Статистикалық кестелер, графиктер және диаграммалар

Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары:

1. Сатистикалық кесте дегеніміз не:

А) Сызықтардың бір-бірімен қиылыспауы.

В) Диаграмманың сызықтары.

С) Көлденең сызықтар.

Д) Тік сызықтар.

Е) Көлденең және тігінен сызылған сызықтардың бір-бірімен сәйкесті қилысуы.

 

2. Статистикалық кестенің бастауышы дегеніміз не:

А) Зеріктелетін объектіні, сандарды суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері.

В) Кестенің жолдары.

С) Кестенің көлденең сызықтары

Д) Кестенің қорытынды байланысы.

Е) Кестенің тік сызықтары.

 

3.Статистикалық кестенің баяндауыш дегеніміз не:

А) Кестенің көлденен сызықтары

В) Кестенің қорытынды жолдары

С) Кестенің бағанасы

Д) Кестенің тік сызықтары

Е) Зеріктеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы.

 

4. Статистикалық график дегеніміз не:

А) Тік сызықтар.

В) Берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу, немесе гоородиялық карта-схемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

С) Қорытындылаушы көрсеткіштер

Д) Кестенің жолдары

Е) Сурет

 

5. Статистикалық график әдістерін қолдану дегеніміз не:

А) Үлгіден санды алып тастау

В) Үлгіден бағаны алып тастау

С) Үлгіден жолды алып тастау

Д) Берілген мәліметтерді түсінікті қолайлы және қызықты түрде дұрыс көрсете білу.

Е) Үлгіден сөзді алып тастау

 

6. Нүктелі график ол:

А) Сурет

В) Жолдар

С) График негізінің жиынтық нүкте түрінде белгіленуі

Д) Диаграммалар

Е) Кесте

 

7. Сызықты график ол:

А) Жолдар

В) Кесте

С) Сурет

Д) Диаграммалар

Е) Сызықтардың қолдануына байланысты болатын жол-жолдарды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және тобы түрінде берілгендері

 

8. Бейнелі график ол:

А) Графиктер геометриялық емес фигуралармен белгіленеді.

В) Кестенің жеке түрі

С) Хронологиялық жай кесте.

Д) Құралған кесте

Е) Топтық кестенің қатары.

 

9. Маштаб мөлшері дегеніміз не:

А) Кестенің тізімі

В) Аймақтық көрсеткіштері

С) Кестенің тізімі

Д) Графикке түсірген сандық шаманы шартты өлшем бірлігіне ауыстыруы.

Е) Кестенің қаңқасы

 

10. Диаграмма дегеніміз не:

А) Кестенің қаңқасы

В) Статистикалық сандық көрсеткіштердің қарым-қатынасы мөлшерін көрнекті түрде көрсететін геометриялық сурет.

С) Кестенің жолдары

Д) Хронологиялық жай кесте

Е) Құралған кесте

 

11. Картограмма ол:

А) Статистикалық түрдегі кесте

В) Статистикалық диаграмма

С) Кестеде көрсетілген көрсеткіштер жиынтықтарын көрнекті түрде бейнелеу, құбылыстарды өзгерістерді түрлі-түсті бояулар контурлы картада көрсету жолдары.

Д) Кестенің бастауышы.

Е) Статистикалық кестенің бір түрі

 

12. Картодиаграмма дегеніміз не:

А) Кесте

В) Диаграмма

С) Кестенің қаңқасы

Д) Кестенің баяндаушысы

Е) Географиялық контурлы картаға әр түрлі белгілер арқылы диаграммалар түсіру деген ұғымды білдіреді.