СӨЖ материалдары

1. Дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялану стратегиясын әзірлегенде әлемдік тәжірибені есепке алу қажет. Соғыстан кейінгі кезеңде Жапония мынадай саясатты әзірледі: экономиканың үш маңызды саласы көмір, металлургия, тігіншілік – таңдап алынды. Олар ішкі және сыртқы саясатта анықтаушы болып саналған. Ал Қазақстан үшін қазір қандай салалар шешуші болады?

2.Жапония тамақ өнеркәсібі үшін мұнай мен шкізатты импорттайды, қайта өңделген өнімдерді экспорттайды. Жапонияның саудасына келесі жағдайлар қалай әсер етеді:

А) әлемдік нарықта мұнайға деген ұсыныс азайды;

В) Оңтүстік Корея Канада мен АҚШ-қа жеңіл машиналарды экспорттауды ұлғайтады;

С) ТМД елдерінде егін аз егіледі;

D) Жапония сиыр етін импорттау кезінде кедендік бажды төмендетеді.

3. «Шетелге инвестиция құю экономика үшін жағымды емес, себебі ол өндіріс көлемдерін төмендетеді». Осы бағдарға сипаттама беріңіздер.

4. Қай инвестиция түрі тікелей немесе қоржынды болып саналады:

А. Американдық CS First Boston банкі ресейлік «Лукойл» компаниясынан 20 млн.долл. акция сатып алады. Жалпы акция шығарылуы құны 600 млн.долл.

Б. Голландияда филиалын ашқан банк «Столичный» Амстердамда ғимаратты сатып алды.

В. Владимирлік тракторлық завод АҚШ-та бар ресей-американдық кәсіпорынның трактор алымын 51-75% өсірді.

Г. Ресейлік фирма «Броксервис» өзінің ФРГ –дағы клиентінің өтініші бойынша 11% «Сургутнефтегаз» акциясын сатып алды.

Д. Канадтық фирма «МакДональд» Мәскеуда мейрамхана ашты.

Е. Американ-Ресейлік инвестициялы қорда 100 млн. Долл. Мемлееттік қысқа міндеттемелерді және федералды облигациясына салды.

5.Миграциядан болатын түрлі табыстардың түрлерін атап, орындылығын талқылаңыздар.

6. Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан кейін таза эмиграция байқалған болатын. Себептерін талқылап, осы жерде экономикалық факторлардың қаншалықты орын алғанын түсіндіріңіздер.

7. Миграцияға қатысты кейбір фактілер Равенштейн «заңдары» деп аталған.

(a) Равенштейн «заңдарының» мәні неде?

(b) «Заң» деген сөз үшін неліктен тырнақшаларды қолданған жөн?

(с) Экономикаға қатысты өзге де заңдарды атап, осы шарттың орындылығын түсіндіріңіздер.

8. Егер де жұмыс күшін өндіріс факторы ретінде емес тауар ретінде, өндіріс факторын қозғалысын жай халықаралық сауда десек осы сауданың мәні неде болады? Халықаралық еңбек миграциясы мен халықаралық тауар саудасы «жұмыс күші» айырмашылқтары неде?