Тербеліс периоды деп дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын (интервалын) атайды.

Тербеліс периоды. Механикалық тербелістердің физикалық процесс ретіндегі жалпы белгісі қозғалыстың белгілі уақыт аралығында қайталанып отыруы болып табылады. Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын (интервалын) тербеліс периоды деп атайды. Басқаша айтқанда, тербеліс периоды дегеніміз — бір толық тербеліс жасауға кеткен уақыт. Тербеліс периоды секундпен (с) өлшенеді және оны Т әрпімен белгілейді.

Тербеліс фазасы - тербелмелі немесе толқындық процестерді сипаттайтын функцияның мерзімді өзгеретін аргументі

Термодинамиканың бірінші бастамасы— термодинамикалық жүйелер үшін энергияның сақталу заңы; бұл заң бойынша жүйеге берілетін жылу оның ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сыртқы күштерге қарсы жұмысына жұмсалады.