рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Тарау. Келіспеушіліктер орын алғанда неге оралу (қайту) керек?!

Тарау. Келіспеушіліктер орын алғанда неге оралу (қайту) керек?! - раздел Образование, Және не үшін ханафи мазһабын ұстанушылар оны өткізбейді Аллаһ Былай Деді: «Аллаһқа әрі Елшісіне Бой &...

Аллаһ былай деді: «Аллаһқа әрі Елшісіне бой ұсыныңдар да, өзара жанжалдаспаңдар»(8:46).

Бұл аят өзіне келіспеушіліктер туындаған кезде соған оралу керек болған діннің ұлы негізін қамтыған. Оның мәні – егер біз келіспеушіліктердің тоқтауын немесе олардың болмауын қаласақ, онда Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнушылыққа кіруіміз қажет. Өкінішке орай, діни қайраткерлердің көбі бұл негізді түсінбейді, білмейді, білгісі келмейді немесе олар мұндай негізді білмейтіндей бола қалады. Дәл сондықтан да республиканың мешіттерінде «Фитна және алауыздық болмау үшін, намазда екі қолыңды көтерме», немесе «Фатихадан кейін «Әмин!» - деп дауыстап айтпа», немесе «Екі қолыңды көкірегіңе қойма» деген сөздерді жиі кездестіруге болады. Бұл жерде осындай тәсілдің өте қауіпті екенін және ауыр зардаптарға әкеп соғатынын түсіну қажет. Олар мынандай:

1. Бұл сөздерді айтып жатқан адам «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесу мұсылмандардың арасындағы алауыздықтар мен фитнаның себебі болып жатыр» деген сенімге ие. Ол сондай-ақ «Сүннетті қалдыру және оған қайшы әрекет жасау мұсылмандардың бірлігінің себебі болады» деген сенімге де ие. Осыдан «Сүннетке шақырушы адам мұсылмандардың арасына араздық енгізеді және осы үшін Аллаһтың алдында күнә көтереді, ал Сүннетті қалдыруға шақырушы адам мұсылмандарды біріктіреді және осы үшін сауап алады» деген тұжырым шығады. Осыны тұспалдаудың өзі тантық (сандырақ) екені соншалықты – тіпті қарсы дәйектер келтіруді де қажет етпейді.

Осы жерде Аллаһтың мына сөздерін келтіру орынды болады: «Оның әміріне қарсы келгендер өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын»(24:63).

Аллаһ Тағала фитнаның себебі деп адамдардың Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрықтарына бағынбай қоюларын атап көрсеткеніне назар аударыңыздар, бұл олардың сенімді (сахих) хадистерге сәйкес амалдарды қалдыруларында көрініс табуда. Бұл өзі ғана сенімді хадистерге амал етпейтінімен қоса, басқаларға да оларға сәйкес амал етуге тыйым салатындар туралы айтпағанның өзінде. Ал мұны басқаларға тыйым салып қана қоймай, соған қоса осынысымен өзін мұсылмандарды біріктіруші және игілік жасаушы етіп көрсеткісі келетіндер туралы не айтуға болмақ?! Сондықтан да «сенімді (сахих) хадистерге сәйкес амал етуші фитнаның себепшісіне айналады» деген қорытынды өте таңқаларлық және қате болып табылады.

Сондай-ақ осы жерде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Ибн Мас‟удтың мына сөздерін келтіру де орынды болады: «Сендерді оның ішінде кәрілерің қартаятын және оның үстінде жастарың ер жететін фитна басқан кезде не істейсіңдер? Ол адамдардың арасында жүреді, әрі олар діндегі жаңалықтарды Сүннет деп қабылдайтын болады, тіпті біреу осы бидғатты түзетсе немесе жойса, адамдар: «Сүннетті жойды!», - деп айтады. Сонда адамдар: «Уа, Абу Абдур-Рахман?! Бұл қашан орын алады?», - деп сұрады. Ол: «Сендердің араларыңда (Құранды) жатқа оқитындар көбейіп, ал ғалымдар азайған кезде, әмірлеріңнің саны көбейіп, ал сенімді адамдардың саны азайған кезде, әрі адамдар осы өмірдің (игіліктерінің) ізінен қуып, ғибадатты соған жетудегі табыс табудың көзіне айналдырған кезде», - деп жауап береді. Хабар сенімді (сахих);әд-Дәрими 1/58.

Бұл ұлы сахабаның «фитна» деген үғыммен нені меңзегеніне назар бұрыңыздар! Фитна деп ол Сүннетті қалдыруды айтып тұр, ал бұл сенімді хадистерге сәйкес амалдарды тастауда көрініс табуда. Сондай-ақ ол фитна деп бидғаттарды жасауды айтып тұр.

