Кіріспе

 

 

Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи парктің аумағында маусымның 3-нен 13-не дейін оқу кешенді зоналық тәжірибесі өткізілді.

Осы аумақтың таңдалу себебі табиғатының көркемдігінде, курорттық зонаның ерекщеліктерін көруге, таулары мен жартастарының қызықты формаларының айда болу себептерін, климат ерекшеліктерін зерттеуге байланысты болды. Жер бедерінің, геомофологиялық құрылысын, геологиялық тарихын зерттеуге көңіл бөлді.

Мақсаты:геоморфология, картография пәндерінде алған теориялық білімдері және дағдыларды іс жүзінде бекіту.

Міндеттері:

1 Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи бақтың физикалық – гоеграфиялық мінездемесін зерттеу;

2 Алқаптың көз шамалық түсірмесін құру;

3 Аумақтың фациялдық құрылымын құру;

4 Экологиялық бағалау.

Зерттеу материалдары Нивелир мен әдістері: геодезия және топографиялық зерттеу барысында біз теодолит,нивелир, тахеометр аспаптарын қолдандық.

Теодолит – жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі – вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) – шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады.

Нивелир – екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі нивелир және компенсаторлы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді. Н-05 – оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері – дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған, дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері – 1 км-лік екі мәрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейі арқылы тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлар арқылы өздігінен жасалады.

Тахеометр – машина тетіктері мен механизмдердің айналу жиілігін (бұрыштық жылдамдығын өлшеуге арналған аспап. Тахометр магниттік,дірілдік, сағаттық интегралдаушы, стробоскопты, электрондық интегралдаушы, магниттік-индукциялық, магниттік-электрлік, жиілікті-импульсті, ферродинамикалық, электронды-есептеуіш (цифрлы), пневматикалық және т.б. түрі болады. Тахометрдің өлшеу шегі 0 ... 1000 000 айн/мин. Жүмыстық диапазон ішіндегі мүмкінді қателік шегі х 0,05 ... х4 %. Көрсетуді автоматты түрде жазып отыратын тахометр тахограф деп аталынады.