Есептік-графикалық жұмысқа тапсырма

4.1.1 Берілген облыс үшін (Д.1 кестесі) MS Access ортасында мәліметтер қорын құру керек. Кестелер саны үштен кем болмасын. Мәліметтер сұлбасында (Схема данных) кестеаралық байланыстарды, қатынастар типін көрсетіңіз.

Тапсырмаларды орындауға ұсыныстар. Мәліметтер қоры үшін ақпаратты Internet ресурстарынан алса болады.

4.1.2 Мастер көмегімен кестелерге мәліметтер енгізу үшін қарапайым формалар құрыңыз. Осы формалар көмегімен әрбір кестеге 20 жазбадан кем енгізбеңіз.

4.1.3 Әртүрлі таңдау шарттарын қолданып конструктор көмегімен үш қарапайым, үш параметрлік және үш қорытынды сұраныс құрыңыз. Қорытынды сұраныс құрғанда Мастера запросов қолдануға болады.

4.1.4 Мастер форм көмегімен құрылған кестелер мен сұраныстарды қолданып күрделі форма құрыңыздар.

4.1.5 Сұраныстар нәтижесін қолданып Мастер отчетов және конструктор көмегімен отчет және қорытынды отчет құрыңыздар.

4.1.6 Негізгі батырмалы форма құрып, мәліметтер қорын жүктеудің көрсеткіштерін орнатыңыздар.