СӨЖ материалдары

1. Қазақстан біріккен неміс қазақстандық кәсіпорынмен өндірілген нан өнімдерін пісіру үшін Германиядан құрал жабдық сатып алды, осы мәмлеге ХЭҚ-дың қандай формалары қатыстырылған?

2. Нобель сыйлығының лауреаты Джозеф Стиглиц­тің мынадай сөздері бар: “Жаһандануды жақтаушылар жаһандану болмай қоймайды деп, оның игіліктерін жарнамалап бағуда; қарсылас­тары оның келеңсіз салдарын егжей-тег­жейінде айшықты суреттеп, оны тоқта­туды талап етеді. Ал мен жаһанданудың адамдар өмірін, соның ішінде дамушы елдерде де, жақсарту жөнінде зор әлеуеті бар және кейбір тұрғыда бұл қазірдің өзінде жүріп жатыр – мәселен, білімнің жаһандануы денсаулық сақтауды жетілдіруге және адам өмірін ұзартуға жеткізді деп санаймын”. Осы айтылғанға Сіздің пікіріңіз?

3. ЕСЕП.

АҚШ-ғы транзисторлар нарығындағы сұраныс пен ұсынысы келесі динамикаға ие:

Баға (доллар) Сұрансы көлемі (млн.дана) Ұсыныс көлемі (млн.дана)

Жапониядағы транзисторлар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс келесі динамикаға ие:

Баға (доллар) Сұрансы көлемі (млн.дана) Ұсыныс көлемі (млн.дана)
2,5
2,0
1,5
1,0

А) Екі ел арасында еркін өзара сауда бар. Транзисторлардың тепе бағасы неге тең?

б) Қандай ел басқа елге транзисторларды экспорттайды?

В) Экспорт көлемі қанша?

Г) Егер АҚШ әр транзисторға 10 доллар көлемінде импорттық баж алымын еңгізді. Экспорт және импорт көлемі қалай өзгереді?

4. ЕСЕП.

АҚШ 3 компьютер немесе 3000 бөшке шарап өндіре алады, ал Франция 1 компьютер немесе 5000 бөшке шарап өндіре алады.

А) әр елдің мамандануы жалпы өндірістің өсіміне әкеледі ме?

Б) берілген мысал қандай теорияны сипаттайды (абсолюттік немесе салыстырмалы).

В) АҚШ өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы қандай болады, егер максималды компьютерлерді өндіру көлемі бұл елде 1000 дана.

5. ЕСЕП.

Тынық мұхитының өңтүстігінде екі арал (мемлекет) орналақан – Альфания және Бетания. Бұл елдер бір-бірінен 500 шақырым жерде орналасқан және ананас пен банан сатады. Екі мемлекетте де бірдей еңбек қолданылады, негізгі өндіріс факторы. Төмендегі кестеде екі елдің өндіріс мүмкіншіліктері көрсетілген.

Альфания өндіріс мүмкіншіліктері

Тауар альтернатива
А В С D E F
Ананас
Банан

Бетания өндіріс мүмкіншіліктері

Тауар альтернатива
А В С D E F
Ананас
Банан

Есептеңіздер:

1. Қандай елдің, қандай тауар өндірісінде абсолюттік те, салыстырмалы да артықшылығы бар.

2. Альфания мен Бетаниядағы бананнның ананасқа қатынасы және ананастың бананға қатынасын анықтаңыз.

3. Егер екі елде сауда бар болса, онда Альфания мен Бетания қандай тауарды өндіруге маманданады?

6. ЕСЕП

Жұмысшының 1 күндік өндірісі келесі:

  киім Шарап
АҚШ
Мексика

А) Саудаға дейін екі елдегі тауардың салыстырмалы бағасы қанша.

Б) Қандай тауарда Мексиканың салыстырмалы артықшылығы бар.

В) АҚШ-та 10 жұмысшы бар болса және Мексикада 10 жұмысшыға ие болды дейік. АҚШ және Мексика үшін өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығын сызыңыз. Графиктерде сауданың елдердегі жағдайды жақсартқаның көрсетіңіздер.

7. Ашық сұрақ:

«Әлемнің ең кедей елдеріне экспорттауға ештене жоқ. Оларда артық ресурс жоқ – капитал, жер жетпейді. Ал кейбір кіші елдерде еңбек ресурстарыда жеткілікті емес» -талдаңыздар.