Фитна діндегі жаңалықтарды (биғатты) Сүннетке, ал Сүннетті бидғатқа айналдырылумен қиындай түседі. Және шын мәнісінде де солай: сен осы адамдарға келіп, осылай істеуді Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырды деп айтсаң, олар: «Араб елінен (оқып келген) мына бір студент өз хадистерімен келді де, осында фитна таратуға талпынып жүр!», - дейді.

2. Аллаһ Тағаланың бізден Құран мен Сүннеттің төңірегінде бірігуімізден бөлек, әйтеуір бір кез келген біртұтастықты талап етпейтінін түсіну қажет. Аллаһ Тағала біздің өтіріктің, бидғаттардың және Сүннетті тастаудың негізінде біріккенімізді қаламайды. Аллаһ Тағала біздің ақиқаттың, Сүннеттің және соған сәйкес болған амалдардың үстінде бірігуімізді қалайды. Аллаһ Тағала былай деді: «Түп-түгел Аллаһтың жібіне (дініне) жабысыңдар да, бөлінбеңдер»(3:103).

Назар аударыңыздар, Аллаһ Тағала: «Түп-түгел бәрің қалаған нәрселеріңе жабысып ұстаныңдар, ең бастысы бөлінбеңдер!», - деп айтпады ғой. Және Ол: «Түп-түгел бәрің Сүннетті және соған сәйкес амал жасауды тастаңдар және ешбір жағдайда хадистерге сәйкес амал жасамаңдар, әйтпесе бөлінесіңдер!», - деп тіпті де айтпады. Ол: «...Аллаһтың жібіне...», - деп айтты. Ендеше, қалайша біздің діни жетекшілеріміз біздің діннің жүздеген мәселелерінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін тастауымызды, сондай-ақ жүздеген бидғаттарды жасауда олармен бірге ынтымақтас болуымызды қалайды?! Олар, тіпті егер біз аз болып, олар көпшілік болса да, біз Сүннетті орындауымыз және бидғаттарды тастауымыз арқылы мұсылмандардың біртұтас үмметі болып табылатымызды түсінулері қажет. Ал мұсылмандардың біртұтастығын бөлушілер және фитна жасаушылар – олардың өздері. Сондықтан да біртұтас үмметке (әл-жәма'аға) оралу дәл солардан талап етіледі, ал бізге келер болсақ, бізден ақиқатты ұстануды жалғастыру және бөлінбеу талап етіледі.

Бауырым, ақиқат қуатты және о бастан сақталып келе жатқандығын біліңіз. Ол адамдардан, пікірлерден, саяси және өзге мүдделерден күшті, ол мемлекеттерден, әмірлерден (патшалардан) және ғалымдардан да күшті. Бұл діннің таралуының бастапқы кезінде бидғаттар және бидғатшылар жоқ еді, тек Сүннеттің және біртұтас жамағаттың жақтаушылары (әһлю-Сунна уәл-жәма'а) ғана бар болатын. Сосын біршәма уақыт өткен соң, мұсылмандардың үмметінде Құранмен және Сүннетпен қанағат еткісі келмейтін және дінге жаңалықтар енгізіп, біртұтас жамағаттан шыға бастаған адамдар пайда болды. Алғашында олар аз болатын, бірақ уақыт өткен сайын көбейе берді. Жағдай тұтас қоныстардың, қалалардың және мемлекеттердің осы бидғаттарға батуына, ал осы елдерде тұратын ақиқаттың жақтаушыларын бармақпен санауға болатынға дейін жетті. Алайда егер сен өзіңнің ауылыңа немесе қалашығыңа келген болсаң, және сенің мекеніңнің тұрғындары бидғаттар мен адасушылықтың төңірегінде біріккен болса, бұл «сен олардың бірлігін бұзудан қорқып, оларды қалдыруың керек және ақиқатқа шақырмауың керек» дегенді білдірмейді.

Аллаһ Тағала олардың біртұтастығына разы емес екенін және олар алғашқы ғасырларда өмір сүрген, саны аз болған дінге жаңалық енгізушілердің (бидғатшылардың) ізбасарлары болып табылатынын біл. Сондықтан да ақиқатқа оралу, бидғаттарды тастау және Сүннеттің төңірегіне бірігу дәл солардан талап етіледі. Ал Сүннетті ұстанушы – сен жалғыз болсаң да, біртұтас жамағатсың (әл-жәма’а). Өйткені сен Исламның алғашқы ғасырларында сахабалардан құралған біртұтас жамағаттың сақталып қалған бір бірлігі болып табыласың.

