Азақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.

Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:

1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық филологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;

3) Білім берудің зайырлы сипаты;

4) Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;

5) Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;

6) Білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;

7) Білім беруді басқарулық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;

8) Білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;

9) Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;

10) Оқушыларды кәсіптік бағдарлау;

11) Білім беру жүйесін ақпараттандыру;

Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.