Сімдіктер мен жануарлар әлемі

Қазақстанның басқа да орманды аралдары секілді Бурабай да Оңтүстік Оралдың шығыс бөктерінен Оңтүстік Алтайдың тау бөктеріне дейінгі тұтас қылқан жапырақты орман мен аралас орман сілемін құрайды. Ылғал және салқын климат ұсақ төбелі орманның солтүстік аймақтағы жануар мен өсімдік әлемінің енуіне қолайлы жағдай тудырды. Кейбір ескіден қалған жұрнақтар осы күнге дейін де сақталынып отыр. Кейінірек,голоценада климаттың циклды өзгеруінің салдарынан орман ауданы біресе ұлғаяды,біресе кішірейеді, ал уақыт келе ормандар қалыпты арал түріне енді. Екі соңғы жүзжылдықта орманның кішіреюі адамзат салдарынан болуда. Бұл әсерлердің негізгі түрлеріне-орманды кесу,орман өрттері мен малды жаю жатады. Осылардың нәтижесінде жеке кішірек аралдар түгелімен жойылса,кейбіреулері кішірейіп немесе сирек орманға айналған. Бурабай орманы түрлі шөпті-боз жерлі зонада орналасқан. Бұл жерде өсімдіктің 757 түрі, солардың ішінде 95 сирек кездесетін және жоюлу қаупі бар өсімдіктер де бар. Ағаш түрлерінің ең көп тарағаны қарағай. Жас қарағай ормандары ойпаңдарда,еңістеу немесе құламалы бөктерлерде,құлама етектерде өседі. Өсіп жетілген жеріне және жағдайына қарай қарағай ормандарының мынадай түрлері бар: таулы-жартасты, тасты-қыналы, шөпті-мүкті, ойпаңды. Орманның ылғалдылығы мол жерлерінде қарағаймен бірге қайыңдар мен көктеректер өседі. Ал бұталы қабат құрғақ ормандарда әсіресе дамымаған. Итмұрын, ырғай, долана, арша, үйеңкі, таңқурай, қарақат кездеседі. Шөпті жамылғы құрғақ тасты ормандарды сирек кездеседі, ал ойпаңдарда қалыңырақ болады. Реликті түрлерден – қырықжапырақ, қырықбуын, плаун, қиякөлең, итбүлдірген, мүкжидек және т.б.. Тасты үйінділер мен талдардың бұтақтары көп жерлерді мүк басып кеткен, ал аса ылғалды жерлерде –көк мүк басқан. Кейбір өсімдіктер сирек болып кеткен. Қазақстанның Қызыл кітабына домалақжапырақты шықшөп, ірігүл шолпанкебіс, секпіл шолпанкебіс, баранец сушырмауығы, дремлик саздақшөбі, шатырлы зимолюбка, т.б. кіргізілген. Бұл аймақтың сирек кездесетін түрлеріне шеңгел,мойыл,мүкжидек,тасты қарақат,бозарша,сібір жыланқияғы жатады. Өсімдіктер әлемінде емдік,дәрілік,тағамдық,сәндік және т.б. пайдалы түрлер де бар. Щучье, Шортанды, Светлое көлдерінің маңайында Батыс Сібар мен Оралдың орман зонасының негізгі алаңынан оңтүстіктен ары жатқан реликті жертезекті батпақтар сақталған. Бұл жерде кортық қарағайлармен немесе қайың мен қарағай араласып өсіп кеткен ашық сфагтты батпақтар кездеседі.Олар дараланған кейіптерімен басқа айналадағы қарағай ормандарының қасында ерекшеленіп тұрады. Батпақтарда және батпақ айналасында Қазақстандық ұсақ төбе үшін солтүстікте өсетін өсімдіктердің мынадай түрлері кездеседі: итбүлдірген, мүкжидек, қияқ, алмұртшөп және т.б..Жертезекті батпақ қабатының қалыңдығы үш метрге жетеді. Құлаған талдардың бұтақтарын,қопарылған тамырларды мүк басып,бір қарағанда ертедегі жабайы батпақ ну орманға ұқсап кетеді.

Жануарлар әлемінде омыртқалылардың түрлері 305-ке жетеді,солардың ішінде сирек кездесетін және жойылу қаупі бар 87 түрі кездеседі. Тұяқтылардан сібір елігі,қабан,бұғы мекендейді. Өткен жүзжылдықтың 60-жылдары осы жерді мекендеген маралды реакклимитизациялау әрекеті қолданылған. Алайда осы ормандарға көбейіп кеткен және қазіргі таңда Бурабай орманын мекендейтін гибридті аксанилік бұғы алып келінді. Жыртқыштардан: қасқыр, түлкі, қорсақ, борсық, сарыкүзен,аққіс,аққұлақ,сасықкүзен,орманды кәмшат,сілеусін кездеседі. Орманда американдық қаракүзен де сіңісіп кетті. Осы жерді бұрында мекендеген қоңыр аюды реакклимитизациялау әрекеті сәттілікпен аяқталған жоқ. Әкелінген аюлар балалағанмен,олардың ары қарай дамуы,өсуі қиындап,ақыр соңында аңдар жойылып кетті.Кеміргіштерден қояндар, тышқандар, егеуқұйрықтар,тиындар бар. Жартастардың арасында және шатырдың астында жарғанаттар бар – солтүстік маймұрыны,қызыл сары ымырігүл,тоғанды және Брандта түндігі. Жәндікқоректілерден кәдімгі және құлақты кірпілер және атжалмандардың бірнеше түрі бар. Қазақстанның Қызыл кітабына орманды ақ сусар енгізілген. Аңшылықтың көздегені – барлық тұяқты және жыртқыш аңдар, қояндар,тиындар,ондатра. Жануарлар әлемінің құрамында 200-ден астам құстардың түрі бар. Жыртқыш құстардан бүркіт, қарақұс, қаршыға-тұйғын және қырғи, батпақтық және дала құладыны, кәдімгі бөктергі, жағалтай, қырғи, үкі, құлақты жапалақ кездеседі. Кәдімгі ұзақ, сауысқан, дала торғайы, орман кептер, көкек, ала қарға, сарыторғай, барылдық торғай, тоқылдақ, және т.б.. Көлдерде сұр қаздар,барылдауық,көгала үйрек,қасқалдақ,сұр аққұтан,арамқұлақ,шағалалар ұя салады. Құстардың жылдық ұшуы кезінде суды мекендейтін құстардың саны көлде біршама көбейеді. Қазақстанның Қызыл кітабына бүркіт, қарақұс,үкі және сұр тырна кіргізілген. Аңшылықтың нысаны-бұлдырық, сұр немесе ақ құс, бөдене, құр, қасқалдақ, үйрек, қаз. Бауырымен жорғалаушылардан ептейлі және тірі туарлар кесірткелер, дала және кәдімгі улы сұр жылан, кәдімгі сужылан, өрнекті сарыбауыр усыз жылан, ал қосмекенділерден – жасыл бақа, үшкіртұмсықты және шөпті құрбақа бар. Көл балыққа бай. Бұл жерде алабұға, шабақ, шортан, аққайран, мөңке балық, қара балық бар. Омыртқасыздар әлемінде аз зерттелген бірнеше мыңға жуық түрлер бар. Қазақстанның Қызыл кітабына жәндіктердің мынадай түрлері енгізілген:сұлу бойжеткен (инелік),дала кергіші және Сервиль севчугы (шегіртке),дала сколиясы (ара) және карминмұрынды польдік червец. Соңғы аталған түрі кармин бояғышының табиғи түрі болып табылады [4, б. 124].