Сондықтан да Ибн әл-Мубаракқа «Соңынан ілесуге тиісті жамағат кімдерден құралады?» деген сұрақ қойылғанда, ол: «Бұл Абу Бакр және Умар», - деді де, кейіннен Мухаммад ибн Сабитке және әл-Хусайн ибн Уақидке келіп тоқтамайынша, есімдерді атай беруін жалғастыра берді. Сонда оған «Бірақ олар қайтыс болды ғой! Тірілерден біреу бар ма?» деген сұрақ қойылды, ал ол: «Абу Хамза әс-Суккари», - деп жауап берді. “Әл-И‟тисам» 2/211, сондай-ақ осыған ұқсас деректі Ләләкаи де № 2326 келтірген.

Ибн Хиббан былай деген: «Біртұтас жамағат (жәма’а) – бұл сахабалар, ал сахабалардан кейін, бұл - дінге, ақылға және білімге ие адамдар. Олар – өз құмарлықтарын (әуес-қалауларын) тастағандар, тіпті бұл адамдар аз болса да! Бірақ жамағат (жәма’а) – бұл қарапайым адамдардың жиналған тобыры емес, тіпті олар көпшілік болса да!» Сахих Ибн Хиббан 14/126.

3. Сондай-ақ осы жерде Аллаһ Тағала: «Келіспеушілікке салынбаңдар да, өз халықтарыңның және қоғамдарыңның сал-дәстүрлеріне оралыңдар, өйткені егер сендер Құран мен Сүннетке шақырсаңдар, бұл адамдарға ұнамайды, олар сендермен келіспейді, әрі сендер олардың бөлінуіне және алауыздығына себепкер боласыңдар», - деп айтпағанына назар бұру қажет. Діни қайраткерлердің көбі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арабтарды Аллаһтың дініне шақырған кезде, ол да олардың салт-дәстүрлеріне қайшы шыққанын, ал бұл өз кезегінде қоғамның бөлінуіне әкелгенін, құрайштықтар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Бөлуші» деген лақап ат тағып, онымен Пайғамбардың атадан баланы, әйелден күйеуін бөлгенін меңзегендерін біледі. Ал, ендеше, не үшін Аллаһ Тағала оған осыны тыйым салмады және өз қоғамының жетегінде жүруді бұйырмады?!

Аллаһ Тағала бізге келіспеушіліктен шығу жолын көрсеткен екінші аятқа қарайық.

Аллаһ былай деп айтты: «Ендеше, егер мүмін болсаңдар, Аллаһтан қорқып, араларыңды жарастырыңдар. Және Аллаһқа, Пайғамбарына бой ұсыныңдар»(8:1).

Аллаһ Тағала келіспеушіліктер орын алған кезде, тағы да Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнуды, яғни Сүннетті қалдыруды емес, оны орындауға мейлінше бекем жабысып алуды бұйырғанына назар аударыңдар. Сондай-ақ Аллаһ Тағала осыны «егер мүмін болсаңдар» деген сөздерімен шартты еткеніне де назар бөліңдер. Өйткені адам Исламды қабылдаған соң, ол келіспеушіліктер орын алған кезде және жалпы өзінің өмірінің барлық жағдайларында оралуға (жүгінуге) тиісті негіз оның өзі иман келтірген Раббысының Кітабы және сол Раббысының Елшісінің Сүннеті болып табылатынын мойындайды. Сондықтан Аллаһ Тағала кәпірлер туралы айтып және олардың Аллаһқа иман келтіруден бас тартқандығының себебін ашып, былай деді: «Аллаһ түсірген (Құранға) бой ұсыныңдар делінсе, олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз», - деді» (2:170).

Ол сондай-ақ былай деді: «Осылайша сенен бұрын қандай да бір қонысқа ескертетін насихаттаушыны жіберген болсақ, оның сән-салтанатпен нәзіктенген адамдары міндетті түрде: "Расында, біз аталарымызды осы жолдың үстінде таптық. Біз де солардың ізіне дұрыс ерудеміз", - деді. Ол: "Ал егер мен сендерге аталарыңды тапқан жолдан дұрыс нәрсе әкелген болсам ше?», - деді. Олар: "Расында, сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз", - деді. Сонда Біз де олардың тиісті жазасын бердік. Енді жасынға шығарушылардың соңы қалай болғанын қара»(43:23-25).

Осы жерде барлық өткен халықтардың өз ата-бабаларының салттары мен әдет-ғұрыптарын тастай алмағандықтары және оларды Аллаһтың дінінен абзал көргендіктері олар Исламды қабылдаудан бас тартудағы негізгі себебі болғанын түсіну өте маңызды болып табылады.

Муса пайғамбар Перғауынды әлемдердің Раббысының дініне шақырғанда, ол не деп айтқанына қараңдар: «(Перғауын): "Ал сонда бұрынғы дәуірдегілердің жағдайы қандай?" - деді» (20: 51).

