рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Кіріспе

Кіріспе - раздел Образование, Және не үшін ханафи мазһабын ұстанушылар оны өткізбейді Ақиқатында, Барлық Мақтауға Жалғыз Алла&#...

Ақиқатында, барлық мақтауға жалғыз Аллаһ қана лайық. Біз Оны ғана мадақтаймыз, әрі Одан ғана көмек пен кешірім сұраймыз. Біз Жалғыз Аллаһтан ғана өз нәпсілеріміздің және жаман істеріміздің кесірінен пана тілейміз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, оны ешкім одан тайдыра алмайды. Ал Аллаһ Тағала кімді қолдаусыз қалдырса, сол міндетті түрде адасады, әрі өзіне көмекші таба алмайды.

Мен Жалғыз, серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқтына куәлік беремін және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін.

Ақиқатында, ең шыншыл сөздер – Аллаһтың сөздері, ал ең тура жол – бұл Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолы. Ең жаман істер – бұл осы дінге енгізілген жаңалықтар, өйткені діндегі әрбір жаңалық - бұл бидғат, әрбір бидғат – адасушылық, ал әрбір адасушылық Отта.

Кейін:

Аллаһ Тағала Өзінің Кітабын тура жолдың басшылығы ретінде адамдарға түсіруден бұрын, адамзат өздерінің Раббысының разылығына қалай жетуді білмейтін. Адамдар өздерінің жорамалдарына негізделіп және тәжірибереліне сүйеніп, үнемі сүрініп және адасып өмір сүретін.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Расында, Аллаһ мүміндерге қамқорлық етіп, өздерінің ішінен, оларға Аллаһтың аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Олар бұрын ашық адасуда болса да»(3:164).

Сондай-ақ: «Саған осылайша әмірімізден бір рух (Құран) уахи еттік. Сен Кітап не, иман не екенін білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ тура жолға саламыз»,- деді(42:52).

Аллаһ Тағала әрбір затқа толық (кемел) түсіндірме бермейінше, әрі солайша Өз дінін кемелдікке жеткізіп, оны толық (кемел) деп атап, оған қандай да бір нәрсені енгізуге тыйым салмайынша, Өзінің ұйғарымдары мен заң-ережелерін, шекараларын, бұйрықтары мен тыйымдарын жіберуді тоқтатпады.

Аллаһ былай деді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым»(5:3).

Ол тағы да былай деді: «Сондай-ақ әрбір нәрсеге толық түсіндірме бердік»(17:12).

Әрі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен сендерді Аллаһқа жақындататын нәрселерден еш нәрсе қалдырмай, бәрін сендерге айттым. Әрі сендерді Аллаһтан алыстатып, Отқа жақындататын нәрселерден де еш нәрсе қалдырмай, бәрін сендерге айтттым». Хадис сенімді (сахих);әт-Табарани «әл-Кәбир» № 1647; Ибн Хиббан 65, Абу Заррдың сөздерінен.

Әрі Аллаһ Тағала өзінің Пайғамбарына адамдарға: «Кім (дінде) біз әмір етпеген амалды жасаса, ол (амал) кері қайтарылады», - деп айтуды бұйырды. Хадис сенімді (сахих);Муслим 1718.

Соңғы ғасырлардың бидғатшылары кемел болған дінімізге көптеген жаңалықтарды енгізуге талпынды, әрі олардың ең қауіптілерінің бірі Мухаммад Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған түнін атап өту болып табылады. Олар оны «Мәуліт» - Пайғамбардың туған күні мерекесі деп атады. Көптеген мұсылман елдерінің көпшілік мұсылмандары үшін бұл түн Қадір түнінінен де (Ләйләт ул-Қадр) құрметтірек болуына дейін жетті. Қз.: «әл-Мәдхал» Ибн әл-Хаж 2/29; «Мауахиб ул-Ләдания» әл-Қасталләни 1/26; «Мафахим яжиб ән тусаххах» 120-бет.

Содан соң Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған түнін өзіне қамтыған раби ул-аууәл айы да ұлықтала бастады. Қз.: «әл-Мәдхал» Ибн әл-Хаж 2/3.

Ал Аллаһ Тағала былай деді: «Әрине оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? Сөз жоқ. Құранда иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар»(29:51).

Ал біздің елімізге келер болсақ, соңғы жылдардың өзінде діндегі бұл жаңалықтың (бидғаттың) көлемі кең болмайтын және ол көп жағдайда жария емес, жасырын жасалатын. Алайда былтырғы жылы бұл бидғат жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, осы күнді бүкіл республика аумағында атап өту туралы ашық түрде жария етілді.

