СӨЖ арналған тапсырмалар

1. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен және олардың Қазақстан үшін пайдасынан басқа, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін реттейтін мемлекеттік органдар құзыретіне жататын көп жақты универсалды халықаралық шарттардың тізбесін келтіріңіз.

2. Мемлекет ішіндегі процедураларды жүргізуді және олардың Қазақстан үшін пайдасын талап ететін, мемлекеттік органдар құзыретіне жататын көп жақты универсалды халықаралық шарттардың тізбесін келтіріңіз.

 

 
 

№ 7 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС


ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының қорық аумақтары

МАҚСАТЫ: Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын зерделеу

 

1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы өз аумағындағы табиғи объектілердің сақталуын қамтамасыз етіп, биоалуан түрліліктің сақталуы туралы Конвенцияның бір тарапы болып табылады. Биоалуан түрлілікті сақтау бойынша Ұлттық Баяндама және Стратегия дайындалған, ұлттық және өңірлік жобалар жүзеге асырылады, табиғи-қорық қорының жаңа объектілері ұйымдастырылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – құқықтық ерекше қорғау режимі бар не болмаса шаруашылық қызметінің реттелетін режимі бар, мемлекеттік табиғи-қорық қорының сақталуын және қалпына келуін қамтамасыз ететін жерлер, сулар, ормандар мен жер қойнаулары учаскелері.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелген:

- 7 мемлекеттік ұлттық табиғи бақ («Алтын Емел», Баянауыл, Іле-Алатау, Қарқаралы, Қатон-Қарағай, «Көкшетау», Шарын);

- 10 мемлекеттік табиғи қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барса келмес, Батыс-Алтай, Қаратау, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Үстірт);

- 2 мемлекеттік табиғи резерват («Семей орманы», «Ертіс орманы»);

- 2 мемлекеттік табиғи бақ («Бұйратау», «Медеу»).