Әл-Мусайаб ибн Хазн былай деп баяндайтын: «Абу Талиб өлім сәтінде жатқан кезде оған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келді. Сол кезде оның жанына Абдуллаһ ибн Аби Умайя мен Абу Жәһл келіп қойған екен. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Талибке: «Уа, көке! «Лә иләһа иллә Ллаһ» («Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ») деп айт, әрі Қиямет күні осы мен сен үшін Аллаһтың алдында араша түсетін сөз болады», - деді.Сол кезде әлгі екеуі Абу Талибке: «Сонда сен ‘Абдулмутталибтің дінінен бас тартпақсың ба?!», - деп айтты. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған айтқан нәрсесін айтуды жалғастыра берді, ал олар оған айтқан нәрсесін қайта-қайта айта берді. Ал Абу Талибтің соңғы айтқан сөзі оның Абдулмутталибтің дінінде қала беретіні болды да, ол «Лә иләһа иллә Ллаһ» деп айтудан бас тартты. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен міндетті түрде, маған тыйым салынбайынша, сен үшін кешірім сұрай беремін»,- деді.Ал Аллаһ Тағала: «Пайғамбарға және мүміндерге мүшриктер үшін, тіпті егер олар туысқандары болса да, олар Тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін жарылқау тілеулеріне болмайды»(9:113), - деді. Әрі Аллаһ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Талибке байланысты жағдайға қатысты былай деді: «(Мухаммед,) расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жолға ілесетіндерді жақсы біледі»(28:56)». Хадис сенімді (сахих);Бухари 1360, 4772; Муслим 24.

Муслимнің риуаятында былай деп айтылаған: «Және (сол кезде) Абу Талиб Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер құрайыштықтар мені қорлап: «Ол осыған өзінің қорқақтығынан барды», - деп айтпағанда, мен міндетті түрде осы сөздерді айтып, сенің көзіңді қуантар едім», - деді. Және сол кезде Аллаһ Тағала: «(Мухаммед,) расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жолға ілесетіндерді жақсы біледі»(28:56), - деген аятты түсірді».

Перғауын да, Абу Талиб те өз ата-бабаларының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қимағандықтан ғана Аллаһтың дінін қабалдамағанына назар аударыңыздар. Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сөздерін Абу Талибке бірнеше рет рет қайталап айтса да, Абу Жәһл мен ибн Аби Умайя «ата-бабаңның дінін қалайша тастайсың?!» деген өздерінің дәйегінен басқа өз сөздеріне ешнәрсені қоспағанына да назар аударыңыздар. Бұл осы дәйектің кәпірлердің жүректерінде өте күшті екенін және оны ескертудің өзі-ақ адамның Исламды қабылдамауына жеткілікті екенін, басқа қосымша дәлелдер келтірудің өзі қажет болмай қалатынын көрсетуде.

Енді біз тура осы дәлелдің біздің діни жетекшілеріміздің жүректерінде де өте күшті екенін және егер данқты ата-бабалары сенімді хадиске сәйкес амал етпеген болса, олар да сахих хадисті қабылдай да, оған амал да ете алмайтынын көрудеміз. Және сонымен бірге олар Пайғамбарға деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйіспеншіліктері мен құрметі туралы, Құран мен Сүннетке ілесу қажеттілігі туралы және басқа да сол сияқты әдемі сөздерді айтуларын жалғастыра береді.

Ал мынау Абу Суфьянның көпқұдайшыл болған кезінде Римнің патшасы – Хиракл одан олардың пайғамбары Мухаммад не нәрсеге шақырып жатқаны туралы сұрағанда берген жауабы: «Ол бізге: «Аллаһқа ешкімді серік қоспаған күйде Оған құлшылық етіңдер және сендерге әкелерің (аталарың) айтып жатқан нәрселерді тастаңдар», - деп айтады». Хадис сенімді (сахих);Бухари 7; Муслим 1773.