Мен діндегі бұл жаңалықтың қаншалықты қауіпті екендігі туралы өзіне-өзі есеп беретін және осы туралы білімдері бар адамдар Аллаһ Тағаланың алдындағы өз жауапкершілігін ұғынып және Аллаһтың заңына сәйкес әрекет жасап, бұл амалға міндетті түрде сөгіс білдіреді, оның мәнін адамдарға түсіндіре бастайды және оған қарсы болады деп үміттенетінмін.

Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар»(5:8).

Сондай-ақ Ол: «Әй, мүміндер! Аллаһтан қорқыңдар да, дүрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа, Елшісіне бой ұсынса, әрине ол ұлы табысқа ие болады»,- деп айтты(33:70-71).

Және: «Ақиқатты өтірікпен қаптамаңдар және біле тұра шындықты жасырмаңдар»,- деді(2:42).

Ол тағы да былай деді: «Уәдемді орындаңдар. Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар»(2:40).

Алайда үлкен таң қалуға және өкінішке орай, бидғатшыл сопылардың тарапынан жасалған бұл жаңа қадамға лайықты түрде жауап берілмей қалды. Мұның барлығы мені осы шағын еңбекті «ол мұсылмандар үшін кеңес және түсіндірме болсын, сондай-ақ бұл пәк дінді оған қатысты емес нәрселермен былғаудан қорғау талпынысы болсын» деген ниетпен жазуға талпындырды.

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Пайғамбарлықтың нұрын қорғаушылар әлсіреген әрбір кезде, діндегі жаңалықтар нығаяды». «Тадмурия» 194-бет.

Сондай-ақ ол былай деді: «Аллаһтың жолын, Оның дінін, Оның діні мен шариғатын тазарту, сондай-ақ бидғатшылардың орынсыз шабуылдары мен қастығын тойтару, мұсылмандардың бірауызды келісілген пікірі бойынша, олардың ұжымдық міндеті (фард аль-кифая) болып табылады. Әрі егер Аллаһ оларды бидғатшылардың зиянын жоюға таңдап шығарған адамдар болмағанда, дін бұзылуға келер еді». «Мәжму‟ әр-Расаиль» 2/279.

Ол тағы да былай деді: «Ілесуге қажетті ақиқатты түсіндіру міндетті (парыз) болып табылады, тіпті бұл үшін ғалымдардың және әмірлердің қателіктеріне нұсқауға тура келсе де». «Мәжму‟ әл-Фәтауа» 19/123.

Имам Ибн Кутайба былай деген: «Өтірік тек ол туралы үнсіздіктің себебінен ғана нығаяды». «әл-Ихтиләф фи лләфз уа ррадд «аләл-жәһмия» 60-бет.

Сондай-ақ мәулітті өткізуді насихаттап жүрген біздің аймағымыздың сопылары өздерін ханафи мазһабына жатқызатындықтан, мен осы еңбекте ханафи мазһабының имамдарының дінге жаңалық енгізуге тыйым салынғандығы туралы жалпы айтқан және мәуліт туралы нақты айтқан көптеген сөздерін келтірдім. Мен бұл имамдардың сөздерін келтіруде бірнеше мақсатты көздедім:

1. Оқырман ханафи мазһабының ғалымдары да, басқа мазһабтардың ғалымдары сияқты, мәулітті өткізуді және ұйымдастыруды құптамайтынын білуі үшін.

2. Оқырман мәулітті ұйымдастырушылардың «Кім мәуліт өткізуді сөксе, сол уаххабист, экстремист болып табылады!» деген мәлімдемелерінің өтірік екеніне көз жеткізуі үшін.

3. Оқырман сопылар «уаххабисттердің жетекшілері мен имамдары» деп айтатын кісілердің сөздерін ханафи мазһабы имамдарының сөздерімен салыстырып, олардың өз қөзқарастарында және сенімдерінде ортақ екендіктерін көруі үшін.

4. Оқырман «ханафи мазһабына ілесу» деген ұран біздің «рухани жетекшілеріміз» өздерінің жеке мақсат-мүдделеріне қол жеткізу үшін жамылып жүрген қалқа ғана екендігіне көз жеткізуі үшін.

Сондай-ақ осы кіріспеде мен біздің аймағымыздағы сопылықтың өкілдері, өкінішке орай, білім мен дәйектердің негізінде жүргізілуге тиісті ашық ғылыми диалог және пікір сайыс жүргізбейтіндерін, алайда кез келген ыңғайы туған жағдайда күш пен қысым көрсететіндерін және бұл әрине оларды жақсы жақтан көрсетпейтінін айтып кеткім келеді. Олар өздерінің адасушылықтарына нұсқайтын және олардың әрекеттерін сынға алатын кез келген әдебиетті тыйым салынған деп жариялайды, тіпті онда (әдебиетте) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен өзге еш нәрсе болмаса да. Егер осы адамдар ақиқатттың үстінде болғанда, онда әділеттілікті сақтар еді, әрі өздерінің хақтығын түсініп, қарама-қарсы жақтың дәйектеріне байсалды түрде ғылыми тұрғыдан жауап берер еді.

