СӨЖ тапсырмалары

1 ЕСЕП.

Кестеде 5 елдің 2002-2003жж айырбас курстары берілген. Мәліметтер 1 АҚШ долл. сатып алу үшін шетел валютасының бірлігінде берілген. Бұл есеп валютаның қымбаттауын немесе арзандуын көрсетеді. Жауаптарын кестеде көрсетіңіздер.

Шет ел валютасының бірлігі 1 долл.шет ел валютасының бірлігі А В С
1 шетелдік валютаға доллар саны шетел валютасында долл. құнының өзгеруі Доллардағы шетел валютасының құнының өзгеруі
2002ж 2003ж 2002ж 2003ж
Австралия долл. 1,12 1,46        
ОАР (ЮАР) ранды 1,19 1,14        
Үндістан рупиясы 8,12 8,68        
Норвеж кронасы 5,07 5,74        
Жаңазеландия долл. 1,02 0,87        

А бағанасын толтырыңыз – 1 шетел валютасының бірлігіне доллар саны.

Вбағанасын толтырыңыз - әр шетелдік валютаға қатысты АҚШ долл. арзандауын немесе қымбаттауын көрсетңіздер. Егер қымбаттаса плюс (+), егер арзандаса минус (–).

С бағанасын толтырыңыз - АҚШ долл. қатысты әр шетелдік валютаның арзандауын немесе қымбаттауын көрсетңіздер. Егер қымбаттаса плюс (+), егер арзандаса минус (–).

Екі көрсетілген жылда доллар қандай елдердің валюталарынан қымбат болды.

2 ЕСЕП.

Кестеде Канаданың төлем балансы көрсетілген.

Есеп Млн.евро
Автомобиль экспорты 1,0
Ауыл шаруашылық тауарларының импорты 1,0
Еуропадағы туризмге шығындар 8,5
Автомобиль импорты 30,4
Есептегіш машиналар экспорты 15,2
Әскери жабдық экспорты 7,1
Мұнай импорты 10,5
Шетелге алтынды сату 1,0
Мемлекеттік бағалы қағаздарды сату 4,0
Шетелге корпорация акцияларын сату 2,1
Бидай экспорты 20,0

1. Канаданың 2005 жылға төлем балансын құрастырыңыз.

2. 2005 жылы Канаданың ағымдағы балансында не пайда болды (тапшылықпа, артықпа); оның көлемі қанша?

3. Канада үкіметіне ағымдағы балансын қаржыландыру керекпе?

3. Келесі мемлекеттердегі технологияны беру әлеуетінің прогресі туралы мағлұмат беріңіз:

A) Үндістан;

B) Германия;

C) Литва;

D) Қазақстан;

E) Ресей;

F) Жапония.

4. ТМД тарихы. ТМД тиімділігін статистикалық көрсеткіштер арқылы талдаңыздар.

5. Есеп.

Канада долларының курсы ЕВРО-ға қатынасы 1-ші және 2-ші жылдар аралығын салыстырғанда қалай өзгерді?

АҚШ долларында шетелдік валюталық курстар

Валюта аты 1 жыл 2 жыл 3 жыл 4 жыл
ЕВРО 0,40 0,30 0,50 0,45
Канада доллары 1,00 0,90 0,70 0,90

6. Есеп.

Америка азаматы өзінің бос күндерін Германияда өткізбек. Қай жылы оған бұл ең тиімсіз?