Сондықтан да «Бізге арабтардың Исламы керек емес», «Біз уаххабилердің намазын орындамаймыз», «Бізге өзіміздің татардың (қазақи - аудармашыдан), дәстүрлі Исламы керек» деген т.с.с. сөздер дұрыс болып табылмайды. Себебі, біріншіден, Ислам «арабтың», «татардың» немесе «дәстүрлі» немесе «дәстүрлі емес» деп бөлінбейді. Ал, екіншіден, бұл сөздерде ақиқатқа шақыру жоқ, бірақ тек ұлтшылдыққа шақыру бар. Әзірбайжандар: «Бізге әзірбайжанның Исламы керек, дәл соны біздің ата-бабаларымыз ұстанған», - дейтінін, кейін қырғыздар, сондай-ақ әлемнің жүздеген үлкенді-кіші халықтары осындай деп айтқанын елестетіп көріңіздерші? Және сен әрбір халыққа келіп, оларға: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Имам «Әмин» деп айтқанда, сендер де амин деңдер, өйткені, ақиқатында, кімнің «Әмин» деп айтқаны періштелердің айтқанымен бірдей келсе, оның барлық күнәлары кешіріледі»,Хадис сенімді (сахих);Бухари 780; Муслим 410, - деген», - деп айтқан кезде, олар: «Жоқ, біз: «Әмин», - деп айтпаймыз, өйткені біздің түркпен бабаларымыз олай істемеген», - десе ше?

Бұл қисынға сүйенсек, біздің діни жетекшілеріміз ата-бабалары мұсылман болмаған халықтарды, олар Исламды қабылдамай жатқаны үшін сөге алмайды, өйткені, олардың қисынына сәйкес, олар ата-бабаларының дәстүрлері мен ғұрыптарын тастауға міндетті емес екендігі келіп шығады ғой.

Және біз мұны бізге «арабтың» Исламы немесе олардың дәстүрлері керек болғандықтан, немесе бізге татарлардың (қазақтың - аудармашыдан) салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары ұнамайтындықтан айтып тұрған жоқпыз. Арабтарда жаман және Аллаһтың дініне сәйкес келмейтін нәрселері көп, ал татарларда жақсы және Аллаһтың дініне сәйкес келетін нәрселер көп болғандықтан да емес. Әрі осы намаз уаххабилердің намазы ма, әлде татарлардың, немесе қырғыздардың, өзбектердің т.с.с. салт-дәстүрлеріне сәйкес келеді ме - бізге бұл мүлде маңызды емес, бізді қызықтыратыны бұл намаздың Құран мен Сүннеттен алынған дәлелдерге негізделуі және әлемдердің Раббысының дініне сәйкес келуі.

Және адасқан надандардан тұратын және мұсылмандарды өз партияшылдығымен бөліп жүрген «Хизб ут-Тахрир», немесе «Таблиғ», немесе «Жиһад және хижра жамағаты», немесе «Ихуан ул-Муслимин», немесе «Хауариждерге», немесе кез келген өзге адасқан ағымдарға бірде-бір сәлафидің қатысы жоқ екенін, тіпті олардың құрамына кіруден бас тартатынын сіздер білесіздер. Сендер сондай-ақ сәлафияның партия да, ағым да, құпия жамағат та еместігін, ол Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларына ілесетін қарапайым мұсылмандар екенін де білесіңдер. Сіздер сондай-ақ біздің мемлекеттік төнкерістер, революциялар, ереуілдер, жарылыстар, басып алулар және басқа да жексұрын амалдар туралы ойларды алып жүрмейтінімізді де білесіздер, өйткені мұндайды Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның ардақты сахабалары да істемеген. Сендер сондай-ақ бізге сіздердің креслоларыңыздың, атақтарыңыздың, билік және тағы басқалардың керек емес екендігін де білесіздер. Сендер біздің жасырын сабақтар немесе құпия жиналыстар өткізбейтінімізді көріп жүрсіздер. Біз әркез сабақтарымызды есіктері үнемі ашық тұратын мешіттерде өткізгенбіз және оларға партияшылдар мен адасқан ағымдардың өкілдерінен өзге барлық қалаушылар қатыса алатынын көріп жүрсіздер, өйткені біз бидғатшыларды оқытпаймыз және ақиқатты жалғанмен араластырмаймыз.

Ал ендеше неліктен сіздер барлықтарын бір үймеге араластырасыздар, және сәлафилер сіздерге қандай жамандық істеді?! «Аллаһ айтты, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты, сахабалар айтты», - деп айтатын қарапайым мұсылмандарға қатысты күш пен қысым көрсетулеріңіз сізге жараспайды. Аллаһпен ант етемін, қысым мен қаталдық пайда әкелмейді, бірақ, керісінше, қайғылы нәтижелерге әкеп соқтырады.

Ал егер Аллаһ Тағала сіздерге де оған бағынуды міндетті еткен Аллаһтың Пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазда имам «Фатиха» сүресін оқып болғаннан соң «әмин» деп айтуды өз үмметі үшін заңдастырып қойған болса және оны сахабалар істеген болса, ендеше шариғатта бекітілген бұл амалға тыйым салуға сіздердің қандай қақыңыз бар? Әрі бізге Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер біз намазда «әмин» деп айтсақ, уәде еткен күнәларымыздың кешірілуіне қол жеткізу мүмкіндігін бізден тартып алуға қандай қақыңыз бар?! Аллаһпен ант етемін, мыңдаған мұсылмандар сол күні сендерге кешірімділікпен қарап, өздерінің құқықтарын талап етпеулері үшін, Қиямет күні тым ауыр. Олар міндетті түрде сендерге саусақтарымен нұсқап: «Міне осылар бізге «әмин» деп айту мүмкіндігін бермеді және осы заңды тәсілмен күнәларымыздың кешірілуіне қол жеткізу мүмкіндігімізден жұрдай етті», - деп айтады.

