Есептік-графикалық жұмысты орындауға жалпы ұсыныстар

3.2.1 Негізгі алгоритмдік құрылымдар

Негізгі алгоритмдік құрылымдарды орындау үшін – тізбекті, тармақты және цикл-әзірше атты басқару операторлары жатады; таңдау операторы, цикл-дейін және қайталану саны белгілі цикл – қосымша операторларға жатады.

Қосымша құрылымдарды негізгі құрылымдар арқылы орындауға да болады. Осы алты оператор–«goto қолданбай программалау» негізінде жатыр.

3.2.2 Программалаудың белгілі әдістері

Негізгі белгілі әдістер (кесте 3.1):

- циклға дейін жинақтаушы шаманың бастапқы мәнін немесе іздейтін шаманың болжамды бастапқы мәнін береді;

- цикл ішінде жинақтау немесе іздеу орындалады.

Кесте 3.1 – Программалаудың белгілі әдістері

Программалау әдістері Циклға дейін орындалатын амалдар Цикл ішінде орындалатын амалдар
Қосынды жинау S = 0 S=S+элемент
Көбейту P = 1 P=P*элемент
Санау K = 0 K=K+1
Ең үлкен мәнін табу max=болжау мәні егер (кезекті мән>max), онда max= кезекті мән;
Ең кіші мәнін табу min=болжау мәні егер (кезекті мәні<min), онда min = кезекті мән;

Қосынды жинау, көбейту, санау, ең кіші және ең үлкен мәнін табу жолдарының мысалдары [20]-да келтірілген.

3.2.3 Орындаушы файлды құру

Программалау ортасына байланысты CompileменюіненBuild немесе Build all бұйрығын таңдаса орындаушы файл автоматты түрде өзі кұрылады. Файл қолданушы көрсеткен орында сақталады. Егерде орындаушы файл дисктен табылмаса, онда программалау ортасында кейбір реттеулерді жүргізу керек.

Мысалы, Turbo Pascal ортасында келесі амалдарды орындау қажет:

- Optionsменюіндегі Link Buffer контейнерінен Linker опциясынан Diskдегенді белгілеу керек. Сонда орындаушы файлды жедел (оперативтік) жадыда сақтамай, сыртқы жадыда сақтау керек екенін көрсетесіз.

- Options менюіндегі Directories опциясындағы EXE & TPU directories өрісінде орындаушы файлдың дисктегі сақталатын орынын көрсету керек.

- Options менюінен Environment - Preferences опциясының Auto save контейнерінде Environmentдегенсөз белгіленгенін тексеру керек,яғниортаныңсәйкес көрсеткіштері өзгеретін болсада өзі сақталынады, және қосымшалармен бірге өздері жүктеледі.

- таңдалған көрсеткіштерді Options менюіндегі Saveопциясы арқылы сақтау қажет.