ИНФОРМАТИКА

Барлық оқу түрінің барлық мамандықтары үшін есептік-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Алматы 2009

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Н.В.Сябина, М.Д.Ешпанова, А.А.Аманбаев, Ибрашева Ә.Т. Информатика. Барлық оқу түрінің барлық мамандықтары үшін есептік-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБИ, 2009.- 43 бет.

 

 

Студенттердің өзіндік жұмыс нәтижесінде алынған білімін тексеру үшін «Информатика» курсында есептік-графикалық жұмыстар қарастырылған.

Осы әдістемелік нұсқау үш тақырып бойынша тапсырма нұсқаларынан, оны орындауға арналған ұсыныстар мен бақылау сұрақтарынан тұрады:

а) MS Excel кестелік процессоры көмегімен есептерді шешу.

б) есептерді шешуде программалау мүмкіндіктерін қолдану.

в) MS Access ортасында мәліметтер қорын құру.

Қосымшаларды жұмыстарды орындауға қажетті анықтамалық ақпараттар бар.

Без. 2, кес. 20, әдеб.-25 атау.

 

Рецензент: тех. ғылым канд., доц. Имангалиев Ш.И.

 

“Алматы энергетика және байланыс институты” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2009 ж. жоспары бойынша басылады.

 

 

© “Алматы энергетика және байланыс институтының” КЕАҚ , 2009 ж.