Ендеше, бізге келіспеушіліктерден шығуға жол көрсететін мына аятқа қарайық:

Аллаһ былай деді: «Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы - хайырлы да, нәтижеде жақсы»(4:59).

Абдур-Рахман әс-Са‟ди өзінің тәпсірінде былай деген: «Кейін Аллаһ кез келген келіспеушілікті: мейлі ол діннің негізіне немесе оның тармақтарына қатысты болсын - Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), яғни Аллаһтың Кітабына және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне қайыруды бұйырды, өйткені осы екі негізде барлық мәселенің шешімі қамтылған... Әрі Аллаһ Тағала осыны иманның шарты етті, сондықтан Ол: «...егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар», - деді. Бұл аят кім келіспеушіліктер туындаған кезде, Құран мен Сүннетке оралмаса (қайтпаса), сол шынайы иман келтірген болып табылмайтынына нұсқайды».

Осы аяттарды және олардың түсіндірмесін оқығаннан кейін, біз өзіміз үшін мынандай қорытынды жасаймыз: мәуліттің шариғи тұрғыдан заңдылығына қатысты біздің мәселемізде екі тарап бар. Оны шариғи тұрғыдан заңды, одан қалса мустахаб және тіпті міндетті[9] деп айтатын тарап және екінші, яғни оның шариғи тұрғыдан заңдылығын теріске шығаратын, яғни «мауліт дінге енгізілген жаңалық болып табылады» деп есептейтін тарап. Осы аяттан шыға келе, егер біз Аллаһқа және Ақыретке иман келтірген мүміндер болсақ, онда Құран мен Сүннетке оралуымыз керек және келіспеушілігіміздің шешімін дініміздің осы екі қайнар көзінен іздеуіміз қажет.

Біз: «Мәулітті атап өту Құранда да, Сүннетте де ешқандай дәлелі жоқ дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың (бидғаттардың) бірі болып табылады», - деп есептейміз.

Ал оның заңдастырылғанын айтатын тарап Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім (дінде) біз әмір етпеген амалды жасаса, ол амал қайтарылады», - деген сөздеріне негізделіп, дәлел келтіруі қажет. Хадис сенімді (сахих);Муслим 1718.

Бұл хадисте олардың осы амалына Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығы болуы керек дегенге айқын нұсқау бар! Ендеше, осы бұйрықтың мәтінін бізге келтіріңіздер!

Сондай-ақ Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне негізделіп: «Немесе дінде Аллаһ рұқсат бермеген нәрсені оларға заңдастырған ортақтары бар ма?»(42:21).

Бұл аятта олардың амалдарына Аллаһ тарапынан рұқсаттың болуы, яғни Құран мен Сүннетте дәлелдің болуы міндетті екеніне айқын нұсқау бар. Ендеше, осы рұқсаттың мәтінін бізге келтіріңіздер, және сол кезде ешқандай келіспеушіліктер қалмайды. Осыдан шыға келе, біздің келіспеушілігіміздің үш шешімі болуы мүмкін:

1. Сіздер дәлел келтіресіздер және біз сол дәлелге бағынамыз да, келіспеушілік тоқтайды.

2. Сіздер Құран мен Сүннетке қайтасыңдар да, өздеріңіздің амалдарыңызға дәлел таппайсыздар. Сонда сіздер Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бағынуға және өз амалдарыңызды тастауға және мұсылмандарды бөліп әлсірететін алауыздық пен келіспеушіліктерді тоқтатуға міндеттісіздер.

3. Сіздер мүлде Құран мен Сүннетке қайтпайсыздар да, өз қалауларыңыз бен пайымдарыңызға негізделіп, маулітті өткізудің заңды екенін табанды түрде айта бересіздер. Мұндай жағдайда сіздердің имандарыңыздың толықтығынына күмән туындайды.