Мәуліт діндегі жаңалық (бидғат) болып табылатындығына және ізгі, салиқалы амал еместігіне дәлелдерді түсіндіруге келер болсақ, ол қысқа да, егжей-тегжейлі де болуы мүмкін. Мәуліт бидғатын теріске шығару толық әрі біртұтас болуы үшін, бұл мәселенің түсіндірмесін жан-жақты келтіреміз.

Сонымен бірге, мәуліт өткізуді жақтаушылар да өздерінің осы амалының Аллаһ Тағала шариғатында негізі бар, немесе тым болмағанда айыпты және жаман іс емес екендігін айтып, өздерінің дәлелдері мен дәйектерін келтіреді.

Алайда Аллаһ Тағала былай дейді: «Олар саған бір мысал келтірсе, әрине саған шындықты және көркем түсінікті ашып көрсетеміз»(25:33).

Аллаһтың рұқсатымен олардың барлық дәйектеріне күмәндар мен сұрақтар қалдырмайтын толық жауап беріледі.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Және не үшін ханафи мазһабын ұстанушылар оны өткізбейді

М уліт дінге енгізілген е ауіпті... Ж не не шін ханафи маз абын станушылар оны ткізбейді...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Кіріспе

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Тарау. Кез келген жүрек ақиқатты қабылдауға дайын бола бермейді
Аллаһ Тағала былай деді: «Міне, осы Кітапта күдік жоқ, (ол) тақуалар үшін тура жол көрсетуші»(2:2). Имам ә

Тарау. Кітап түсірілгенге дейін адамдар Аллаһтың разылығына қалай қол жеткізуді білмейтін
Аллаһ Тағала адамдарға өз Кітабын тура жолдың басшылығы ретінде түсіргенге дейін, адамзат Өздерінің Раббысының разылығына қал

Тарау. Содан соң Аллаһ Тағала тура жолдың басшылығы ретінде Кітапты түсірді
Аллаһ Тағала былай деді: «Алиф. Ләм. Ра. (Мухаммед) бұл Құран - адамдарды, Аллаһтың рұқсатымен, қараңғылық

Тарау. Аллаһ Тағала Құранмен бірге сол Құранды түсіндіретін Сүннетті де түсірді
Аллаһ Тағала былай деді: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине, олар түс

Сондай-ақ әрбір нәрсеге толық түсіндірме бердік»(17:12).
Осы аяттардан біз «Аллаһ Тағала не жеке, не жалпы аяттармен және хадистермен мәнін түсіндірмеген бірде-бір зат жоқ» деген қорытынды шығарамыз. Сонды&

Тарау. Аллаһ Тағала бізге Құран мен Сүннетті сахабалар түсінгендей етіп түсінуді бұйырды
Аллаһ былай деді: «Мухажір, ансарлардан алғашқы иман келтіргендерден және жақсылықта оларға ілескендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да

Тарау. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабын және Сүннетті бұрмалаулардан сақтап қалуды уәде етті
Аллаһ былай деді: «Расында Ескертуді Біз түсірдік әрі Біз оны қорғаушымыз». (15:9) Бұл аятта «Ескерту» дегенде тек Құран &#

Негізінен Аллаһ тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді»(4:40).
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас АллаһЕлшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ адамдардан білім

Тарау. Діндегі жаңалық (бидғат) деген не және оның зияны неде?
Діндегі жаңалық (бидғат) – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалардың кезінде кезінде олардың А

Тарау. Келіспеушіліктер орын алғанда неге оралу (қайту) керек?!
Аллаһ былай деді: «Аллаһқа әрі Елшісіне бой ұсыныңдар да, өзара жанжалдаспаңдар»(8:46). Бұл аят

Тарау. Мәулітті шариғатта заңдастырылған деп санайтын жақтың дәйектерін қарау
Имам Суфьян әс-Саури былай деген: «Әдемі етіп көрсетілмеген адасушылық жоқ». «Әл-Хужжа» 2/484. Муфаддал ибн Мухалхал былай деген: «Егер бид

Пайғамбар және сахабалар мәуліт өткізген, бірақ ол туралы хадистер мен деректер бізге жетпеген.
Жауап: Жоғарыда біз қисыннан ғана туындаған осы тұжырымдарды теріске шығаратын қасиетті мәтіндердің кейбіреулерін кел

