Экономикалық тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері.

Экономикалық тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері, бірнеше мүмкін болатын ең тиімді варианттарын таңдауға қолданылады. Салыстырмалы тиімділіктің көрсеткіштері берілген шығындар формуласы болып табылады:

К+Тн С-мин.

С+Ен К-мин.

С-жылдық өнім шығарудың өзіндік құны.

Ен-экономикалық тиімділіктің қағидалы коэффициенті.

К- іс шараларға кеткен күрделі шығындар.

Тн-күрделі салымдардың нормативті сатып алу уақыты.

Ең тиімді вариант берілген шығындардың минимумы бойынша бірнеше мүмкін болатындардан таңдайды. Бұл жағдайда варианттар барлық параметрлері бойынша салыстырмалы болу кере. Барлық варианттарда шығарылу көлемі бірдей болуы керек

Кәсіпорынның қызметінің қорытындысы бұл сатылған өнімнен пайда және табыс алу болып табылады. Пайда (таза табыс) кәсіпорын қызметінің экономикалық әсерін сипаттайды және синтетикалық көрсеткіш болып табылады (П=Ц – С). Пайданың негізгі көрсеткіші өндіріске кеткен шығындардың және табыстардың арасындағы айырмашылығы арқылы анықталатын, жалпы пайда болып табылады. Салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорында таза пайда қалады.

Пайдадан келесі салықтар төленеді:

- жерге салық

- мүлікке салық

- көлікке салық