Ал егер мәуліттің ұйымдастырушылары: «Мәулітті атап өтуге тыйым салынғандығы туралы дәлелді сіздер келтіруге міндеттісіздер, ал біз оның заңды екеніне дәлел келтіруге міндетті емеспіз!», - деп айтса, онда біз оларға тағы да олар өздерін өтіріктен болса да телитін сол ханафи мазһабының негіздері мен ережелерін естеріне салуға мәжбүр боламыз. Бұл үшін ханафи мазһабының ән-Нәйлауи мен әл-Бандияли деген екі қазіргі заман ғалымдарының сөздерін келтірудің өзі жеткілікті: «Және (діни) негіздер мен ережелерде: «Амалдың заңды екенін теріске шығарушы емес, оның заңды екенін айтушы дәлел келтіруге міндетті», - деп бекітілген». «Шифа ус-Судур» 19-21-беттер.

Ал егер сіздер осының барлығына келіспесеңіздер, онда ұлтшылдыққа шақырып жатқандарыңызды және сіздерді өз халқыңыздың салт-дәстүрлерін, олар Құран мен Сүннетке сәйкес келеді ме, әлде жоқ па – оған байланыссыз, сақтап, дамыту ғана қызықтыратынын мойындай салыңыздар. Осы орайда не істесеңіздер де: концерттерге, филармонияларға барасыздар ма, мінажаттарды әндетесіздер ме, кәпірлерді олардың мейрамдарымен шын жүректен құттықтайсыздар ма - егер мұның барлығын әлемдердің Раббысының дініне жатқызбасаңыздар – онда қалауларыңыз білсін. Аллаһтан қорқыңыздар, Оған жала жапсырмаңыздар және Оның дініне онда жоқ нәрселерді кіргізбеңіздер. Осы арқылы әркез міндетті түрде Исламға жатқызатын әрбір жаңа қылықтарыңызға қарсы пікір жазудан бізді босатасыздар.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Және не үшін ханафи мазһабын ұстанушылар оны өткізбейді

М уліт дінге енгізілген е ауіпті... Ж не не шін ханафи маз абын станушылар оны ткізбейді...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Тарау. Келіспеушіліктер орын алғанда неге оралу (қайту) керек?!

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Кіріспе
Ақиқатында, барлық мақтауға жалғыз Аллаһ қана лайық. Біз Оны ғана мадақтаймыз, әрі Одан ғана көмек пен кешірім с&

Тарау. Кез келген жүрек ақиқатты қабылдауға дайын бола бермейді
Аллаһ Тағала былай деді: «Міне, осы Кітапта күдік жоқ, (ол) тақуалар үшін тура жол көрсетуші»(2:2). Имам ә

Тарау. Кітап түсірілгенге дейін адамдар Аллаһтың разылығына қалай қол жеткізуді білмейтін
Аллаһ Тағала адамдарға өз Кітабын тура жолдың басшылығы ретінде түсіргенге дейін, адамзат Өздерінің Раббысының разылығына қал

Тарау. Содан соң Аллаһ Тағала тура жолдың басшылығы ретінде Кітапты түсірді
Аллаһ Тағала былай деді: «Алиф. Ләм. Ра. (Мухаммед) бұл Құран - адамдарды, Аллаһтың рұқсатымен, қараңғылық

Тарау. Аллаһ Тағала Құранмен бірге сол Құранды түсіндіретін Сүннетті де түсірді
Аллаһ Тағала былай деді: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине, олар түс

Сондай-ақ әрбір нәрсеге толық түсіндірме бердік»(17:12).
Осы аяттардан біз «Аллаһ Тағала не жеке, не жалпы аяттармен және хадистермен мәнін түсіндірмеген бірде-бір зат жоқ» деген қорытынды шығарамыз. Сонды&

Тарау. Аллаһ Тағала бізге Құран мен Сүннетті сахабалар түсінгендей етіп түсінуді бұйырды
Аллаһ былай деді: «Мухажір, ансарлардан алғашқы иман келтіргендерден және жақсылықта оларға ілескендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да

Тарау. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабын және Сүннетті бұрмалаулардан сақтап қалуды уәде етті
Аллаһ былай деді: «Расында Ескертуді Біз түсірдік әрі Біз оны қорғаушымыз». (15:9) Бұл аятта «Ескерту» дегенде тек Құран &#

Негізінен Аллаһ тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді»(4:40).
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас АллаһЕлшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ адамдардан білім

Тарау. Діндегі жаңалық (бидғат) деген не және оның зияны неде?
Діндегі жаңалық (бидғат) – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалардың кезінде кезінде олардың А

Тарау. Мәулітті шариғатта заңдастырылған деп санайтын жақтың дәйектерін қарау
Имам Суфьян әс-Саури былай деген: «Әдемі етіп көрсетілмеген адасушылық жоқ». «Әл-Хужжа» 2/484. Муфаддал ибн Мухалхал былай деген: «Егер бид

