СӨЖ материалдары

1. Француз экономисі М.Пебро жазғандай «сауда еркіндігіне абайлап бару керек, оның ережелерін қөзжұмбайлықпен қолдану, әдетте әлсіздің күштіге бағыныштылығына апарып соғады, сөйтіп елді экономикалық отаршылдықтың жан түршіктірер ауыртпалығына душар етеді». Осы берілген пікірді қалай түсінесіз?

2. Дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялану стратегиясын әзірлегенде әлемдік тәжірибені есепке алу қажет. Соғыстан кейінгі кезеңде Жапония мынадай саясатты әзірледі: экономиканың үш маңызды саласы көмір, металлургия, тігіншілік – таңдап алынды. Олар ішкі және сыртқы саясатта анықтаушы болып саналған. Ал Қазақстан үшін қазір қандай салалар шешуші болады?

3. Соңғы кездегі республика және облыс шеңберінде сыртқы экономикалық саясатты реттеу бойынша мақалаларды жинау және оны талдау.

4. ҚР сыртқы экономикалық әрекетін реттейтін заңдар бойынша аннотация әзірлеу.

5. Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясының халықаралық сауданың дамуындағы мәні.

6. Қазақстанның еңбек бөлінісіне қатысуы.

7. Келесі мәліметтер негізінде экспорттық үлес, импорттық үлес, сыртқы сауда үлесін анықтаңыздар. ЖІӨ көрсеткішін статистикалық жинақтан аласыздар.

ҚР сыртқы сауда айналымы

жылдар
сыртқы сауда айналымы
Млн. АҚШ долл. 13852,2 15085,1 16254,3 21335,4 32877,4 45201,5 61927,2 80511,7 109072,5 71604,4 90685,1
Алдынғы жылға %-бен 145,4 108,9   107,8   131,3   154,1   137,5   137,0   130,0   135,5   65,6   126,6  
экспорт
Млн. АҚШ долл. 8812,2 8639,1 9670,3 12926,7 20096,2 27849,1 38250,3 47755,3 71183,5 43195,8 59833,3
Алдынғы жылға %-бен 150,1   98,0   111,9   133,7   155,5   138,6   137,3   124,8   149,1   60,7   138,5  
импорт
Млн. АҚШ долл. 5040,0 6446,0 6584,0 8408,7 12781,2 17352,4 23676,9 32756,4 37889,0 28408,6 30852,2
Алдынғы жылға %-бен 137,9   127,9   102,1   127,7   152,0   135,8   136,4   138,3   115,7   75,0   108,6

8. «Ішкі» экономиканың және «сыртқы» экономиканың арасындағы негізгі айырмашылықтар.

9. Глобализацияны үрдісін (Жаһандану, ғаламдану) қолдайтындарда және қарсыластарда бар. Әр бағыт өз тұжырымдамаларын ұсынады. Сіз қандай бағытты ұстанасыз және себебі қандай?

10. Статистикалық жинақтан соңғы үш жылдағы Қазақстанның сыртқы сауданың дамуын сипаттайтын мәліметтерді келесі кестеге толтырыңдар:

  Алыс шетел елдері ТМД елдері Барлығы
Экспорт      
Импорт      

Елдерді әрбір топ бойынша анықтаңдар:

а) сауда балансы;

б) сауда айналымы;

в) Қазақстан экспорты мен импортындағы ТМД елдерінің салыстырмалы үлесі;

г) қорытынды жасаңдар.