Дәйек.
Пайғамбар дүйсенбі күні ораза ұстаған, демек ол өзінің туған күніне көңіл бөлген.Ибн әл-Хаж «әл-

Дәйек.
Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі Мәдинаға келгенде, ол яһудилердің Ашура күні ораза ұстайтындарын көрді.[11] Пайғамбар (о

Ал Раббың ұмытпайды»(19:64).
3. Егер қасиетті мәтіндерге зейін қойып қарасақ, барлық жерде Аллаһ Тағала бізге Өз Пайғамбарын жібергенінің рахметіне нұс

Дәйек.
Сопылар сондай-ақ Ибн әл-Жәзаириден келген мына оқиғаны дәлелге келтіреді: «Бір адамның түсіне Аллаһтың жауы Абу Ләхаб кіріпті. Ол

Мәуліт жақсы (хасана) бидғат болып табылады.
Жауап: 1. Діндегі жаңалықтарды (бидғаттарды) жаман және жақсы деп бөлу қате болып табылады, өйткені дінде жақсы бид&#

Абу Бакр әс-Сыддық Құранды тұтас кітап етіп жинақтады.
Сұрақ:не үшін Абу Бакр Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істемеген істі істеді? Әрі не үшін сендер осы

Жұма намазына Усман ибн Аффанның енгізген алдын ала шақыру азаны.
Ғалымдардың Усман ибн Аффан енгізген бұл азанға қатысты айтқан сөздері «бұл – бидғат және оны істеу рұқсат етілмейді» дегенге

Умар ибн әл-Хаттаб адамдарды бір имамның артынан ұйып тарауих намазын орындау үшін мешітке жинай бастады.
Тарауих намазын мешітте жамағатпен бірге бір имамның артынан ұйып оқу Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзіме

Дәйек.
Мәулітті өткізу біздің Аллаһ Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйетінімізге және оны ұлықтауымыз

Дәйек.
Жәбир ибн Абдилләһ әл-Бәжали былай деп баяндайтын: «Бірде, күннің енді басталған шағында, біз Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһт

Дәйек.
«Ғалымдардың кейбіреулері мәулітті өткізуге рұқсат берді. Олардың арасында: Хафиз Ибн Хәжар (қз.: «әл-Хауи фил-Фәт

Христиандарға ұқсап-еліктеу.
Христиандар ғана Исамен (Иисуспен) немесе олардың «әулиелерімен» белгілі оқиғалар орын алған күндерді атап көрсетіп, оларға ерекше мәртеб

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не болғанын да, не болатынын да біледі» деген сенім.
Ғафлауидің «Нәжму р-Рахман» (75-бет) деген кітабында былай деп айтылады: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала ардақты Елшісіне алғышқылар мен со&

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) білімі бүкіл болмысты қамтиды» деген сенім
Мұны әл-Мурад Абади өзінің «әл-Калима әл-Улә» (14-56) деген кітабында айтады. Мынау сол кітаптан алынған үзінділердің бірі: «Пайғ

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық нәрсе туралы білімге ие» деген сенім.
Бұл туралы әл-Казыми «Таскин әл-Хәуатыр» (52-53-бет) деген кітапта мәлімдеген. Дәлел ретінде ол Аллаһ Тағаланың «Ол барлық н|

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болмысты басқарады» деген сенім
Мәулітке байланысты өткізілетін көптеген жиындарда мынандай нәрселер айтылады: 1. «Пайғамбар адамның кез келген мәселелерін шеше алады, ө

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» деген сенім
Мәулітке байланысты өткізілетін жиындарда «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» дегенді естуге де болады.

Тарау бойынша қысқаша қорытынды
Мен осы бұзық сенімдер туралы тарауды және Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс артық ұлықтаудың

Тарау. Мәуліттің қатысушыларына ықыласты кеңес-насихат
Аллаһ Тағала мұндай іс-шараларды өткізуге ғана емес, сондай-ақ оларға қатысуға да тыйым салады. Өйткені бұл адасушылық жолына

Сөгіске лайықты нәрсені сөгу және оған өз келіспеушілігіңді білдіру міндетті болып табылады.
Аллаһ былай деп айтты: «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ жақсылықты бұйырып, жамандықтан тосатын бір топ болсын. Міне сол

Ашық түрде жасалынып жатқан сөгіске лайықты амалға ашық түрде сөгіс білдіру қажет.
Бұл – әһлю-Сунна уәл жәма’аның жолы. Барлық замандарда ашық түрде жасалатын бидғаттар мен күнәларға ашық жә

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги