жатады.

Егер М3 ақшалай агрегатқа кейбір бағалы қағаздар түрлерін (акциялар, вексельдер, облигациялар) қосса, онда алынған сумма термин L деп аталады.

Бұл агрегаттар өтімділік деңгейімен сипатталады. Абсолютті өтімді деп ақшалай параметрді М1 айтамыз. Бұл параметрді «ыстық ақша» деп атаймыз. Жоғарғы өтімдігі ақшалай агрегат М 2 жатады.

Ақшалай айналыс статистикасының міндеттеріне ақшалай массаның құрамы, оның динамикасы кіреді. Ақшалай массаның құрамы оның жалпы көлеміндегі оның жеке параметрлерінің үлес салмағын сипаттайтын құрымының қатысты шамалары көмегімен өлшенеді. Ақшалай массаны жалпы түрде және оның жеке параметрлері бойынша зерттеген маңызды.

Ақшалай айналыс статистикасының міндеті тек болған жайтты баяндау ғана емес, оның себептерін және экономикалық өмірдің басқа жақтарына ықпалын анықтау болып табылады.

Ақшалай айналыс процесстерін басқару үшін ақшалай айналыс шамасы жөнінде, оның құрамы мен динамикасы жөнінде статистикалық ақпараты болуы тиіс.

Ақшалай айналыс статистикасының негізгі міндеті болып ақшалай айналыс заңдылықтарын, яғни ақша массасының айналымындағы, ақшалай айналым құрамындағы, банктердің есептесу операцияларындағы заңдылықтарды анықтау болып табылады.

2.Ақша айналымын сипаттау үшін статистикалық көрсеткіштер жүйесі қолданылады: абсолютті, қатысты және орташа шамалар.

Ақшалай айналыстың абсолютті шамалар көрсеткіштері болып ақша массасының агрегаттары (Мо, М1, М2, М3) аталады.

Ақшалай айналыстың қатысты және орташа шамалары көрсеткіштері:

1. ақша базасының және ақша массасының құрылымы

2. ақшалай мультипликатор (m) – бұл коэффициент ақша массасы (М) өзгерісі мен ақша базасы (Б) өзгерісі арасындағы қатынасты анықтайды.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

Та ырып леуметтік экономикалы статистиканы ылыми негіздері Міндеттері... А шалай мультипликатор коэффициенті а шалай масса а шалай... А шалай база б л Р лтты Банкімен бекітілген а ша Оны...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Тақырып. Ақша айналымының статистикасы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері
Мақсаты:Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздерінің мәнін ашу. Міндеттері: 1.Қазірг

Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы
Мақсаты:Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасының мәнін ашу және қажеттілігін анықтау. Міндеттері:

Тақырып. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы
Мақсаты:Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасының мәні мен мазмұнын анықтау. Міндеттері:

Тақырып. Өндіріс нәтижесінің статистикасы
Мақсаты:Өндіріс нәтижесінің статистикасының мәні мен қажеттілігін анықтау. Міндеттері: 1.Тауар ме

Тақырып. Ұлттық есеп жүйесі
Мақсаты:Ұлттық есеп жүйесінің мәні мен мазмұнын ашу. Міндеттері: 1.ҰШЖ түсінігі. ҰШЖ

Тақырып. Ұлттық байлық статистикасы
Мақсаты:Ұлттық байлық статистикасының мәнін ашу   Мазмұны 1. Ұлттық байлық түсініг

Тақырып Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылар статистикасы
Мақсаты:Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштер жүйесі және оны статистикалық зерттеу міндеттері қа

Мазмұны
1.Бағалар мен инфляция ұғымы мен мәні, бағалар статистикасы міндеттері 2.Бағалар көрсеткіштері статистикасы Тақырып бойынша

Баға көрсеткіштері жүйесі.
Бағалар — күрделі жүйе, нарықтық экономиканың құрамдас элементі. Бағаларды статистикалық зерттеу нарықтық экономикаға с

Мазмұны
Бағалы қағаздар нарығы ұғымы және оны статистикалық зерттеу міндеттері Бағалы қағаздар нарығы көрсеткішт

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги