Дәрістің конспектісі

1.Экономикалық циклға экономикалық активтерді қолдану және тірі еңбек шығындары қажет, ал осыдан өнімнің айналымын және өндірістегі ұсталымдарды есепке алу қажеттілігі туындайды.

Кәсіпорынның практикалық қызметінде өндіріс ұатылымдары және өнімнің айналысы өнімнің өзіндік құны және шығындар формасына ие болады. Өнімді өндіруге кеткен шығындардың құрамына қызметтің негізгі түрі бойынша есептік мерзімде кәсіпорынның өндірісінің барлық мөлшеріне қатысты шығындардың толық көлемі кіреді (өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және т.б.). Бұл салалардың өнімдері тұтынушыға дейін жеткізілуі керек және сол үшін айналым сферасына түседі: сауда, қоғамдық тамақтану, байланыс, көлік, материалдық техникалық қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өнімдерін және шикізаттарын дайындау, биржалар және т.б.

Нарық жағдайында бұл салалардың өнімдерінің үлесі өседі, сату көлемі импорт, фермерлік жеке қызметтерді дамыту, жеке шаруашылықтар, жеке меншік өндірістері есебінен жоғарылайды. Бұл саладағы практикалық есеп әлі де жақсы ұйымдастырылмаған.

Бұл салалардың айрықша ерекшеліктері мұнда жаңа өнім жасалынбайды, тек өндірілген өнімнің құны жоғарылайды. Айналым саласындағы кәсіпорын қызметтері: өнімнің орнын ауыстыру, оны сақтау, толық жасап немесе өңдеп шығару, қораптарға және тиісті арнайы ыдыстарға салу, тұтынушыға жіберу және т.б. Бірақ, тек қоғамдық тамақтандыру орындарында жоғарыда айтылған операциялардан бөлек жаңа өнім де жасалынып шығарылады.

Өнім өндірушілерге кәсіпорындар және мекемелер жатады. Кәсіпорын - өз бетінше қызмет атқаратын ұйымдастырылған бірлік, ол өнім өндірумен, қызмет көрсетумен айналысады, құралдарды пайдалануға қатысты ешкімге тәуелсіз шешімдер қабылдай алады және қаржылық, өндірістік көзқарас бойынша ешкімге тәуелсіз, өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыру барысында қажетті барлық функцияларды бақылай алады.

2.ҰШЖ шығындардың екі түрін бөліп қарастырады: алғашқы шығындар және аралық тұтыну. Алғашқы шығындар өндірістің алғашқы факторларының ұсталымдарын бейнелейді және оған кіретіндер: еңбекақы, өндіріске салынатын салық, негізгі капиталды қолдану, пайда. Аралық тұтынуға басқа тауарлар мен қызметтерді өндіру процесінде толық шығындалған тауарлар мен қызметтің құны кіреді.

Өнімнің өзіндік құны дегеніміз кәсіпорынның қызметін сипаттайтын маңызды сапалық көрсеткіш. Ол тікелей кәсіпорында құрылады және осы арқылы шаруашылық субъкті мен нституционалдық бірліктер, салалар, экономиканың секторлары және қоғамды жалпы алғандағы қарым қатынасты бейнелейді. Өзіндік құн бағаның, кәсіпорынның кірісінің және таза пайдасының өсуінің маңызды компоненті болып табылады.

Өнімнің өзіндік құнына кіретіндер: қайта жасалынған өнімнің құнына ауыстрылған (шикізаттар мен материалдар және т.б.) өткен еңбек құны, тірі еңбекті пайдаланумен байланысты ұсталымдар (қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбекақысы, әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар және өзге де шығындар). Өзіндік құн өндірілген өнімнің ажырамас бір бөлігі болып табылады және берілген кәсіпорын үшін өнім өндіруге не кеткенін көрсетеді.

Өндіріске кеткен шығындар және өнімді өндіру статистикасының міндеттері:

1. Жалпы экономикадағы, саладағы, кәсіпорындардағы өнім өндіруге кеткен шығындардың сомасын анықтау.

2. Экономиканың салалары, меншік түрлері, құрылымдық элементтері бойынша шығындардың құрылымы мен құрамын оқып үйрену.

3. Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын анықтау.

4. Өндіріске және өнімдерді сатуға кеткен шығындардың динамикасын талдау.

5. Өнімнің өзіндік құнының өзгерісіне әсер ететін факторларды зерттеу (оны төмендету резервтерін анықтау мақсатында).

Негізгі және көмекші қызметтер үшін өнімді өндіруге кеткен шығындардың құрамы бірдей, оларға жататындар: материалдық шығындар; негізгі капиталдың тозуы; материалдық емес активтердің тозуы; өзге де шығындар (іссапар шығындары, жал төлемдері, банктік несие бойынша пайыздар); міндетті сақтандыру төлемдері; салық төлемдері; бюджеттен тыс қорларға аударымдар; құрылған резервтер бойынша шығындар, оның ішінде негізгі құралдарды жөндеу, кәсіпорыннан тыс ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеу, оларға жататындар: банк кеңесі, ақпараттпен қамтамасыз ету, ұйымға аудит жүргізу, өрт сөндіру күзеті, тұрмыстық, соттық, нотариалдық қызмет көрсетулер және т.б.; еңбекақы шығындары (тізімдік және тізімдік емес құрылым еңбекақысы, әлеуметік сақтандыруға аударымдар, кәсіпорынның қоры есебінен жұмысшыларға әлеуметтік жәрдемақы беру).

Өзіндік құнның көрсеткіштерін жалпылау дәрежесіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: барлық өнімнің жалпы өзіндік құны - өнімді дайындау, өткізу және құрамы мен анықталған көлемі бойынша барлық шығындардың жалпы сомасы; өнімнің бір бірлігінің жеке өзіндік құны – бұл өнімнің бір бірлігін өндіруге кеткен шығындар; өнімнің бірлігінің өзіндік құнның орташа шамасы жалпы өзіндік құнның өндірілген өнім көлеміне қатынасы арқылы есептелінеді.