Пайғамбар және сахабалар мәуліт өткізген, бірақ ол туралы хадистер мен деректер бізге жетпеген.
Жауап: Жоғарыда біз қисыннан ғана туындаған осы тұжырымдарды теріске шығаратын қасиетті мәтіндердің кейбіреулерін кел

Дәйек.
Пайғамбар дүйсенбі күні ораза ұстаған, демек ол өзінің туған күніне көңіл бөлген.Ибн әл-Хаж «әл-

Дәйек.
Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі Мәдинаға келгенде, ол яһудилердің Ашура күні ораза ұстайтындарын көрді.[11] Пайғамбар (о

Ал Раббың ұмытпайды»(19:64).
3. Егер қасиетті мәтіндерге зейін қойып қарасақ, барлық жерде Аллаһ Тағала бізге Өз Пайғамбарын жібергенінің рахметіне нұс

Дәйек.
Сопылар сондай-ақ Ибн әл-Жәзаириден келген мына оқиғаны дәлелге келтіреді: «Бір адамның түсіне Аллаһтың жауы Абу Ләхаб кіріпті. Ол

Мәуліт жақсы (хасана) бидғат болып табылады.
Жауап: 1. Діндегі жаңалықтарды (бидғаттарды) жаман және жақсы деп бөлу қате болып табылады, өйткені дінде жақсы бид&#

Абу Бакр әс-Сыддық Құранды тұтас кітап етіп жинақтады.
Сұрақ:не үшін Абу Бакр Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істемеген істі істеді? Әрі не үшін сендер осы

Жұма намазына Усман ибн Аффанның енгізген алдын ала шақыру азаны.
Ғалымдардың Усман ибн Аффан енгізген бұл азанға қатысты айтқан сөздері «бұл – бидғат және оны істеу рұқсат етілмейді» дегенге

Умар ибн әл-Хаттаб адамдарды бір имамның артынан ұйып тарауих намазын орындау үшін мешітке жинай бастады.
Тарауих намазын мешітте жамағатпен бірге бір имамның артынан ұйып оқу Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзіме

Дәйек.
Мәулітті өткізу біздің Аллаһ Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйетінімізге және оны ұлықтауымыз

Дәйек.
Жәбир ибн Абдилләһ әл-Бәжали былай деп баяндайтын: «Бірде, күннің енді басталған шағында, біз Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһт

Дәйек.
«Ғалымдардың кейбіреулері мәулітті өткізуге рұқсат берді. Олардың арасында: Хафиз Ибн Хәжар (қз.: «әл-Хауи фил-Фәт

Христиандарға ұқсап-еліктеу.
Христиандар ғана Исамен (Иисуспен) немесе олардың «әулиелерімен» белгілі оқиғалар орын алған күндерді атап көрсетіп, оларға ерекше мәртеб

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не болғанын да, не болатынын да біледі» деген сенім.
Ғафлауидің «Нәжму р-Рахман» (75-бет) деген кітабында былай деп айтылады: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала ардақты Елшісіне алғышқылар мен со&

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) білімі бүкіл болмысты қамтиды» деген сенім
Мұны әл-Мурад Абади өзінің «әл-Калима әл-Улә» (14-56) деген кітабында айтады. Мынау сол кітаптан алынған үзінділердің бірі: «Пайғ

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық нәрсе туралы білімге ие» деген сенім.
Бұл туралы әл-Казыми «Таскин әл-Хәуатыр» (52-53-бет) деген кітапта мәлімдеген. Дәлел ретінде ол Аллаһ Тағаланың «Ол барлық н|

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болмысты басқарады» деген сенім
Мәулітке байланысты өткізілетін көптеген жиындарда мынандай нәрселер айтылады: 1. «Пайғамбар адамның кез келген мәселелерін шеше алады, ө

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» деген сенім
Мәулітке байланысты өткізілетін жиындарда «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» дегенді естуге де болады.

Тарау бойынша қысқаша қорытынды
Мен осы бұзық сенімдер туралы тарауды және Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс артық ұлықтаудың

Тарау. Мәуліттің қатысушыларына ықыласты кеңес-насихат
Аллаһ Тағала мұндай іс-шараларды өткізуге ғана емес, сондай-ақ оларға қатысуға да тыйым салады. Өйткені бұл адасушылық жолына

Сөгіске лайықты нәрсені сөгу және оған өз келіспеушілігіңді білдіру міндетті болып табылады.
Аллаһ былай деп айтты: «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ жақсылықты бұйырып, жамандықтан тосатын бір топ болсын. Міне сол

Ашық түрде жасалынып жатқан сөгіске лайықты амалға ашық түрде сөгіс білдіру қажет.
Бұл – әһлю-Сунна уәл жәма’аның жолы. Барлық замандарда ашық түрде жасалатын бидғаттар мен күнәларға ашық жә

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги